Файл: Каза Бас сулетрылыс академиясы белсенді лестіру материалы.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 34

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

2022ХБК Инженерлік және компьютерлік графика Карымсаков У.Т.

Казақ Бас сәулет-құрылыс академиясы

БЕЛСЕНДІ ҮЛЕСТІРУ МАТЕРИАЛЫ

«Инженерлік және компьютерлік графика»

5 кредит

38-39 «Сандық белгілері бар проекциялар»

Сәулет Факультеті

Екінші семестр

2021-22 оқу жылы

Доцент м.а./ассоц. профессор

Қарымсақов Уалихан Төленұлы



Сандық белгілері бар проекциялар. Нүкте, түзу, жазықтық.

Сызбада нүкте мен түзудің берілуі. Түзуді бөліктеу. Түзудің көлбеулігі мен интервалы. Жазықтықтың көлбеулігінің бұрышы. Жазықтықтардың қиылысуы. Түзу мен жазықтықтың қиылысуы.

Биіктік өлшемдері горизонталь өлшемдерімен салыстырғанда кішкентай болатын объектілерді кескіндеу үшін сандық белгілері бар проекцияларды қолданған тиімді. Сандық белгілері бар проекцияларда нүктені бір ғана проекциялар жазықтығына, әдетте горизонталь проекциялар жазықтығына, проекциялайды. Нүктенің бір проекциядан тұратын кескіні қайтымсыз, өйткені ол тек екі координатасын ғана анықтайды. Сондықтан қайтымды кескін алу үшін нүктені проекциялар жазықтығына тік бұрыштап проекциялайды да, оның жанына проекциялар жазықтығынан қашықтығы көрсетіледі (1-сурет). Бейнеленетін объектінің горизонталь проекциясын оның планы деп атайды (1 ә- сурет). Нөлдік деңгейден жоғары орналасқан нүктелердің сандық белгілері оң мәнді, ал төмен орналасқан нүктелер сандық белгілерінің мәндері теріс болады. Нөлдік деңгей жазықтығындағы нүктелердің сандық белгілері нөлге тең болады.



1-сурет

Түзудің сызбасы. 2-суретте АВ түзуі кескінделген. АВ кесіндісінің проекциясын L әрпімен белгілеп, оны АВ кесіндісінің жатысы деп атаймыз.



2-сурет

hA-hB=h – А нүктесінің В нүктесінен биіктік айырмасы.

h/L=tgα=i қатынасы түзудің көлбеулігі деп аталады.

Көлбеулікке кері шама: 1/i = L/h=l – түзудің интервалы деп аталады.

Ұштарының сандық белгілерінің айырымы бірге тең кесіндінің табанын интервал дейді. Түзудің интервалы оның бір бірлікке көтерілуіне сәйкес жатыстың шамасын анықтайды. Түзудің интервалын анықтау үшін орындалатын графикалық әрекеттерді түзуді бөліктеу (градуирование) деп атайды.

Түзуді бөліктеу - түзу жатысындағы бүтін сандық белгісі бар нүктелерді анықтау болады.

Түзуді бөліктеу кесіндіні пропорционал бөлу тәсілімен, палетканың (палетка – калькада жасалған трафарет) көмегімен, қосымша графиктердің көмегімен және т.б. тәсілдермен орындалады (3-сурет).

1. Сызбада жатыстары параллель, құлау бағыттары бірдей және интервалдары тең түзулер кеңістікте өзара параллель болады (4 а-сурет).

2. Планда проекциялары қиылысатын және қиылысу нүктесінде сандық белгілері бірдей болатын түзулер кеңістікте қиылысатын түзулер болады (4 ә-сурет).



3-сурет

3. Егер параллельдік немесе қиылысу шарттары орындалмайтын болса, түзулер кеңістікте айқасатын болады.



4-сурет

Сандық белгілері бар проекцияларда жазықтық бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктемен, түзумен және одан тыс жатқан нүктемен, параллель түзулермен, қиылысатын түзулермен және т.б. берілуі мүмкін. Бірақ жазықтықтың көлбеулік масштабымен берілгені ыңғайлы. Жазықтықтың көлбеулігі ең үлкен сызығының проекциясының бөліктелген проекциясы оның көлбеулік масштабы деп аталады. Көлбеулік масштабы қосарланған (жуан және жіңішке) сызықпен бейнеленеді және i индексімен белгіленеді. Жазықтықтың горизонтальдарының пландағы проекциялары көлбеулік масштабына перпендикуляр болады, горизонтальдардың (бүтін сандық белгілерімен) көршілес проекцияларының

арасындағы қашықтық жазықтықтың интервалы болады. Жазықтықтың құлау  бұрышы деп Р жазықтығының П0 проекциялар жазықтығына көлбеулігін айтады. Ол жазықтықтың көлбеулігі ең үлкен АВ сызығымен Рi горизонталь проекциясының арасындағы бұрышпен анықталады. Жазықтықтың созылым бағыты деп сандық белгілердің өсу жағына қарағандағы горизонтальдардың оң бағытын айтады.



5-сурет

Жер меридианы мен созылым бағыты арасындағы бұрыш созылым бұрышы деп аталады. Бұл бұрыш меридианның солтүстік ұшынан сағат тіліне қарсы бағытта созылым бағытына дейінгі бұрышпен анықталады.

Параллель жазықтықтар. Параллель жазықтықтардың көлбеулік масштабы сызықтары өзара параллель, интервалдары тең болады және сандық белгілері бір бағытта өседі. Бұл шарттардың біреуі орындалмайтын болса, жазықтықтар кеңістікте қиылысады.



6-сурет

Екі жазықтықтың қиылысу сызығын тұрғызу үшін олардың сандық белгілері бірдей горизонтальдарының екі жұбының қиылысу нүктелерін анықтау керек (7-сурет).

7-сурет
Егер екі жазықтықтың құлау бұрыштары бірдей болса, қиылысу сызығының проекциясы берілген жазықтықтардың горизонтальдарының арасындағы бұрыштың биссектрисасы болады.

Егер түзудің екі нүктесі жазықтықтың горизонтальдарында жатса, яғни сандық белгілері горизонтальдардың сандық белгілерімен бірдей болса, ондай түзу осы жазықтықта жатады.

Жазықтықта жатқан кез келген түзуге параллель түзу осы жазықтыққа параллель болады.

Кез келген басқа жағдайда түзу мен жазықтық қиылысады.

АВ түзуінің жазықтықпен қиылысу нүктесін анықтау үшін келесі тұрғызуларды орындау керек (8-сурет):

1) берілген түзу арқылы жалпы жағдайдағы көмекші жазықтық жүргіземіз. Ол үшін түзудің екі нүктесі арқылы сызбаны орындауға қолайлы бағытта екі горизонталь жүргіземіз, бұл горизонтальдар көмекші жазықтықты анықтайды;

2) берілген жазықтық пен көмекші жазықтықтың қиылысу сызығын саламыз (MN түзуі);

3) берілген АВ түзуі мен тұрғызылған MN түзуінің қиылысу нүктесін - ізделінді К нүктесін анықтаймыз.

Егер түзу мен жазықтық өзара перпендикуляр болса, онда планда түзудің проекциясы жазықтықтың көлбеулік масштабына параллель (жазықтықтың горизонтальдарының проекцияларына перпендикуляр) болады, ал түзу мен жазықтықтың сандық белгілері қарама-қарсы бағытта өседі және түзудің lт интервалы жазықтықтың lж интервалына кері пропорционал болады, яғни lт = h/ lж.

К7 нүктесінде көлбеулік масштабымен берілген Рi жазықтығына перпендикуляр тұрғызамыз (9-сурет).

8-сурет 9-сурет

K нүктесі арқылы жазықтықтың горизонтальдарына перпендикуляр а түзуін - перпендикулярдың проекциясын жүргіземіз. Түзуді бөліктейміз: ол үшін перпендикулярдың интервалдарын жоғарыда келтірілген формула бойынша есептейміз немесе келесі тұрғызуларды орындаймыз: қалауымызша алынған А нүктесі арқылы ұзындық бірлігіне тең AD кесіндісін жүргіземіз. AD түзуіне перпендикулярдың бойына ұзындығы жазықтық интервалына тең BD кесіндісін өлшеп саламыз; А және В нүктелерін қосамыз. АВ түзуіне перпендикуляр және DB түзуімен С нүктесінде қиылысатын АС түзуін жүргіземіз. CD кесіндісі ізделінді перпендикулярдың интервалына тең болады.








Екі түзудің өзара орналасуы [1] 147-150б.,

Екі жазықтықтың қиылысу сызығын салу

Есептер шығару [5] 8-10б.

Бақылау сұрақтарына жауап беру.

СОӨЖ тапсырмасы

Есептер шығару [5] 8-10б.

1. СД кесіндісінің нақты шамасың және құлау бұрышын табу керек.



2. Көлбеулік масштабымен берілген жазықтықта орналасатын қалауымызша алынған кесіндінің проекциясын тұрғызып натурал шамасын анықтау керек.


3. Берілген жазықтықта орналасатын қалауымызша алынған кесіндінің проекциясын тұрғызып, натурал шамасын анықтау керек.


4. Екі параллель түзулермен берілген жазықтықта орналасқан Е нүктесінің белгісін анықтау керек.




Бақылау сұрақтары

А. Жазбаша бақылау үшін

1. Түзудің көлбеулігі мен интервалы дегеніміз не?

2. Түзуді бөліктеу деген не?

3. Жазықтықтың көлбеулік масштабы деген не?

4. Жазықтықтың горизонтальдары оның көлбеулік масштабына қатысты қалай

орналасады?

5. Қандай бұрышты жазықтықтың құлау бұрышы деп атайды?

6. Қандай бұрышты жазықтықтың созылым бұрышы деп атайды?

Б. Компьютерлік тестілеу үшін

Сандық белгілері бар проекцияларда түзудің бір бірлікке көтерілуіне сәйкес жатыстың шамасы қалай деп аталады?

A. Азимут.

B. Интервал.

C. Көлбеулік.

D. Созылым бағыты.

E. Көлбеулік бұрышы.

Глоссарий


Государственный

Русский

Английский

Қасбет

Фасад

facade

Тілік

Разрез

cut

Қима

Сечение

section

Жоспар

План

plan

Қабат

Этаж

Floor

Шығару сызығы

Выносная линия

Extension line

Өлшем сызығы

Размерная линия

Dimension line

Тізбек

Цепь

Chain

Мансарда

Мансарда

Аttic, mansard, garret

Биіктік белгісі, деңгейлік

Высотная отметка

height mark, elevation

Еңістік, көлбеулік

Уклон

slope, gradient, declivity

Нұсқама

Стрелка

arrow

Негізгі жазу

Основная надпись

main inscription




Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиет

  1. Нұрмаханов Б.Н. және т.б. Құрылыстық сызу. – Алматы, 2015. – 240б.

  2. Каминский В. П., Георгиевский О.В., Будасов Б.В. Строительное черчение. М.: Архитектура-С, 2011 – 456 с.

  3. Бәйдібеков, Ә.К. Инженерлік графика сандық белгілері бар проекцияда: Оқулық / Ә.К. Бәйдібеков.- Алматы: Білім, 2012.- 144 бет.

  4. Ғимараттың сәулет-құрылыс сызбаларын орындау [Электрондық ресурс]: Өздік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау / Е.Е. Мәсімбаев, У.Т. Карымсаков, Д.Д.Абилдабекова, А.М.Иисова.- Алматы: ҚазБСҚА, 2019.- 59 б.

  5. Есмұханов Ж. М. Сызба геометрия есептерінің минимумы. А.: КазПТИ,1990. – 34 б.

  6. Қарымсақов У.Т. Сызба геометрия: Оқу құралы. – Алматы: ҚазҰТЗУ, 2015. – 213 б


Қосымша әдебиет

  1. Георгиевский, О.В. Единые требования по выполнению строительных чертежей: Справочное пособие / О.В. Георгиевский.- 5-е издание, стереотипное.- М.: Архитектура-С, 2011.- 144с.

  2. Самаркин Ю.П. Методические указания к выполнению комплексных графических работ по курсу ИГ-II. Алматы: КазГАСА, 2015 - 86 с.

  3. Проекции с числовыми отметками. Электронный учебник для студентов архитектурно-строительных специальностей / Г.Г.Шапрова. - Алматы, 2016 г.