Файл: Баяндама орындаушы Абдуллаева Савриноз абылдаушы Арунова Жанна Ануровна Таырыбы Оушылар жымын алыптастыру.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 58
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
БАЯНДАМАОрындаушы:Абдуллаева СавринозҚабылдаушы:Арунова Жанна АнуровнаТақырыбы:«Оқушылар ұжымын қалыптастыру«Оқушылар ұжымын қалыптастыру» әдістемелері«Оқушылар ұжымын қалыптастыру» әдістемелері
Белсенділердің құрамына кіретін оқушылардың жақсы ұйымдастырушылар болғаны абзал. Олардың бойында ұйымдастырушылық, тапқырлық, жолдастарымен жақсы қарым-қатынас, ұжымды қызықтырып жетелейтін, жауапкершілікті сезінетін қасиеттері болуы керек.
-
Ұжым дегеніміз – бір мақсатты көздеген бірнеше адамнан құрылған топ.
-
Оқушылар ұжымы – ортақ мақсат және қоғамдық іс- әрекет арқылы біріккен тұрақты бірлестік. Жақсы ұйымдасқан оқушылар ұжымының белгісі- дұрыс қоғамдық пікір, жоғарғы жауапкершілік , өзара сенім.
-
Педагогтың басты міндеті – ұжымда әр оқушының қабілетін танып, өз орнын табуына жағдай жасау, әрбір баланы дара тұлға болуға, өзін өзі басқара білуге тәрбиелеу. Өз мәселесін шеше алатын адам ғана жоғары мемлекеттік мәселелерді шеше алатындығына оқушыны сендіру.
-
Ұжымдағы байланыс нашар, белсенділер әлі анықталмаған кез. Бұл кезде талап барлығына бірдей қойылады. -
Ұжымда белсенділер айқындалған, талап солар арқылы қойылады, ұжым қалыптаса бастаған кез. -
Ұжымда дұрыс қоғамдық пікір қалыптасқан, педагог талабын тек белсенділер емес, кез-келген ұжым мүшелері қабылдайды.
-
Ұжымдық іс-шараларды ұйымдастыру.Оқушылар ұжымы әр түрлі шараларды ұйымдастыру жағдайына құрылады, өседі,нығаяды. Ол шаралар ұжым өмірін мазмұнды әрі қызықты етеді. Кез-келген жерде бірлескен іс болмас, онда ұжымды топтастыру мен дамыту үшін адамгершілік тәрбиесін жинақтаудың қажетті жағдайлары болмайды.
-
Ұжымды қалыптастырудың ең бір жауапты кезеңі – ұжым белсенділерін
Белсенділердің құрамына кіретін оқушылардың жақсы ұйымдастырушылар болғаны абзал. Олардың бойында ұйымдастырушылық, тапқырлық, жолдастарымен жақсы қарым-қатынас, ұжымды қызықтырып жетелейтін, жауапкершілікті сезінетін қасиеттері болуы керек.
-
Оқу жылы алдындағы сыныпты жабдықтауға, гүлдендіруге, мектеп ауласын көгалдандыруға қатынасу т.б. осының бәрі оқушының ұжыммен байланысын сезінуіне және оның алдындағы жауапкершілік сезімін мойындауыңа көмектеседі. -
Бос уақыттарында театрларға бірге бару, мектеп мекемелері мен кештеріндегі пікірталас, дебат, олимпиадалар мен сайыстар ұжымдық қасиеттердің қалыптасуының маңызды құралы. -
Ұжымның топтасуына түрлі қоғамдық тапсырмаларды орындау көмектеседі. Тапсырмалар сыныпқа, мектеп қажеттеріне қызмет көрсетумен байланысты.
-
Ұжымның топтасуына саяхат, жорық ұйымдастырудың да маңызы зор. Мысалы, Жайық өзеніне саяхат ұйымдастыратын болса, балалар Жайық өзені жағасындағы өсімдік, жануарлар дүниесімен ғана танысып қоймайды, олардың бір-бірімен жақын жолдастық сезамі қалыптасқанды, өздерін еркін сезінеді.