ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 18
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Білім беру ұйымының атауы | Егіндікөл ЖОББМ | |||||||||||||
Пәні: | Қазақстан тарихы | |||||||||||||
Бөлім: | Қазақстан тоталитарлық жүйе кезеңінде | |||||||||||||
Педагогтің аты-жөні: | Сюндюкова Алтынбобек | |||||||||||||
Күні: | 18.01.2023 | |||||||||||||
Сынып: 8 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Қазақстандағы ұжымдастыру Зерттеу сұрағы: Неліктен ұжымдастыру саясаты «ұлы нәубетке»әкеліп соқтырды? 2-сабақ | |||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: | 8.4.1.2 күштеп ұжымдастыру саясатының ауыл шаруашылығына тигізген зардаптарын талдау; 8.1.1.1 демографиялық өзгерістердің себептері мен салдарын анықтау; 8.3.1.7 ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын талдау | |||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Республиканың ауыл шаруашылығын қайта құру негізінде 1929-1931 жылдардағы жүргізілген ұжымдастыру саясатының зардаптары мен нәтижелерін түсінеді. | |||||||||||||
Сабақтың барысы | ||||||||||||||
Сабақтың кезеңі//уақыты | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||||||
Ұйымдастыру Өзін-өзі тексеру Өткен білімді еске түсіру | Миға шабуыл «Пликерс» әдісі Оқушылармен берілген сурет бойынша диалог құрыңыз. Мына сурет қай жылдарға қатысты? Неліктен адамдар жол үстінде бейнеленген? Мұны немен түсіндіруге болады? Олар қайда кетіп барады? Бұл суреттегі ақпараттың құндылығы неде? Сабақтың тақырыбы бойынша «Ұлы» нәубет» (аштық) ұғымына тоқталып, түсініктеме беріңіз. Неліктен ұжымдастыру саясаты «ұлы нәубетке» әкеліп соқтырды? | Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ Мадақ тау | Ұлы нәубет сөзінің синонимдері қасірет, қайғы, ұлттық трагедия т.б. сөздері https://gdb.rferl.org/636913CD-700B-4080-A21F-A944D67D4E3F_w1200_r1.jpg | ||||||||||
Жаңа білім | «Галереяға саяхат» әдісі арқылы сабақты жүргізу Оқушыларды отырған қатары бойынша топқа бөлу. Әр топ ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы жағдайларға талдау жасай отырып, бір-бірінің ақпаратымен танысады. Зерттеу және талдау: 1. HІPP фомуласы бойынша Естеліктердің негізінде ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы жағдайларға талдау жасату.
Сол аштық жылдарынан жеткен бір жазбада: «Ит пен мысықты ұрлап, сойып – жеу, шын мәнінде, індетке айналды. Осынау «бір кесім ет үшін» бірінің жағасын бірі жыртқандар жыртылып айырылды. Қу құлқыны үшін, бір хайуанның соңынан бірнеше адам жүгіріп бара жатады. Қалайда тірі қалудың қамын жасап, жансебілдікпен жанталасқан әлгі адамның өмірге құштарлығын түсіну үшін оның қуып жүрген хайуанды ұстаған кезіндегі қуанышын көрсеңіз ғой, аштықтың қасіретті сайқымазағын сонда түсінесіз. Жол жиегінде өліп жатқан, өліп бара жатқан адамдарға әлгі «жансебілдердің» өзі қарауға қорқады, өйткені келесі сәтте оның өзі де соның кебін құшуы мүмкін. Иә, ол да ғажап емес… Сотта, бірде аштық сотта тұрақты түрде адамның етімен қоректенген үш адамның ісі қаралып жатса, келесі де адамның етін пұттап сатқанға үкім шығарып жатпады. «Кешке жақын көшеге шығу қорқынышты, адамдарды, әсіресе толық адамдарды аң сияқты аулауға шығатындар бар. Аштар өлгендердің етін жеп жатыр» – деп жазылған. «Әсіресе, қазақтардың өзара бір-біріне көмектесу қабілеті шектелді. Бай-кулактарға қарсы күрес қатыгездікпен өрістеп халыққа қиын кезде көмектесетін ауқатты адамдардың көзі құртылды. Сеңдей соғылысып ашыққан адамдар бет ауған жағына сенделіп, қайыр тілеп, ит-мысыққа дейін сойып жеп, теректердің қабығы мен сабанға дейін қорек етті. Тіпті, аштық есінен адастырғаны соншалық адамның етін жеуге дейін барды деген дақпырт та болды…». («Ана тілі» газеті, 7-13 маусым, 2012 жыл, № 23 (1124), 3-бет) Мұндай ауыртпалық қасіретін тартқандардың тағы бірі – тарихшы Ермұхан Бекмаханов. 1932 жылы ол анасы Бҽпіш пен қарындасы Қапияштан айырылғаны туралы мҽліметтер қалдырса, Кеңес Одағының қос батыр қыздары Әлия мен Мәншүктің тағдыры да ашаршылық және саяси қуғын – сүргін тарихымен сабақтас екендігі өз жазбаларынан белгілі. Әлия Молдағұлованың (өзінің тегі Сарқұлова –Б.А) анасы Маржан Молдағұлова (1898-1933) «күздің қара суығында егіс алқабынан картоптың қалдығы – келдек теруге барғанда, қарауылдың қаруынан оққа ұшады...» Ол кезде Әлия небәрі 8 жаста екен. Ал Мәншүк Мәметованың әкесі – Ахмет Мәметов (1895- 1938) Алашорда қайраткері, ағартушы, ақын, журналист, дҽрігер. 1937 жылы «бұрынғы Алашорда қайраткері, антикеңестік тобының мүшесі» деген айыппен тұтқындалып, ату жазасына кесілген еді. «Константин Бугаев, Семей облысы: «Нағызаштық 1932 жылыбасталды… Ауыл-селоларға қайыр сұраған босқындар толып кеткен. Ал аштықтан өлгендердің мәйіттері бір қабірге көмілген. Өлгендердің қалталары ақшаға толып тұрса да, оған сатып алатын ештеңе болмаған» және де «Зейтін Ақышев: «Жазшықты. Азық таусылды. Ендігі күніміз қараң. Ертеңіміз тіпті үрейлі. Бұл – 32 жылдың шілдесі. Менің алатын 24 сомым төрт адамның жұтқыншағына жұқ болмайды және оған табылып жатқан тамақ жоқ» депжазады. Тапсырма: Жұптық жұмыс. «Бесеудің хаты» құжатын төменде берілген сұрақтар негізінде талдау. Сұрақтар: Бұл құжатты басқаша қалай атауға болады? Кілтті сөз тіркестерді анықтаңыздар. Қандай себептен бұл құжат жазылды деп ойлайсыздар? Бұл құжатты дайындаудағы мақсат қандай? Құжатта кімнің мүддесі қорғалып тұр? Сол уақытта және қазіргі кезде құжаттың маңыздылығы қаншалықты? БК(б)П Өлкелiк комитетiне, Голощекин жолдасқа ...«Бүгiнгi Қазақстан – бұл 163 миллион сомның товарлы өнiмiн беретiн, 40 миллион малы бар өлке», – деп жаздыңыз Сiз, Голощекин жолдас, 1930 жылы «Октябрь революциясының жеңiстерi» деген мақалаңызда («Қазақстанның 10 жылдығы» атты жинақ). ...Бiрақ қазiр, Сiздiң мәлiмдемеңiзден кейiн 2 жыл өткен кезде Қазақстанда мал шаруашылығы саласында мал басының қисапсыз кемiп кеткенi әмбеге аян болып отыр: 1930 жылғы мал басының 1/8 бөлiгi (40 миллионнан 5 миллион) ғана қалды. Тек байлар мен кулактардың ғана емес, тек жекеменшiктi орташалар мен кедейлердiң ғана емес, сонымен бiрге, негiзiнен алғанда, колхоздар мен колхозшылардың (iшiнара совхоздардың да) қоғамдастырылған және қоғамдастырылмаған малы да осындай зор шығынға, сұрапыл қырғынға ұшырады... ... Мал басының қисапсыз кемiп кетуi мен көптеген қазақ аудандарын қамтып, адамдардың жаппай қырылуына әкеп соққан ашаршылық (қыстың екiншi жартысынан бастап) жөнiнде әлi күнге дейiн ауыз ашпай отыру қаншалықты дұрыс?.. Нағыз көзбояушылар, көпiрме жоспарлар жасаушылар, оның үстiне өздерiне жүктелген нақты iс басқара алмаған, көзбояушылықпен «бәрi де жақсы» деп тұжырымдап, өнеркәсiп саласындағы жетiстiктерге арқа сүйеген, сөйтiп, осынау елеулi мәселелерге жұртшылық назарын әлсiреткен жер органдары мен ауыл шаруашылығы кооперативтерi одағының мүшелерi неге бүкiл жұртшылық алдында сабақ боларлықтай сазайын тартпайды? Ғабит МҮСIРЕПОВ Мұташ ДӘУЛЕТҚАЛИЕВ Мансұр ҒАТАУЛИН Емберген АЛТЫНБЕКОВ Қадыр ҚУАНЫШЕВ | Деректермен жұмыс Оқушылар HІPP әдісі бойыншаЕстеліктердің негізінде ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы жағдайларға талдау жасайды Дескриптор: ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы тарихи, жағдайларды анықтайды; ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы тарихи, жағдайлар алған аумақтарды сипаттайды; ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы тарихи, жағдайларға автордың көзқарасын түсіндіреді; ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы тарихи, жағдайларды сипаттаудағы автордық мақсатын айқындайды; Оқушылар бір-біріне ақпаратты таныстырады Оқушылар тарихшы Ермұхан Бекмахановтың ашаршылық жылдарындағы Қазақстандағы ауыр жақдайлар туралы деректеріне талдау жасайды. Оқушылар өз пікірлерін ортаға салады Дескриптор Оқушылар «Бесеудің хаты» құжатының мазмұнын анықтайды; «Бесеудің хаты» құжатының тарихи маңыздылығына талдау жасайды | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады «Ең үздік жауап» Оқушылар өзара бағалау жүргізеді. ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады Өзін-өзі бағалау | Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру. http://e-history.kz/kz/contents/view/846 Ашаршылық https://www.youtube.com/watch?v=HL0oXmHx4Gg Г.В. Кан, Н.У.Шаяхметов. Қазақстан тарихы. – Алматы: Алматыкітап, 2012. К. Бегалин. Империя құрамында. – Алматы: Аруна, 2013. Омарбеков Т. Қазақстан тарихының XX ғ. Өзекті мәселелері. Өнер, 2014 Қазақ ОАК және Қазақ ССР ХКК «Байлардың шаруашылығын тәркілеу туралы» қаулысы. Қараңыз: Қазақстанның қазіргі заман тарихы. Хрестоматия:Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқу құралдары. Б. Аяған.-Алматы: Атамұра, 2005ж, 78-79 бб. Аяған Б.Ғ. Қазақстандағы 1930 жылдардағы ашаршылық: себептері мен салдары. Тюрина Е.А. «КСРО-дағы ашаршылық: 1929-1934 жж.» халықаралық жобасын дайындау туралы. Бесеудің хатынан үзінді Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты. Қазақ университеті, 1992. Әсіп С. Қазақ қасіреті; қоғамдық – саяси зерттеулер мен толғаулар. – Алматы: Қазақстан, 1999 Омарбеков Т. Зобалаң. – Алматы, 1994. Источник: http://e-history.kz/kz/contents/view/1450 © e-history.kz | ||||||||||
| Сабақты қорытындылау Интерпретация Оқушыларға ХХ ғасырдың 20–30 жылдарындағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын анықтау үшін берілген нақыл сөздер негізінде талдау жасатыңыз Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев: «...Нәубет бүкіл елді жайлап алғанды. Оған 1933 жылы Оралдың Дегтярск кенішіне практикаға барған кезде көз жеткіздік. Құдай басқа салмасын, тап жауы ретінде мал - жаннан айырылып, жердің түкпіріне айдалып келгендер сеңдей соғылысады. Не ішері, не жері жоқ. Арып – ашқан, шетінен тірі аруақ. Одан тіленшінің тірлігі көш ілгері» - деп еске алады
ХХ ғасырдағы Қазақстанның ауыл шаруашылығына сипаттама бер..
«ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында жүргізілген ұжымдастыру саясатының бүгінгі ауылшаруашылығының дамуына тигізген әсері зор». Осы тұжырымымен қаншалықты келісесің? Үйге тапсырма Қазақстандағы ұжымдастыру | Сабақтың тақырыбын қорытындылау | «Ең үздік жауап» | Ақпараттық карточка | ||||||||||
Кері байланыс | Жалғастырыңыз: Маған ... қызықты болды Бұл ... қиындық туғызды Осы ... мені ойландырды | Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады | Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды | А4, конспект |
«Бесеудің хаты» құжатын төменде берілген сұрақтар негізінде талдау.
Сұрақтар:
Бұл құжатты басқаша қалай атауға болады?
Кілтті сөз тіркестерді анықтаңыздар.
Қандай себептен бұл құжат жазылды деп ойлайсыздар?
Бұл құжатты дайындаудағы мақсат қандай?
Құжатта кімнің мүддесі қорғалып тұр?
Сол уақытта және қазіргі кезде құжаттың маңыздылығы қаншалықты?
Сол аштық жылдарынан жеткен бір жазбада: «Ит пен мысықты ұрлап, сойып – жеу, шын мәнінде, індетке айналды. Осынау «біркесімет үшін» бірінің жағасын бірі жыртқандар жыртылып айырылды. Қу құлқыны үшін, бір хайуанның соңынан бірнеше адам жүгіріп бара жатады.Қалайда тірі қалудың қамын жасап, жансебілдікпен жанталасқан әлгі адамның өмірге құштарлығын түсіну үшін оның қуып жүрген хайуанды ұстаған кезіндегі қуанышын көрсеңіз ғой, аштықтың қасіретті сайқымазағын сонда түсінесіз.Жол жиегінде өліп жатқан, өліп бара жатқан адамдарға әлгі «жансебілдердің» өзі қарауға қорқады, өйткені келесі сәтте оның өзі де соның кебін құшуы мүмкін. Иә, ол да ғажап емес… Сотта, бірде аштық сотта тұрақты түрде адамның етімен қоректенген үш адамның ісі қаралып жатса, келесі де адамның етін пұттап сатқанға үкім шығарып жатпады.«Кешке жақын көшеге шығу қорқынышты, адамдарды, әсіресе толық адамдарды аң сияқты аулауға шығатындар бар.Аштар өлгендердің етін жеп жатыр» – деп жазылған.
«Әсіресе, қазақтардың өзара бір-біріне көмектесу қабілеті шектелді.Бай-кулактарға қарсы күрес қатыгездікпен өрістеп халыққа қиын кезде көмектесетін ауқатты адамдардың көзі құртылды.Сеңдей соғылысып ашыққан адамдар бет ауған жағына сенделіп, қайыр тілеп, ит-мысыққа дейін сойып жеп, теректердің қабығы мен сабанға дейін қорек етті. Тіпті, аштық есінен адастырғаны соншалық адамның етін жеуге дейін барды деген дақпырт та болды…». («Ана тілі» газеті, 7-13 маусым, 2012 жыл, № 23 (1124), 3-бет)
Мұндай ауыртпалық қасіретін тартқандардың тағы бірі – тарихшы Ермұхан Бекмаханов. 1932 жылы ол анасы Бҽпіш пен қарындасы Қапияштан айырылғаны туралы мҽліметтер қалдырса, Кеңес Одағының қос батыр қыздары Әлия мен Мәншүктің тағдыры да ашаршылық және саяси қуғын – сүргін тарихымен сабақтас екендігі өз жазбаларынан белгілі. Әлия Молдағұлованың (өзінің тегі Сарқұлова –Б.А) анасы Маржан Молдағұлова (1898-1933) «күздің қара суығында егіс алқабынан картоптың қалдығы – келдек теруге барғанда, қарауылдың қаруынан оққа ұшады...» Ол кезде Әлия небәрі 8 жаста екен.Ал Мәншүк Мәметованың әкесі – Ахмет Мәметов (1895- 1938) Алашорда қайраткері, ағартушы, ақын, журналист, дҽрігер.1937 жылы «бұрынғы Алашорда қайраткері, антикеңестік тобының мүшесі» деген айыппен тұтқындалып, ату жазасына кесілген еді.
«Константин Бугаев, Семей облысы: «Нағыз аштық 1932 жылы басталды… Ауыл-селоларға қайыр сұраған босқындар толып кеткен. Ал аштықтан өлгендердің мәйіттері бірге көмілген. Өлгендердің қалталары ақшаға толып тұрса да, оған сатып алатын ештеңе болмаған» және де «Зейтін Ақышев: «Жаз шықты. Азық таусылды. Ендігі күніміз қараң. Ертеңіміз тіпті үрейлі. Бұл – 32 жылдың шілдесі. Менің алатын 24 сомым төрт адамның жұтқыншағына жұқ болмайды және оған табылып жатқан тамақ жоқ» деп жазады.
БК(б)П Өлкелiк комитетiне, Голощекинжолдасқа
...«Бүгiнгi Қазақстан – бұл 163 миллион сомның товарлы өнiмiн беретiн, 40 миллион малы бар өлке», – деп жаздыңыз Сiз, Голощекин жолдас, 1930 жылы «Октябрь революциясының жеңiстерi» деген мақалаңызда («Қазақстанның 10 жылдығы» атты жинақ). ...Бiрақ қазiр, Сiздiң мәлiмдемеңiзден кейiн 2 жыл өткен кезде Қазақстанда мал шаруашылығы саласында мал басының қисапсыз кемiп кеткенi әмбеге аян болып отыр: 1930 жылғы мал басының 1/8 бөлiгi (40 миллионнан 5 миллион) ғана қалды. Тек байлар мен кулактардың ғана емес, тек жекеменшiктi орташалар мен кедейлердiң ғана емес, сонымен бiрге, негiзiнен алғанда, колхоздар мен колхозшылардың (iшiнара совхоздардың да) қоғамдастырылған және қоғамдастырылмаған малы да осындай зор шығынға, сұрапыл қырғынға ұшырады...
... Мал басының қисапсыз кемiп кетуi мен көптеген қазақ аудандарын қамтып, адамдардың жаппай қырылуына әкеп соққан ашаршылық (қыстың екiншi жартысынан бастап) жөнiнде әлi күнге дейiн ауыз ашпай отыру қаншалықты дұрыс?.. Нағыз көзбояушылар, көпiрме жоспарлар жасаушылар, оның үстiне өздерiне жүктелген нақты iс басқара алмаған, көзбояушылықпен «бәрi де жақсы» деп тұжырымдап, өнеркәсiп саласындағы жетiстiктерге арқа сүйеген, сөйтiп, осынау елеулi мәселелерге жұртшылық назарын әлсiреткен жер органдары мен ауыл шаруашылығы кооперативтерi одағының мүшелерi неге бүкiл жұртшылық алдында сабақ боларлықтай сазайын тартпайды?
Ғабит МҮСIРЕПОВ
Мұташ ДӘУЛЕТҚАЛИЕВ
Мансұр ҒАТАУЛИН
Емберген АЛТЫНБЕКОВ
Қадыр ҚУАНЫШЕВ
БК(б)П Өлкелiк комитетiне, Голощекинжолдасқа
...«Бүгiнгi Қазақстан – бұл 163 миллион сомның товарлы өнiмiн беретiн, 40 миллион малы бар өлке», – деп жаздыңыз Сiз, Голощекин жолдас, 1930 жылы «Октябрь революциясының жеңiстерi» деген мақалаңызда («Қазақстанның 10 жылдығы» атты жинақ). ...Бiрақ қазiр, Сiздiң мәлiмдемеңiзден кейiн 2 жыл өткен кезде Қазақстанда мал шаруашылығы саласында мал басының қисапсыз кемiп кеткенi әмбеге аян болып отыр: 1930 жылғы мал басының 1/8 бөлiгi (40 миллионнан 5 миллион) ғана қалды. Тек байлар мен кулактардың ғана емес, тек жекеменшiктi орташалар мен кедейлердiң ғана емес, сонымен бiрге, негiзiнен алғанда, колхоздар мен колхозшылардың (iшiнара совхоздардың да) қоғамдастырылған және қоғамдастырылмаған малы да осындай зор шығынға, сұрапыл қырғынға ұшырады...
... Мал басының қисапсыз кемiп кетуi мен көптеген қазақ аудандарын қамтып, адамдардың жаппай қырылуына әкеп соққан ашаршылық (қыстың екiншi жартысынан бастап) жөнiнде әлi күнге дейiн ауыз ашпай отыру қаншалықты дұрыс?.. Нағыз көзбояушылар, көпiрме жоспарлар жасаушылар, оның үстiне өздерiне жүктелген нақты iс басқара алмаған, көзбояушылықпен «бәрi де жақсы» деп тұжырымдап, өнеркәсiп саласындағы жетiстiктерге арқа сүйеген, сөйтiп, осынау елеулi мәселелерге жұртшылық назарын әлсiреткен жер органдары мен ауыл шаруашылығы кооперативтерi одағының мүшелерi неге бүкiл жұртшылық алдында сабақ боларлықтай сазайын тартпайды?
Ғабит МҮСIРЕПОВ
Мұташ ДӘУЛЕТҚАЛИЕВ
Мансұр ҒАТАУЛИН
Емберген АЛТЫНБЕКОВ
Қадыр ҚУАНЫШЕВ