Файл: Ііі. Сен білесі бе Наурыз мейрамына байланысты сратар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 83
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ІІІ. «Сен білесің бе?» Наурыз мейрамына байланысты сұрақтар1.Қазақ халқы наурызды қашан қарсы алады?(Наурыздың 22-сі күні таңғы сағат үште)2.Халықтың түсінігі бойынша наурыздың 22-сіне қараған түні даланы кім аралайды?(Қызыр)3.Не себепті таза киініп, үйді таза ұстайды ? ( « Жаңа жыл мұнтаздай таза үйге кірсе , ол үй ауру- сырқаудан, пәле- жаладан аман болады» ). деген сенімге байланысты.4.Ыдыс атаулыны толтырып қою себебі не ? ( Ыдыс мол болсын деген ұғымға байланысты ).5.«Ұйқыашар» деген не? ( Бойжеткендердің өзі ұнатқан жігіттеріне арнап соғымның етін уызға салып пісірген тағамы.)6.« Селт өткізер», « дір еткізер» деген не? ( Жігіттердің қыздарға арнаған сыйлықтары).7.Ұлыс күні қар не жаңбыр жауса , неге жарыған ? ( Нұр жауды, « туар жыл жақсы болды» ) деп қуанған.8.Қос қолдап амандасып, тос соғыстырудың қандай мәні бар ?( « Өмір тірегім – төсім , тіршілік көзім екі қолым аман –сау болсын !» ) дегенді білдіреді.9.Отпен аластау себебі не ? ( От киелі сондықтан «алыс-алыс пәледен қалас !» деп айналысты отпен аластап, тазалайды.10.Наурыз көже неше түрлі тағамнан жасалады ? оларды атаңдар .7 .( соғымнан қалған сүр ет , сүт . езілген құрт, бидай, пияз, сәбіз, қойдың басы) .11.Наурыз тілек – Наурыз күнгі амандасу, бата тілек айту.12.Наурыз төл – Наурыз айында туған төл . төл басы деп аталады.13.Наурызша — Наурызда түскен қырбақ. Қарайған жерді жасыра алмай қыраулап жауған жұқа қар .14.Наурызшешек – Наурыз айында гүлдейтін көпжылдық өсімдік .
15.Наурыз жыры – Жаңа жыл – Наурызға арнап айтылатын тұрмыс –салт жырының бір түрі .16.Наурыз бата – Наурызға арнап сойылған малдың басы мен жамбасына, ескі жылдың дәміне берілетін арнаулы бата .Наурыз сөзі парсы тілінде нені білдіреді –Жаңа күн деген сөз.
15.Наурыз жыры – Жаңа жыл – Наурызға арнап айтылатын тұрмыс –салт жырының бір түрі .16.Наурыз бата – Наурызға арнап сойылған малдың басы мен жамбасына, ескі жылдың дәміне берілетін арнаулы бата .Наурыз сөзі парсы тілінде нені білдіреді –Жаңа күн деген сөз.
-
Наурыз күні не себепті көрісуден басталады ? (Жаңа жыл жақсылықтан басталсын .Аман-есен бір-бірімізді ендігі жылға дейін көрейік деген ырымға байланысты.
-
« Ұлыс күні алдыңа келсе атаңның құнын кеш» деген ұғым нені білдіреді (Реніш болған , адамдарды , ағайын, дос- жараңды татуластыту.)