Файл: Мемлекеттiк атаулы леуметтiк кмектi таайындау жне тлеу аидаларын бекіту туралы азастан Республикасы Денсаулы сатау жне леуметтік даму министріні .doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 121

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


2) адамның немесе отбасының жан басына шаққандағы орташа табысын және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін алдын ала есептеу жүргізіледі.

Консультацияны Орталықтарда консультанттар, ал адам әкімге жүгінген жағдайда ассистенттер береді.

6. Консультация беру нәтижелері бойынша адам немесе отбасы (бұдан әрі – өтініш беруші) өз тарапынан немесе отбасының атынан осы Қағидаларға
1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтінішпен жүгінеді.

Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (төлқұжаты), Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктің тұруға ыхтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, босқын куәлігі), ал оралмандар үшін – оралман куәлігі – сәйкестендіру үшін;

2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтер;

3) атаулы әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік шот нөмірі туралы мәліметтер;

4) баланың (барлық балаларға) туу (қайтыс болу) туралы куәлігі – Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамызға дейін жүргізілген тіркеулер бойынша;

5) өтініш берушінің деректерінде баланың туу туралы куәлігіндегі деректерден айырмашылық болған жағдайда неке қиюды (бұзуды) тіркеу туралы куәлік – Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымға дейін жүргізілген тіркеулер бойынша;

6) «Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11110 болып тіркелген) 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу орнының анықтамасы, егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейін асырауындағылар орта, техникалық және кәсіптік ортадан кейінгі білім беру, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын болып табылса, оқу орнынан жылына бір рет сұратылады.


Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын еңбекке қабілетті отбасы мүшелері өтінішке қосымша:

«Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс іздеуші адам ретінде тіркелуге өтінішті;

еңбек қызметін растайтын құжатты (бар болса);

білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжатты (бар болса) ұсынады.

Он алты жасқа толмаған адамның атынан ата-анасының немесе оның заңды өкілдерінің біреуінің еңбек қызметін жүзеге асыруға келісімі туралы еркін нысанда жазылған өтініш ұсынылады.

Үшінші адамның атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтінішті және қажетті құжаттарды беруі атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар адамның нотариат куәландырған сенiмхаты бойынша жүргізіледі.

Өтініш беруші құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқада ұсынады.

7. Өтініш қабылдау кезінде Орталық немесе әкім осы Қағидаларға
3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік органдардың және ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) сұрау салуды дербес қалыптастырады.

8. Әкімде немесе Орталықта ақпараттық жүйелерге рұқсаты болмаған немесе ақпараттық жүйелердегі мәліметтер сәйкес келмеген (жоқ болған) кезде өтініш беруші осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мынадай құжаттарды қоса береді:

1) отбасының әрбір мүшесіне тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелуін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы);

2) баланың туу (қайтыс болуы) туралы куәлігі (барлық балаларға) –Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамызға дейін жүргізілген тіркеулер бойынша;

3) өтініш берушінің деректерінде баланың туу туралы куәлігіндегі деректерден айырмашылық болған жағдайда неке қиюды (бұзуды) тіркеу туралы куәлік – Қазақстан Республикасы аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша;

4) қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеуді немесе бала асырап алуды растайтын құжат – қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген немесе бала асырап алған жағдайда;

5) мүгедектікті белгілеу туралы анықтама – мүгедектік белгіленген жағдайда;

6) дара кәсіпкер статусын растайтын құжат.



9. Өтініш берушінің өтінішін қарау барысында әкім немесе Орталық:

1) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін өтініш берушіден қабылданатын құжаттар пакетінің толықтығын, ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтердің толықтығын және олардың өтініш беруші ұсынған мәліметтермен сәйкестігін тексереді;

2) түпнұсқада ұсынылған құжаттарды сканерлейді. Құжаттардың электрондық көшірмелері әкімнің немесе Орталық маманының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

Құжаттарды сканерлеу мүмкіндігі болмаған жағдайда – өтініш беруші ұсынған құжаттардың көшірмелерін жасайды. Құжаттардың қағаз көшірмелері әкімнің немесе Орталық маманының қолтаңбасымен куәландырылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге үзбелі талонмен бірге қайтарылады;

3) сканерлеу (көшіру) сапасын және электрондық және (немесе) қағаз көшірмелерінің осы Қағидалардың 6 және 8-тармақтарына сәйкес өтініш беруші ұсынған түпнұсқаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді.

10. Әкім немесе Орталық өтініш берушіге мынадай:

өтініш беруші құжаттардың толық емес тізбесін және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған;

ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі белгіленген;

ақпараттық жүйелерден атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, төлеу немесе оны тағайындауға өтініш беру фактісін растайтын мәліметтер алынған жағдайларда кідіріссіз осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға құжаттар қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты береді.

11. Өтініш беруші құжаттардың толық тізбесін ұсынған жағдайда:

1) әкім:

осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтінішті тіркеу журналында өтінішті тіркейді және өтініш берушіге өтінішке үзбелі талон береді. Ақпараттық жүйелерге рұқсат болған кезде – осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтінішті тіркеудің электрондық журналында тіркейді;

атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін қағаз жеткізгіштегі құжаттар пакетін немесе электрондық құжаттар пакетін (бұдан әрі – ЭҚП) қалыптастырады және оны өз қолтаңбасымен немесе ЭЦҚ арқылы растайды;

өтініш берушіден құжаттар пакетін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын зерттеп-қарау және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша учаскелік комиссияның қорытындысын дайындау үшін өтінішпен қоса, өтініш иесінің және отбасы мүшелерінің жеке басты куәландыратын құжаттарын, өтініш иесінің және отбасы мүшелерінің мекенжай туралы анықтама құжаттарын учаскелік комиссияға береді;


өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей учаскелік комиссияның қорытындысын қоса отырып өтініш берушінің құжаттар пакетін Орталыққа тапсырады;

2) Орталық:

осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтінішті тіркеудің электрондық журналында өтінішті тіркейді және өтініш берушіге өтінішке үзбелі талон береді;

құжаттарды қабылдаған күні еңбекке қабілетті отбасы мүшелерін, олардың өтініштері бойынша Халықты жұмыспен қамту туралы заңның
13-бабына сәйкес жұмыс іздеуші адам ретінде тіркейді;

қағаз жеткізгіште құжаттар пакетін немесе өтініш берушінің ЭҚП-сын қалыптастырады және оны өзінің қолтаңбасымен немесе ЭЦҚ арқылы куәландырады;

өтініш берушіден құжаттар пакетін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын зерттеп-қарау және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша учаскелік комиссияның қорытындысын дайындау үшін өтінішпен қоса, өтініш иесінің және отбасы мүшелерінің жеке басты куәландыратын құжаттарын, өтініш иесінің және отбасы мүшелерінің мекенжай туралы анықтама құжаттарын учаскелік комиссияға береді;

12. Учаскелік комиссия әкімнен немесе Орталықтан құжаттар пакеті келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізеді және оның нәтижелері бойынша қорытынды дайындайды.

Өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын зерттеп-қарау өтініш берушінің, ал ол болмаған жағдайда – кәмелеттік жастағы әрекетке қабілетті отбасы мүшесінің қатысуымен жүргізіледі.

Учаскелік комиссияның мүшелері қорытындыға қол қояды және танысу үшін өтініш берушіге, ал ол болмаған жағдайда – зерттеп-қарауды жүргізуге қатысқан кәмелеттік жастағы әрекетке қабілетті отбасы мүшесіне ұсынылады.

Өтініш берушінің, ал ол болмаған жағдайда – кәмелеттік жастағы әрекетке қабілетті отбасы мүшесінің зерттеп-қарау жүргізуден бас тартуы учаскелік комиссия мүшелерінің көпшілігі қол қоятын хаттамада белгіленеді.

Өтініш беруші атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға күнтізбелік бір жыл ішінде қайта жүгінген кезде өтініш беруші ұсынған мәліметтерді нақтылау қажет болған, сондай-ақ тұрғылықты жері (бір әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінде), өтініш берушінің (отбасының) құрамы мен табыстары өзгерген жағдайларда ғана зерттеп-қарау жүргізіледі.

13. Орталық өтініші беруші немесе әкім ұсынған құжаттар пакеті мен учаскелік комиссияның қорытындысы негізінде:


1) көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрін айқындайды: шартсыз немесе шартты ақшалай көмек;

2) адамның (отбасының) жиынтық табысын «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі
№ 237-ө бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5757 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесіне (бұдан әрі – Жиынтық табысты есептеу қағидалары) сәйкес атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген тоқсан алдындағы тоқсан үшін есептейді;

3) шартты ақшалай көмек тағайындауды келісу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттарды халықты жұмыспен қамту жөніндегі аудандық (қалалық) немесе өңірлік комиссияның қарауына жібереді;

4) адамға (отбасыға) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (төлем кезеңін ұзарту, төлем мөлшерін өзгерту, тағайындаудан бас тарту, төлемді тоқтату) туралы электрондық шешім жобасын (бұдан әрі – электрондық шешім жобасы) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес дайындайды, олар ЭҚП қалыптастыруды тікелей жүзеге асыратын Орталық маманының, Орталықтың құрылымдық бөлімшесі басшысының және Орталық басшысының ЭЦҚ-сымен куәландырылады;

5) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық шешім жобасын атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға өтінішті электрондық тіркеу журналында тіркеуді жүзеге асырады;

6) электрондық шешім жобасын басып шығарады және уәкілетті органға жібереді.

14. Уәкілетті орган Заңның 4-бабының 8-тармағына сәйкес ЭҚП немесе қағаз жеткізгіштегі құжаттар пакетін және электрондық шешім жобасын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:

1) өтініш беруші ұсынған құжаттардың толықтығын және дәйектілігін, ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтердің дәйектілігін тексереді. Қажеттігіне қарай тиісті мемлекеттік органдарға, уәкілетті ұйымдарға және орталық мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне өтініш беруші ұсынған мәліметтерді нақтылау үшін сұрау салуды жүзеге асырады. Бұл ретте атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (төлем кезеңін ұзарту, төлем мөлшерін өзгерту, тағайындаудан бас тарту және төлемді тоқтату) туралы шешім қабылдау мерзімі ол туралы өтініш берушіні Орталық арқылы сұрау салу жүзеге асырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жазбаша хабарламамен уәкілетті орган басшысының немесе оның міндетін атқарушы адамның шешімі бойынша күнтізбелік отыз күнге дейін ұзартылады;