ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 84
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тақырыбы: «Мүшел жас- мерейлі жас»Мақсаты:-Оқушыларға бабаларымыздан келе жатқан салтымыз 13 жас мүшел жасқа толу құрметіне өткізілетін мүшел той туралы таныстыру;-Қазақ халқының салт-дәстүрі –ұлттық мәдениетін өзіне қатысты рәсімдермен байланыстыра дәріптеуге үйрету.-ұлттық дүниетаным қалыптастыратын өзін тануға ықпал етер мерекелердің мазмұның ұғындыру.Көрнекілік: фото суреттер, шарлар, нақыл сөздер.Мұғалімі:Сәлеметсіздерме құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар.Той!Той!Той!Ананың құрсағынан басталатын,Ең бірінші қуаныш басталатын.Той –«құрсақ тойы!»Анадан шыр етіп туылған күн,Кіндігі жібек жіппен буылған күн,Той- туған күн, тойы!Рәсім- - «кіндік кесу» жарасты ғойЖас нәресте бөленсе бесікке –той!40 күнде қырық рет түлеткенде,40 қасық сумен тәнді нұр еткенде,Той – «қырқынан шығару»!Алғашқы қадам басып, қаз тұрғанда,«Тұсау кесу» айналар той –думанға,Мұсылман ата-ананың міндетті тойы,Ода кейін жасалар сүндет тойы,Оқушы атанатын мекткп барып,Қуантқан ата-анасын әріп танып.Тауысып «әліппені» жүрдек оқыр,Сол күні «тілашардың» болатыны анық.Өмірдің бір белесін болдырған шақ,Санасын нұрлы ақылмен толтырған шақ,«13-те – отауға ие» деген қазақ,Балиғатқа бас болдырған шақ...Бүгін міне «Мүшел той» - үлкен той!Мұғалім:Біреулер өмір өткелін13-ке жетіп, асып қырБіреулер балғын көңілменМүшелге қадам басып тұрОртаға 13-жасқа толған жас өркендерді шақырамыз.Мұғалім: Мүшел жылдар әрдайым 22-наурызда басталып, келесі жылдың 21 –наурызында аяқталып отырады. Бірақ қазақ халқы адамның өмірінде байланысты бірінші мүшелді ананың құрсағындағы мерзімді есептеп 13 деп алған да, қалған өміріне 12 жылды қосып отырып, 25,37,49,61,73,85 адамның өміріндегі маңызды жылдар деп есептеген.Адам баласы туғаннан бастап, өсіп жетілу кезеңінде қатерлі жылдар болатындығын айтып келеді. Оны мүшел жас деп атайды.Толқын: Алғашқы мүшел 13 жас- бұл адамның балалық шақтан ересектік шаққа дейінгі кезеңі. Ол кезде ер балалардың дауыстары өзгеріп, қыз балалардың дене бітімі сүйкімді бола бастайды.Мөлдір: 25-жас жігіттіктің алғашқы сатысы.Ол кезде ер жігіт бусанып, дене құрылысы өсіп, жетіліп, күші тасып тұратын кез.
Еламан: 37-жас адам өміріндегі ең басты мүшел.Бұл мүшелде адам жігітшіліктен мосқалдау кезеңге өтіп, ақыл тоқтатып, дүниеге қызығы да, қызғана қарайтын кез.Асия: 49 жас- бұл адамның даналыққа аяқ басатын кезеңі.Бұл мүшелде кейбіреуі немере сүйсе де, кәрілікке мойын бұрмай, «маған кәрілік келмесе екекн, әлі де болса қартаймай ойнап-күліп қалайыншы» дейтін кезеңі.Нүрбек:61 жас – адамның даналығы артып, өзінен туған балаға сын көзбен қарап, басқан ізін аңдап,жаман-жақсысын ажыратып, өзі де тәрбиеге келетін кезеңі.Дильназ:73-жас- бұл кәріліктің мойынға мініп, аяғын тұсап, отырса тұруы, тұрса отыруы мұң, жатса ұйқы жоқ,адамның діңкесі құрып, «айхай, жас кезім-ай» деп көкірегі қарс айырыла күрсініп, дөңбекшіп барып ұйықтайтын кез.Оразгүл: 85 жас- бұл мүшелде адамның айдай басы қатып, өзінен кейінгілерімен бала құсап ұрсып, жеген тамағын жеген жоқпын деп, өкпелегіш болатын кез. Сол үшін де ел арасында «күлсен кәріге күл», бұл жасқа жеткен де бар, жетпеген де бар деседі.Мұғалім: Бұрынғы кезде ата-бабаларымыз10 жасқа дейін – қозы жасы деп қозы-лақ бақтырған,10 мен 20 жас аралығын қой жасы деп қой, ешкі бақтырған,20 мен 30 жас аралығын жылқы жасы деп жылқы бақтырған.Түн ұйқысын төрт бөліп, жылаған сәбиін әлдиімен жұбатқан қадірлі ананың «жарығым», «күнім» деген жүрек жарды жылы лебізі әркімнің – ақ көңілін жылытары даусыз.Ән: «Анашым» орындайтын 8 сынып оқушылары.Мұғалім:Адамзат туған анадан,Ақылы іске жараған.Адамның жасын атаулы,Мүшелге бөліп балаған.Көркейер көңіл батадан,Үлгі алып өссе атадан.Он үшке толсаң, қазақта,Бір мүшел жас деп атаған.Өнеге қалса данадан,Өсиетті елге тараған.Бір мүшел жасты халқымыз,Есейген шақ деп санағанСөнбесе сенім санадан.Ынтымақ кетпес арадан.Кешегі күндер үлгісі,Аңыз бен жырмен тараған.Презентация1.Қасымбекова Оразгүл13-жас мүшел тойымыздың алғашқы құттықтау сөзін мектебіміздің директоры Серкенов Жомарт Амантайұлына беріледі.ән: «Мерекем» орындайтын Қасымбекова Оразгүл.2. Менбекова МөлдірӨлең жолдары «Дос жүрегі»Күй нөсерін төгейікЖырдан моншақ өрейікУа жамағат, ал ендіБиге кезек берейікби: «Ламбада» орындайтын 8 сынып оқушылары.
3. Жуматова ТолқынКүтіп тұр алда сан қызықАсулар асқар, неше сынҰстазың сенің алғашқыКеуденде үміт жанғыздыСөз кезегі 13-ке толған той иелерінің алғашқы ұстазы Оспанова Роза Сағидоллақызына беріледі.Күмбірге торлы сырлы әлем,Мереке әнмен жалғансын.Музыкалық бір сәлемҰстаздарға арналсын.Ән «Ұстазым»Ата-аналармен ойын жүргізіледі «Өз баланды тауып ал» аналардың көздерін жауып, оқушыларды тұрған орындарын ауыстырады.Аналар өз балаларын тауып алуы тиіс.4. Каримова АсияАта-аналық үлкен сынБала өсіру ұлы өнерЖақсылардың соңынанЖарқын қыз бен ұл өсерОсы сәтте отбасында 13-ке толған тұңғыштардың ата-аналарына сөз беремізән: «Детство» орындайтын Каримова Асия5. Ильясов Еламан мен 6. Карим Нүрбек.Жаста берген тәрбиеЖас шыбықты игендейБілімді болса ұл мен қызПайдасы елге тигендей13-ке толған кенжелердің ата-аналарына сөз береміз.ән: «Алға Қазақстан» орындайтын Ильясов Еламан мен Карим Нүрбек.Ата-аналармен ойын жүргізіледі. Тақтада аналарға арналған сұрақтар берілген, сол сұрақтарға жауап беру керек.
Мұғалім: «Мүшел жас- мерейлі жас» тақырыбымен өткізілген мүшел тойымыз өз мәресіне жетті.Келіп тамашалағандарыңыз үшін көптен көп рахмет.Келесі кездескенше сау саламат болыңыздар.Өлеңді орта мектебіТақырыбы:«Мүшел жас- Мерейлі жас»8 сынып

-
Баланыз қай жылы мектеп табалдырығын аттады? -
Баланыздың сүйікті тағамы? -
Баланыздың қызығушылығы неде? -
Баланызды қандай сөздермен еркелетесіз? -
Баланыздың есімін кім қойды, не себептен? -
Болашақта балаңыздың қандай мамандық иесі атанғаның қалайсыз? -
Балаңыз сабақтан қашып үйге ерте келсе не істер едіңіз? -
Баланыздың парталасы кім? -
Баланыздың ең жақын жолдасы кім? -
Баланыз спорттың қандай түрін ұнатады? -
Баланыз қандай пәнді қызығушылықпен танытып оқиды? -
Баланызға 13-ке толғанда қандай сыйлық сыйладыныз?