Файл: азастан Республикасыны ылмысты кодексi.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 1094

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



      мүлкi тәркiленiп, сегiз жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.



      3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды қылмыстық топ жасаса не олар абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, –



      мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


272-бап. Жаппай тәртiпсiздiк


      1. Күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлiктi жоюмен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сондай-ақ билік өкiлiне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражатты пайдалана отырып жаппай тәртiпсiздiктi ұйымдастыру –



      төрт жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.



      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген жаппай тәртiпсiздiкке қатысу –



      үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.



      ЗҚАИ-ның ескертпесі!

      3-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 17.03.2023 № 212-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.





      3. Билік өкiлдерiнiң заңды талаптарына белсенді түрде бағынбауға және жаппай тәртiпсiздiкке шақыру не жаппай тәртіпсіздікке арандату, сол сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру –



      үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.



      ЗҚАИ-ның ескертпесі!

      272-бапты 4-бөлікпен толықтыру көзделген – ҚР 17.03.2023 № 212-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Ескерту. 272-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.07.2016 № 12-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

     




273-бап. Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау



      Дайындалып жатқан терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау –



      бес мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімде бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.



      Ескерту. 273-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.




274-бап. Көрінеу жалған ақпарат тарату


      1. Қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін көрінеу жалған ақпарат тарату –



      бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.



      2. Мынадай:



      1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;



      2) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;



      3) бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет –



      үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.



      3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтіруге немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер –



      бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.




      4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген:



      1) қылмыстық топ жасаған;



      2) төтенше жағдай кезінде немесе ұрыс жағдайында немесе соғыс уақытында не жария іс-шаралар өткізу кезінде жасалған іс-әрекеттер –



      үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.



      Ескерту. 274-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.




275-бап. Жаппай жою қаруын, қару-жарақты және әскери техниканы жасау кезiнде пайдаланылатын технологиялардың, ғылыми-техникалық ақпараттың және көрсетілетін қызметтердің заңсыз экспорты және импорты


      Ескерту. 275-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 28.12.2022 № 173-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.



      Жаппай жою қаруын, оны жеткiзу құралдарын, қару-жарақты және әскери техниканы жасау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн және оларға қатысты өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау белгіленген технологиялардың, ғылыми-техникалық ақпараттың және көрсетілетін қызметтердiң заңсыз экспорты және импорты –



      мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.



      Ескерту. 275-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 28.12.2022 № 173-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.




276-бап. Атом энергиясын пайдалану объектiлерiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу


      1. Атом энергиясы пайдаланатын объектiлерді орналастыру, жобалау, салу, пайдалануға беру, пайдалану, жөндеу, пайдаланудан алып тастау кезiнде, сол сияқты ядролық материалдармен, радиоактивтi заттармен, радиоактивті қалдықтармен немесе иондаушы сәулелену көздерiмен жұмыс істеу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу, егер бұл іс-әрекет абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соқса, –




      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не отыз тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.



      2. Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет –



      белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.



      3. Абайсызда адам өлiмiне немесе қоршаған ортаның радиоактивтiк зақымдануына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекет –



      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.



      Ескерту. 276-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.





277-бап. Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу


      1. Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзудің қауiпсiздiк қағидаларын бұзу, егер бұл абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соқса, –



      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.



      2. Абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекет –



      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.



      3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет –



      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.



      Ескерту. 277-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.




278-бап. Сапасыз салынған құрылыс


      1. Құрылыс ұйымдары басшыларының, жұмыс жүргiзушiлердiң және құрылыстың сапасын бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың сапасыз салынған, аяқталмаған немесе шарттың және жобалау құжаттамасының талаптарына сәйкес келмейтiн ғимараттар мен құрылыстарды, автомобиль жолдарын, тоннельдердi, электр станцияларын, тұрғын үйлердi немесе өзге де құрылыс объектiлерiн пайдалануға тапсыруы және (немесе) қабылдауы, сол сияқты оларды сапасыз жөндеуi, егер бұл абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соқса, –