ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 1049
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
6. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көрсетілген адамдарға қатысты және себептер бойынша өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдану –
он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
7. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген:
1) екі немесе одан да көп адамға қатысты;
2) кінәлі адамға дәрменсіз күйде екені көрінеу белгілі адамға қатысты жасалған, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан;
3) аса қатыгездікпен жасалған;
4) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе қылмыстық топ жасаған;
5) басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатымен;
6) бірнеше рет;
7) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;
8) төтенше ахуал кезінде немесе жаппай тәртіпсіздіктер барысында;
9) төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында жасалған іс-әрекет –
он екі жылдан он жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 409-бап жаңа редакцияда – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
410-бап. Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотын, сотты құрметтемеу
Ескерту. 410-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотын, сотты конституциялық іс жүргізуге қатысушыларды, жолданымды қарау кезінде тартылатын өзге де тұлғаларды, олардың өкілдерін, сот талқылауына қатысушыларды қорлаудан көрінген құрметтемеу –
бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының судьясын, судьяны және (немесе) алқабидi қорлаудан көрiнген дәл сол іс-әрекет –
екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
Ескерту. 410-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
411-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясына, судьяға, алқабиге, прокурорға, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, сарапшыға, сот приставына, сот орындаушысына қатысты жала жабу
Ескерту. 411-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Iстердiң немесе материалдардың Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотында, сотта қаралуына байланысты Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясына, судьяға немесе алқабиге қатысты жала жабу –
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің жүзеге асырылуына, сот сараптамасының жүргiзілуіне не сот үкiмінiң, шешiмiнің немесе өзге де сот актiсiнің орындалуына байланысты прокурорға, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, сарапшыға, сот приставына, сот орындаушысына қатысты жасалған дәл сол іс-әрекет –
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұласқан іс-әрекеттер –
төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 411-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
412-бап. Көрiнеу кiнәсiз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту
1. Көрiнеу кiнәсiз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұласқан не ауыр зардаптарға алып келген дәл сол іс-әрекет –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 412-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.07.2021 № 62-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
412-1-бап. Қылмыс жасауға арандату
1. Қылмыс жасауға арандату, яғни жедел-іздестіру қызметін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамның кейін әшкерелеу және қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе бопсалау мақсатында адамды қылмыс жасауға көндірген заңсыз әрекеттері –
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Күш қолданумен не күш қолдану, мүлікті жою немесе бүлдіру қатерін төндірумен, не адамның материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдаланумен ұштасқан дәл сол әрекет –
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
1) адамның ауыр не аса ауыр қылмыс жасауына немесе өзге де ауыр салдарлардың басталуына алып келген;
2) қылмыстық топ мүдделерінде жасалған әрекеттер –
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жыл мерзімге айыра отырып, он жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Заң 412-1-баппен толықтырылды – ҚР 06.10.2020 № 365-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
413-бап. Қылмыстық жауаптылықтан көрiнеу заңсыз босату
Прокурордың немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қылмыс жасады деп күдiк туғызған немесе айыпталған адамды қылмыстық жауаптылықтан көрiнеу заңсыз босатуы –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
414-бап. Көрiнеу заңсыз ұстап алу, күзетпен қамауға алу немесе күзетпен ұстау
1. Көрiнеу заңсыз ұстап алу –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Көрiнеу заңсыз күзетпен қамауға алу немесе күзетпен ұстау –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан алты жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер –