Файл: Реферат Дниежзілік мхит проблемалары. Группа шк219Б.docx
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 43
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ә. Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы техникалық колледжі
Реферат:
Дүниежүзілік мұхит проблемалары.
Группа: ШК-21-9Б
Дүниежүзілік мұхит проблемалары.Біздің планетамыздың үстіңгі қабатының 70%-дан астам көлемін мұхиттар мен теңіздер алып жатыр, олар атмосфераға әсер етеді және пайдалы қазбалар мен тағам қөздері болып табылады. Олар Жер жүйесінің ең өнімді экологиялық жүйесі болып табылады да бүкіләлемдік балық аулау кәсібінің 80%-ын қамтамасыз етеді. Мұхит планетадағы өмірдің бесігі және оның экологиялық негізі. Планетаның бір тұрғынына орта есеппен алғанда 311 млн т шамасында су мөлшерінен келеді.
Мұхит маңызды орта түзуші қызметін аткарады. Жердегі өмірдің тіршілік етуі үшін мұхиттардың мәні өте зор және ол минералдық заттардың айналымын жүзеге асыруда, атмосфераның газдық құрамы мен климатты қалыптастырудағы қызметтерімен анықталады. Мұхит метеоүдерістердің қалыптасуына зор ықпал етеді. Әрине, төменгі ендіктердегі су көлемі тропиктік аймақтарда, Күннен алынған жылуды жинақтайды, ал пайда болған ағымдар оны жоғарғы ендіктерге ауыстырады. Жылудың қайта бөлінуі өз кезегінде атмосфералық циркуляцияны туындатады. Мұхит пен атмосфера арасындағы жылу алмасу ақыр аяғында климат пен ауа райын анықтайды. Әлемдік мұхиттың маңызын қарастыра отырып, балық аулау және теңіз кәсіптерінің маңызды рөл атқаратынын көреміз, олардан түсетін жылдық табыстың көлемі 55 млрд доллардан асады. Мұхиттардың ғылыми маңызы да жоғары. Мұхитта жердің дамуы мен пайда болуы туралы түсініктерді қалыптастыруға мүмкіндік беретін зерттеулер, планетарлық көлемдегі құбылыстар ашылған.
Мұхиттардың адамзат дамуындағы рөлі, әлемдік кәеіптердегі маңызы артқан сайын Әлемдік мұхиттың экологиялық жағдайына байланысты мәселелер күрделене береді. Ең алдымен мұхиттардың биологиялық қорларының азаю мәселесі туындап отыр. Мұхиттың ластануы дегеніміз — тірі ағзаларға зиянды әсер ететін, теңіз суының саласын төмендететін, балық аулау шаруашылығына, теңіз қызметтеріне кедергілер келтіріп, адам денсаулығына қауіп төндіретін заттардың теңіз ортасына тікелей және жанама түсуі. Ластанудың сан алуан түрлері бар: химиялық, физикалық, механикалық, биологиялық.XX ғасырдың аяғында теңіз ортасының ластану үлесінің 70%-ы жер бетіндегі өнеркәсіп, құрылыс, коммуналдық, ауыл шаруашылығы көздеріне және реқреацияға тиесілі екенін толық негізде айтуға болады. Мұхиттарға басты қауіп төндіретін ластаушы заттар: ақаба сулар, химиялық заттар (хлорорганикалық, металдар), күл-қоқыс және пластмассалар, радиоактивті қалдықтар, мұнай. Олардың кейбіреулері улы, баяу ыдырап, тірі ағзалар денесінде жинақталады. Мұнай мұхит суында тұрақты түрде жинақталады.
Мұхит суларының биологиялық ластануы да маңызды мәселелердің бірі. Мұхиттарға өзен ағыстарымен келіп түсетін ауру тудыратын микроағзалардың негізгі бөлігі жағалау аймақтарындағы тіршілік ету ортасына тез бейімделеді. Осы микроағзалар теңіз өнімдеріне жиналып, адамдардың жаппай ауруына себепші болады. Мұндай жағдайлар соңғы жылдары Жерорта теңізінде жиі байқалып жүр. Оның кейбір жерлерінде ауланған балықтың 80%-ы микроағзалармен уланған. Әлемдік мұхитта батпайтын қоқыстар және тұрмыстық қалдықтар әсерінен механикалық ластанулар едәуір көбейіп кеткен. Әлемдік мұхиттың физикалық ластануы оның радиоактивті және жылу көздерінен ластануынан туындайды. Радиоактивті өнімдер мұхитқа ядролық қаруларды сынаудың әсерінен түседі және де арнайы контейнерлердегі радиоактивті қалдықтарды тастау барысында түрлі ақаулар туындап, үлкен аумақтарды ластайды. Мұхиттың жылу арқылы ластануы да қауіпті. Электр станцияларынан және басқа көздерден түсетін жылымалы сулар жағалаулардағы экожүйелердің экологиялық тепе-теңдігін бұзылуына алып келеді, Ғалымдардың есептеулері бойынша, мұхиттарға түсетін жылымалы сулардың көлемі әрбір 8-10 жыл сайын екі есеге артып отырады. Мұхитта күшті антропогендік қысым басым. Адамзаттың өмірін қамтамасыз ететін осы бірегей жүйені сақтау жөнінде шұғыл шешімдерді тез арада қабылдаудың маңызы зор.
Теңіздер мен мұхиттар — бүкіл адамзаттың игілігі, бұл игілікті сақтау көбіне табысты халықаралық ынтымақтастыққа тәуелді. Бір өкініштісі, бірнеше елдерден ағып отетін ірі өзендер мен теңіздерді қорғау жөніндегі халықаралық келісімдерді ратификациялау және бақылау жұмыстарында кездесетін қиындықтар аз емес. Тұщы су қорларының азаюы да маңызды мәселе.Коптеген ғасырлар бойы Аристотельден кейінгі бірнеше ғалымдар жер, су, от пен ауаның бір-біріне өзара айналу мәселесі мүмкін деген болжам жасаған. Суды тұтыну көлемінің үздіксіз артуы нәтижесінде тұщы су көздері ластанып, суды ретсіз жұмсау есебінен тұщы су қорларының төмендеуі туындауда. Әлемдік су пайдалану деңгейі мен оның экологиялық салдарының негізгі түрлерін қарастыру міндетті түрде жүргізілуі керек. Қазіргі уақытта халық тұтынатын су көлемі жылына 250 км3 артып отыр. Жер шарының тек 4%-ы ғана суды жеткілікті мөлшерде пайдаланады, яғни әр адам тәулігіне 300-400 л су тұтынады, ал халықтың 2/3 бөлігі, яғни Африка мен Азия халқының суды қолдану мөлшері 10 есеге азырақ.
Рио-де-Жанейрода өткен (1992 ж.) халықаралық конференцияның мәліметтері бойынша, дамушы елдерде әрбір үшінші тұрғын судың жетіспеушілігінен зардап шегуде. Ластанған суды пайдалану салдарынан аурудың 80%-ы және өлімге әкеліп соқтыратын қауіпті жағдайлардың 1/3-і орын алуда. Сондықтан, планета тұрғындарын жоғары сапалы ауызсумен қамтамасыз ету және тиімді пайдалану мәселелерінің маңызы өте жоғары. Мысалға алар болсақ, америкалық сарапшылардың есебі бойынша, АҚШ-та су құбырларынан ағып кететін ауызсуды жоғалтудың орташа көрсеткіші бір адамға тәулігіне 120 л құрайды. Бұл көрсеткіш Үндістан мен Қытайдың бір тұрғынының орташа тәуліктік суды тұтыну корсеткішіне сәйкес келеді.
Қазіргі уақытта өнеркәсіп пен энергетиканың қажеттіліктері үшін 760 км3 су пайдаланылады, судың басым көпшілігі суаруға қолданылады. АҚШ өнеркәсіптерінде судың жұмсалу мөлшерлемесі жылына 260 км3, яғни бұл әлемдік шығын көлемінің үштен біріндей деген сөз. Біздің заманымызда су арқылы берілетін жұқпалы ауруларға ішсүзегі, іш ауруы, жұқпалы гепатит және басқалары кіреді. Су арқылы палиомелит және туберкулез ауруының жұғу мүмкіндігі де дәлелденген. ДСҰ мәліметтері бойынша, ауыр ішек ауруларымен ауыратындар саны жылына 500 млн құрайды. Бұл құбылыстың басым бөлігі дамушы елдерде, атап айтқанда, Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінің үлесіне тиесілі болғанымен де, экономикасы дамыған елдерде мұндай құбылыстар кездесіп отыратындығы дәлелденген. Демек, жоғарыда айтылған жағдайлар ауызсуға қойылып отырған эпидемологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауды қажет етеді.
Судың бактериялық тазалығы туралы санитарлық-көрсеткіштік бактериялардың нақты бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, ішек таяқшасы фекальды ластану барысында туындайды, олай болса суға ауру туғызатын түрлі қоздырғыштардың түсу мүмкіндігі де ықтимал екендігі анықталып отыр. Осыдан кейін микробтың санитарлық-көрсеткіштік маңызын анықтау қажеттілігі туындайды. Ішек таяқшалары табиғи су қоймаларында кеңінен таралған, сол себепті судың сапасы оның сандық көрсеткіші негізінде анықталады. 1 л судағы ішек таяқшаларының саны үшеуден аспаған жағдайда ғана су бактериялардан таза деп саналады. Судың тазалығы жөнінде тағы да 1 мг кездесетін бактериялардың жалпы саны арқылы да айқындауға болады.