Файл: Саба жоспары Саба таырыбы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 52

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сабақ жоспары


Сабақ тақырыбы

Биологиялық сұйықтықтармен жараланған және байланысқан кезде мейірбикенің өзіне және өзара көмек көрсетуі.

Модуль /пән атауы

«Медбике ісіндегі қауіпсіздік және сапа»

Дайындаған педагог

Салетаев А.Б.

20_ жылғы "__" ______

2023 жылғы __

1.Жалпы мәліметтер

Биологиялық сұйықтықтармен жараланған және байланысқан кезде мейірбикенің өзіне және өзара көмек көрсетуі оқып үйренeу.

Курс, оқу жылы, топ

09130100 «Мейіргер ісі» 1 курс, 2 семестр

Сабақ типі

Симуляция № 2

2. Мақсаты, міндеттер

Биологиялық сұйықтықтар бет терісіне, ерінге, ауызжұтқыншақ шырышты қабығына, көзге, мұрын қуысына, киімге және зақымдалмаған теріге кездейсоқ түскен кезде, қолдың саусақтары ықтимал жұқтырған құралмен кездейсоқ жараланған кезде мейірбикенің өзіне және өзара көмек көрсету алгоритмі.

2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі

Биологиялық сұйықтықтармен жараланған және байланысқан кезде мейірбикенің өзіне және өзара көмек көрсетуі оқып үйрену және білу.

3. Сабақты жабдықтау

Презентация,видео,дидактикалық метериалдар (тестер, таблица, есептер,бұйырықтар,стандарттар)

3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

1.Д.А. Даулетбаев, «Мейірбике манипуляциясы алгоритмдері (стандарттар)» Алматы 2017ж.

2.ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен Инфекциялық бақылауды жүргізуге қойылатын санитарлық эпидемиологиялық талаптар туралы 2013 жылы 15 қаңтарда №19 бұйрығы


3.2 Техникалық құралдар, материалдар

Интерактивті тақталар, видео көрсету,презентациялар

4. Сабақтың барысы

Сабақ

тың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті



Студенттін

әрекеті



Бағалау

(критерии)



Ресурстар


Ұйымдас-тыру кезеңі:

-сәлемдеседі

-топты түгелдейді

-аудитория тазалығын тексереді

-сабақ мақсатын айтады

-сәлемдеседі

-аудитория тазалығын сақтайды

-сабақ мақсатын тыңдайды




Білім деңгейін тексеру:


-сұрақтар қояды

-сұрақтарға жауап береді

-өткен тақырыптарды біледі

-қосымша №1

Мақсат қою:


Биологиялық сұйықтықтар бет терісіне, ерінге, ауызжұтқыншақ шырышты қабығына, көзге, мұрын қуысына, киімге және зақымдалмаған теріге кездейсоқ түскен кезде, қолдың саусақтары ықтимал жұқтырған құралмен кездейсоқ жараланған кезде мейірбикенің өзіне және өзара көмек көрсету алгоритмі.

-қосымша берілген мәліметтермен танысады

-түсінеді;

-клиникасын ажыратады;диагноз қойып, дәрігерге дейінгі көмек көрсете алады

қосымша № 2

Жаңа тақырып-ты талқылау


Биологиялық сұйықтықтармен жараланған және байланысқан кезде мейірбикенің өзіне және өзара көмек көрсетуі оқып үйрену және білу.

-оқытушының көрсеткен көмектерін қайталайды

- өз беттерінше чек парақтағы іс-әрекеттермен дағдыланады.

-анамнез жинап тексеру жүргізе алады

-мейіргерлік күтім жүргізеді

- қосымша №3


Бекіту


-тақырыпқа байланысты сұрақтар қояды

-ситуациялық есеп беріледі

-тақырыпқа бойынша берілген сұрақтарға жауап береді;

-ситуациялық есептерге , тесттерге жауап береді

-сұрақ жауабын біледі;

-есепке жауап бере алады

-қосымша №4

5. Сабақ бойынша рефлексия

Студенттермен сабақ жайлы кері байланыс жүргізу

6. Үй тапсырмасы

Биологиялық сұйықтықтармен жараланған және байланысқан кезде мейірбикенің өзіне және өзара көмек көрсетуі.



Сабақтың тақырыбы: «Биологиялық сұйықтықтармен жараланған және байланысқан кезде мейірбикенің өзіне және өзара көмек көрсетуі.»

Сабақтың түрі: симуляция

Сабақтың мақсаттары: Биологиялық сұйықтықтар бет терісіне, ерінге, ауызжұтқыншақ шырышты қабығына, көзге, мұрын қуысына, киімге және зақымдалмаған теріге кездейсоқ түскен кезде, қолдың саусақтары ықтимал жұқтырған құралмен кездейсоқ жараланған кезде мейірбикенің өзіне және өзара көмек көрсету алгоритмі.

Тәрбиелік мақсаты : студенттерді болашақ мамандыққа баулу,мейірімділік, қайырымдылыққасиеттердің дамуына жағыдай жасау

Сабақ уақыты: 180 минут

Өз бетінше дайындалуға тапсырма:

Сабақ дайындалу барысында

студенттер білуге тиіс:

-биологиялық сұйықтықтар бет терісіне, ерінге, ауызжұтқыншақ шырышты қабығына, көзге, мұрын қуысына, киімге және зақымдалмаған теріге кездейсоқ түскен кездегі.

-қолдың саусақтары ықтимал жұқтырған құралмен кездейсоқ жараланған кезде мейірбикенің өзіне және өзара көмек көрсету алгоритмін.

Студенттер істей білу керек:

-биологиялық сұйықтықтармен дұрыс жұмыс істеу ережесін,

-алгаритмдер бойынша жұмыс істеу ережесін.

-төтенше жағдай кезінде мейірбикенің іс әрететін.

Өзіндік жұмысқа тапсырма:

Стандартпен жұмыс істеу( қосымша салынған)

Білімді бекіту үшін

1. Тапсырманы орындау

2. Сұрақтарға жауап бер (қоса беріледі).

Үйге тапсырма беру:

Тақырып: «Биологиялық сұйықтықтармен жараланған және байланысқан кезде мейірбикенің өзіне және өзара көмек көрсетуі.»

Негізгі әдебиет:

1. Д.А. Даулетбаев, «Мейірбике манипуляциясы алгоритмдері (стандарттар)» Алматы 2017ж.

2. Т. Морозова Г. И. Ситуационные задачи по дисциплине «Мейірбике ісі негіздері»: Практикум. - М., 2008год

3. Т. П. Обуховец «Мейірбике ісі негіздері». Практикум-Растов-на-Дону. «Феникс» 2009 год



қосымша №1

Cұрақтар:

  1. Биологиялық сұйықтықтар дегеіміз не?

  2. Биологиялық сұйықтық көзге түскендегі іс әрекет?

  3. Құралм-саймандармен кездейсоқ жарақаттанған кезде мейірбикелік іс әрекет?

  4. Биологиялық сұйықтық ауыз қуысына түскендегі іс әрекет?

  5. Биологиялық сұйықтық киімге тигендегі іс әрекет?




қосымша №3

Төтенше жағдайларда жедел медициналық
көмек көрсету алгоритмі

 

теріге қанмен, биологиялық сұйықтықтарымен байланыста болған жағдайда (зақымсыз)

- 70% спирт ерітіндісімен өңдеу; - ағынды сумен және сабынмен 2 рет жуу;

Тері зақымдалғанда (ине кіргенде немесе кесіп алғанда)

Пункциялар ( ине кірген жағдайда) болған жағдайда: 

- қолғапты дереу шешіңіз;

- қолды сабынмен және ағынды сумен жуу (ағын судың астында жарадан қанның еркін ағуын қамтамасыз ету немесе қанды жарадан аздап сығу);

- қолды 70% спиртпен өңдеу;

- қажет болған жағдайда зақымдалған жерлерді жабысқақ таспамен жабыңыз.
Кесілген жағдайда:

- қолғапты дереу шешіңіз;

- қолды сабынмен және ағынды сумен жуу (ағын судың астында жарадан қанның еркін ағуын қамтамасыз ету, БАСУҒА, ҮЙКЕЛДІРУГЕ БОЛМАЙДЫ);

- қолды 70% спиртпен өңдеу;

- қажет болған жағдайда зақымдалған жерлерді жабысқақ таспамен жабыңыз.
Егер биологиялық сұйықтықтар шырышты қабаттарға түссе, ауызды және тамақты 70% спиртпен немесе 0,05% калий перманганатының ерітіндісімен шаю;
 - Көздің шырышты қабатында : оларды ағынды (ішетін) сумен көп мөлшерде шайыңыз, ҮЙКЕУГЕ БОЛМАЙДЫ.

Басыңызды артқа тастап отыру ұсынылады, көзіңізге мұқият су құйыңыз (өз бетіңізше немесе әріптесіңізден сұраңыз). Су мен ерітіндінің қабақтың астына ағуы үшін олар мұқият артқа тартылады.

МАҢЫЗДЫ! Шаю кезінде контактілі линзаларды алып тастамаңыз, олар қорғаныс тосқауылын жасайды. Көзді жуғаннан кейін контактілі линзаларды алып тастау және стандартты түрде өңдеу керек (өңдеуден кейін оларды пайдалану қауіпсіз).

 Ауыз қуысының шырышты қабатында: ауызға түскен сұйықтықты дереу түкіріп, көп сумен шаю және 70% спирт ерітіндісімен шаю.

Мұрынның шырышты қабатында: көп сумен шайыңыз (ҮЙКЕУГЕ БОЛМАЙДЫ).
Бетіңізді сабынмен және ағынды сумен жақсылап жуыңыз.

Халатта (киімде): жұмыс киімін шешіп, дезинфекциялық ерітіндіге немесе арнайы киім жәшігіне салыңыз.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда, мүмкіндігінше тезірек: 

- науқаспен сұхбат (жедел АҚТҚ-инфекциясының симптомдарының болуы, есірткіні қолдану, қорғалмаған жыныстық қатынас және т.б.);

- егер науқаста АИТВ бар болса, алғашқы 2 сағат ішінде, бірақ схема бойынша төтенше жағдайдан кейін 72 сағаттан кешіктірмей, үш ретровирусқа қарсы препараттармен АИТВ-инфекциясы бойынша шұғыл емшара тағайындайды;


- егер науқаста ВГВ, ВГС диагнозы анықталса – препараттарын таңдау және тағайындау бойынша дәрігердің кеңесі төтенше жағдайдан кейін 72 сағаттан кешіктірмей;

- бөлімнің, мекеменің басшысына, кезекші дәрігерге хабарлауға;

- кеңес алу үшін ЖИТС орталығының мамандарына хабарласу;

- төтенше жағдайлар журналына жағдайды жазу.

қосымша №4

Ситуациялық тапсырма.

Ситуациялық тапсырма №1

АИТВ жұқтырған науқастан венадан қан алу кезінде мед бикенің қолының терісіне біртамшы қан түскен. Медбике қолын ағынды сумен жуып, бір рет қолданатын сүлгімен құрғатып, келесі науқасты шақырды.

Медбикенің әрекетін бағалаңыз?

Ситуациялық тапсырма №2

Приактикалық манипулацны орындау кезінде науқастың қанының бір тамшысы кездейсоқ аузыңызға түсті.

Сіздің іс әрекетіңіз?

Ситуациялық тапсырма №3

Процедуралық медбикеГепатит С инфекциясы бар науқасқа көктамыр ішілік инъекциядан кейін қолданылған инемен саусағын шаншып алған. Медбике қолғабын шешіп, зақымданған жерді 70% спиртпен өңдеп, жабықсақ пластыр жапсырды.

Медбикенің әрекетін бағалаңыз?

Ситуациялық тапсырма №4

Практикалық манипулацияны орындау кезіндекөзіңізге бір тамшы биологиялық сұйықтық түсті.

Сіздің іс әрекетіңіз?