Файл: азастан Республикасыны ылмысты кодексi.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 1079

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



      3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, бірнеше рет жасалған іс-әрекеттер –



      белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он екі жылдан он жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.



      Ескерту. 124-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 01.04.2019 № 240-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 393-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.




125-бап. Адамды ұрлау


      1. Адамды ұрлау –



      төрт жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.



      2. Мынадай:



      1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;



      2) бiрнеше рет;



      3) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып;



      4) қаруды немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып;



      5) көрiнеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;



      6) кiнәлi адамға жүктiлiк жағдайда екенi көрінеу белгілі әйелге қатысты;



      7) екi немесе одан да көп адамға қатысты;



      8) пайдакүнемдiк ниетпен жасалған;



      9) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған;



      10) жәбірленушінің жеке басын куәландыратын құжаттарды бұрмалап, жасырып не жойып жасалған дәл сол іс-әрекет –



      мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.



      3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды:



      1) қылмыстық топ жасаса;



      2) ұрланған адамды қанау мақсатында жасалса;



      3) абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса –



      мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.



      Ескерту. Ұрланған адамды өз еркiмен босатқан адам, егер оның әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.




      Ескерту. 125-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.




126-бап. Бас бостандығынан заңсыз айыру


      1. Адамды оны ұрлауға байланысты емес бас бостандығынан заңсыз айыру –



      үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.



      2. Мынадай:



      1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;



      2) бiрнеше рет;



      3) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып;



      4) қаруды немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып;



      5) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;



      6) кiнәлi адамға жүктiлiк жағдайда екенi көрiнеу белгiлi әйелге қатысты;



      7) екi немесе одан да көп адамға қатысты;



      8) пайдакүнемдiк ниетпен;



      9) жәбiрленушiнiң материалдық немесе өзгедей тәуелдiлiгiн пайдаланып жасалған;



      10) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған;



      11) жәбірленушінің жеке басын куәландыратын құжаттарды бұрмалап, жасырып не жойып жасалған дәл сол іс-әрекет –



      мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.



      3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды:



      1) қылмыстық топ жасаса;



      2) заңсыз бас бостандығынан айырылған адамды қанау мақсатында жасалса;



      3) абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса –



      мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.



      Ескерту. 126-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.




127-бап. Психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру


      1. Адамды психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру немесе онда заңсыз ұстау –




      үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.



      2. Дәл сол іс-әрекет, егер ол:



      1) пайдакүнемдiк ниетпен немесе өзге де жеке мүдделілікпен жасалса;



      2) адам оларды өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып жасаса;



      3) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалса;



      4) абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса –



      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, төрт жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.



      Ескерту. 127-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.




128-бап. Адам саудасы


      1. Адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмiлелер



      жасасу, сол сияқты оны қанау не азғырып көндiру, тасымалдау, беру, жасыру, алу, сондай-ақ қанау мақсатында өзге де іс-әрекеттер жасау –



      мүлкі тәркіленіп, төрт жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.



      2. Мынадай:



      1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;



      2) бiрнеше рет;



      3) өмiрге және денсаулыққа қауiптi күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп;



      4) қаруды немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып;



      5) кiнәлi адамға жүктiлiк жағдайда екенi көрiнеу белгiлi әйелге қатысты;



      6) екi және одан да көп адамға қатысты;



      7) транспланттау немесе өзге де пайдалану үшiн жәбiрленушiнiң ағзаларын немесе тiндерiн алып қою мақсатында;




      8) алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен;



      9) адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып;



      10) жәбiрленушiнiң материалдық немесе өзге де тәуелдiлiгiн пайдалана отырып;



      11) кінәлі адамға психикасының бұзылуынан зардап шегетіні немесе дәрменсіз күйде екені көрінеу белгілі адамға қатысты;



      12) жәбірленушінің жеке басын куәландыратын құжаттарды алып қойып, жасырып не жоя отырып жасалған дәл сол іс-әрекеттер –



      мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан тоғыз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.



      3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адамды Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерге әкету,



      Қазақстан Республикасына әкелу немесе бiр шет мемлекеттен екiншiсiне Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау



      мақсатында жасалған іс-әрекеттер, сол сияқты мұндай іс-әрекеттердi



      жасау мақсатында адамды Қазақстан Республикасының шегiнен



      тысқары жерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе



      бiр шет мемлекеттен екiншi мемлекетке Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау –



      мүлкі тәркіленіп, тоғыз жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.



      4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды:



      1) қылмыстық топ жасаса;



      2) олар абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, –



      мүлкі тәркіленіп, он екі жылдан он бес жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.



      Ескерту. 128-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.




129-бап. Адамды клондау


      1. Адамды клондау, биомедициналық зерттеулер мақсаттары үшін адам эмбриондарын жасау немесе адам эмбрионын коммерциялық, әскери немесе өнеркәсіптік мақсаттарда пайдалану, сол сияқты жыныстық жасушаларды немесе адам эмбрионын дәл осы мақсаттарда Қазақстан Республикасынан әкету -



      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.




      2. Мынадай:



      1) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;



      2) бiрнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекеттер –



      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, төрт жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.



      3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер –



      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, жетi жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.



      Ескерту. 129-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.




130-бап. Жала жабу


      Ескерту. 130-бап алып тасталды – ҚР 26.06.2020 № 349-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


131-бап. Қорлау


      1. Қорлау, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту –



      бір жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.



      2. Көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет –



      екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.


2-тарау. ОТБАСЫНА ЖӘНЕ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА
ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР

132-бап. Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға тарту


      1. Он сегiз жасқа толған адамның кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға тартуы –