ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 39

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

2-БЖБ. 6Т2.


«Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі.

Ә. Дүйсенбиев «Бәтеңке,Шұжық, Балқаймақ» өлеңі»

бөлімі бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Оқу мақсаты

6.4.5.1 -жазба жұмыстарында сөзге қосымша жалғауда үндестік заңын ескеріп, орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану.

6.5.1.1-мәтіндерден деректі және дерексіз зат, көптік мәнді есімдерді ажырата білу, жазбаша, ауызша жұмыстарда қолдану.

Бағалау критерийі: Білім алушы

  • Орфографиялық нормаға сай дұрыс жазады

  • Тыныс белгілерді орынды қолданады

  • Деректі және дерексіз зат есімдерді ажыратады

Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану
1-тапсырма. Диктантты жаз.

Біздің ауыл

Біздің ауылда уақыт көңілді өтеді. Қызықты ойындар ойнауға болады. Ауыл кітапханасынан кітап алып оқуға, көптеген спорттық үйірмелерге қатысуға болады. Бізде үлкен спорт кешені де бар. Біздің ауылдың тұрғындары төрт-түлік мал бағады. Жаз мезгілінде қойларды, сиырларды өріске шығарады. Сондықтан азық-түлігіміз - денсаулыққа пайдалы, табиғи өнімдер. Ауылдың ауасы да тамаша! Алыс кетсем, сағынышпен ауылға асығамын. (52 сөз)
2-тапсырма. Деректі және дерексіз зат есімдерді жаз.



Деректі зат есім

Дерексіз зат есім















Бағалау критерийі

Дескриптор

Балл




Білім алушы




1-тапсырма

Орфографиялық норма

(7 балл)

Тыныс б.(1 балл)

2-3 қате

7




4-6 қате

5




7 -9 қате

3




10 балдан жоғары

2




Тыныс белгі

1




2-тапсырма

Деректі және дерексіз зат есімдерді табады

2




Барлығы

10