Файл: Биостатистика жне ылыми зерттеу негіздері кафедрасы Сапалы деректерді трлері.pptx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 388
Скачиваний: 16
СОДЕРЖАНИЕ
Биостатистика және ғылыми зерттеу негіздері кафедрасы
Сапалы деректер (немесе белгілер)
Пирсонның χ2 хи-квадрат статистикалық критерийі қолданылады:
Пирсонның χ2 хи-квадрат статистикалық критерийі қолданылуы:
χ2 критерийін қолдану үшін төмендегідей шарттар орындалуы қажет:
Төртторлы кестені талдау үшін Он-лайн калькулятор:
https://medstatistic.ru/calculators.html
Салыстырмалы қауіп-қатер не үшін қолданылады?
Салыстырмалы қауіп-қатерді есептеу бөліміне кіреміз:
Сенім аралығына 1 саны кірмегендіктен (95% ДИ: 1,11-3,31) бұл байланыс статистикалық мәнді.
Қауіп-қатерлер айырымы (risk difference, attributive risk)
Шанстар қатынасы OR (odds ratio)
Биостатистика және ғылыми зерттеу негіздері кафедрасы
Сапалы деректердің түрлері
Сапалы деректер құбылыстың қандай-да бір белгілі категорияға жататынын сипаттайды және төмендегідей түрлерге бөлінеді:
- номинальды (мысалы: диагноз, қан тобы, асқынулар түрлері, палата номері)
- реттік (немесе рангілік, ординальды) – оларды реттеуге болады, бірақ олармен арифметикалық амалдар орындауға болмайды (мысалы: науқастың жағдайы ауыр, орташа, қанағаттанарлық болуы мүмкін)
- дихотомиялық (немесе бинарлы) – тек қана екі қиылыспайтын категориядан тұратын айнымалылар (мысалы, пациент шылым шегеді немесе шылым шекпейді, негізгі немесе бақылау тобы, аурудан жазылу немесе жазылмау, әйел адам немесе ер адам және т.б.).
Сапалы деректер (немесе белгілер)
- Бұл белгілерді санмен өлшеу мүмкін емес.
- Мысалы, немесе әйел адам, немесе ер адам, немесе дені сау, немесе ауру болуы мүмкін.
- Бұл белгілермен арифметикалық амал орындауға болмайды(арифметикалық орта, дисперсия т.б. есептеуге болмайды).
- Сапалы деректерді сипаттаудың бірден-бір тәсілі, ол- мәндері бірдей нысандарды санап, олардың нысандардың жалпы санының қандай үлесін құрайтынын анықтау керек.
- Мысалы, COVID-19 ауырған студенттердің ішінде жалпы медицина факультеті студенттерінің үлесі.
- Егер зерттеу жұмысының мақсаты әртүрлі топтағы жиіліктердің арасындағы айырмашылық жөніндегі статистикалық жорамалды тексеру болса (мысалы, қыз балалар арасындағы миопияның пайда болу жиілігін ұл балаларда пайда болу жиілігімен салыстыру), онда топтардағы жиіліктерді салыстыру үшін статистикалық талдау әдістерін қолдану керек.
- Сапалық деректерді талдауға арналған ондай әдіс- Пирсонның χ2 (хи квадрат) статистикалық критерийі.
- Салыстырылып отырған топтардағы жиіліктер эпидемиологиялық құрал – төртторлы кестеге енгізіледі (орайластық кестесі, 2×2 кестесі), деректер кестенің A, B, C және D төрт торкөзіне орналастырылады.
Төртторлы орайластық кестесі
| Нәтиже | |||
Иә (+) | Жоқ (-) | Барлығы | ||
Фактордың әсері | Иә (+) | A | B | A + B |
Жоқ (-) | C | D | C + D | |
Барлығы | A + C | B + D | A + B + C +D |
Мысал
- Жұмыс орнындағы ауаның шаңдануының өнеркәсіп жұмысшыларының тыныс алу мүшелері ауруларының даму жиілігіне ықпалын бағалау мақсатында когорттық зерттеу жүргізілді делік.
- Зерттеуге 197 өнеркәсіп жұмысшылары қатысты, олар жұмыс істейтін аймақта ауаның шаңдануы өлшенді және бір жыл бойы тыныс алу мүшелері ауруларының пайда болу жағдайлары тіркеліп отырды.
- Бұл жағдайда шаңдану : «шаңдану дәрежесі жоғары» және «шаңдану дәрежесі қалыпты» деген бір-бірін жоққа шығаратын екі мәннен тұратын дихотомиялық сапалық дерекке жатады.
- Нәтижені сипаттайтын айнымалы да екі мәннен тұрады:– «иә - тыныс алу мүшелері аурулары бар» және «жоқ - тыныс алу мүшелері аурулары жоқ».
Жұмыс аймағындағы ауаның шаңдануының өнеркәсіп жұмысшыларының тыныс алу мүшелері ауруларының даму жиілігіне ықпалы (орайластық кестесі)
| Тыныс алу жүйесі ауруының дамуы (нәтиже) | |||
Иә | Жоқ | Барлығы | ||
Шаңдану дәрежесі (фактор) | Шаңдану дәрежесі жоғары | 28 | 66 | 94 |
Шаңдану дәрежесі қалыпты | 16 | 87 | 103 | |
Барлығы | 44 | 153 | 197 |
- Сұрақ: Жұмыс аймағындағы ауаның шаңдану дәрежесінің қалыпты мөлшерден жоғары болуы мен өнеркәсіп жұмысшыларының тыныс алу жүйесі ауруларының дамуы арасында байланыс бар ма?
- Нөлдік жорамал: фактор мен нәтиже арасында байланыс жоқ, яғни шаңдану дәрежесі жұмысшылардың тыныс алу жүйесі ауруларының пайда болуына ықпал етпейді.
- Балама жорамал: фактор мен нәтиже арасында байланыс бар, яғни шаңдану дәрежесі жұмысшылардың тыныс алу жүйесі ауруларының пайда болуына ықпал етеді.
Пирсонның χ2 хи-квадрат статистикалық критерийі қолданылады:
мұндағы O – орайластық кестесіндегі бақыланған мәндер саны (observed), E – орайластық кестесіндегі күтілетін мәндер саны (expected).
Пирсонның χ2 хи-квадрат статистикалық критерийі қолданылуы:
Е=
- A ұяшығы үшін күтілетін сан: 94 (қатар бойынша қосынды) × 44 (баған бойынша қосынды) / 197 ≈ 21,
B ұяшығы үшін = 94 × 153 / 197 ≈ 73
С ұяшығы үшін = 103 × 44 / 197 ≈ 23
D ұяшығы үшін = 103 × 153 / 197 ≈ 80
Жұмыс аймағындағы ауаның шаңдануының тыныс алу мүшелері ауруларының даму жиілігіне ықпалы (бақыланған және күтілетін мәндер)
| Тыныс алу жүйесі ауруының дамуы (нәтиже) | |||
Иә | Жоқ | Барлығы | ||
Шаңдану дәрежесі (фактор | Шаңдану дәрежесі жоғары | 28 | 66 | 94 |
Шаңдану дәрежесі қалыпты | 16 | 87 | 103 | |
Барлығы | 44 | 153 | 197 |
21
73
23
80
- Әрі қарай алынған мәнді (критерий статистикасын) сыни мәнмен салыстырамыз.
- Төртторлы кестеде df = (2 - 1) × (2 - 1) = 1.
- Еркіндік дәрежесі 1 болғанда p < 0,05 үшін χ2 критерийінің сыни мәні 3,841.
- Критерий статистикасы χ2 (5,747) сыни мәннен үлкен болғандықтан нөлдік жорамал жоққа шығарылады.
- Сонымен, фактор мен нәтиже арасында байланыс бар, яғни шаңдану дәрежесі жұмысшылардың дем алу жүйесі ауруларының пайда болуына ықпал етеді деген қорытынды жасалады.
χ2 критерийін қолдану үшін төмендегідей шарттар орындалуы қажет:
- Талдауға тек қана сапалы деректер қатысады.
- Тек қана абсолютті деректер қолданылады (% қолданбайды).
- Салыстырылатын топтар бір-бірінен тәуелсіз болуы керек (критерий «дейін – кейін» түріндегі зерттеуге қолданылмайды). Күтілетін жиіліктер кестенің кез-келген ұяшығында 5 немесе 10 кем болмау керек(төртторлы кестелер үшін).
Төртторлы кестені талдау үшін Он-лайн калькулятор:
https://medstatistic.ru/calculators.html
Ассоциациялар өлшемі
- Байланыс – медицинадағы (эпидемиология) негізгі ұғым. Егер бір айнымалының (тәуелсіз) бар болу ықтималдығы екінші бір айнымалының (тәуелді) бар болуына байланысты болса, онда екі айнымалы арасында байланыс бар деп айтылады.
- Ассоциациялар өлшемдері қауіп-қатер факторының ықпалынан нәтиженің пайда болу ықтималдығын бағалауға мүмкіндік береді.
- Байланыс оң және теріс болуы мүмкін. Байланыс күшінің өлшемдері – қауіп-қатерлер қатынасы(relative risk – RR), қауіп-қатерлер айырымы(RD) және шанстар қатынасы(odds ratio – OR).
Қауіп-қатерлік (risk)
- Қауіп-қатер – бұл белгілі-бір оқиғаның (нәтиженің), мысалы, аурудың немесе жарақаттың пайда болу ықтималдығы. Қауіп-қатер 0-ден (нәтиженің пайда болу ықтималдығы жоқ), 1-ге дейінгі (барлық жағдайларда қолайсыз нәтиже күтіледі) мәндерді қабылдайды.
- Медициналық статистикада қандай да бір факторлардың әсерінен нәтиженің пайда болу қауіп-қатерінің өзгеруі зерттеледі. Пациенттер шартты түрде 2 топқа бөлінеді, олардың біреуіне фактор ықпал етеді, екіншісіне ықпал етпейді.
Салыстырмалы қауіп-қатер не үшін қолданылады?
- Салыстырмалы қауіп-қатер, қауіп-қатер факторына байланысты нәтиженің пайда болу ықтималдықтарын салыстыру үшін қолданылады. Статистикада қандай да бір факторлардың әсерінен нәтиженің пайда болу қауіп-қатерінің өзгеруі зерттеледі. Пациенттер шартты түрде 2 топқа бөлінеді, олардың біреуіне фактор ықпал етеді, екіншісіне ықпал етпейді.
- Салыстырмалы қауіп-қатер проспективті(когортты) зерттеулерде қолданылады, зерттелініп отырған топтар қауіп-қатер факторының бар немесе жоқ болу белгілеріне қарай құрылады.
- «Жағдай - бақылау» принципі бойынша зерттеу жүргізілгенде салыстырмалы қауіп-қатер орнына шанстар қатынасы көрсеткіші қолданылуы тиіс.
| Тыныс алу жүйесі ауруының дамуы (нәтиже) | |||
Бар | Жоқ | Барлығы | ||
Шаңдану дәрежесі (фактор | Шаңдану дәрежесі жоғары | 28 | 66 | 94 |
Шаңдану дәрежесі қалыпты | 16 | 87 | 103 | |
Барлығы | 44 | 153 | 197 |
- Салыстырмалы қауіп-қатерді есептеу формуласы:
RR = | A / (A + B) |
C / (C + D) |
- RR көрсеткіші, фактор мен нәтиженің байланысының сипатын анықтау үшін 1-мен салыстырылады:
- Егер RR=1 болса, онда зерттеліп отырған фактор нәтиженің пайда болу ықтималдығына ықпал етпейді (фактор мен нәтиженің арасында байланыс жоқ).
- Егер RR>1 болса, онда фактор нәтижелер жиілігінен жоғары (тікелей байланыс).
- Егер RR<1 болса, онда фактордың әсерінен нәтиже ықтималдығы төмендейді (кері байланыс).
- Сол сияқты 95% СІ шекараларының мәндері міндетті түрде бағаланады.
- Егер сенім аралығына 1 кірмесе, онда фактор мен нәтиже арасында айқындалған байланыс статистикалық мәнді деп қорытынды жасалынады. (р<0,05 қателік ықтималдығымен).
- Егер 95% СІ төменгі шекарасы 1-ден кіші, ал жоғарғы шекарасы – үлкен болса, онда фактордың нәтиже жиілігіне ықпалы статистикалық мәнді емес (р>0,05).
- Салыстырмалы қауіп-қатер үшін нөлдік және балама жорамалдар:
Н0: RR = 1
H1: RR ≠ 1
- Біздің мысалымызда деректер когорттық зерттеудің нәтижесінде алынды, сондықтан салыстырмалы қауіп-қатерді есептеу керек.
RR = | 28 / (28 + 66) | = 1,92 |
16 / (16 + 87) |
Салыстырмалы қауіп-қатерді есептеу бөліміне кіреміз:
Қауіп-қатер факторы мен нәтиженің арасында тікелей байланыс бар. Жұмыс аймағындағы ауаның шаңдану дәрежесінің қалыпты деңгейден жоғары болуы жұмысшылардың тыныс алу мүшелері ауруларының даму қаупін 1,92есе арттырады.Сенім аралығына 1 саны кірмегендіктен (95% ДИ: 1,11-3,31) бұл байланыс статистикалық мәнді.
Қауіп-қатерлер айырымы (risk difference, attributive risk)
Қауіп-қатерлер айырымы:
RD=R1-R2
Бұл көрсеткіш зерттеліп отырған қауіп-қатер факторының әсері кандай аурушаңдық тудыратынын көрсетеді.
Біздің мысалда:
0,298 (негізгі топтағы абсолютті қауіп - қатер) – 0,155 (бақылау тобындағы қауіп-қатер)= 0,143 (қауіп-қатерлер айырымы )
Интерпретация: қауіп-қатер факторы әсер еткен топта тыныс мүшелері ауруларының 14,3% жұмыс аймағындағы ауаның шаңдануының жоғарылауынан болған (15,5% қауіп-қатер факторының әсерінсіз де ауыруы мүмкін).Шанстар қатынасы OR (odds ratio)
- Шанстар «жағдай-бақылау» түріндегі зерттеулерде есептелінеді және бағаланады.
- Шанстар қатынасы – әсерге ұшыраған адамдарда оқиғаның немесе аурудың пайда болу шанстарының әсерге ұшырамаған адамдарда оқиғаның пайда болу шансына қатынасымен есептеледі.
- «Жағдай-бақылау» түріндегі зерттеулерде нәтиженің пайда болу немесе пайда болмау шанстары бағаланбайды, керісінше, пайда болған нәтиженің қауіп-қатер факторына ұшырау шансы бағаланады.
- Шанстар қатынасын есептеу формуласы:
OR = | A / B |
C / D |
| Тыныс алу жүйесі ауруының дамуы (нәтиже) | |||
Бар | Жоқ | Барлығы | ||
Шаңдану дәрежесі (фактор | Шаңдану дәрежесі жоғары | 28 | 66 | 94 |
Шаңдану дәрежесі қалыпты | 16 | 87 | 103 | |
Барлығы | 44 | 153 | 197 |