Файл: Пн малімі Суименова Балнур Сериковна Кні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 43

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Бақ пен бап сыналар бұл сайысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, оқушыларымызды ортаға шақырамыз.

«Біреу озса сайыста, біреу артта қалады, Оқушылар ортаға шығып жылулық шеңберін құрап, бір-бірлеріне жылы лебіздерін, тілектерін білдіреді, дайын турған смайликтерді алып, оның артындағы жазуына қарайды.«Кейіпкерлер» жазуы барлар бір топқа, «Көріністер» жазуы барлар екінші топқа біріктіріледі. І-топта 12 бала, ІІ-топта 12 бала. Балалар бөлініп екі жаққа отырамыз, және өздерін араларынан топ басшысын сайлап аласыздар.
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау!»- дей келе сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін.

Кім бірінші бастау (колесо)

І-тур: «Тапқырлық»(откройте поле)

ІI-тур: «Кім жылдам»(скретчпен жұмыс акваланг балық аулау)

Сергіту сәті видеоролик

ІII-тур: «Адасқан әріптер»(анограмма)

ІV-тур: «Мақал-сөз мәйегі!»интерактивті тақта
І-тур: «Тапқырлық!» Интерактивті тақтада бірнеше ұяшықтарға бөлінген кесте берілген. Әрбір ұяшықта «Цифрлық сауаттылық» пәніне тиісті сұрақтар берілген. Ұяшықтардағы жұмбаққа дұрыс жауап берген топ ұяшық 5 ұпай ала алады, егер жауабы дұрыс болмаса келесі топ жауап беріп ұпайын иеленуге құқылы.
Жануарға ұқсас атым бар

Бағдар көрсетер затым бар

Кілемше үстінде тұрамын

Ең қажетті құралмын... (Тышқан)
Жұртты өзіне қаратқан

Ақпаратты сақтап,таратқан (Компьютер)
Мәліметті сұраған,

Экранға шығарған... (монитор)
Егер білсең,айта қойшы

Бұл қандай құрылғы

Ақпаратты қағаздағы

Компьютерге енгізеді. (Сканер)
Бір сарайда тұрады екен,

Бес атаның балалары.

Қыдырмашы біреуі,

Бір күн бар да,бір күн жоқ.

Соны есепке алсақ

Ұзын саны жүз жеті... (Пернетақта,тінтуір)

2-топқа

Бұтақ орнында мың бір инесі,

Компьютер жаны мекені. (кактус)
Компьютермен енеді,

Қағазға басып береді... (принтер)
Төрт бұрышты әйнек,

Тұнып тұрған әлек (монитор)
Саусақтарды билететін

Экранға мәтінді сый ететін құрылғы? (пернетақта)
Пернеден жасқанатын, адам көмегімен басқарылатын

Қорқақ компьютердің кенже баласы ? (тышқан)

II-тур: «Кім жылдам!» Бұл сайыста оқушылар SCRATCH бағдарламасында

«балық аулау » жобасын жасайды. Қайсы топта акваланг көп балық ауласа сол топ жеңіске жетеді. Әр балыққа 1 ұпайдан беріледі.

ІII-тур: «Адасқан әріптер!» Бұл сайыста оқушыларға әріп орындары ауысып кеткен сөздер беріледі. Әріптерді орындарына қою арқылы цифрлық сауаттылық пәніне қатысты термин сөздер шығару керек. Әр сөзге 5 ұпайдан беріледі. Сайысты қайсы топ бірінші бастайтынын «Дөңгелек»әдісі арқылы анықтайды.


Адасқан сөздер: Спрайт,Скрипт,Келбет,Сценарий,Цикл,Алгоритм,Тикток,Инстаграм,Мессенжерлер,Телеграм,Костюм,Кейіпкер,Көрініс,Пернетақта,Тінтуір,Монитор,Процессор,Тармақталған,Принтер,Сканер.

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер.-деп IV турды бастайық.
ІV-тур: «Мақал-сөз мәйегі!» бұл бөлімде топ мүшелеріне компьютерге қатысты құрастырылған мақал-мәтелдер беріледі интерактивті тақтада, осы мақал-мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу қажет. Әрбір дұрыс шешілген мақалға 10 ұпай беріледі.

1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жігітті досына қарап, бағала)

2. Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)

3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)

5. Білмесең, «анықтама»-дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)

6. Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды (Досы күштіні – жау алмайды)

7. Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Күлсең кәріге күл)

8. Компьютерде бес колонка, дауысы жер жарады (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)

Осымен 4 турдан тұратын сайысымыз аяқталды топ басшылары ұпай санын санап болғанша мен сендерге логикалық сұрақтар қоя тұрайын:
1. Ағашта саңырауқұлақ кепті,

Жаңбыр жауып,оны жұмсартып кетті.

40-ы қызыл,8-і сары,20-сы жасыл еді,

Тышқан мен тиін 7-н жедің,

Қалды екен нешеу, айта ғой? Жауабы: (61саңырауқұлақ)

2. Әкемнің 7 ұлы бар, оның әрбір ұлының 

қарындасы бар. Үйде неше бала  бар ?

Жауабы 8 бала  )

3. Үстел беті төртбұрыш, оның бір бұрышын

арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады ?

Жауабы ( 5 бұрыш қалады )

4. Ағаш үстінде 100 торғай отыр. Аңшы 10 торғайды

атып алды. Неше торғай ағашта қалды ?

Жауабы 10 торғай )

Жетпесіңе жеткізген,

Қызықты уақыт өткізген.

Бар ғылымды сыйдырып,

Білетіні көп бізден.

Жаңалықтың жаршысы,

Жұртты елең еткізген

Цифрлық сауаттылық пәніне мың алғыс! – деп топтардың қорытынды ұпайларын санап, жеңімпазды анықтайық.
Уақыттарыңызды бөліп, келіп көргендеріңізге көп рахмет!