Файл: Шоан Уалиханов атындаы 12 мамандандырылан гимназиясы Отбасыбаыт мекені.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 12
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Шоқан Уалиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназиясы
«Отбасы-бақыт мекені»
10 «Г» - сынып
Өткізген: Алтынбек Ақбөпе Нұржанқызы
Алматы, 2023
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Сынып сағаты | | |
Күні: | 28.03.2023 | |
Сынып жетекші: | Алтынбек А.Н. | |
Сынып: 10 «Г» | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын) | Отбасы-бақыт мекені | |
Сабақтың мақсаты: | Жақын адамдарына пайда келтіру мен отбасында өмір сүру қажеттіліктерін қалыптастыру. | |
Ресімдеу | қанатты сөздер, қабырға газеті ойын элементтері: жағдаят жазылған үлестірмелі қағаздар | |
Музыкалық және бейне көркемдеу | интерактивті тақта, слайд | |
Дайындыққа арналған әдебиет | Интернет материалдары | |
Сабақтың барысы |
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Ресурстар Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары |
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин) | Оқушылармен амандасады. Сыныпты түгендейді. Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны. Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады.«Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз. Бүгін біз «Отбасы-аялы алақан мекені» тақырыбындағы тәрбие сағатымызда бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер азаматқа жүктеледі. Баланы өсіріп тәрбиелеу – әйел ананың тікелей міндеті. | Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады. Сұраққа жауап береді. | презентация |
Сабақ басы | Адамды дүниеге әкелетін, өмір сыйлайтын құдіретті ана емес пе? Сол құдірет иесінің алдында бәріміз бас июге тиіспіз. Сіздерге балалық жүректен мың да бір алғыс. Отбасы-адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. Енді ойынға кезек берейік, «Бақыт аукционы» атты ойын. Алдарыңыздағы ақ параққа Бақыт дегенді қалай түсінесіздер, сол туралы жазып, қағаздарыңызды жұмарлап бір – біріңізге лақтырасыздар. Әр топ өз алдарыңызға түскен бақыт парақшасын ашып бақыт туралы пікірлерді ортаға саламыз/ата – аналар бақыт туралы айтып шыққан соң педагог слайдтағы бақыт деген өлең арқылы бұл бөлімді қорытындылайды. «Бақыт» деген жанарында жарыңның «Бақыт»деген бал – бөбегің – тамырың. «Бақыт» деген отауыңның шырағы, «Бақыт» деген қанағаты барыңның. Бақыт, бақыт отбасыңның төрінде, Алыстан іздеп шаршамайық, тегінде! | Оқушылар ойынға жауап береді | |
Ортасы | . Келесі кезеңіміз «Ашық микрофон» деп аталады. Бұл кезеңде оқушылар сіздерге отбасы туралы бірнеше сұрақтар қойылады. Ойларыңызды ашық, еркін айтуларыңыз сұралады. Сұрақтар: 1. Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер? 2. Отбасының басшысы кім? 3. Отбасы қандай болуы керек? 4. Барлық отбасы бірдей болады деп ойлайсыңдар ма? 5. Отбасын неліктен жақсы көресіңдер? | Оқушылар сұрақтарға жауап береді. | слайд |
Соңы | Қорытындылау: «Тілек ағашы». Ал енді оқушылар алдарыңыздағы түрлі- түсті үй түріндегі стикерлерге отбасыларыңызға тілектеріңді жазып, тілек ағашына жапсыруларыңыз сұралады Оқушыға «Менің ата-анам бақытты болсын десем….» деп әрі қарай сөйлем құрап жақсыны бір қорапқа, жаманды бір қорапқа жинақтайды Отбасының екі тірегі әлпештеген әке мен аялаған ана. Әке мен шеше баланы әлеуметтендіретін басты тұлғалар. «Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда да ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысуы керек. Әрбір отбасына бақыт, қуаныш, табыс тілейміз. Үміт еткен балаларыңыз үміттеріңізді ақтап тек биіктен көрініп, жемісін берсін. | Оқушылар тілектерін айтады | слайд |