Файл: Балауса баым, шатты пен уаныш ордасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 70

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Балауса бағым, шаттық пен қуаныш ордасы1 маусым Балаларды қорғау күніне арналған ертеңгіліктің сценарийіТақырыбы: Балауса бағым, шаттық пен қуаныш ордасыМақсаты:Балалардың жеке қасиеттерін дамыту,өлеңдерді, әндерді нақышына келтіре  айтуға үйрету. Бір- бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін  жоғалтпауға  тәрбиелеу.Көрнекілігі: жалаушалар, түрлі- түсті шарлар, балабақша түлектерінің суреттері бейнеленген бельброт, фото монтаж.Жүргізуші:     Армысыңдар балалар, бармысыңдарЖазда келді жайнаған гүлді шыңдарАлдыменен алайық амандасып,Армысыңдар бәріңде бармысыңдар!Жүргізуші:    Бүгін бізде мереке қуанышта балалар,Хош келдіңдер, хош келдіңдер,  ата- аналар, қонақтарҚұрметті «Қызғалдақ» балабақшамыздың көркі де сәні болған бүлдіршіндеріміз.!Бүгінгі төл мерекелерің құтты болсын!Болашақтарың жарқын, аспандарың ашық,елімізді өркендетер, келешектің кемеңгері болыңдар , демекпін.Баршамызды бала тілмен баурайтынБала деген бір бақыт қой самғайтынАта- ананың арманы мен тілегінБала емес пе  бал бұлақтан жалғайтынБүгінгі  1- маусым  Балалар күніне арналған»Балауса бала бағым, шаттық пен қуаныш ордасы» атты мерекелік ертеңгілігімізді ашып беру үшін және  бүлдіршіндерге мерекелік лебізін білдіру үшін сөз кезегін балабақша меңгерушісі Ж Қаражановаға береміз.Жүргізуші: Ән айтайық қосылп Сәбилердің бұл күніМақтап кетсін осы жұрт   Балалар деп үлгілі Ән шашу : «Біз өмірдің  гүліміз»Ендігі кезекті баяндамаға береміз  «Бар мейірім балаларға»  баяндамашы  Қанибаева АйнұрЖүргізуші :  Балалар, бүгін бізге қонаққа  бүкіл әлемге жарық жылу беретін  күн келу керек еді. Бірақ күніміз қиын бір жағдайға ұшырап қалған сияқты. Жарық, жылу беретін күнге көмектесеміз бе? Қанекей қарайықшы. Күнді көріп тұрсыңдар ма? ( Күн костюмін киген ұл. Төрт бала бұлт  болып, күннің көзін жауып тұрады)-Күнге нелер кедергі болып тұр? Бұлттар күнді бізге қарай жібермей тұр. Күнді құтқару үшін бәріміз бірігіп  сиқырлы сөздерді айтайық. Көк аспанда күн күлсінБірге күлсін бүлдіршінКөк аспанда күн күлсінЖерге ұдайы нұр құйсын!(Бұлттар екі жақа қарай ашылады, күн ортаға шығады)Күн:  ФархадСәлем, гүлім!Сәлем , жерім!Сәлем,саған- туған елім!Бір шаңырақ астындаСен тұрасың,Ол тұрады,Мен тұрамын,Біз тұрамыз!Жүрек жылуын,Берем саған,Берем сіәзге,
Берем мен бәріңізге!Диас:  Күлімде, күн, күлімде!            Күлсін барлық бала шат.            Берекелі бүгіндей,            Бейбіт болсын болашақ! Бақыт: Күлімде, күн, күлімде!Күлсін барлық бала шат.Жаз келді деп қуанып,Шаттанады бүлдіршін!Альбина:  Бала деген бал дерсің, ел еркесіӘрнбір үйдің шаттығы берекесіБүгінгі күн мінекей балғындардыңҚуанышқа кенелген мерекесіБаян:Балалар аман болсын әр үйдегіТаусылмасын ананың әлдилеріҚуыршақ биін билейді томпаң қағып «Балапанның» шуақты сәбилері«Қуыршақтар» биі орындайтын: «Балапан» тобыН.Шұғыла:  Балалардың бақшасында бүгін тойБалаларды қорғау күні біліп қойТақпақ айтып кезектесіп бір- бірлепКел, қосылып ән шырқайық, би билепӘн:  «Балапаным»Нұрперзент:  Балақай-ау, балақай,  Жаз келедіалақай!Жалаң аяқ жүремізБалақты да түреміз.Ермұрат: Біз осы үйдің гүлімізБіз осы үйдің сәнімізБұнда жақын туыстықБұнда тұңғыш достық дос таптық.ЕрболБіздің топта ұл – қыздарТату тәтті ойнаймызӘлемдегі бар жанға Тек жақсылық ойлаймызНұртөре:  Сүйкімділер, періштелер сендерсіңҚандай бақыт өздеріңе тең келсінДанышпанда, ғарышкерде, ғалымдаЕң алдымен балалықты меңгерсінХаншайым:  Бейбітшілік әнімізБауыласпыз бәрімізҚазақстан даласындаЖарасады сәнімізҰлы Отан аясындаЖадырайды  жанымызХор:  «Біз шадыман бламыз»Жүргізуші:  Йә, рас, бала болған бәрі деСалған олар балалықтың әнін деБала кезін еске алып отырсақ Сол емеске тіршіліктің мні де!- дей келе ата-аналар  сіздерді  ортаға ойын ойнауға шақырамыз.Жүргізуші: Өнерлі өрге жүзер талаптаныпҚыран биік самғайды қанат қағыпАдам үшін парыз ғой өнер іздеуЖүрген соң адам деген атақты алып «Жастар» биіШахзада:  Бүгін қызық бүгін тойБәрін оны біліп қойӘн де салып би билепЖалғастырсын ойды ойАймереке:  Бірге болсын ойымызҚұтты болсын тойымызҚыздарымыз шаттанаБи билесін шаттана«Қуыршақ» биіАяулым: Барлық елдің бөбегіБір- бірімен туысқанБәрімізге төгедіӨз шуағын күміс таң.Жүргізуші:  Ән көмейден төгілдіҚайғы бұлты шегіндіБалалармен дүние көрікті де көңілдіӘн шашу:      « Қошақаным»Нұрдаулет:  Біз тілейміз бар бөбекБақытты өмір сүргенінТуған елге еркелеп Қуанғанын күлгенінДосжан: Ана тілін ардақтап

Ата салтын біз көрдікСурет слып біз жаттапЕртегілер үйрендікЕртегі «Әтеш пен тоты құс»  сахналау.Жүргізуші:  Жүздеріңнен көрем  шаттық арайынОсылай болсын әрбір күнің арайыңҚадамдарың сәтті болсын балаларТілектерің қабыл болсын ағайын!(Ата-аналардан бата сұрау) Бақшаға біз гүл ексек , Балдырғаным, сен үшін, Бақытыңды жыр етсек, Балдырғаным, сен үшін Жігіт болар, күні ертең  Балдырғаным, гүл еркем Бақытты бол, өсе бер, Құтты болсын мерекең! –деп, «Балауса бала бағым, шаттық пен қуаныш ордасы» атты мерекелік ертеңгіліміді аяқтай келе, балаларды мерекелік дастарханға шақырамыз.Көңіл қойып  тамашалағандарыңызға көп рахмет.