Файл: Туелсіздік жетістіктері Масаты.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 27

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырып: «Тәуелсіздік жетістіктері»

Мақсаты: Оқушыларға бостандық, теңдік, тәуелсіздік ұғымдарын кеңінен түсіндіру, білімдерін кеңейту. Тәуелсіздік қасиетті ұғым екеніне көз жеткізу, егемендігі, дамуы туралы мәлімет беру, тәуелсіздікке 30 жылда қалай жеткендігі жолдарын баяндау. Оқушыларды өз тәуелсіз елін сүюге, қадірлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу, отаншылдыққа, елжандылыққа, Отанына адал қызмет етуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: Слайдтар , безендірілген тақта, Ыбырай Алтынсарин , М.Мақатаев, Ж.Жабаев портреттері, тәуелсіздік жетістігі туралы суреттері, гүл, шар, қоңырау

Әнұран орындалады.

Мұғалім: Сабағымызды Елбасымыздың мына бір сөзімен бастағанды жөн көріп отырмын: «Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан».

30 жыл. Ширек ғасыр, сен менің
Жүрегімді тыныштық боп тербедің.
Нәтижесі бейбіт күн мен бейнеттің,
50 елдің қатарына енгенім.
Күллі әлемді құшақ жайып қарсы алдың,
Қала салдық қараса жұрт тамсанған.
Айналдырған аз уақытта осы бір,
Орындалды қанша тілек, қанша арман.

Тапсырма

 30 жыл ішінде қазақ елі қандай жетістіктерге қол жеткізді? Соны саралап, есімізге түсірейік.
Оқушылар пікірі тыңдалынады.

Мұғалімнің қорытындысы (слайд арқылы)
- 1991 жылы 29 – тамызда Семей полигоны жабылды.
- 1991 жылы 16 - желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздігін жариялады.
- 1991 жылы 2 – қазанда қазақ ғарышкері, Т. О. Әубәкіров ғарышқа ұшты.
- 1991 жылы 1 – желтоқсанда тұңғыш Президентіміз сайланды.
- 1992 жылы 2 – наурызда Қазақстан БҰҰ - на мүше болып қабылданды.
- 1992 жылы 4 – маусымда Еліміздің Мемлекеттік рәміздері бекітілді.
- 1993 жылы маусым айында еліміздің тұңғыш Конституциясы қабылданды.
- 1993 жылы 15 – қарашада Төл теңгеміз дүниеге келді, 2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты.
- 1994 жылы мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді.
- 1995 жылы 30 – тамызда жаңа Ата Заңымыз қабылданды.
- 1997 жылы 10 – қазанда Ақмола қаласы Астана болып жарияланды.
- 1998 жылы 6 шілде – Астана күні.
- 1999 жылы 10 қаңтарда президент сайлауы.
- 2001 жылы – тәуелсіздігімізге 10 жыл.
- 2010 жылы – ҰБСЕ ұйымына төрағалық етті.

- 2011 жылы 3 – сәуірде Елбасы Н. Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.
- 2011 жылдың 16 - желтоқсаны Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 - жылдық мерейтойы тойланады.
- 2012 жылы – тұңғыш президент күні тойланды, EXPO 2017 көрмесін өткізуді 103 мемлекет қолдап жеңіп алды.

Қазақта тұңғыш

Әр топқа кезекпен сұрақтар қойылады, дұрыс жауап 5 ұпай.

1. Тұңғыш қазақ ғарышкері? (Тоқтар Әубәкіров)

2. Тұңғыш қазақ педагогі? (Ыбырай Алтынсарин)

3. Тұңғыш қазақ геолог-ғалымы? (Қаныш Сәтбаев)

4. Тұңғыш қазақ ханы? (Керей)

5. Тұңғыш қазақ көркем фильмі? (Амангелді)

6. Тұңғыш қазақ ғалымы, этнографы, саяхатшысы? (Шоқан Уәлиханов)

7. Тұңғыш кәсіпқой қазақ балуаны? (Қажымұқан Мұңайтпасұлы)

8. Тұңғыш қазақстандық екі мәрте олимпиада чемпионы? (Илья Ильин)

Шығармашылық тапсырма: «Тәуелсіздікке қосар үлесім»

Қорытынды:
«Тәуелсіздік маған.... қымбат» деген тіркесті толықтырып, сөйлемді аяқтаңдар.

Ән: Атамекен
Мұғалім: Қазақстанның болашағы сендерсіңдер. 2030 жылы Қазақстанның Орта Азия барысына айналуына сіздер үлес қосасыздар. Отанымыз гүлденіп, жайнай берсін деген тілекпен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.