Файл: Бейнеу ауданы, Маыстау облысы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 72

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бейнеу ауданы,

Маңғыстау облысы,

Бейнеу лицейінің 11-сынып оқушысы,

Ақылбеков Сағадат Ақылбекұлы

Жетекшісі: Шәудірбаева Гүлнар Иманғалиқызы

Бейнеу лицейінің жоғарғы санатты тарих пәнінің мұғалім

Бейнеу ауданы, Маңғыстау облысы, Қазақстан Республикасы

Ғылыми жұмыс

Маңғыстаудың ежелгі қалалары

АННОТАЦИЯ

Зерттеудің мақсаты:

1. Маңғыстаудың ежелгі қалаларын зерттеп, халыққа жария ету.

2. Маңғыстау тарихи ескерткіштерінің зерттелуіне, археологияға үлесімді қосу.

Зерттеудің ғылыми болжамы:

Маңғыстаудың ежелгі қалаларының зерттелуі нәтижелі аяқталса Маңғыстау тарихына қосылған қомақты үлес болар еді.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

І кезең. Ғылыми жұмыстың тақырыбы таңдалып, қажетті материалдар мен зерттеулер ізделіп, олар жүйеленді.

ІІ кезең. Тарихи ескерткіштерді, қалаларды зерттеушілер мен археологтардың еңбектеріне шолулар жасалды. Тарихи орындар фотоға түсірілді.

ІІІ кезең. Ежелгі қалалар туралы баяндама, тарихи стенд, буклеттер, альбомдар дайындалды.

Зерттеудің жаңалығы мен жұмыстың өздігінен орындалуы:

Ежелгі қалалар туралы тың деректер жиналды. Шерқаланың қала емес бекініс, қорған екені анықталды. Қызылқала мен Маңқыстау бір екені белгілі болды.

Жұмыстың нәтижелері мен қорытындылары:

Республика, облыс көлемінде ежелгі қалалар туралы кітаптар мен мақалалар зерттелді. Нәтижесінде бұрын көп зерттелмеген қалалар халыққа танытылды. Ежелгі қалаларды зерттеуге жастарды тартуға ұсыныс жасалды.

Қорытындылардың практикалық тұрғыдан пайдаланылуы:

Зерттелген жұмыс тарих сабақтарында, үйірмелерде, тәрбие сағаттарында қосымша материал ретінде пайдаланылды.

Маңғыстау жерінде осындай тарихи дәуірлердің әр кезеңінің ізі қалған. Бұл өлке – көне дәуірдің өзінде әр қилы өнер дамыған қалалары мен қамалдары болған аймақ. Осы ірілі-кішілі қалалар туралы материалдар іздеп, зерттеу жұмыстарын жүргіздім.

Бұл әрине бастапқы зерттеулерімнің нәтижесі. Бұл қалалар әлі де терең зерттеуді қажет етеді.

Бейнеу, Тоқсанбай, Қабақты т.б. қалаларды терең зерттеу болашақ жоспарымыз болып отыр. Мен осы жұмысымды толықтырып, археологияға үлесімді қоссам деймін. Мен Маңғыстау қалалары археологиясының көзін ашып бастадым. Алда күтіп тұрған жұмыс өте көп, ынта, жігер мен зор еңбекті талап етеді.

АННОТАЦИЯ

Цель использования:

1. Исследовать древние города, древний промысль народов Мангистау.


2. Оказать помощь в исследований археологии, исторических памятников Мангистау.

Научная гипотеза: Исследовательская работа по древним городам Мангистау будет огромным вкладом в изучений историй родного

Края.

Этапы исследования:

І. Были подоброны нужные материалы для данной темы, проведены научные

исследования и их систематизация.

ІІ. Проведена исследовательская работа по трудам археологов и исследователей

древних памятников. Сфотографированы исторические места.

ІІІ. Были подготовлены доклады, исторический стенд, буклеты, альбомы по древним городам.

Метод исследования: Поиск. Исследование. Анализ. Сравнение.

Доказательство.

Новизна исследования: Были собраны новые материалы о древних городах выявлено, что Шеркала не город, а крепость, что Кызылкала- это есть и Мангистау.

Результат и вывод работы:.В республиканском, областном масштабе были исследованы статьи и материалы о древних городах.

Практическое использование работы:Исследованный материал можно пименить на уроках истории, в кружках, в классных часах как дополнительный материал. Мангистауская земля богата историческими памятниками. Это край, где в разные эпохи процветали города и крепости. Это работа результат начальных исследовании. Эти города требует более глубокого исследования.

В будещем планирую глубже исследовать местности Бейнеу, Токсанбай, Кабакты т.д.

Annotation

The aim of the research: 1) To explore an ancient cities, ways of caravans, traditions of Mangistau.

2) To help in researching historical monuments and archaeology of Mangistau region.

Scientific supposation: Researching work of an ancient cities of Mangistau will be a huge contribution learning the history of our own region.

Stages of the research: 1stage: it was chosen the theme of the work, the necessary materials and searches were systematized.

2 stage : an ancient monuments, scientists of the cities and works of archaeologists were learned. Historical places were photographed.

3stage: there were prepared reports about historical cities, historical boards, albums.

Discovery of the work: there were collected materials about an ancient cities. It was found that Sherkala is not a city, it is a fortress. We have known that Kizilkala and Mangistau are the same.

Results and conclusion: there were explored books and articles about historic cities in Republic degree. At last there were known an unknown cities. We tried to pay for this attention of youth.

Practical using of conclusion: explored work was conducted at the lessons of history and it has used as an addifional material. Mangistau region is the place of rich historical monuments. This is a place where cities and fortresses have prospered in any time. This work is the result of initial researches. These cities and towns need a deep invistigation. In future I plan to investigate places and regions like Beineu, Toksanbai, Kabakty, etc. Exploring and researching these archaeological and histocal places I would like to help to our archaeology.



Маңғыстау – Хорезм шетіндегі алдырмас қамал.

Жақұт. «Китап Мүджаам Әл- Бұлдан»

(13-ғасыр)

І. КІРІСПЕ.

Маңғыстау-республикамыздың даңқын әлемге әйгілеп отырған қазына қоймасы, лыми жұгаз бен мұнайдың өлкесі, көл-көсір тарихы мол өлке. Оның дархан өлкесі Австрия, Швейцария, Нидерланды және Люксембург тектес бірнеше мемлекет түгелімен сиып кетер 8 миллион гектар жерді алып жатқан кең аймақ. Қойнауы- кенге, қыры – мыңғырған малға толы, халқымыздың рухани байлығын әйгілейтін архитектуралық тарихи және мәдени, әдеби мұралар мол сабақталған осы аймақ туралы ертелі-кешті көптеген еңбектер жарық көрген.

Маңғыстау – ерте дәуірден тоғыз жолдың торабы. X-XII ғасырларда Еуропаның көптеген сауда порттары мен қалаларын қамтыған Индия – Орта Азия – Еуропа сауда жолының бірі осы түбек арқылы өткен. Бірқатар еңбектерде Маңғыстау – көне кезден Еуропа – Орта Азия, Орта Азия – Кавказ қақпасы көптеген елдерді байланыстырған,осындай маңызды жолдың бойында болуы Маңғыстаудың мәдени экономикалық саяси өміріне елеулі әсер еткен оның дәуіріне сай үлкен цивилизация орталықтарының дәрежесіне жетуіне әкелген.

Маңғыстау туралы деректерді ежелгі грек ғұламалары Геродот пен Страбоннан бастап, эль-Истрахи, Максиди, Әл-Фадлан, Ибн-Фадлалах, Ибн-Батута, Махмуд Қашқари, Абулғазы Баһадүр еңбектерінің қай-қайсысынан да кездестіреміз. Әр дәуірде өлке топырағын басқан Г.С.Карелин, Э.А.Эверсман, Н.И.Андрусов тағы басқа ғалымдар мен саяхатшылар осы аймақтың ертедегі ескерткіштері туралы бағалы пікірлер айтқан.

Менің ғылыми жұмысымның тақырыбы «Маңғыстаудың ежелгі қалалары» болғандықтан, өлкемізді зерттеген ғалымдардың деректерін пайдаландым. Маңғыстауда ежелгі қалалар көп, бірақ көпшілігінің тарихы бізге беймәлім. Олардың ішінде Маңқыстау, Алтынқазған, Уәлі, Аққауым, Керзі секілді қалалар “Ғайып болған шахарлар” атанып кеткен. Зерттеуімнің түпкі мақсаты- өлкедегі ежелгі қалалар мен камалдардың тарихына тоқталып, замандастарымызға насихаттап, ұрпаққа мұра етіп қалдыру.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

Менің алғаш зерттеген қалаларымның бірі-Маңқыстау қаласы. Ол туралы Шаһмардан Есеновтың “Маңқыстау” (1973 ж) кітабында: “ҮII ғасырда Болгар Саксинге жетіп, Каспийдің шығыс бетіндегі Маңқыстау қаласына өтетін. Осы жол XII ғасырда половцылардың қолында болды, олармен жақсы араласқан Русь флоты теңізді шарлай бастады.Хазар мемлекетінің қирауы (X ғ). Маңқыстауға дербестік алып берді.


Үстірт пен Жемнің бойын мекендейтін солтустік оғыздармен бірге Маңғыстау турікмендері біраз уақыт ешкімге бағынбай, Маңқыстау қаласын әкімшілік орталық етіп, автономия болды, бұл кезде Маңқыстауды Хорезм әлсіреңкіреп бағындыра алмаса керек” |1| деген үзіндіден біз Маңқыстаудың Каспий теңізінің шығысындағы жағаларына жақын орналасқан, себебі мұнда Русьтардың кеме қатынасы туралы айтылғанын және де Маңқыстау қаласы X ғасырға дейін Хорезмнің қоластында болғанын білдім.

Географ Бекранның жазуына қарағанда, Маңқыстаудағы күшті тайпаларды бағындырып алуға Хорезм ең таңдаулы деген жалдамалы армиясын ұстайды,жойқын жорық жасап, Маңқыстау қаласын басып алып,Солтүстік түркмендерді көнуге мәжбүр етеді. Хорезмнің қатал саясатшыл патшасы Атсыз 1155 жылы Хорезм қаласын күшті қамалға айналдырды.

Ал, Текешінің баласы Алладиннің басқаруы кезінде (1200-1220жж) ұлы Хорезм дәуірлеу шегіне жетті. Бағдаттан Қыпшақ даласына дейін ұлан ғайыр көп ұлтты жауынгер халықтарды тізе бүктіріп,бас идірді. Еділ мен Жайық, Маңғыстау жеріндегі тайпаларды жаулап алды. Маңқыстау Еуропаға өтетін маңызды сауда жолы болғандықтан, Мұхаммед екінші бұл қалаларды Маңқыстау Хоррезмнің бір отауына айналдырды. |1| Ежелгі мәдениет орны- Маңқыстау аймағы Еуропа мен Орта Азияның мәдениеті тоғысқан мекенге айналды.

Маңқыстау қаласы тарихшылардың жобалауынша, X-XII ғасырларға дейін өмір сүрген. Ал енді бұл қала қайда кеткен, әлде монғол шабуылынан кейін Отырар мен Тараз секілді жойылып кетті ме? Әйтеуір монғол жорығынан кейінгі документтерде Маңқыстау қаласы кездеспейді. Бұл көп болжамымның бірі ғана. Менің төмендегідей болжамым бар: Маңқыстау Каспий теңізінің жағасына жақын орналасқан. Ал, Каспий әр дәуірде әр түрлі өзгерістерге ұшырайтыны бізге мәлім. Сондықтан бұл қала табиғат апатына да ұшырауы мүмкін деп ойлаймын.Қараған мен Сартас пристаны сөз болады. Сартастың күншығыс жағалауында 10 км жерде Шытша деген мол сулы құдық бар. Осы құдықтан 1 км шықпай-ақ Ембі тауы. Тауы ағып жатқан тұщы бұлақ.

Сол маңда 2 км жерді алып жатқан қауымдық қорымдар бар, олардың ортасында екі үйік.Әр бейіт үстінде бірнеше тонналық қалақ тастар шаншылған, кейбіреулері қалақ тастармен жабылған.Жергілікті халық бұл «Қырғын»деп атайды Осы қауымның іргесінен теңіздің жағалап, Шерқалаға, Бозашыға ұлы жолдар жүреді. Мен осы тұстан құмыра сынықтарын,тот басқан темір,фарфор бұйымдарын, күйдірілген кірпіштерді көп кездестірдім. Тарихи әдебиеттерде: «Манқыстауда сауда ісі мен қолөнер кәсібі өрледі. Керамикадан, шыныдан, металдан түрлі бұйымдар жасалады» |1| деп келтірілген. Қаланың орнын көрсететін бір жайт, осы аталған жерден Бозашы-17-18, Қошақ қойнауы-20, Шорым-18, Форт-Шевченко қаласы тұрған Түпқараған -110 км жерде болуы.


Зерттелген барлық жайтты ескере келіп, Манқыстау қаласы XII ғасырдағы аса ірі сауда жолының бойында, Ембі тауының қошаққа кірген етегінде, теңізге кіріп тұрған тұмсықта орналасқан. Хорезмнің қол астында болып, X-XII ғасырларда гүлденген мықты қала болған деген шешімге келдім.

1962 жылы Манқыстау қаласының тұсынан түйеші Жанәділов Иса ерте заманда тастан қашап жасалған алып астау мен шөптен шөгендеген құдық, шағыл арасынан 20л су сиятын құмыра тапты. Құмыраның мойны ұзын,мойнына 3 қатар түзу сызықтан өрнек жүргізілген, басқа жерінде өрнек жоқ. Осы жерді мен де қарап шыққанымда құмыра сынықтары мен тостақан, ыдыс-аяқ сынықтары, шала қорытылған қызғылт түсті мыс пен қол сынықтары жатыр. Ғалымдар құмыраның IX-XIIғасырдың бұйымы екенін анықтады. Манқыстау қаласының өмір сүрген жылдарымен сәйкес келеді.

Ендігі зерттеуімді толық тарихын білмегенмен де бәрімізге белгілі Шерқала мен Қызылқаладан бастадым. Шерқала мен Қызылқала қамалдары Бозашыдан Хорезм мен Хиуаға жүретін ұлы жолдың бойында орналасқан. Маңғыстаудың қасиетті жерлерін айтып, Шерқаланы да тыс қалдырмау қажет. VIII-IХ ғасырда араб шапқыншылығы кезінде шыңда жасалған бекініс-қала ретінде белгілі болған. Адаммен жасалған тау, қамалы арыстанды еске түсіретін, сондықтан оны “арыстан–қала” деп атап кеткен болатын.

Шерғала (Шерқала) – Шетпе қаласынан алыс емес, Ақтау қаласынан 170 километр жерде ерекше формадағы бір жалғыз тұрған тау. Бір жағынан қарайтын болсақ тау ақ кигіз үйді білдіреді, ал екінші жағынан Шерғала басын табанына салып, ұйықтап жатқан арыстанның бейнесін береді. Сондықтан тауды – Шерғала деп атап, түрік тілінен аударсақ “Тау-арыстан” немесе “Арыстанды тау”. Арыстанды тау аңыздар бүркітпен табылды. Оның әйгілі шыңдары үлкен шатыр құрып, киіз үйдің төбесіне еске түсіреді. Оның үстіне көтерілу үшін арнайы көтерілім қажет. Шерқаланы айналу үшін бір сағаттай уақыт керек. Ал егер көптеген тау үңгірлерін аралап, ежелгі қоныстар орындарын аралап, өркениеттер дәлелі болатын бас сүйектерді іздегіңіз келсе онда бір сағат аз болады. Халықтың ырымы бойынша егер Шерқалaны айналар алдында арманды жоспарласаң, ол міндетті түрде орындалады. Бірақ ең бастысы әрбір қиылыстан кейінгі көрініс әр түрлі болып, жаңа жерге түскен сияқты керемет көріністі әсер береді.

Осындай бір үңгірлердің ішінде құдық болған. Жергілікті тұрғындар оның таза суын ішіп, таудың басында орналасқан жаулардан қорғанды. Қазір құдық жабылып қалды. Біз оның тек қалдықтарын ғана көре аламыз.