ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 20
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Фаризада халықтық рух бар, ол — елімен бірге, қазағынан бөлінбейтін ақын. Оның тілі жүйрік, өткірлігі мен тапқырлығы, қанағаттығы бәрімізді де қызықтыратын, қуантатын ақын. Абай бастаған ұлы ақындары бар елде қыздан шыққан Фаризасы болу да қазақ елі үшін керемет жарасым. Мен осы жарасымды көргеніме бақыттымын», - деген екен халық ақыны Әбділдә Тәжібаев.
1 – жүргізуші:
Жүректерді жан жылуымен epiтіn, поэзия әлемінің биік шындарын өз еркіне бағындырып, қиялға қанат сермеген Атыраудың ару ақыны, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталары мен «Құрмет белгісі, «Парасат» ордендерінің иeгepi, Мәдени ағарту iciнe еңбегі сіңген қызметкер, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты болған халық жазушысы Фариза Оңғарсынова 1939 жылы Атырау облысы Новобогат ауылында 25 желтоқсанда дүниеге келген. Фариза Оңғарсынова өзінің қауырсынқаламымен ақ жүрегін өлеңмен, кісілік келбетін әлдеқашан түгендеген ақынның бipi.
Қазақ поэзиясында өзіндік тұлға болып қалыптасқан ақын өлеңдерінің негізгі тақырыбы: махаббат, замана, уақыт тынысы, туған жер, туған ел туралы болды.
Ақын орны қаламы қандай биікке көтеріп шығаpca, сол жерде. Ондай орын әcipece биікте көп, — деп Ғабит Mүcipenoв айтқандай, әрдайым біздің ақын апамыз Фариза қаламы мұқалмай, әлі де сан-салалы тың тақырыптағы еңбектерімен оқырман жүрегіне жол таба берсін дейміз.
«Фариза Оңғарсынованың өлеңдерінде Махамбет өлеңдерінің екпіні, Махамбет өлеңдерінде ғана кездесетін, лирикамен қатар жүретін ашу-ыза екпіні бар. Фаризаны мақтау қажет емес, мақтану керек», деп баға берген Әкім Тарази.
Фариза ақынның ерекше қырлары:
- ақындық
- ұстаздық
- жазушылық
- аудармашылық (Чили акыны Неруданын өлендері)
Фариза Оңғарсынова есімін естігенде жыр сүйер қауымның бір елеңдемей қалғаны болған емес. Поэзияға келумен оның көркемдік әлемінен ойып алудың арасы жер мен көктей. Мұның біріншісі – бірталай қаламгерлердің еншісі болғанмен, ал екіншісі – сирек те болса шынайы таланттардың заңды ырыс-несібесі, ақындық тағдыры сыйлайтын әсіресе – бағы, өзіне тиесілі сыбағасы. Фариза ақынның поэзиялық-көркемдік әлеміне мейлінше ден қойғанынды, өте сүйетіндігіңді бүгіп қалу еш мүмкін емес. Фариза ақынның мына бір жырына қөз жіберсек:
Жыр –
Менің жалғыз тарланым,
Аялап өтер ардағым,
Талықсып атар таңдарым
Айымдай жалқы арман үн,- дейді.
« Сұхбат» атты жинағындағы «Маңғыстау монологтары», «Одағым – оқшау құрлығым», «Революция және Мен» деген өлеңдер циклі үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығына ие болған еді.
Туған дала! Туған ел! Бұл ұғымдар – ақын жырындағы ең қасиетті, ең қастерлі ерекше жалыңды леппен жырланатын, асқақ шабыттарға толы сезімдердің тақырыбы. Оның өлеңдерінің барлығы дерлік туған далаға деген перзенттік махаббаты басқа тақырыптағы өлеңдерінің арасынан да ерекшеленіп, өзге өлеңдерді өзіне көгендеп жатады.
Жүрек сенсің, Отаным, қоғамым да
Мейлі күлдір, күрсіндір, ора мұңға, -
Мен бәрібір өзіңнен бөлінбеймін,
Сенсіз менің әнім жоқ, жоқ арым да.
Туған – жерін сүйген, оған барлық ыстық жүрегімен берілген ақын сол жердің тыныштығын, бейбіт өмірін ойдан шығара ала ма? Фариза өлеңдерінде де бұл леп ерекше.
Жүректе – сүйікті елес
Мәңгілік күн – жанымда, биікте емес.
Бұл әлемде ең биік – Адам ғана,
Мұңдауға ешкім де тиіс емес.
Өзі үлкен патриоттық сезімнің ақыны болғандықтан, оның елін, жерін сүймегендерден, халықтың жанын ұқпағандардан, «Сүтін емген тілімнің қадір - қасиетін сезіп білмегендерден жаным жылап, түңілгем» деген жолдары да:
Ертеңдерді, жерді ойлап, -
адамды ойлап, елді ойлап,
жер күрсіне, көз ілмей
жаны ауырған өзімдей
күнмен бірге күлмесем,
мен осылай жүрмес ем, -
өнер дертін білмес ем, -
деген тебіреністері де үлкен ақиқат өмірге биіктен қарай білудің өршіл белгісіндей.
Достық оның ішіндегі халықтар достығы тақырыбы – ақын шығармаларындағы өзекті тақырыптың бірі. «Дауа» жинағындағы «Қырғыз қазақ – өзімнің қос жанарым» атты өлеңінде де ақын іргелес екі елдің ортақ тағдырын, ортақ тыныс - тіршілігін ықыласпен жырлайды.
Сен қуансаң, шуақты менде де күн,
Сен самсаған, менің де өрлегенім!
Сіздің үйде қонақсып өрлемедім
Қырғыз, қазақ – өзімнің қос өрлегенім
Қырғыз, қазақ – өзімнің қос жанарым,
Қос жанарым, қашан да сөнбе менің!
Фариза ақын өлеңінде адамдардың қоғамдағы орны, борыш пен парыз, жақсылық пен жамандықтың күресі сияқты көлемді мәселелерге өз көзқарасын білдіреді. Оның «Адам деген – уақыттың сыңары, заманының ұланы, шырқап салар жыр - әні, көкке өрлетсе – қыраны, аяласа – ну бағы, жер салса – тулағы. Заманының да ұлы емес, уақытың да түк емес!
«Адамдарды өмір сыны жеңбесе, тіршіліктің екпініне ермесе» деген жолдарында осындай келелі ой, қоғам алдындағы борышты сезінушілік жатыр. Сондықтан да адамдар, ақын түсінігінше «Өзіңе берілген өлшеулі өмір ішінде бір-біріне жақсылық жасай білуі керек», -дейді.
Кезінде етпеген жақсылық,
Қылмыспен кейде пара-пар
Ол өмірдің мәнін адамдардың бір-бірімен ізгі қарым-қатынас, достығында деп түсінеді.
Сондықтан да: Достарым, ортам, қоғамым,
Оларсыз сенем, соламын.
Салқындық сеуіп, сырт берсе,
Көңілім де – кірбің, жоқ әнім,
Солардың қабақтарымен
Налимын, тасып – толамын, -дейді.
Ф.Оңғарсынова – өмірге сергек қарайтын, жамандық атаулыны, оның ішінде адамдардың бойындағы салқындықтың, екіжүзділік, жігерсіздік сияқты босандықты жан-жүрегімен жек көретін ақын.
Жандар қанша күлкісі де шектеулі,
Біледі олар тасадан көсектеуді.
Жан ашырлық, түгілі, ондайлардың
Кіммен сәлемдесуі – есептеулі.
Осымен «Фариза - гауһар тастың поэзиясы» тақырыбындағы қорытынды кешіміз өз мәресіне жетті. Жыр сүйер поэзияның жанашырлары көбейе берсін ағайын!
Біреулер масаттанып табысына,
жүгірер бас пайдаға жан ұшыра.
Біреулер билік тисе маңғазданып,
ұмытар қайда екенін абзал халық.
Даңқ қуған біреу жүр сабылумен,
біреу жүр кей бастыққа жағынумен.
Біреудің арманы, айтар саған мұңы -
үй-іші, мал басының амандығы.
Біреу жүр сұлу жарды аңсап анық,
таңданып тұрса екен деп барша халық.
Тамақ тоқ, қүйбең жұмыс тосып алда,
біреулер дән риза осыған да...
Ал мен ше?
Ұққандықтан соның бәрін,
отырам оттай жанып-сөніп, жаным.
Кеудеңде мені тербеттің,
жас шыбық енді көктеді.
Мінеки мен де ер жеттім,
еңбегің бекер кетпеді.
Өмірде мынау ең жақын,
аяулым сенсің, анашым!
Болмаса мейлі зор даңқың,
мен үшін бірақ данасың.
Мейірім төккен нұр жүзің
тұрғандай сезем жанымда.
“Адал бол, - деуші ең, - жұлдызым”,
сақталды сөзің жадымда.
“Игі еңбек түбі осы-ау” дер
көргендер жеміс ағашын.
Қартаймай, мәңгі жасай бер
мәңгілік Күндей, анашым
Әкем біреу, анам да біреу менің,
Мен жығылсам сүйенер тіреулерім.
Олар барда мереке, көрген емен
Қабақтарын шытқанын, түнергенін.
Менің досым әкесін жек көреді,
«Бізбен ісі жоқ оның» деп сөгеді,
Жамандайды сыртынан, тістенеді,
Бір-біріне бітпейді
өкпелері.
Дос тапса да адамдар, тапса-дағы,
Әке жалғыз, табылмас ақшаға да,
Жамандасаң әкеңді, саған әкеп,
Жақсы әкесін бере ме басқа бала.
Әке – білек, саусағы – балалары,
Қан тамырмен жалғасқан аралары,
Ана - тамыр бойымен бәріне де,
Тіршіліктің жылуы таралады.