Файл: Тапсырмалар жне балл ою кестеcі лгісі аза тілі Т2 пнінен 4тосан бойынша жиынты баалау тапсырмалары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 20

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі

«Қазақ тілі Т2» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Оқылым
Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Прочитайте внимательно текст, выполните задания




Үтік

1882 жылдың 16 маусымы ресми емес мереке - Үтік күні. Осы күні американдық өнертапқыш Сэли Генри электр үтігін ойлап тапты. Үтік — киім-кешектердің мыжылыстарын тегістейтін, яғни үтіктейтін тұрмыстық техника. Тігін жұмыстары кезінде ылғалды-жылумен матаны тегістеу, тігістерді жатқызу, бөлшектерді созу және отырғызу, желімдеу, форма беру үшін үтік өте қажет. Алайда үтіктеу бір қарағанда оңай көрінгенімен, іс жүзінде кейбір маталардың қыртысын жазуға біраз әрекеттену керек екенін байқаймыз.

Киім қыртысын жаюдың амалдары. Бірінші кезекте матаның ішкі жағында орналасқан затбелгісіне назар аударыңыз. Онда затты қалай күту керектігі жайлы барлық мәліметтер жазылады. Егер үш нүктелі үтік белгісі тұрса, бұл матаны максималды температурада үтіктеуге болады дегенді білдіреді. 200 С дейін температурамен мақта, зығыр маталарын үтіктеуге болады. Екі нүктелі үтік белгісі орташа температурада, 130 С дейін температурамен жібек, вискоза, полиэфир, полиэстерден жасалған киімдерді үтіктейді. Ал бір нүктелі үтік белгісі сәл қыздырылған 120 С дейін температурамен нейлон, капрон, вискоза, полиакрил, полиамид, ацетатты ұқыптап үтіктеу керек екендігін білдіреді. Үтік белгісі сызылған болса, онда бұл затты үтіктеуге болмайды деген сөз.

Үтіктеу кезінде су сепкішті пайдаланбағаныңыз жөн, кейбір кезде бұл жібек матаның бетіне дақ қалдыруы мүмкін. Үтіктің су қоймасындағы судың мөлшері мен тазалығын қадағалауды ұмытпаңыз. Тек таза суды пайдаланыңыз.

(187 сөз)

Төмендегі сұрақтарға мәтіндегі деректерді қолдана отырып, жауап беріңіз. Ответьте на вопросы, используя факты из текста.

  1. Мәтін бойынша берілген шартты белгілерді ашып жазыңыз. Распишите условные знаки, данные в тесте.




.

[1]



  1. Бір нүктелі белгімен қандай мата түрін үтіктейміз? Какой материал гладим, обозначенный одной точкой?

А) вискоза, зығыр, нейлон, капрон

В) мақта, зығыр, полиакрил, полиамид

С) жібек, вискоза, полиэфир, полиэстер

D) нейлон, капрон, вискоза, ацетат

[1]

  1. Үтіктеудің маңызын мәтіннен тауып, тізбектеп жазыңыз. Найдите в тексте значимость глажения, напишите по порядку.

_____________________________________________________________

[1]

  1. Қалай ойлайсыз, үтіктеуде шартты белгілерді білу қажет пе? Себебін жазыңыз. Как вы думаете, нужно ли знать условные обозначения глажения? Напишите причину.

______________________________________________________________

[1]

  1. Зат белгісін қай жерден табуға болады? В каком месте можно найти обозначения по уходу за вещами?

__________________________________________________________

[1]
Жазылым


  1. Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазыңыз. 120-140 сөз. Жазылым мәтінінде одағай сөздерді қолданыңыз. Напишите причину согласия-несогласия с проблемой, сохраняя структуру эссе. 120-140 слов. Используйте в тексте служебные слова.

Тақырыбы: Роботтар адам орнын алмастырады. Тема:Роботы заменяют место человека

[10]