Файл: Бекітемін дістемелік кеес дістемелік бірлестік Жалпы білім беретін отырысында келісілді. отырысында аралды.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 150

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Бекітемін» Әдістемелік кеңес Әдістемелік бірлестікЖалпы білім беретін отырысында келісілді. отырысында қаралды.28 орта мектеп КММ директоры Директордың оқу-тәрбие жөніндегі 28.08.2021ж №1 хаттама_______________Г.Менешова орынбасары________ М.Габдуллина Бірлестік жетекшісі31.08.2021ж 28.08.2021ж __________ Ж.Сұлтанғалиева Математика пәні бойынша (элективті курс 6 «А»)Математика пән мұғалімі Сұлтанғалиева Жанаргүл Қожағалиқызы2021-2022 оқу жылыБАҒДАРЛАМАэлективті курсҚАЗАҚТЫҢ КӨНЕ ӨЛШЕМ БІРЛІКТЕРІН МАТЕМАТИКАДА ҚОЛДАНУ6-сынып оқушыларына арналған элективті курс бағдарламасы(аптасына - 1 сағат, барлығы 34 сағат)Түсініктеме хат Тұңғыш президент «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «Өз тарихына деген мақтаныш сезімін ұялатып, отаншылдық тәрбие беру мектеп қабырғасынан басталуға тиіс...» -деп ерекше атап өткен. Осы мақсатқа жетуде математика пәнінде қазақтың көне өлшем бірліктерін пайдаланып әртүрлі деңгейдегі математикалық есептер шығару және шығармашылық зерттеулер жүргізу өте маңызды деп ойлаймын. «Қазақтардың көне өлшем бірліктері» тақырыбында шығармашылық тапсырмалар бере отырып, оқушылар ауқымды зерттеулер жүргізеді. Курс барысында мұғалім мен білім алушылардың жинаған мәліметтері мен құрастырған есептері оқушылардың математика пәнінен функционалдық сауаттылығын арттырумен қатар математикалық білім деңгейін көтереді. Яғни шәкірттеріміздің математика пәніне деген қызығушылығын арттыруда аталмыш курстың маңыздылығы зор. Білім алушыларға тарихымыз бен мәдениетімізді дәріптеп, өткен күн мен бүгінгі өмірді байланыстыра, салыстыра отырып асыл қазынамызды бойына сіңдіруде бағдарламаның орны ерекше деп ойлаймын.Курс барысында білім алушылардың шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеті дамып, пәнаралық байланысты жетіледі, оқушы зерттеп, есептей біледі.Бағдарлама жаңартылған білім беру мазмұны аясында және 6-сынып оқушысының жас ерекшеліктерін ескере отырып, жоғары сыныптардағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың алғашқы қадамдарының бірі болып саналады. Бағдарламаның мақсаты:
Қазақтың көне өлшемдерін жастарға таныту, олардың функционалдық сауаттылығын арттыру, яғни оны күнделікті өмірде, практика жүзінде және математикалық есептеулер жүргізуде қолдана білуге жаттықтыру.Бағдарламаның міндеттері:

  • Қолданыста болған математикалық өлшемдер атаулары мен бірліктерін саралау;

  • Қазақ халқының ауызша тараған математикалық есептерін жинақтап, бір жүйеге түсіру;

  • Қазақтың ежелгі өлшеулер әлемінен хабардар болу, қазақ халқының тәжірибесіндегі заттың ұзындығы мен сыйымдылығын саусақпен өлшеу жолдарын ұғыну және халық өлшемдері – ұлт мәдениеті мен ата –бабамыздың тыныс-тіршілігі екенін дәлелдеу. Осы орайда көшпелі ұлы халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан есептеріне байланысты наным-сенімдерінің құпиясын ашып, сырына қанығу;

  • Қазақтың байырғы қара есептерімен танысып, оған есептеулер жүргізу;

  • Математикалық сауаттылықты қалыптастыру, математикалық формулаларды практикада қолдана білу;

  • Оқушының білімін тереңдету, мұғаліммен бірлескен шығармашылық жұмысын дамыту;

  • Білім алушының зертеушілік қабілетін дамыту, жинақталған мәліметтерді талқылау және қортынды жасау әрі математикалық пайымдау жасау;

  • Математикалық білімдерін өмірлік жағдайда кездесетін түрлі мәселелерді шешуде қолдана білу;

  • Топпен және жеке жұмыс жасау қабілетін қалыптастыру;
Тұрақтылау (мазмұндық) бөлім«Қазақтың көне өлшем бірліктерін математикада қолдану» курсы бағдарламасы аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат және мынадай мазмұннан тұрады:1. Кіріспе. Бағдарламаның өзектілігі, мақсаты мен міндеті 1 сағат; 2. І модуль Ұзындық өлшем бірліктері - 5 сағат. Саусақпен өлшенетін ұзындық өлшем бірліктері(елі,тұтам,буын,сүйем,сере,қарыс,кере қарыс) Қолмен өлшенетін ұзындық өлшем бірліктері (білем, шынтақ, қолтық, құлаш, кез, кереқұлаш) Аяқпен өлшенетін ұзындық өлшем бірліктері (табан, адым-қадам, аттам) Бұйымдарға байланысты ұзындық өлшем бірліктері (көген, арқан бойы, қазық бойы)3. ІІ модуль Қалыңдық пен тереңдік өлшем бірліктері- 2 сағат. Қалыңдық өлшем бірліктері (бұлт, пышақ сырты,шынашақ, елі, бармақ, сере, табан) Адам бойына байланысты тереңдік өлшем бірліктері (тізе бойы, белуар, кіндік бойы, кісі бойы)

4.ІІІ модуль Қашықтық өлшем бірліктері-3 сағат.Өте жақын қашықтық өлшем бірліктері (аттам жер, бөрік тастам жер, қозы көген жер, қол созым жер, иек артпа жер,қырық қадам, тас лақтырым жер, таяқ тастам жер)Жақын қашықтық өлшем бірліктері (ат жетер жер, ат шаптырым жер, аяқ жетер жер, әудем жер, қозы көш жер, құнан шаптырым жер, тай шаптырым жер, сәскелік жер, талай жер, дауыс жететін жер)Өте алыс қашықтық өлшем бірліктері(ит өлген жер, ) 5.ІV модуль Салмақ өлшем бірліктері-2 сағат. Салмақ өлшем бірліктері (мысқал, қадақ) Ауырлық өлшем бірліктері (келі, пұт, батпан)6. V модуль Сыйымдылық өлшем бірліктері-2 сағат. Саусақпен өлшенетін сыйымдылық өлшем бірліктері (шымшым, шөкім, бір уыс,тілім,түйір) Бұйымға байланысты сыйымдылық өлшем бірліктері (бір жұтым,бір көнек сүт, бір шелек, бір қап) 7. VІ модуль Аудан өлшем бірліктері-2 сағат. Аудан өлшем бірліктері (алақандай, етектей, танап, тепе, түймедей, теңгедей, ауыл аймағындай, бір жапырақ ет,)8. VІI модуль Көлем өлшем бірліктері-4 сағат. Азық - түлікке қатысты өлшемдер (бір бұршақ, бір пітір бидай, бір әшімөңке шай, бір қайнатым шай, бір шөкім тұз) Көлем өлшем бірліктері (бармақтай, жұдырықтай, ат басындай, үйдей, таудай) Шығармашылық жұмыстар (Қазақтың көне өлшем бірліктерінің нақты өлшемдерін есептеу)9.VІII модуль Уақыт өлшем бірліктері-2сағат. Аптаға байланысты уақыт өлшем бірліктері (бүгін, ертең, бүрсігүні, арғы күні, қасиетті күн, соңғы күн, азына, түнеугүні) Астың пісуіне байланысты уақыт өлшемдері (ас пісірім, ет асым, ет қайнатым, сүт пісірім)10. IX модуль Мезгіл өлшем бірліктері-2сағат. Тәулік мезгілдерінің атауы ( алаң-елең, құлан сәрі, таң сәрі, сәске,таң, таңертең, алатөбе, сәске түс, ұлы сәске, сиыр сәске) Жыл мезгілдерінің атауы (жазғұтыры, жаз, күз, қыс)11. X модуль Экологиялық уақыт өлшем бірліктері-1сағат. Экологиялық уақыт өлшемі (ай туғанда, күн батарда, күн күркірегенде, қансонарда, қырау түскеде,
шөп сарғайғанда, таң бозарып атқанда)12. XI модуль Жыл санау және мүшел жас-2 сағат. Қазақша жыл санау (тышқан жылы,сиыр жылы, ..., биыл, былтыр, бұрынағы жыл, одан арғы жыл, бұрынғы жылдары) Мүшелі жас (13 жас-ер жете бастау, 25 жас-жігіттік шақ, 37 жас-ақыл тоқтау, 49 жас-орта жас)13. XII модуль Қорытынды-6 сағат. Қазақтың көне өлшемдерін практикада қолдану (бөлменің ауданын табу, қоршаудың ұзындығын табу, шұңқырдың тереңдігін өлшеу, арақашықтықты есептеу, уақытты болжау, статистикалық дерек, және т.б.) Қазақтың көне өлшемдерін математикалық есептеулерде қолдану (периметр, аудан, көлем, жылдамдық, қатынас және т.б.) Қазақтың қара есептерін шығару («Түлкі мен ешкі» есебі, «Шырылдауық шегіртке» есебі, «Сәтемір хан және ақсақ құмырсқа» есебі, «Баянауыл омартасы» есебі, «Жылқыға жем беру» есебі, т.б.) Шығармашылық жұмыстар (Қазақты көне өлшем бірліктерін қолданып есептер қрастыру)Нормативті бөлім(аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)



Ауыспалы тақырыптар

Сабақтың тақырыбы

Білім өнімі

Сағат саны

Мерзімі

Ескерту

1

Кіріспе

(2 сағат)

Бағдарламаның өзектілігі, мақсаты мен міндеті

Элективті курс тақырыбының мақсаты, міндетімен танысады.

1







2

1







3

І. Ұзындық өлшем бірліктері

(5 сағат)

Саусақпен өлшенетін ұзындық өлшем бірліктері

Көне өлшемдер тарихын біледі.

1







4

1







5

Қолмен өлшенетін ұзындық өлшем бірліктері

Ұзындықты өлшей алады

1







6

Аяқпен өлшенетін ұзындық өлшем бірліктері

Өлшемдерді формулада қолдана алады

1







7

Бұйымдарға байланысты ұзындық өлшем бірліктері

Бұйымдарға байланысты ұзындық өлшем бірліктерін біледі

1







8

ІІ. Қалыңдық пен тереңдік өлшем бірліктері (2 сағат)

Қалыңдық өлшем бірліктері

Салыстыра алады

1







9

Адам бойына байланысты тереңдік өлшем бірліктері

Өмірде қолдана алады

1







10

ІІІ. Қашықтық өлшем бірліктері

(3 сағат)

Өте жақын қашықтық өлшем бірліктері

Салыстыра алады

1







11

Жақын қашықтық өлшем бірліктері

Қолдана біледі

1







12

Өте алыс қашықтық өлшем бірліктері

Формуланы пайдалана біледі

1







13

ІV. Салмақ өлшем бірліктері (2 сағат)

Салмақ өлшем бірліктері

Өлшемдер жасай біледі

1







14

Ауырлық өлшем бірліктері

Салыстыра біледі

1







15

V. Сыйымдылық өлшем бірліктері

(2 сағат)

Саусақпен өлшенетін сыйымдылық өлшем бірліктері

Өлшемдерді қолдана алады

1







16

Бұйымға байланысты сыйымдылық өлшем бірліктері

Есептеу дағдысын дамыта алады

1







17

VІ. Аудан өлшем бірліктері(2 сағат)

Аудан өлшем бірліктері

Формуланы өмірде қолдана біледі

1







18

1







19

VIІ. Көлем өлшем бірліктері

(4 сағат)

Азық - түлікке қатысты өлшемдер

Талдап, саралауға үйренді

1







20

Көлем өлшем бірліктері

Әртүрлі денелердің көлемін есептей біледі

1







21

Шығармашылық жұмыстар

Әртүрлі өлшемдер жүргізе алады

1







22

1







23

VIIІ. Уақыт өлшем бірліктері

(2 сағат)

Аптаға байланысты уақыт өлшем бірліктері

Заңдылықтарды таба біледі

1







24

Астың пісуіне байланысты уақыт өлшемдері

Зерттеулер жүргізеді

1







25

ІX. Мезгіл өлшем бірліктері

(2 сағат)

Тәулік мезгілдерінің атауы

Есептер шығару дағдысын дамыту

1







26

Жыл мезгілдерінің атауы

Өз бетімен жұмысқа үйрету

1







27

X. Экологиялық уақыт өлшем бірліктері (1 сағат)

Экологиялық уақыт өлшемі

Тарихи мәліметтерді біледі

1







28

XІ. Жыл санау және мүшел жас

(2 сағат)

Қазақша жыл санау

Математика пәнін өмірмен байланыстыра біледі

1







29

Мүшелі жас

Пәнге қызығушылығы артады

1







30

XІІ. Қорытынды

(5 сағат)

Қазақтың көне өлшемдерін практикада қолдану

Есептерді шығара біледі

1







31

1







32

Қазақтың көне өлшемдерін математикалық есептеулерде қолдану

Есептер шығара алады

1







33

Қазақтың қара есептерін шығару

Есептер шығара алады

1







34

Шығармашылық жұмыстар

Шығармашылық дағдысы дамиды, есептер құрастыра біледі

1







Ақпараттық-әдістемелік бөлімКурста оқушылардың өз бетімен іздену, ақпарат алу, білімдерін өмірде қолдана білу және ұлттық сана-сезімдерін дамыту мақсаты қамтылды.Курсты оқып-үйренудің нәтижесінде оқушылар білу керек:

  • Қазақтың көне өлшем бірліктерінің тарихын;

  • Қазақтың көне өлшем бірліктерінің нақты өлшемдерін;

  • Өлшем бірліктерді өмірде қолдану;

  • Өлшем бірліктермен математикалық есептеулер жүргізу.
Курстан күтілетін нәтижелер:

  • 6-сынып оқушысының функционалдық сауаттылығы артады;

  • Қазақтың көне өлшем бірліктерін зерттеу нәтижесінде, қазақ халқының тілі мен тарихына, халықтың этнографиясына деген құлшыныс оянып, математика пәніне деген қызығушылық арта түседі;

  • математика пәнінің өмірмен байланысты есептерін шығара алады:

  • логикалық ой-өрістері дамиды;

  • білім алушының зерттеушілік қабілеті дамиды.
Оқушылардың білімдерін бағалау:

  • шынайылық, жүйелілік және нақтылық қағидалары негізінде жүргізіледі;

  • қалыптастырушы және жиынтық бағалау қамтылады;

  • оқушылардың оқу нәтижелері алдын ала ұсынылған критерийлер бойынша бағаланады;

  • өте жақсы орындалған жұмыс арқылы өлшем жасалады.
Бағалау критерийлері:

  • Теорияны меңгеруі, тақырып мазмұнын түсінуі;

  • Есептерді шығаруда формулаларды қолдану машықтығы;

  • Тапсырмаларды орындаудағы тиімді тәсілдерді қолдану біліктілігі;

  • Тапсырмалардың орындалу деңгейі.
Бағалау құралдары мен әдістері:І. Оқытудың аралық нәтижелерін бағалау:- Өзіндік жұмыс тапсырмалары.ІІ. Қорытынды бақылау:

  • Шығармашылық сипаттағы тапсырмалар;

  • Өзіндік жұмыс тапсырмалары.
Бағалау оқушылардың бағдарламаның міндетті мазмұнының элементтерін меңгеру деңгейі өзіндік жұмыс тапсырмалары нәтижесімен, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалаудың жоғары көрсеткішіне мүмкіндік беретін қосымша бөліктегі шығармашылық сипаттағы тапсырмалардың орындау деңгейі, қорытынды тапсырмаларының нәтижелерімен бағаланады.Бағалау критерийі:



Жұмыс түрі

Баға/балл

Жалпы бағадан үлес (максимум %)

1

Мәліметтер жинау (өзіндік жұмыс, шығармашылық жұмыс)

5

30

2

Өлшемдер жүргізу (практикалық жұмыс)

5

30

3

Өлшемдерді есептер шығаруда қолдану (есептер құрастыру, формуланы қолдану)

10

40







Барлығы:

100