Файл: Саба жоспары Саба таырыбы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 50

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Жол берілмейді:

  • "Б" және "В" класты сұйық медициналық қалдықтарды залалсыздандырусыз кәріз желісіне төгу;

  • арбаларды мақсатсыз пайдалану;

  • әртүрлі кластағы қалдықтарды жинау, залалсыздандыру, сақтау және тасымалдау сатыларында араластыру;

  • сыйымдылықтарды электр қыздырғыш аспаптарының жанына орнату;

  • қалдықтарды қолғапсыз жинауды жүзеге асыру;

  • қалдықтарды қолмен тығыздау;

  • манипуляциялар жүргізілгеннен кейін инені шприцтің поршеньінен алыңыз.

Медициналық қалдықтарды жинауға қойылатын талаптар:

  • босатылғаннан кейін көп рет қолданылатын ыдыстар жуылады және дезинфекцияланады;

  • шығарылғаннан кейін арбалар дезинфекциялық құралдармен өңделеді;

  • қалдықтарды шығарғаннан кейін қолды жуу алгоритміне сәйкес өңдеңіз.

  • "Б", "В", "Г" сыныбының қалдықтары түзілген жері бойынша бір тәуліктен асырмай; қалдықтары бар сыйымдылықтарды уақытша сақтауға арналған үй-жайларда үш тәуліктен асырмай сақталады.

  • медициналық қалдықтарды шығарғаннан кейін медициналық қалдықтарды сақтауға арналған үй-жай, пайдаланылған мүкәммал мен жабдық дезинфекцияланады.

  • әкетуді, залалсыздандыруды, кәдеге жаратуды медициналық қалдықтарды кәдеге жаратуға лицензиясы бар ұйым жүзеге асырады.

  • әкету еселігі кестеге сәйкес жүргізіледі.

  • түзілген қалдықтарды күнделікті есепке алуды орталықтың жауапты тұлғасы нысан бойынша "медициналық қалдықтарды күнделікті есепке алу журналында" жүргізеді.

  • "Б" және "В" сыныпты қауіпті медициналық қалдықтарды тасымалдау, залалсыздандыру және жою нормалау құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

Медициналық қалдықтарды тасымалдауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

§ медициналық қалдықтарды тасымалдау қызметкер мен қоршаған орта үшін қауіпсіз болуы тиіс.

§ медициналық қалдықтарды тасымалдау арнайы оқытылған қызметкермен жүзеге асырылады.

§ автокөлік құралының арнайы таңбасы болуы тиіс. Автокөлік құралында Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімде № 2840 болып тіркелген «Көлік құралына санитарлық паспорт болу, есепке алу және жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау міндетін атқарушының 2004 жылғы 20 сәуірдегі № 349 бұйрығына сәйкес белгіленген үлгідегі санитарлық паспорты болуы тиіс.


§ А класының медициналық қалдықтарын тасымалдау кезінде қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдау үшін пайдаланылған автокөлік құралдарын пайдалануға жол беріледі.

Медициналық қалдықтарды уақытша сақтау және жою жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

§ контейнерлерді орнатуға арналған ашық алаңқайдың беті асфальттанған болуы және автокөлік құралының жүруіне және тиеп-түсіру жұмыстарын жүргізуге ыңғайлы болуы тиіс

§ контейнерлерді орнатуға арналған ашық алаңқайлар емдеу корпустарынан 25 м және ас блоктарынан 100 м кем емес жерде орналасуы тиіс.

§ А, Б, В класына жататын қалдықтар түзілген орнында бір тәуліктен аспайтындай, ал уақытша сақтайтын арнайы алаңқайдағы контейнерлерде немесе үй-жайларында қалдықтарды сыйым-дылықтарында 3 тәуліктен аспайтындай уақытта сақталады. Б класының биологиялық қалдықтары сондай-ақ тағам қалдықтары

+ 5˚С-тан аспайтын температурада сақталады.

§ А, Б, В класының медициналық қалдықтарын нысанның аумағы бойынша сақтау және тасымалдау аузы тығыз жабылатын көп реттік қолданылатын контейнерлерде жүзеге асырылады. В класының қалдықтарын жою басқа кластағы қалдықтардан бөлек жүзеге асырылады. Қалдықтарды аумақтардан шығару контейнердің 3\2 бөлігі толған кезде жүзеге асырылады.

§ Г класының медициналық қалдықтарын сақтау осы мақсат үшін арнайы бөлінген қосалқы үй-жайларда жүргізіледі

§ нысанның аумағында медициналық қалдықтарды жою бойынша қондырғы болмаған жағдайда А, Б, В класының медициналық қалдықтарын шығару күнделікті жүргізілуге тиіс.

§ Б класының медициналық қалдықтары (матералдар мен аспаптар, пациенттерден бөлінген бөлінділер, микробиологиялық зертханалар мен виварийлердің медициналық қалдықтары) осы санитарлық ережелердің 5 тарауына сәйкес жүргізілген дезинфекциядан кейін полигонға шығарылады.

§ Г класының медициналық қалдықтарын көму қалдықтарға арналған полигондарда жүзеге асырылады

Пайдаланылған әдебиет
1. В.Р.Вебер, Г.И.Чуваков, В.А. Лапотников “Основы сестринского дела ” М.М 2001 ж .
2. Т. П. Обуховец “Сестринское дело практикум”М. 2002ж.
3. Т. С. Щербакова”Справочник сестринского дела”М. 2003ж.