Файл: Мемлекеттiк атаулы леуметтiк кмектi таайындау жне тлеу аидаларын бекіту туралы азастан Республикасы Денсаулы сатау жне леуметтік даму министріні .doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 120

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


2) егер өтініш беруші, отбасы келісімшарт міндеттемелерін орындамаса алынған ақпаратты шартты ақшалай көмекті қайта есептеу, тоқтата тұру, тоқтату туралы уәкілетті органның шешімі жобасын дайындау үшін пайдаланады;

3) келісімшарт талаптарын уақтылы және дұрыс орындалуын талап етеді және бақылайды;

4) келісімшарт шеңберінде өзге де мәселелерді шешеді.

5. Шартты ақшалай көмек тағайындауға өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің:

1) әлеуметтік қолдау шараларын алуға;

2) Жеке жоспардың іс-шараларын орындаумен байланысты консультациялар мен ақпараттар алуға;

3) аудандық маңызы бар қала, ауыл, ауылдық округ әкімнің және Халықты жұмыспен қамту орталығының іс-әрекетіне жоғары тұрған жергілікті атқарушы органдарда, сондай-ақ сот тәртібінде шағымдануға құқығы бар.

4. Келісімшарттың талаптарын орындамағаны үшін тараптардың

жауапкершілігі
6. Халықты жұмыспен қамту орталығы отбасына (адамға) осы келісімшартта және Жеке жоспарда көзделген көлемде әлеуметтік қолдау шараларын ұсынуға жауапты болады.

7. Күнкөрісі төмен адам (отбасы) келісімшарт талаптарын және Жеке жоспардың іс-шараларын толық көлемде орындамаған, сондай-ақ шартты ақшалай көмектің заңсыз тағайындалуына алып келген дәйексіз мәліметтерді ұсынған кезде өтініш берушімен келісімшарт бұзылады.

Әлеуметтік келісімшарттың бұзылуы шартты ақшалай көмек төлеуді тоқтатуға негіз болып табылады.

Бұл ретте, әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалмағаны анықталған жағдайларда отбасының орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитындарды кәмелеттік жасқа толғаннан кейін оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа дейін) қоспағанда, он сегіз жастан асқан барлық мүшелеріне төленетін шартты ақшалай көмек мөлшері бір ай ішінде елу пайызға қысқарады, міндеттер қайта орындалмаған жағдайда отбасының кәмелет жасқа толмаған балаларын, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитындар кәмелеттік жасқа толғаннан кейін оқу орнын бітірген уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа дейін) қоспағанда, басқа мүшелері үшін шартты ақшалай көмекті төлеу тоқтатылады.

8. Өтініш беруші және оның отбасы мүшелері шартты ақшалай көмек тағайындауға берілген өтініште жалған немесе толық емес мәліметтер көрсеткені үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапты болады.


9. Келісімшарт талаптарын орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.

5. Күтпеген жағдайлар


  1. Тараптар осы келісімшартқа қол қойғаннан кейін: су тасқыны, жер сілкінісі, жарылыстар, штормдар, эпидемиялар, эпизоотиялар, стихиялық өрттер, ереуілдер, соғыс, көтерілістер сияқты төтенше жағдайлар немесе тосын күштің мән-жайлары туындаған кезде міндеттерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

11. Күтпеген жағдайлар туындаған кезде осы келісімшартқа сәйкес қандай да болсын міндеттемелердің орындалуы осындай жағдайлардың туындауына байланысты мүмкін болмаған тарап күтпеген жағдайлар басталған немесе аяқталған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.

12. Осы келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі күтпеген жағдайлар орын алған, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдардың әрекеті барысына шамалас уақытқа кейінге шегеріледі.

13. Егер күтпеген жағдайлардың туындауына байланысты тараптардың осы келісімшарт бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара орындай алмауы _______ (кезеңді көрсету) асатын болса, тараптар осы келісімшартты бұзуға құқылы.

6. Өзге де талаптар
14. Келісімшартқа тараптардың келісімі бойынша қосымша келісімге қол қою арқылы өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі.

15. Келісімшарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және
20 __ жылғы _______ «__» қоса алғанға дейін қолданылады.

16. Келісімшартты халықты жұмыспен қамту орталығы отбасы (адам) әлеуметтік келісімшарттың талаптарын орындамаған кезде бір жақты тәртіппен бұзады.

17. Осы келісімшарт бірдей заңды күші бар екі данада жасалған.

7. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері


Халықты жұмыспен қамту орталығы

Шартты ақшалай көмек төлеміне өтініш беруші

__________________________________
(халықты жұмыспен қамту орталығының толық атауы)
__________________________________
(мекенжайы, телефон, факс)
__________________________________
(телефон, факс)


__________________________________
(уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
__________________________________
(қолы)

Мөрдің орны

_______________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

_______________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен күні, кім берген)
_______________________________
(мекенжайы мен телефоны)



_______________________________

(қолы)


____________________

Әлеуметтік келісімшартқа

қосымша
Нысан
Отбасын (адамды) өмірлік қиын жағдайдан шығаруға арналған

жеке жоспар

 

Ауданның/қаланың ____________ халықты жұмыспен қамту орталығы

Көмекті алушы:_______________________________________________

(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), тұратын мекенжайы)

 

Келісімшарттың қолданылуы басталған күн: _______________________

Келісімшарттың қолданылуы тоқтатылған күн:_____________________
Отбасын өмірлік қиын жағдайдан шығаруға арналған көмектің 20__жылғы _________ бастап 20__ жылғы ____ іс-шаралар жоспары (айын көрсету)


Р/с№

Іс-шараның атауы

Іс-шаралар жоспарына қатысты адамның тегі, аты, әкесінің (бар болса)

Іс-шараны орындаудың басталу мерзімі




Тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастыру










Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдестірудің белсенді шаралары:










1) кәсіби оқытуға жіберу;










2) азаматтар мен оралмандардың кәсіпкерлік бастамасына жәрдемдесу;










3) жастар практикасына жіберу;










4) әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыру;










5) жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін өз еркімен көшуге жәрдемдесу;










6) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру;










7) қоғамдық жұмыстар.










Әлеуметтік бейімдеу шаралары:










1) «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
21-бабына сәйкес мүгедектерді әлеуметтік оңалту шаралары










2) «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер










3) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үй көмегін көрсету










4) ауданның (облыстық маңызы бар қала), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкілді органдары айқындайтын тәртіпте және мөлшерде әлеуметтік көмек көрсету










5) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету










6) алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркеу










7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. «Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеріп-қарауды жүргізу ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Скрининг ұйымдастыру бекіту туралы ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 9 қыркүйектегі № 704 бұйрығына сәйкес скринингтік қаралудан өту










8) әлеуметтік мәні бар аурулар болған жағдайда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға ұсынылатын медициналық-әлеуметтік көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 285 бұйрығына сәйкес емдеу










9) жүктіліктің он екі аптасына дейін әйелдер консультациясына тіркеуге қою және жүктіліктің барлық кезеңінде қадағалау










10) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы
№ 64 қаулысына бекітілген мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсету










11) балалардың мектепке дейінгі ұйымдарына жолдама алу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейін) балаларды кезекке қою










12) білім беру ұйымдары мен мектептен басқа ұйымдарда балаларға қосымша білім беруді ұйымдастыру










13) мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету және тексеру










14) мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органдар жалға алатын тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою










15) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген тәртіпте көрсетілетін әлеуметтік қорғаудың және мемлекеттік қолдаудың өзге де шаралары








______________________
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік

көмек тағайындау және төлеу

қағидаларына

10-қосымша

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу бойынша

іс-шаралардың үлгілік тізбесі
1. Халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларының тізбесі:

1) кәсіби оқытуға жіберу;

2) азаматтар мен оралмандардың кәсіпкерлік бастамасына жәрдемдесу;

3) жастар практикасына жіберу;

4) әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыру;

5) жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін өз еркімен көшуге жәрдемдесу;

6) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру;

7) қоғамдық жұмыстар.

2. Әлеуметтік бейімдеу шараларының тізбесі:

1) «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес мүгедектерді әлеуметтік оңалту шаралары;

2) «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер;

3) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үй көмегін көрсету;

4) ауданның (облыстық маңызы бар қала), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкілді органдары айқындайтын тәртіпте және мөлшерде әлеуметтік көмек көрсету;

5) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету;

6) алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркеу;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының «Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеріп-қарауды жүргізу ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы
10 қарашадағы № 685 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5918 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Скрининг ұйымдастыру бекіту туралы ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 9 қыркүйектегі № 704 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6490 болып тіркелген) сәйкес скринингтік қаралудан өту;

8) әлеуметтік мәні бар аурулар болған жағдайда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 285 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11226 болып тіркелген) «Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға ұсынылатын медициналық-әлеуметтік көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» қағидаларына сәйкес емдеу;


9) жүктіліктің он екінші аптасына дейін әйелдерді медициналық есепке қою және жүктіліктің барлық кезеңінде қарау;

10) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардың, сондай-ақ жиынтық табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, және жетім-балаларға, ата-ананың қарауынсыз қалған, төтенше жағдайдың нтижесінде шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардың балаларына және Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидалары басқа санаттағы мемлекеттік білім мекемесінде оқитын және тәрбиеленетін балаларына қаржылық және материалдық көмек көрсету;

11) мектепке дейінгі жастағы балаларды (7 жасқа дейінгі) мектепке дейінгі ұйымдарға жолдау үшін кезекке қою;

12) білім беру ұйымдарында және мектептен тыс ұйымдарда балаларға қосымша білім беруді ұйымдастыру;

13) мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету және тексеру;

14) мемлекеттік тұрғын қорынан немесе жергілікті атқарушы органдар жеке тұрғын үй қорын жалға алу арқылы тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою;

15) Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған тәртіпте көрсетілетін әлеуметтік қорғаудың және мемлекеттік қолдаудың өзге де шаралары.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік

көмек тағайындау және төлеу

қағидаларына

11-қосымша

Нысан
20__ жылғы ___ ____________

Халықты жұмыспен қамту орталығының

_____ қорытындысы
Отбасының тіркелу нөмірі _______________________

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш беру күні _________________

Өтініш беруші: _____________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Отбасы мүшелерінің саны: ________, оның ішінде еңбекке қабілетті _______