ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 25
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: ОТ «Дені саудың жаны сау» 2.3 Шығарманның тақырыбы мен негізгі ойды анықтау. Күні: Сынып: 2 | Мектеп: №16 жалпы білім беретін мектебі КММ Мұғалімнің аты-жөні: Шарипбаева Б.Н. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | 2.3. Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау 3.1. Шығарманның жоспарын құру. | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.2.3.1. Мұғалімнің көмегімен шығарманның тақырыбы мен және негізгі ойды анықтау. 3.1.Мұғалімнің көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп жоспар құру. | ||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтай алады және жоспарын құрайды Көптеген оқушылар: мәтіндегі негізгі ойды анықтап, өз пікірлерін жалғастыра отырып, жоспарын құрайды Кейбір оқушылар: тақырыпқа байланысты өмірдегі деректермен жоспар құрып байланыстырады | ||||
Бағалау критерийлері | -мәтін тақырыбын анықтайды -мәтін бойынша негізгі ойды анықтайды -бөліктерге бөліп жоспар құрай алады. | ||||
Тілдік мақсаттар | Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз Пәнге тән лексика мен терминология: Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Жарты | ||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушылар арасындағы достық,сыйластық қарым-қатынасты сақтай білу,өз ойларын ашық айту құндылықтары қалыптасады. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі | ||||
АКТ қолдану дағдылары | iMektep | ||||
Бастапқы білім | «Тазалық - зор байлық» деген ұғымды оқушылар жақсы түсініп біледі. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 3 мин | Ширату Оқушылардың зейіннің шоғырландыру 1.Тапсырма «Ойлан тап» Тәртібі: тақтаға 2-3 суреттер іліп қоямын. Оқушылар сол суреттерді ала отырып өз пікірлерін білдіреді. - Бұл суреттең сіздер нені байқап отырсыздар? - Марат пен Айгүл сабаққа баруға жуынып жатыр. Анасы оларға көмектесіп тұр. - Олар неліктен жуынып жатыр деп ойлайсыздар? - Өйткені,сабаққа барады. Күнде таңертең тазалықты сақтау керек. Ендеше, оқушылар, біз сіздермен Ы. Алтынсаринның «Салақтық» мәтінінің тақырыбы мен негізгі ойды анықтай отырып, мәтінге жоспар құраймыз. | | |||
Сабақтың ортасы 27 мин | Ұ.Оқушыларды суреттерді құрастыру арқылы топқа бөлу 1.Тапсырма (Т) «Мәліметті толықтыр» Тәртібі:Оқушылардың алғашқы біліміне сүйене отырып төмендегі сызбаны толтыру топтық жұмыста толықтырады. -Ы. Алтынсарин туралы не білесіңдер? Тексеру: Аралап жүріп жекелей тексеру. ҚБ: « Өте жақсы!» 2- тапсырма.( Ж.Ж) «Ой қозғау» Ережесі:оқушылар мәтінді оқи отырып, Кәрімнің іс-әрекетін түртіп жазады. Жұптық жұмыста талқылайды. Тексеру: Жұптаса отырып қалған топ мүшелеріне түсіндіруін қадағалау. ҚБ «Өзара бағалау» (Т) 3- тапсырма «Ойлан. Бөліс. Талқыла» Әр топқа мәтін желісімен оқиғаны құру тапсырылады. Тазалық –денсаулық кепілі Тексеру:Әр топтан бір оқушы шығып топтық жұмыстарын қорғайды. ҚБ.Әр оқушы өз жазған жоспарын оқиды қалғандары "келісемін", «келіспеймін» сөздерімен нақтылайды. 4-тапсырма (Ж) «Тазалықты сүйемін» Оқушылар жекелей жұмыс арқылы тазалықты сақтау ережесін құрастырады. Құрастырған ережемен таныстырады. ҚБ «Өзара бағалау» | оқулық iMektep. Ыбырай Алтынсарин (бейнебаян) Оқулықпен жұмыс дәптер жұмыс плакатА3 | |||
Сабақтың соңы 10 мин | Сабақ бойынша рефлексия Егер мәтін тақырыбын анықтай аламын. Мәтін бойынша негізгі ойды анықтай аламын.Бөліктерге бөліп жоспар құрай аламын десеңіздер желкенді жасыл түспен бояңыз Егер мәтін тақырыбын анықтай аламын. Мәтін бойынша негізгі ойды анықтауда қателіктер жіберемін.Бөліктерге бөліп жоспар құрауда қателесемін десеңіздер желкенді сары түспен бояңыз. Егер мәтін тақырыбын анықтауда қиналамын. Мәтін бойынша негізгі ойды анықтауда мұғалімнің көмегін қажет етемін .Бөліктерге бөліп жоспар құрауда қиналамын десеңіздер желкенді қызыл түспен бояңыз. | | |||
Саралау | Бағалау | Денс ж\е қауіп техн. сақталуы | |||
Тапсырма арқылы саралау: -«Мәліметті толықтыр» тапсырмасы бойынша қиындық туындаған оқушыларға қолдау көрсету. - «Ой қозғау» қиындық туындаған оқушыларға қолдау көрсету -«Ойлан. Бөліс. Талқыла» қиындық туындаған оқушыларға уакыт бере отырып, қолдау көрсету Бағалау арқылы саралау: «Тазалықты сүйемін» тапсырмасы бойынша жан-жақты әрі нақты көмек қажет ететін оқушыларға қолдау көрсету | Қалыптастырушы бағалау сабақтың өң бойында жүріп отырады: -«Өте жақсы!» -«Өзара бағалау» -«келісем», « келіспеймін» Оқушылар сабақ соңында «Кеме» арқылы өзін-өзі бағалайды Дескриптор: - Мәтін тақырыбын анықтайды - Мәтін бойынша негізгі ойды анықтайды - Бөліктерге бөліп жоспар құрайды | Ширату Оқушылардың зейіннің шоғырландыру | |||
Сабақ бойынша рефлексия |
| ||||
| |||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1:Оқушылардың оқу картасын толтырғаны 2:Мәтін бойынша жоспар құрғаны Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Топтық жұмыс ұйымдастыру 2:Жекелеме жұмыстарды жақсарту Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |