Файл: Тосанды жиынты баалауды спецификациясы 8сынып 20192020 оу жылы мазмНЫ.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 375

Скачиваний: 6

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен

(оқыту қазақ тілінде емес)
тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы
8-сынып
2019-2020 оқу жылы

МАЗМҰНЫ

1-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 6

Жазылым 10

2-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 14

Жазылым 17

3-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 21

[1] 24

4. Әңгіменің оқырманға айтар түйінді ойы не? 24

__________________________________________________________________________ 24

[1] 24

Жазылым 25

4-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 30

Жазылым 34

1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде емес)
3. Күтілетін нәтижелер

Тыңдалым:

білім алушы мәтіннің негізгі мазмұнын, сондай-ақ сөйлеушінің ниетін білдіретін функционалдық маңызды мағыналы ақпаратты түсінеді; мәтіннен арнайы ақпаратты алады; терминдердің мәнін және әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және оқу-танымдық аялары бойынша мәтіннің негізгі бөліктерін түсінеді; фактілер мен пікірлерді ажырата отырып, мәтіннің мазмұнын бағалайды; әртүрлі стильдегі және жанрдағы мәтіндердің негізгі проблемаларын айқындайды; мәтінде айтылған деректер мен құбылыстар, оқиғалар арасындағы байланыстар мен қарым-қатынастарды аша отырып, мәтінді талдайды; иллюстрациялар/негізгі сөздер/тақырыбы/басталуы бойынша айтылған ойдың мазмұнын болжайды.

Айтылым:

талқылау, өзінің пікірін білдіру және оқиғаларды, пікірлер мен проблемаларды бағалау арқылы білім алушы оқылған тақырыптар аясындағы диалогты қолдайды; назарды өзіне қарату тәсілдерін пайдаланып және мақсатты аудиторияны есепке ала отырып монолог құрады, ұсынылған тақырып бойынша ақпаратты талдайды және жинақтайды; белгілі бір тақырып бойынша айтылған ойды бағалайды; сөйлеу нормаларын сақтай отырып, тілдің лексикалық және грамматикалық құралдарын пайдаланады.


Оқылым:

білім алушы оқылған тақырыптар аясында белгілі бір күрделі тұтас және аралас мәтіндердің мазмұнын түсінеді; әртүрлі типтегі, стиль мен жанрдағы мәтіндердің ерекшеліктерін анықтайды; сөздердің айқын және астарлы мағынасын, көркем бейнелеуіш құралдардың мәнін түсінеді; өзектілігін, шынайылығын, пайдалылығын және құндылығын анықтай отырып, әртүрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алады; негіздемелі қорытынды шығара және оқығанына сыни тұрғыдан баға бере отырып, мәтіннің мазмұнын талдайды және жинақтайды; көркем шығарманың тақырыбын, идеясын, проблемасын, автордың көзқарасын анықтай отырып мәтінді салыстырады, белгіленген оқу стратегияларын пайдаланады.

Жазылым:

білім алушы әртүрлі тілдік құралдарды пайдалана отырып, естігені және оқығаны негізінде әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндерді жазады; әртүрлі деректерден ақпарат алу арқылы проблемалық сипаттағы мәтіндерді жазады; тұтас мәтіндердің негізінде сызбаларды, кестелерді, диаграммаларды жасайды; белгілі бір тақырып бойынша қарапайым, күрделі және жан-жақты жоспар жасайды; әр түрлі типтегі, стильдегі мәтіндердің мазмұнын салыстырады, талдайды және бағалайды; орфографиялық және грамматикалық нормаларды сақтайды; троптар мен тілдің көркемдегіш-бейнелеуіш құралдарын пайдаланады.

4. Ойлау дағдыларының деңгейі

Дағдылар тобы

Ойлау дағдылары

ның деңгейі

Тапсырмалар сипаттамасы

Сұрақтар түрі

Тыңдалым

Білу және түсіну

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

  • тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді;

  • детальді ақпараттарды анықтайды;

  • оқу-еңбек тақырыптарына байланысты күрделі сөздердің мағынасын түсінеді;

  • тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтайды;

  • орта көлемді мәтіндердің тақырыбы мен идеясын анықтайды;

  • тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіреді;

  • дәлелді жауап береді.

Бір және көп таңдауды және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар


Оқылым


  • интервью, мақаланың тілдік ерекшеліктері арқылы мәтіндердің жанрын анықтайды;

  • мәтіндердің түрлерін, тілдік ерекшеліктерін салыстырады;

  • ерекшеліктерін анықтайды;

  • прозалық шығармалардың композициялық құрылымын анықтайды;

  • кейіпкердің іс-әрекетіне немесе образына баға береді;

  • бірнеше мәтінде көтерілген мәселелерді салыстырады;

  • перифраз түрінде берілген сұрақ арқылы қажетті ақпаратты анықтайды.

Бір және көп таңдауды, және қысқа жауапты, қажет ететін сұрақтар

Жазылым

және тілдік бағдар


  • жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, интервью, мақала, пікір жазады;

  • құрылымы мен дамуын сақтап, мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсына отырып эссе жазады;

  • сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданады.

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Айтылым


  • диаграммада берілген ақпаратты түсіндіреді;

  • көркемдегіш құралдарды қолданып, ауызша мәтіндер құрайды;

  • берілген тақырып бойынша өз пікірлерін дәлелдеп, пікірталасқа қатысады;

  • қойылған сұрақтарға еркін жауап береді;

  • құрастырған мәтінді үндестік заңын ескеріп, ауызша баяндайды.

Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар




5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.

Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.

Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына қарындашпен сызып қою ұсынылады.

Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.

Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.

Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/ қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
6. Модерация және балл қою

Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.


1-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ



1-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу

Ұзақтығы – 40 минут

Тыңдалым – 10 минут

Оқылым – 10 минут

Жазылым – 20 минут

Айтылым сабақтан тыс тексеріледі (әр білім алушыға 2 минут беріледі).

Балл саны – 30
Тапсырмалар түрлері

Бір және көп таңдауы бар сұрақтар

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент тыңдалым, екінші компонент оқылым, үшінші компонент жазылым және тілдік бағдар, төртінші компонент айтылым дағдыларын тексеруге арналған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

*Тап

сырма

Қамтыла

тын мақсаттар

*Тапсырмаларға сипаттама

*Тапсырма

лар түрлері

*Орын

дау уақыты, мин

Балл

1-4

8.1.2.1 тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, детальді ақпараттарды анықтау
8.1.3.1 оқу-еңбек тақырыптарына байланысты күрделі сөздердің мағынасын түсіну

Тапсырма жеке орындалады.

Оқушылар тақырыпқа қатысты 140-170 сөзден тұратын тыңдалым мәтінін 2 рет тыңдайды. Мәтінді тыңдау барысында мазмұнды түсінуге бағытталған төрт нұсқаның ішінен дұрыс бір жауапты белгілейді. Үшінші тапсырмада сөйлемдерді өзара сәйкестендіреді. Төртінші тапсырмада бос орынға тиісті күрделі сөзді қойып жазады.


Бір және көп таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар



10

5

1-4

8.3.2.1 публицистикалық стильдің (интервью) тілдік ерекшеліктері арқылы мәтіндердің жанрын анықтау
8.3.4.1 мәтіндердің түрлерін, тілдік ерекшеліктерін салыстырып, талдау жасау

Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар тақырыпқа қатысты 180-200 сөзден тұратын мәтінді оқиды.

Бірінші, екінші, үшінші тапсырмаларды бір дұрыс жауапты таңдайды, төртінші тапсырмада берілген ақпараттардан екі дұрыс ақпаратты белгілеп көрсетеді.


Бір және көп таңдауы барсұрақтар



10

5

1

8.4.1.1 мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, интервью жазу

Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар берілген екі тақырыптың бірін таңдап, интервью құрастырады. Мұғалім оқушының жазба жұмысында интервьюдің жанрлық және стильдік ереркшеліктерді сақтауын, тақырыпты түсінуін бағалайды.

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

20

10

1

8.2.6.1 кесте, диаграмма, нұсқаулық шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпаратты талдау, баға беру

Тапсырма жеке орындалады. Оқушы берілген диаграмманың бірін таңдап, ондағы ақпараттарды сипаттап, баға береді (6-8 сөйлем айтуы керек).

Мұғалім оқушының берілген ақпаратты түсініп, оны өз сөзімен түсіндіре алуын бағалайды.

Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Айтылым сабақтан тыс тексеріле

ді, әр білім алушыға 2 минут беріледі.

10

Барлығы




30


«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Білім. Ғылым. Инновация

Сауда жасай білесің бе?

Жаһандық энергетикалық дағдарыс
Тыңдалым

Мәтінді тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ол ұрпақтан ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап таңдап талғап оқи білу, түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайды. «Кітап маған тақтан да қымбат», – деп атап көрсеткен Шекспир.

Білім адам өміріне өте қажет. Онсыз адам оқуға түсе алмайды. Ал оқуға түсе алмаса, өзінің мақсатына жетпейді, оны жұмысқа алмайды. Жұмыс істемесе, ол ақша тауып, өзін-өзі қамтамасыз етпейді. Қазіргі заманда білімді болмау мүмкін емес, өйткені ғалымдар әртүрлі техникалық заттар, мысалы, телефон, планшет, компьютер ойлап тапты. Егер мұның бәрін сатып алып, оған ғаламтор қоссақ, мектепте болып жатқан тақырыптарды алдын ала қарастырып, есептерін шығарып тастауға болады. Әр адамның әртүрлі білімділік қасиеті бар, бірі математикадан шебер, ал бірі ойына бір оқығаннан-ақ есіне бәрін сақтап қалады. Адам көбірек оқыса, білімді болады, ал білімді болмаса, өмір сүру қиын болады. Мінекей, осыдан «Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» деген мақал шыққан.
1. Адамның қол жеткізген ұлы игіліктері қалай аталады?

  1. Парасат, білім, білік

  2. Білім, ғылым, инновация

  3. Оқулық, кітап, математика

  4. Техника, әдебиет, есте сақтау

[1]
2. Шекспир кітапты неден жоғары қояды?

  1. тастан

  2. таудан

  3. талдан

  4. тақтан

[1]
3. Сөйлемдердің бастапқы бөлігін жалғасымен сәйкестендіріңіз.

  1. Адам егер еңбек етпесе,

  1. сондықтан жаңа заманда білімді болмау мүмкін емес.

  1. Қазіргі таңда өз бетіңмен білім алуға мүмкіндіктер көп,

  1. өзін қамтамасыз ете алмайды.

[2]
4. Бос орынға қажетті сөзді қойыңыз.

____________________________ арқылы өз бетіңмен көп нәрсені үйренуге, оқуға болады.

[1]

Оқылым

Сания Мұратқызы: «Саудада тиімді әдісті таңдай білген жөн»

Сауда, тауар өткізу, сату, сатып алу – бұл әрекеттің барлығы күнделікті тіршілікте жиі орын алатын әрекет. Ал өндірушілердің өткізу нарығында