Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 26
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Esil University
Реферат
Тақырыбы
“Мен өз мәдениетімді мақтан тұтамын”
Б. Ануар орындаы
Тлегенова К.А. тексеріді
Астана, 2023ж.
ЖОСПАР
-
Қазақстан мәдениеті -
Қазақ әдебиеті -
Музыка тарихы -
Музыклық аспаптар
Қазакстан мәдениеті
Кеңес өкісметі орнауымен бір мезгілде мәдениеттіқайта құру шаралары жүзеге асырыла бастады. Елде ағарту ісін дамытуға аса назар аударылды. Қазақтың ұлт зиялылары шығармашылық тұрғыда табысты еңбек етіп, мәдени құрылыс барысын жеделдетуге зор үлестерін қосты.
Қазақ тіліндегі окулықтар жазылды. Мұндай окулықтардың авторлары қазақ зиялыларының өкілдері - А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин болды. Алгебрадан қазақ тіліндегі бірінші мектеп оқулыгын Қаныш Сәтбаев, географиядан - Әлихан Бөкейханов, Қазақстан тарихынан профессор Санжар Асфендияровқұрастырды. 1929 жылы араб жазуы негізіндегі қазақ әліпбиінен латын әліпбиіне көшу жүзеге асырылды.
Қазак әдебиеті
XX ғасырдың бас кезі қазақ әдебиетітарихындағы ерекше кезең болды. Қазіргі заманғы қазақ әдеби тілінің негізі қаланып, жаңа стильдік формалар пайда болды, қазақ жазушылары жаңа жанрларды меңгере бастады. Осы кезеңге Спандияр Көбеевтіңшығармашылығы тән. С. Көбеевтің шығармашылық жолы орыс жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аударудан басталды. С. Көбеевтің И. Крыловтан аударған мысалдар жинағы 1910 жылы жарық көрді. 1913 жылы басылған «Қалың мал» романы қазақ әдебиетінің тарихындағы елеулі оқиға болды.
XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетініңкөрнекті тулғаларының бірі Сұлтанмахмұт Торайғыров еді. Ол ауыл мектебінде және Троицк медресесінде оқып, білім алды. 1913-1914 жылдары С. Торайғыров «Айқап» журналында өзінің негізінен әлеуметтік теңсіздік тақырыбына арналған алғашқы өлендері мен әңгімелерін жариялады. Ол сол кезде «Қамар сұлу» романын жаза бастады.
Қазақ әдебиетінде көрнекті қазақ ақыны, журналист, қоғамдық қайраткер Мұхаметжан Сералин елеулі із қалдырды. Ол атақты ақынның отбасында дүниеге келіп, медреседе, екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде оқыды. 1900-1903 жылдары «Топжарған», «Гүлкашима» поэмаларын жазды. 1914 жылы
М. СералинФирдаусидің «Шахнамасынан» «Рүстем-Зұхраб» поэмасын қазақ тіліне аударды. Оның кызметіндегі негізгі сала - журналистік кызмет еді. Ол «Айқап» журналының бас редакторыболды. Журналдың шыға бастауы сол кездегі Қазақстанның мәдени өміріндегі елеулі құбылыс саналады.
Музыка тарихы
Этнограф-ғалым Ақселеу Сейдімбеков қазақтың музыкалық фольклорын бес кезеңге бөледі.
Бірінші кезең — Біздің заманымызға дейін III ғасыр мен біздің заманымыздың VI ғасыры аралығы. Бұған сақ заманынан бастап, көне түркі тайпаларының қиял-ғажайып тақырыптарға арналған күйлері, жорық сарындары, айтулы батыр, дана ару, ерге серік қанатты пырақ-ат, киелі жан-жануарлар туралы өте ертеден келе жатқан күйлер сарыны жатады. Мәселен, "Қос мүйізді Ескендір", "Көк төбет", "Көк бөрі", "Шыңырау", "Аққу", "Сарын", "Өгіз өлген", "Тарғыл бұқа", "Боз іңген", "Боз айғыр" сияқты күй-сарындар. Бұл күй-сарындар міндетті түрде аңыз-әңгімелермен қосарланып жүреді.
Екінші кезең — оғыз-қыпшақ күйлері (VI—XII ғасырларда). Бұған Қорқыттың күйлері — "Қорқыт", "Тарғыл тана", "Ұшардың ұлуы", "Желмая", қазір аты белгісіз сазгерлердің "Абыз толғауы", "Саймақтың сары өзені", "Айрауықтың ащы зары", т. б. күйлер жатады.
Үшінші кезең — ноғайлы дәуірінің күй-жырлары (XIII—XVI ғасырларда). Бұл кезде ауызша және әуенмен айтылатын батырлық, ғашықтық — "Алпамыс", "Қобыланды", "Қамбар батыр", "Ер Тарғын", "Едіге", "Қырымның қырық батыры", "Орақ—Мамай" сияқты жырлар туған. Дәл осы заманда Сыпыра жырау, Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіздердің өлең-жырлары дүниеге келген. Осы жырлардың бәрінің шып-шырғасын шығармай сақтап қалған — тек қазақ халқы. Өйткені "Қазақ" атауы орныққанға дейінгі ортақ жиынтық атау —"ноғайлы елі" деген жұртқа, негізінен, қазақ ру-тайпалары кірген еді. Ноғайлы заманының музыкалық мұрасына"Ақсақ құлан", "Жошы ханның жортуылы", "Шора батыр", "Әмір ақсақ", "Қамбар күйі", Асан қайғының "Ел айырылған", Қазтуғанның "Сағыныш" сияқты күйлері жатады.
Төртінші кезең — Жоңғар шапқыншылығы кезеңі(XVII—XVIII ғасырларда). Оған: "
Елім-ай" әні, "Қаратаудың шертпесі", "Қалмақ биі", "Беласар", "Абылайдың қара жорғасы", т.б. күй, әндермен қатар сол заманғы қазақ батырлары жөніндегі жыр-дастандарды жатқызуға болады.
Бесінші кезең — XVIII—XIX ғасырларда және XX ғасырдың басында туған музыкалық мұраларымыз. Оған: Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Тоқа, Сейтек сияқты күйшілер күйлерін, Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Абай, Мәди, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Ыбырай, Майра, Кенен Әзірбаев, Жамбыл, т.б. әндерін жатқызуға болады.
Музыкалық аспаптар
Қазақ музыкалық аспаптары: ішекті, үрмелі және соқпалы болып үшке бөлінеді. Ішекті аспаптың өзі шертпелі және ысқышты болып екіге бөлінеді. Шертпелі ішекті аспаптарға: домбыра, шертер, жетіген жатады. Ал ысқымен ойнайтын ішекті аспапқа қобыз жатады.
Үрмелі аспаптарға — сыбызғы, қамыссырнай, қоссырнай, мүйіз сырнай, сазсырнай, үскірік, тастауық, керней жатады. Осы топтың ерекше бір тілді аспабы — шаңқобыз.
Соқпалы аспаптарға — дабыл, даңғыра, кепшік, дауылпаз, шыңдауыл, асатаяқ, қоңырау жатады.
Домбыра — екі ішекті, 9—14 пернеге дейін болатын шертпелі аспап. Домбыраның ішегі, пернесі ешкінің, қойдың ішегінен жасалады. Домбыраның қазақта көптеген түрі болған. Негізі көп тарағаны екі түрі. Бірінің кеудесі томпақ та, ал екіншісінікі ұзынша текше. Томпақ кеуделі домбыра, негізінен, батыс аймақта, ал шығыста жайпақ домбыра көп таралған. Домбыраның осы формаларының өз ішінде әр түрлі пішіндері де кездеседі. Домбыраның кейде үш ішекті түрі де кездеседі.
Қобыз — екі ішекті, ысқышпен ойнайтын аспап, ішегі аттың қылынан есіп жасалады. Қобыз да өте көне аспап. Қобыз әу баста көбінесе бақсылар пайдаланған аспап болғандықтан, қазақ оны киелі санайды. Қобыз, әдетте, тұтас ағаштан шауып жасалады. Кеудесі жалпақ астауша құсап, мойны ішке қарай иіліп келеді. Қобыздың жалпы тұрқы бірдей болғанымен, тұрпатында кейбір өзгешеліктер кездеседі. Бақсылардың қобызының басына үкі, неше түрлі салпыншақ темір, ұсақ қоңыраушалар тағылады. Қобыздың кеудесіндегі ойыққа
айна орнатылады. Бұл заттардың дәстүрлік және әуендік қызметібар. Бақсы қобызымен сарнаған кезде қобыздың басын дірілдетіп-сілкіп, салпыншақ темірлерді сылдырлатады, айнаға қарап жынын шақырады. Мұндай бақсы қобыздарын қара қобыз, нарқобыздеп атайды. Бұл — көне, Қобыз қасиетті қобыз дегенді білдіреді.