Файл: Бастауышта оытуды педагогикасы мен дістемесі мамандыыны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 50

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Академик Е.АБөкетов атындағы Қарағанды университеті

«Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының

БОПмӘ-33с тобының 3-курс студенті

Жомарт Жадыра Ерболатқызының

«Өндірістік практика» іс-тәжірибесіне жазған


Есебі

Мен Жомарт Жадыра 2023 жылдың 16.01. – 08.04. уақыты аралығында «Өндірістік практика» іс-тәжірибесінен өттім. Негізгі іс-тәжірибенің мақсаты - бастауыш сынып мұғалімінің қызметін атқару.

Іс-тәжірибенің алғашқы күні кафедрадан тағайындалған практика жетекшісі өткізген ZOOM платформасы арқылы бекіту конференциясына қатыстым. Конференция барысында іс-тәжірибе мақсаты, міндеттері және мазмұнымен таныстым.

Іс-тәжірибеден өтуге Ұлытау облысы, Қаражал қаласы білім бөлімінің «№5 бастауыш мектебі» КММ-не барып, мектеп ұжымымен таныстым. Мектеп әкімшілігі мектеп тарихы, ішкі ережелерімен таныстырып, жетекші етіп Болысбаева Айжан Бериковнаны тағайындады. Сонымен қатар, практика жоспарын құрып, практика күнделігінің алғашқы күнін толтырдым және оқушылар тізімімен таныстым.

Іс-тәжірибенің екінші күні сынып жетекшісінен оқушылар туралы толтырылған жалпы мәліметтерін қарастырып, оқушылар тізімімен таныстым. Жетекшілік еткен 2 сыныпта барлығы 11 оқушы бар. Олардың 2-і қыз бала болса,19-ы ұл бала. Сонын ішінде ЕБҚЕ 2- оқушы бар. Материалдық жағынан жеткілікті қамтылған. Оқушылар негізінен жаратылыстану бағытындағы пәндерді тереңдетіп оқитыны айқын көрінді. Сабақ барысында өз ойларын шамаларының жеткенінше айта алады. Өз пікірлерін айтып, ойларымен бөліседі. Қазіргі уақытта оқушылар әріптерді жазып, дыбыстардың дауысты және дауыссыз дыбыс екендігін ажырата алады. Математика пәнінен екі таңбалы сандар, 5-ке дейінгі көбейту кестесі, санды және әріпті өрнетер т.б. туралы ұғымдары қалыптасқан. Берілген құрама есептерді де еш қиындықсыз шығара алады.

Сыныптың жалпы танымдық бағыты жоғары. Оқушылар алғашқы күннен ұйымшыл, бір-бірімен өте жақсы араласты. Сабақ үстінде бір-біріне үнемі көмектесіп отырды. Сыныптағы ұлдар мен қыздар арасындағы қарым-қатынас жақсы. ЕБҚЕ оқушылармен атқарылған жұмыстарды назарға алып, ПМПК қорытындысымен танысып, орындалуы тиіс тапсырмаларымен таныстым. ЕБҚЕ оқушыларды шеттету қасиеттері байқалмады.

Барған алғашқы күнімізден жетекшіміздің сапалы сабақ түсіндіруі, деңгейлеп сұрақтар қоюы, сабақтағы пән аралық байланыс жасауы, ата-аналармен қарым-қатынас жасауы барысында бақылау жүргіздім. Сонымен қатар, 2 сынып оқушылары қазақ тілі пәні сабағында оқулықта берілген түрлі суреттердің көмегімен сөйлем құрастырып, еркін әңгімелей білді.Тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың белсенділіктерімен қатар, білім деңгейлерін де байқай алдым. Соның ішінде Жақсылық Нұрәлем, Даукенов Нариман ерекше көзге түсті.


Алғашқы апта бақылау аптасы болғанымен, мұғалімге көмек ретінде оқушылардың сабақты қаншалықты түсінгендерін тексеру барысында «Сиқырлы қапшық» атты дидактикалық ойын ойнаттым. Ойынның мақсаты- заттарды белгілі бір қасиеттері бойынша салыстыруға, топтастыруға үйрету. Оқушылар «Сиқырлы қапшықтың» ішіндегі затты ұстап көріп, пішінін анықтап қана қоймай, ойыншықты алған соң берілген заттардың атап, түсін айта білді. Ойын ойнау арқылы оқушылардың қызығушылықтары оянып, жаңа тақырыпты барынша толық түсіне білді. Сабақ соңында «Күншуақ» әдісін қолданып, рефлексия жасадым. Сабақта болған көңіл – күйді күншуақ арқылы білдірген оқушылардың білімдерін тексердім. Сонымен қатар, оқушылардың жұмыс дәптерлеріне тапсырмалар берілген карточка таратып, сабақ аяқталған соң, үйлеріне шығарып салдым. Жұмыс кестесінің жеке жоспарын сынып жетекші көмегін құрып, әрбір пәннің оқу бағдарламаларымен, сондай-ақ күнтізбелік жоспармен таныстым.

Ағылшын тілі, орыс тілі пәнінде оқушылар өздерін барынша жақсы жақтарынан көрсетуге тырысты. Алғашқы сабақ болғанымен,о қушылар бар білгендерін өз ойларын толық айтып, сурет арқылы әңгімелеп берді. Кейбір оқушыларға ағылшын тілі қиындық тудырғанымен,ештеңеге қарамастан сабаққа белсенді қатысып отырды. Ал, орыс тілі сабағында «Моя семья» тақырыбы бойынша өз отбасы мүшелері туралы баяндап,өз қалаулары бойынша сурет салды. Отбасы мүшелерін орыс тілінде қалай атайтындығына қайталау жүргізіп, тақырып бойынша берілген сөздерден сөйлем құрау туралы үйренді. Жұмыс дәптерінде берілген тапсырмалармен қатар, түрлі-түсті қарындаштар арқылы балаланың ойлау қабілеттері мен тіл байлығын дамытатын дидактикалық ойын ойнатылды. Ойын ойнау барысында оқушылар жұптарымен бірігіп,жеңіске жетуге тырысты. Сабақ соныңда жаңа тақырып бойынша рефлексия жасалып, оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөлісті. Сонымен қатар, өзін-өзі тану пәні сабағында оқушылар мейірімділік,ізеттілік,қайырымдылық тақырыбында әртүрлі ертегілер оқып,ертегіден түсінгендері бойынша сурет салып, өз ойларын жанындағы жұптарымен бөлісті.

2-сынып жетекшісінің сабақ беруінің әдістемесін бақылау және талдаумен қатар, мұғалімге балаларды қабылдауға, шығарып салуға көмектестім. Үзіліс уақытында оқушыларға әр түрлі дидактикалық ойындар ойнатып,сабақ ортасында қызықты сергіту сәттерін жасаттым. Іс-тәжірибенің екінші аптасы болғандықтан күніне 1-2 сабақтан өткіздім. Алғашқы өткізген сабағым математика пәнінен «Бөлу амалының компоненттері» тақырыбы болды. Тақырыпты түсіндіру барысында дипломдық жұмыс тақырыбыма негіздей отырып, сандық білім беру ресурстарын қолдана отырып, оқушыларға «WorldWall» бағдарламасымен бөлу компоненттері бойынша тапсырма орындатқыздым. Сабақ барысында СБР қолдану барысында оқушылар тақырыпты бірден түсініп, тапырмаларын қатесіз орындағандығы байқалды.



Сынып жетекшісінің сабақ өткізгенінен бөлек, оқушылармен тәрбие сағатын өткізуін бақыладым. Тәрбие сағаты барысында оқушылардың қызығушылықтарына сай, дидактикалық ойындарды қолдана отырып, «Ғаламтор біздің өмірімізде» тақырыбын қызықты өткізгендігін аңғарып, келесі тәрбие сағатын өткізуге даярлық ретінде бекітілген тәрбие жоспарымен таныстым. Математика және қазақ тілі пәндерінен кезекті сабағымды өткізе бердім. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологиясын қолдандым. Оқушыларға тек оқулықтағы ақпараттарды түсіндірумен шектеліп қана қоймай, АКТ арқылы оқушылардың ой-өрісін,тіл байлығын дамытатын мультфильм көрсеттім. Оқушылар мультфильмнен түсінгендерін еркін мазмұндап, сұрақ құрастырып, қойылған сұраққа толықтай жауап берді. Сонымен қатар, тапсырмада берілген суреттердің көмегімен өлеңнің ұйқасын тауып, суреттерді сызбаның көмегімен оқып, берілген сөздерге дыбыстық талдау жасады. Оқушылардың басым бөлігінің дауысты және дауыссыз дыбыстарды еш кедергісіз ажырата алатындықтарын байқадым. Жаңа сабақтың оқушыларға қызықты болуы үшін «Қарама-қарсы» сөздер ойының орындатқыздым. Оқушылар қарама-қарсы сөздерді еш қиналмастан таба білді. Ойын арқылы оқушылардың ізденімпаздылығын байқадым. Осылай бүгінгі сабақ өз мақсатына жетті. Сынып жетекшіммен өткізген сабақ барысында кеткен кемшіліктерді анықтап, түзету жұмыстарын жүргіздік.

Сынып жетекшісі мен бастауыш сынып әдістемелік бірлестігі жетекшісінің қатысуымен әдебиеттік оқу пәнінен «Зиянды әдеттің әлегі» тақырында сабақ өткіздім. Жаңа тақырыпты түсіндіру барысында шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау, шығармадағы көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу) табу тапсмырмалары орындатқызылды. Сабақ соңында өткізген сабағым бойынша кері байланыс жасалып, ұсыныстар айтылды. Математика пәнінен «3-ке көбейту кестесі» тақырыбында сабақ өткіздім. Оқушыламен сабақ барысында АКТ қолданып, кестелік көбейту және бөлу ережелерін қайталай отырып, 3-ке көбейту және бөлуді үйрету, ұғындыру, көбейту кестесін құруды, көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін пайдалануға үйрету, 3-ке көбейту кестесі бойынша дидактикалық тапсырмалар орындатқыздым. OnlineTestPad бағдарламасымен 2-3 ке көбейту кестесін бекіту барысында жеке жұмыс ұйымдастырдым. Оқушылардың сабақтағы түсінгендерін бағдарлама негізінде диаграмма көрсеткіштері арқылы айқындап, сабақта төмен көсеткіш көрсеткен оқушылармен қатеен жұмыс орындатқыздым. Сонымен қатар, сабақ соңында ЕБҚЕ оқушылармен қосымша түзету жұмыстарын өткізіп отырдым.


Мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшісі өткізген «Қамқоршылық кеңес» бойынша белсенді ата-аналар тобын құру аясында өткізілген ата-аналар жиналысына қатыстым. Жиналыс барысында белсенді ата-аналар сайланып, жұмыс жоспары бекітіліп, төрайым сайланды. Жалпы, ата-аналар жиналысына қатысу арқылы тәжірибе жинақтадым. 08.02.23 күнң алғашқы сынып сағатын өткіздім. Оқушылармен «1001 мақал, 101 жұмбақ» тақырында дөңгелек үстел ұйымдастырдым. Оқушылар топтық жұмыс орындап, қазақтың мақал-мәтілдерінің мағынасын ашып, қойылған жұмбақтарды сурет негізінде бейнелеу арқылы тапысрмалар орындады. Сынып сағаты соңында сынып жетекшісінің қатысуымен «Алтын сақа» ойынын ойнатқыздым. Оқушыларға сынып жетекшісімен бірлесе жұмыс істеу қызықты болды. ЕБҚЕ оқушылармен түзету жұмыстарын жүргіздім. Оқушылардың қызығушылығы АКТ мен қозғалыс ойындары болғандықтан, оқушылармен логикалық тапсмырмалар орындап, педагог-психологтың қатысумен оқушылармен бірнеше тапсырмалары орындалып тұрды. Сынып оқушыларының ата-аналарымен әңгіме жүргізу мақсатында сабақ соңында шағын отырыс ұйымдастырылды. Әрбір ата-ана балаларының оқу үлгерімімен танысып, ұсыныс,пікірлер айтылды.Үлгерімі төмен оқушылармен қосымша сабақ өткізілді. Сабақ соңында оқушыларға зерттеу жүргізіліп, қатемен жұмыс жүргізілді.

17.02.23 күні математика пәнінен «1 санымен байланысты көбейтумен бөлудің қасиеттері» тақырыбында ашық сабақ өткіздім. Ашық сабақ барысында ұйымдастыру кезеңін жаңаша өткізу мақсатында «Қолшатыр» әдісін пайдаландым. Дипломдық жұмыс зерттеуі негізінде сандық білім беру ресурсы – Quizizz бағдарламасын қолдандым. Оқушылар смартфондары арқылы тесттік жұмыс орындап, сабақ соңында «Тикток әдісі» арқылы рефлексия жасалды. Ашық сабақ соңында сынып жетекшісі мен бастауыш сынып әдістемелік бірлестігі жетекшісімен өткізген сабағым бойынша кері байланыс жасалып, ұсыныстар айтылды.

Әдебиеттік оқу пәнінен «Мен білетін салт – дәстүрлер/Байғазы» т.с.с басқа да тақырыптарда сабақ өткізілді. Шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжауда оқушылармен викториналық тапсырмалар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, сабақ соңында ЕБҚЕ оқушылармен қосымша жұмыстар үнемі жүргізілді. Яғни, қолдың ұсақ моторикасын дамыту мақсатында оқушылармен аппликациялық жұмыстар жиі орындатылды.

«Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуда сандық білім беру ресуртарын қолдану» диплом тақырыбы бойынша зерттеулер жүргізу үшін таңдап алуынған әдіс-тәсілдерді оқушыларға қолданып, сабақ соңында талдау-жинақтау әдісі жүргізілді. Әрбір оқушының пікіріне сай зерттеу жұмысы жүргізілді. 1 наурыз-Алғыс айту күніне орай 2-сынып оқушыларымен оқушылардың жанұяға, ата-анаға, үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынастарын дамыту мақсатында "Алғыс айту-парызым" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Сынып сағаты барысында жеке,жұптық жұмыстар жүргізілді. Әрбір оқушы бойынан табылатын қасиеттір мен ұнамды мінездерін ұштастырып, оқушыларға ашықхат таратылды.


Бақылау тобында бастапқы зерттеуді жүргізуді бастадым. Басты назарда ЕБҚЕ оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі, қызығушылықтары мен сандық білім беру ресурстарына деген көзқарастары дәйектеліп, оқушылармен қосымша жұмыстар ұйымдастырылды. СБР қолдануға қиналатын оқушыларды қолдау негізінде түзету жұмыстары жүргізілді. Математика пәнінен «Екі амалмен шығарылатын есептер» тақырыбында сабақ өткіздім. Екі амалмен орындалатын есептерді (санды бірнеше есе арттыру/кемітуге, еселіксалыстыруға берілген жай есептердің түрлі комбинациялары) модельдеуде оқушылармен интерактивті тақта көмегімен викториналық тапсырма орындатылды. Сабақты қорытындылау барысында padlet тақтасында кері байланыс жасалды.

"Бастауышқа жол бастар - бастауыш білім данасы" апталығы аясында жоспарға сәйкес "Ең білімді сынып-2023" анықтау негізінде 2-4 сынып оқушылары арасында "Алтын сақа" интелектуалды сайысын өткіздім. Мектептегі жетекшіммен экспериментті қалыптастыру жоспарын құрдық. Оқушыларға сабақ өткізумен қатар, ең басты назар оқушылардың сандық білім беру ресурстарына деген қызығушылықтарына бақылау жасау болды. Әрбір сабақ соңында жетекшіммен талдау жасап, дипломдық жұмыс мәліметтерін толықтырдық.

Мектептегі іс-тәжірибенің соңғы аптасында оқушылардың әр сабақтарында сандық білім беру ресурстарын қолданып, эксперимент кезеңін толықтырдым. Ғылыми жетекші және сынып жетекшісінен кеңес алу, «Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуда сандық білім беру ресуртарын қолдану» диплом тақырыбы бойынша зерттеулер жүргізу үшін әдіс-тәсілдерді таңдап алып, алынған мәліметтерді саралап, деңгейге бөлдім. Көрсетілген көрсеткіштер негізінде жобалап диаграмма құрдым.

Мектеп меңгерушісі және де басқа да педагог қызметкерлермен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Әрбір сабағыма қатысқандан педагог өз ойларымен бөлісіп, артықшылықтарым мен кемшіліктерімді айтып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-тәжірибенің соңғы аптасы мен соңғы күндерінде мектеп меңгерушісінен жолдамаға мөр қойғызып, мектептегі іс-тәжірибе жетекшіме бағалау парағын толтырғыздым.

Қорыта келгенде, «Өндірістік практика» іс-тәжірибесі маған қатты ұнады. «№5 бастауыш мектебі» ҚММ-де оқушылармен тез тіл табысып кеттім. Іс-тәжірибе кезінде мен көптеген жаңа әдіс-тәсілдерді және оқушылармен, ата-аналармен жақсы қарым-қатынас орнату жолдарын меңгердім. Маған осы іс-тәжірибе кезінде жетекшілік еткен А.Б.Болысбаеваға айтар алғысым шексіз! Алғашқы күннен алға қарай жетелеп, сабақ барысында қандай әдіс-тәсілдерді қолданып ,оқушылардың қызығушылықтарын қалай ояту керек екендігі туралы көп мағлұматтар берді. Сонымен қатар, тәжірибе жинақтауыма барынша үлесін қосты.