Файл: за мерзімді жоспарды тарауы 11. 3B синтетикалы полимерлер.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 52

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 11.3B Синтетикалық полимерлер.

Мектеп: Мектеп: №83 мектеп-гимназиясы


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жумадиллаева Н.Б.

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың

тақырыбы:

Пластиктердің қолданылуы және қоршаған ортаға әсері.


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.4.2.28 полиэтилен, полипропилен, полистирол, тефлон, поливинилхлорид, полиметилметакрилат, полиэфир, фенолформальдегид шайыры және олардың негізінде алынған пластмассалардың қасиеттерін, қолдану аймағын атау;

11.4.2.30 қоршаған ортаға пластиктер өндірісінің және қолданысының әсерін талдау.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушы істей алады:

  • пластмассалардың түрлерін бір-бірінен ажыратады, қасиеттерін және қоршаған ортаға әсерін біледі.

Оқушылардың көпшілігі істей алады:

  • пластмасса және талшықтарды тәжірибе жүзінде анықтайды;

  • поликонденсациялану, полимерлену реакцияларын есептер шығаруда қолданады.

Кейбір оқушылар істей алады:

  • Қоршаған ортаны қорғау жолдарын көрсетіп,талдап,айтып бере алады.

Бағалау критерийлері

-пластмассалардың түрлерін бір-бірінен ажыратады, қасиеттерін және қоршаған ортаға әсерін біледі;

-пластмасса және талшықтарды тәжірибе жүзінде анықтай алады;

-поликонденсациялану, полимерлену реакцияларын есептер шығаруда қолдана алады;

-қоршаған ортаны қорғау жолдарын көрсете алады.

Пәнаралық байланыс

Экология, география, жаратылыстану

Құндылықтарға баулу

Мәңгілік Ел жалпыұлттық идеясының «индустрияландыру мен иновацияға негізделген экономикалық өсу құндылығын сабақ барысында тапсырманы орындауда жүзеге асырылады. Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу.

Тілдік мақсат

-пластмассалардың атауларын басқа тілде оқиды.

Полиэтилен- рolyethylene, полипропилен- polypropylene, полистирол- polystyrene, тефлон- тeflon, поливинилхлорид- polyvinyl chloride, полиметилметакрилат- polymethyl methacrylate, полиэфир- polyester, фенолформальдегид шайыры-phenol-formaldehyde resin.

Алдыңғы оқу

Жоғарымолекулалы қосылыстар. Поликонденсация,полимерлену реакциялары.

Жоспарланған

уақыт


Жоспар


Ресурстар

Басы
5мин

1 мин
4мин

Ұйымдастыру.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

(сәлемдесу, оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу,түгендеу).

Үй тапсырмасын сұрау (желпуіш әдісі) желпуішке сұрақтар жазылады, оқып жауап береді.

Қ.Б. «Жарайсың».



«Желпуіш» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау, пысықтау.

Ортасы

30мин

Соңы

5мин

2мин


Топтастыру: «Полиэтилен,полипропилен,полистирол,тефлон»

(үстел үстіндегі сөздер жазылған парақшаларды таңдау арқылы сынып оқушыларын шағын топтарғабөлінеді)


Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру

Мұғалім әрекеті:

Бағалау критерийі мен дескрипторларды таратады

Оқушы әрекеті:

Бағалау критерийі мен дескрипторлармен танысады

1-топ.«Полиэтилен»

2-топ.

« Полипропилен»

3-топ.«Полистирол»

4топ. «Тефлон»

Тақтаға параққа жазылып(А4),ілінген сабақ мақсаты,бағалау критерийілерімен танысу

3мин

2мин


Ой қозғау: бейнежазба көрсетіледі

-Оқушыларға жалпы пластиктер туралы мағлұмат беру.

-Пластиктерден жасалған бұйымдардың негізгі артықшылығы,жеңілділігі,қолдану ерекшелігіне сипаттама беру.


Дескриптор: Оқушылар пластмассалар және пластмассадан жасалған бұйымдардың негізгі артықшылығы,жеңілділігі,қолдану ерекшелігін біледі.
«Түртіп алу» әдісі арқылы оқушылар дәптерлеріне бүгінгі жаңа тақырыптағы маңызды мағлұматтарды жазады.

Дискриптор: оқушылар тақтадағы мұздатқыш суретінің бетіне өздерінің тақырып бойынша білгісі келетін сұрақтарын стикерге жазып, іледі.
Қ.Б.«Білемін, білдім, білгім келеді» . «Мұздатқыш» әдісі.



Презентация. «Пластик»

https://youtu.be/9CDthtQCzcA

Оқушылар пласттиктер және пластмассадан жасалған бұйымдардың негізгі артықшылығы,жеңілділігі,қолдану ерекшелігін біледі.

Дәптер, қаламсап

оқушылар тақтадағы мұздатқыш суретінің бетіне өздерінің тақырып бойынша білгісі келетін сұрақтарын стикерге жазып, іледі.

Талдау. 12 мин

(әр топқа 3 мин)

3мин

3 мин

3мин
3 мин

3мин

Саралау10 мин

3 мин

1 мин

1 мин

Топтық жұмыс .

«Жигсо әдісі».

(оқулықтағы мәтінді оқып, қысқаша маңызды мағлұмат пен бөлісу)

Тапсырма №1

1- топ. Пластиктердің түрлері, химиялық қасиеттері.

Дескриптор:

-пластиктердің түрлерін атайды;

-химиялық құрамына,қасиеттеріне сипаттама береді;

- химиялық формуласын жазады.
2- топ. Пластиктердің өндірілуі және қолданылуы.

Дескриптор:

- пластиктердің өндіру әдістерін біледі;

- пластиктердің қолданылу аймағын біледі.
3- топ. Пластиктердің қоршаған ортаға зиянды әсері.

Дескриптор:

- пластиктердің қоршаған ортаға зиянын біледі;

- пластиктердің қоршаған ортаға зиянды әсерімен күресу жолдарын біледі.

4-топ. Қорытындылау.Пластиктерді және талшықтарды танып білу.

Оқушы іс-әрекеті:«Пластмассаларды және талшықтарды танып,білу» тәжірибесі орындап,химиялық реакция теңдеулерін тақтаға жазады.

Дескриптор:

- пластиктердің және талшықтардың қасиеттерін тәжірибе жасау арқылы танып,біледі.

-химиялық реакция теңдеулерін жазады.

Қ.Б. «Жарайсың» әдісі. Кері байланыс:

Тақырыпша мәтінінің мағынасын ашуда ойларының ұшқырлығына байланысты «Үздік топ» анықтау
Бағалау. «Екі жұлдыз,бір тілек».


«Ойлы болсаң, озып көр».

1деңгей

1. Термопластикалық және термореактивті полимерлердің қандай ерекшеліктері бар?

2.Пластиктердің басқа полимер материалдарына қарағанда көп қолданылу себебі неліктен?

3.Пластиктердің: а) металдардан; ә) ағаштан қандай артықшылықтары бар?
2-деңгей

1. Полиэтиленнің қасиеттері не себепті қаныққан көмірсутектерге ұқсас?Жоғары және төмен қысымда алынған полиэтиленнің қасиеттерінің бір-бірінен айырмашылығы неде?

2. Полихлорвинилдегі хлордың және политетрафторэтилендегі фтордың массалық үлесін есептеңдер.
3-деңгей

1.

Дескриптор:

1.Полимерлердің молекулалық құрылысын біледі.

2. Құрамы ,құрылысы бірдей, құрылым буын саны әртүрлі бірнеше микромолекуланың қоспасы-сополимер туралы біледі.

3.Полимерлерді бір-бірінен ажырата алады.

4.Табиғи және жасанды каучук,полимерді өндіру әдістерін біледі.

6.Полимерлену дәрежесін біледі,есеп шығара алады.

Қ.Б. «Мадақтау сэндвичі» арқылы бағалау.

Сабақты қорытындылау.«Мұздатқыштағы » сұрақтарды талдау.

Алдыңғы мақсатқа оралу.


Рефлексия.Кері байланыс орнату.

Оқушылардың пластиктерден өздері жасаған бұйымдарына сабақтан кейінгі ой-пікірлері жазылған стикерлері жапсырылу немесе салыну ұсынылады.

Үйге тапсырма: « Пластиктердің қолданылуы және қоршаған ортаға әсері» тақырыбын оқып келу.

Пластиктердің қоршаған ортаға пайдасы мен зияны туралы реферат жазу.1,2,3,4-ші топтарға пластик бөліктері таратылып,ескі пластиктерге жаңа өмір сыйлау ұсынылады.

Дескриптор: Ескі пластиктен қажетті заттар жасай алады.


«Жигсо әдісі».

https://youtu.be/uo240o-VLuo.

оқулық


«Пластмассалар» топтамасы

Практикалық жұмыс №6. «Пластмассаларды және талшықтарды танып,білу» тәжірибесі орындап,химиялық реакция теңдеулерін тақтаға жазады.

https://youtu.be/dXzziZyIyj0

Дәптер, қаламсап




https://youtu.be/qfANZHCjXpc
Ескі пластиктен қажетті зат жасайды
Топ оқушылары өз пікірлерін,ұсынысын білдіре отырып, келесі топ оқушыларының жауаптарына баға береді.
Топ оқушылары бір-бірін бағалайды




тақтадағы мұздатқыш суретінің бетіне ілінген сұрақтар оқушылармен бірге талданады .