ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 18
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Жат ағымдардан аулақ болайық»
Сабақтың мақсаты:
Діни білім беру арқылы келер ұрпақты адамгершілікке, мейірімділікке, мәдениеттілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу; Оқушылардың діни сауатын ашу;
Көрнекілігі: интер белсенді тақта, слайд, видео т.б.
Сабақтың барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Бала өмірге келген соң, періште, пәк жасына дейін ата-анасының мейіріміне бөленіп өседі. Қыздың бой жетуіне, ұлдың азамат болуына көңіл бөлінеді. Табиғаттарына тән кәсіпті, мамандықты үйренуіне, игеруіне көмектеседі, өмірдің қиындығын білуге баулиды. Қыздың жанұя құруына, ұлдың ата-анасына, іні-қарындасына, туыстарына, еліне, халқына қамқоршы болуға баулып, тәрбиелейді. Халық «Баланы бастан» деп бекер айтпаған, әр түрлі отырыстарда, бас қосуларда сіңірген еңбегін, мінез-құлқын өнеге етіп отырған. Әңгіме, сөздерінің арасында жаманнан жирендіріп, жақсыға жақындатып отырған.
Дін - аса нәзік. Сондықтан оған барынша байыппен қарап, салмақты да, салауатты, бір-бірінен алыстататын емес, керісінше жақындататын өзара түсіністік пен құрмет тұту сезімінде болуға үндейді. Барлық уақытта баршамыздан осыны талап етеді.
Халық діни нанымдарына қарай да жіктеледі, бұл халықтың діни құрамы деп аталады. Оны анықтауда Жер шары халқының барлығы бірдей қамтылмайды, өйткені адамзаттың, шамамен 25-30 пайызының діни ұстанымы жоқ.
Дүние жүзіндегі діндердің таралуы жайлы мына мәліметтерге сүйенсек, христиан дінінен соң келе жатқан ислам діні екенін көреміз (слайдтар арқылы) . Яғни бүгінгі әңгімеміздің негізгі тақырыбы осы ислам дінінің төңірегінде болмақ.
Ислам салыстырмалы түрде жаңа дін болса да, барлық дерлік дүние бөлігіне таралған:д.ж. 120 елінде мұсылман мешіттері мен қауымдастықтары бар. Енді осы дін жайлы біздің оқушыларымыз не біледі екен, соны тыңдайық.
Марат:
1. «Ислам » сөзі араб тілінде «бейбітшілік», «тыныштық» сөзімен түбірлес.
2. Аллаһ бұл дінді адамдарға ақиқат, тыныштық, игілік, жарылқану жолын көрсету үшін жіберген.
Айнұр:
3. Ислам - бейбітшілік пен береке-бірлік діні.
4. Аллаһ қасиетті Құранда мұсылмандарға адамдарға жақсылық жасауға, әділ болуға әмір етеді.
Енді осы «Ислам» сөзін кеңінен таратып өтсек.
Ақылбек:
Ислам діні әлемдегі ең үлкен, ең мықты дамыған діндердің ең соңғысы. Ислам дінінен соң ешқандай дін өмірге келген емес.
Ислам – мойын ұсыну, бой ұсыну дегенді білдірсе, мойын ұсыну –яғни қабылдау, бағыну және айтқанын орындау деген сөз. Кім Аллаға мойын ұсынса, ол – мұсылман.
Мұсылмандар:
Аллаға,
Пайғамбарға,
Алла кітабына,
Періштелерге,
Өлімнен кейін өмір болатынына сенеді.
Бейне таспа көрсету.
Мұғалім:
Мұсылман болу – ұлы игілік. Біз Аллаға осы игілігі үшін ризамыз. Алланың алдында бес парызымызды өтеуге тиіспіз.
- Ал сендер осы бес парыз жайлы не білесіңдер?
Мұсылманның бес парызы:
Иман айту, Намаз, Зекет, Ораза, Қажылық (экраннан көрсету)
- Осылардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, таратып айтсақ.
Алла тағала өзінің ақыл-кеңесін Пайғамбарлар арқылы айтып отырды. Олар өте ізгі ниетті және Алланың ықыласына лайықты жандар болды.Алланың қалауы бойынша соңғы Пайғамбар Мұхаммед (оған Алланың нұры жаусын) болды.
Ғылым мен технология даудың шырқау шегіне шыққанына және адамзат бірін-бірі оңайлықпен тани алатын мүмкіншіліктерге ие болғанына қарамастан, соңғы жылдары діни экстремизм мен терроризм тақырыптары бұқаралық ақпарат құралдарында жиі орын алуда.
Нағыз экстремистік топтардың тауқыметін батыс елдер көруде. Соңғы жылдары Еуропа елдерінде саңырау құлақша қаптап кеткен ұйымдар мен секталардың салдарынан мыңдаған адамдар аянышты халде қаза тапты.
Діни сенім – имандылық дегеніміз сүйіспеншілік, мейірімділік, бейбітшілік, ал терроризм мен экстремизмнің мақсаты бұған мүлде қайшы, қантөгіс, қатыгездік, адамдар үшін қайғы-қасірет.
Құранның бір аятында былай делінген:
...Аллаһ зұлымдық жасағандарды сүймейді. (ғимран сүресі, 140 аят) Олай болса, жалпы ел болып, осындай қауіптен, секталардан сақ болуымыз, балаларымызға лайықты дәрежеде көңіл бөлуіміз керек.
Енді осы тақырып төңірегінде өз ойымызды айта кетсек.
Біз Алланың құдіретімен қасиетті дінімізді . қастерлі салт-дәстүрімізді танып білетін, біліп қан қоймай соларды тіршілігімізге енгізетін заман туғанына мыңда бір тәуба дейміз. Ораза айт, Құрбан айт басқа ислам мерекелерін білмей келдік. Енді сол мерекелердің мән-мағынасын түсіндіріп берсеңіз.
Құдайға шүкір, егемендік алғалы кем-кетігіміз толтырылып, ел ертеңі жастарға жан-жақты, діни, тілін танытып, саналарын оятар мақсатпен білім беру бірінші кезекке қойылды. Әсіресе, имандылыққа баулып, әдептілікке, инабаттылыққа, жалпы адамгершілік қасиеттерге баулитын іс- шаралар көптеп ұйымдастырылуда. Міне, осындай күндерге жеткеніміздің өзі жұбаныш.
Қорытынды сөз:
Ендеше, Алла тағаланың тілегімізді қабыл ете көр деп Мұсылман болып кеп өмірге, Мұсылман боп кетсек дер едім. Ағайын, туыс-бауырлар, құдайдан осыны тілейік.