Файл: Маызы бар алаларды.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 26

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



  1. Облыстардыңреспубликалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары депутаттары мандаттарының саны тақ болған жағдайдажартысынан асатын мандат бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланады

  2. И

  3. Сайлау комиссияларының бiртұтас жүйесiн мыналар құрайды: 1) Республиканың Орталық сайлау комиссиясы; 2) аумақтық сайлау комиссиялары 

  4. Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық және округтік сайлау комиссияларын – Орталық сайлау комиссиясы, ал мәслихаттардың депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларын және учаскелік сайлау комиссияларын тиісті аумақтық сайлау комиссиялары құрады.

  5.  егер бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтердің шекаралары әкімшілік аумақтық бірліктердің шекараларымен тұспа-тұс келсе, округтік сайлау комиссияларының өкілеттіктерін жүзеге асырады

  6. Аумақтықокругтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін саяси партиялардың ұсыныстары негізінде тиісті мәслихаттар сайлайды. Әрбiр саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелерi болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы

  7. Ми

  8.  Сайлау комиссияларының қызметі алқалылық, жариялылық және ашықтық негізінде жүзеге асырылады

  9. Егер сайлау комиссияларының отырыстарына комиссия мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, олар заңды болады

  10. Сайлау комиссиясының отырыстарына кандидаттар, сенім білдірілген адамдар, байқаушылар, қызметтік куәлігі мен редакцияның тапсырмасы болған кезде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыса алады

  11. Дауыс беру күні дауыс беруге арналған сайлау учаскесі ашылған кезден бастап және сайлау учаскесінде сайлаушылардың дауыстарын санау кезінде дауыс беру нәтижелері анықталғанға дейін қызметтік куәлігі мен редакцияның тапсырмасы болған кезде әрбір бұқаралық ақпарат құралынан бір-бір өкілден бір мезгілде қатысуға құқылы

  12. Егер осы Конституциялық заңда шағым жасаудың өзге мерзімдері белгіленбесе, сайлау комиссиясының шешімдеріне және іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігінешешім қабылданған немесе іс-әрекет (әрекетсіздікжасалған күннен бастап он күннің ішінде жоғары тұрған сайлау комиссиясына және (немесе) сотқа шағым жасалуы мүмкін

  13. Егер осы Конституциялық заңда шағым жасаудың өзге мерзімдері белгіленбесе, сайлау комиссиясының шешімдеріне және іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігінешешім қабылданған немесе іс-әрекет (әрекетсіздікжасалған күннен бастап он күннің ішінде жоғары тұрған сайлау комиссиясына және (немесе) сотқа шағым жасалуы мүмкін.

  14. Қызметтік куәлігі мен редакцияның тапсырмасы бар БАҚ өкілдері ҚР ОСК аккредиттеу туралы куәлігі бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің аккредиттеу туралы куәлігі бар шетелдік БАҚ өкілдері.

  15. Ап

  16. Қазақстан Республикасы саяси партияларының, өзге қоғамдық бірлестіктерінің, коммерциялық емес ұйымдарының атынан байқаушылар өкілеттіктері тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, жазбаша нысанда куәландырылуға тиіс. Бұл құжат байқаушыны жіберген ұйымның мөрімен расталады және ол байқаушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жарамды болады. Бұқаралық ақпарат құралының өкілі қызметтік куәлігін және редакция тапсырмасын көрсетеді.

  17. Құжаттар сайлау комиссиясының төрағасына не оны алмастыратын адамға байқаушы туралы деректерді есепке алу журналына енгізу арқылы оны тіркеу үшін көрсетіледі

  18. саяси құқық шеңбері байқаушыны жіберген ұйымның Жарғысынан алынған Үзіндімен расталуы тиіс • Байқаушыға берілген жолдама ұйым басшысының қолымен расталуы қажет. • Жолдамада сайлау учаскесінің нөмірі көрсетілуі керек

  19. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының заң бөлімі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 

  20. . Тиісінше, аймақтық және жергілікті қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады

  21. . Саяси партиялардан, сондай-ақ өзге де аккредиттелген қоғамдық бірлестіктерден, коммерциялық емес ұйымдардан Қазақстан Республикасының азаматтары байқаушылар ретінде жіберіледі. 

  22. Құжаттарды қарау және аккредиттеу туралы куәлiктi беру туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешiм қабылдау мерзімі өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталған сәттен бастап он бес жұмыс күнiнен аспауға тиiс

  23. Аккредиттеу туралы куәлiк бекітілген нысан бойынша үш жыл мерзімге берiледi

  24. Қазақстан Республикасы саяси партияларының, өзге де аккредиттелген қоғамдық бірлестіктерінің, коммерциялық емес ұйымдарының байқаушылары Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда, тиісті сайлау комиссиясы байқаушыны тіркеудің күшін жоюға құқылы.  

  25. 1) сайлау комиссиясының отырысына қатысуға;  

    2) дауыс беруге, соның ішінде үй-жайдан тыс жерде дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың саны туралы ақпарат алуға;  

    3) дауыс беруді өткізу және дауыстарды санау кезінде тиісті сайлау учаскесінің дауыс беруге арналған үй-жайында болуға;  

    4) тасымалданатын сайлау жәшігін бақылап жүруге, соның ішінде оларды тасымалдау кезінде көлік құралында болуға;  

    5) сайлау учаскесінде, дауыс беруге арналған пунктте дауыс беру барысын, дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерін ресімдеу рәсімін барлық аталған рәсімдерді анық көру мүмкіндігін қамтамасыз ететін жағдайларда байқауға;  

    6) тиісті сайлау комиссиясының және (немесе) оның мүшелерінің шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған сайлау комиссиясына немесе сотқа шағымдануға;  

    7) сайлаушылардың дауыс беруге арналған үй-жайға келу мүмкіндігі болмаған жағдайда олардың дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруін өткізу кезінде қатысуға;  

    8) учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің пайдаланылмаған сайлау бюллетеньдерін санауы және жоюы кезінде қатысуға;  

    9) дауыс беру барысына және оның қорытындыларын шығаруға кедергі жасамай, фотожазба, дыбысжазба және бейнежазба жасауға;  

    10) дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды жоғары тұрған сайлау комиссияларына беру рәсімін байқауға;  

    11) дауыс беру өткізілгеннен кейін дауыс беру қорытындылары туралы сайлау комиссиясының хаттамаларымен танысуға, олардың куәландырылған көшірмелерін алуға;  

    12) сайлау комиссиясы мүшелерінің назарын осы Конституциялық заң талаптарының бұзылуына аударуға, оларға бұзушылықтар туралы тиісті жазбаша мәлімдемелерді, актілерді табыс етуге және табыс еткені туралы белгі соқтыруға құқылы. Сайлау комиссиясының төрағасы, оны алмастыратын адам сенім білдірілген адамдардың, байқаушылардың өтініштері бойынша дауыстарды санау хаттамасына олардың жасаған актілерін қоса беруге міндетті.  

    3. Қазақстан Республикасы саяси партияларының, өзге де аккредиттелген қоғамдық бірлестіктерінің, коммерциялық емес ұйымдарының байқаушылары:  

    1) олардың жеке басы мен өкілеттігін куәландыратын құжаттарын өздерімен алып жүруге;  

    2) сайлау процесіне, сайлау комиссиясының дауыстарды санау және шешімдерді қабылдау рәсіміне араласпауға;  

    3) сайлау комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасамауға;  

    4) сайлау учаскесінде сайлау комиссиясы төрағасының тиісті сайлау комиссиясы белгілеген тәртіп ережелерін сақтау жөніндегі талаптарын орындауға;  

    5) өз ескертулерін құжатталған, шынайы және тексеруге болатын фактілермен негіздеуге;  

    6) Қазақстан Республикасының осы Конституциялық заңының және өзге де заңнамасының талаптарын сақтауға;  

    7) алаламауға, нақты кандидатқа, саяси партияға артықшылық бермеуге; 

    8) фото-, аудио- және бейнежазбаны жүзеге асыру және тарату кезінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген талаптарды сақтауға міндетті. 

  26. Ап

  27. Осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда Орталық сайлау комиссиясы шет мемлекет, халықаралық ұйым байқаушысының аккредиттелуін кері қайтарып алуға құқылы.  

    Байқаушылар Қазақстан Республикасының заңнамасын немесе халықаралық құқықтың жалпыжұрт таныған нормаларын бұзған жағдайда, тиісті сайлау комиссиясы Орталық сайлау комиссиясына шет мемлекет, халықаралық ұйым байқаушысының аккредиттелуін кері қайтарып алу туралы ұсыныс енгізуге құқылы. 


  28. 1) жеке басын және аккредиттелгенін куәландыратын құжаттарын өздерімен бірге алып жүруге;  

    2) сайлау процесіне, сайлау комиссиясының дауыстарды санау және шешімдер қабылдау рәсіміне араласпауға;  

    3) сайлау комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасамауға;  

    4) сайлау учаскесінде сайлау комиссиясы төрағасының тиісті сайлау комиссиясы белгілеген тәртіп ережелерін сақтау жөніндегі талаптарын орындауға;  

    5) алаламауға, нақты кандидатқа, саяси партияға артықшылық бермеуге;  

    6) Қазақстан Республикасының осы Конституциялық заңының және өзге де заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.

  29.  бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша сайлау округтерін құрады және олардың шекараларын белгілейді, бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау округтерінің тізімін және олардың шекаралары туралы мәліметтерді жариялайды;

  30. Сайлау округтерiнiң тiзiмiн олардың шекараларын және аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерiн көрсетiптиiстi сайлау комиссиялары сайлау тағайындалғаннан немесе жарияланғаннан кейiн он күннен кешiктiрмей тиiстi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды

  31. Сайлау учаскелерi сайлаушыларға барынша қолайлылық туғызу мақсатында, жергiлiктi және өзге жағдаяттар ескерiле отырып, құрылады

  32. Тиiстi әкiмдер сайлау тағайындалғаннан немесе жарияланғаннан кейiн – он бес күн мерзiмде, ал өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн сайлауды өткiзген кезде жеті күн мерзiмде сайлаушыларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау учаскелерiнiң шекаралары туралы құлақтандырады

  33. Парламент Мәжiлiсi мен мәслихаттардың депутаттарын, әкімді, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлаған кезде сайлаушылар тiзiмi жасалады

  34. Сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тiзiмiн нақтылау Сайлаушылардың тұрғылықты жерi бойынша тiзiмiн жергiлiктi атқарушы орган жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқордың негізінде жасайды

  35. Сайлаушылардың тұрғылықты жерi бойынша тiзiмiн тиiстi жергiлiктi атқарушы орган жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқордың негізінде жасайды. Әрбiр сайлау учаскесi бойынша сайлаушылар тiзiмiне өзінің шешімімен учаске құрылған әкiм қол қояды және ол дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын акт бойынша ұсынылады. 

  36. Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беру кезінде бюллетень (бюллетеньдер) сайлаушыларға сайлаушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсету арқылы, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беру туралы өтiнiш негiзiнде берiледi, олар бұл туралы өтiнiшке қол қояды. 

  37. Сайлау алдындағы үгіт — сайлаушылардың белгілі бір кандидатты, саяси партияны жақтап немесе карсы дауыс беруге түрткі болу мақсатында атқарылатын қызмет.

  38. Сайлау алдындағы үгіт Сайлау комиссияларында кандидаттарды тіркеген күннен бастап сайлау алдындагы үгіт басталады

  39. Кандидаттарпартиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялар сенiм бiлдiрiлген адамдарын өздерінің қалаулары бойынша тиісті сайлау округiндегi әр сайлау учаскесіне үш адамнан аспайтын санда анықтайды