Файл: Табиат физикасы. Жары, дыбыс, электрлік, магниттілік.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 134
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жаратылыстану 5-сабақ
Сабақтың барысы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі«------------------------- орта мектебі» КММҚысқа мерзімді жоспар Жаратылыстану 6-сабақ
Сабақтың барысы
Бұл ҚМЖ-ны өзгелерге таратуға болмайды, авторлық құқықты сақтаңыз. Егер осындай дайын ҚМЖ немесе БЖБ, ТЖБ алғыңыз келсе, +77764531215 нөміріне ватсапқа жазыңыз. 3-тоқсанға 5 пәннен БЖБ, ТЖБ 2 нұсқада алуға болады. Оның ішінде:математикадан 3 бжб,1 тжб қазақ тілінен 2 бжб, 1 тжбәдебиеттен 2 бжб, 1 тжб дүниетанудан 1 бжб жаратылыстанудан 1 бжб, 1 тжб болады. БЖБ-лардың мақсаты, дескрипторымен балл қою кестесі, рубрикасы болады. ТЖБ-лардың тапсырма сипаттамасы, дескрипторымен балл қою кестесі болады.БЖБ, ТЖБ-лар биылғы курста берілген жаңа шаблонда жасалады және ЖБ алатын уақытқа қарай почталарыңызға жіберіледі.
| Бөлім: | Табиғат физикасы. Жарық, дыбыс, электрлік, магниттілік | |
| Мұғалімнің аты-жөні | Бауржанқызы Елдана | |
| Күні: | 14.04.2023 | |
| Сынып: 3 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
| Сабақтың тақырыбы | Дыбыстың қасиеттерін қалай пайдаланады? | |
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 3.5.3.1 дыбыс қаттылығының дыбыс көзі мен қабылдағыш арасындағы қашықтыққа тәуелділігін түсіндіру 3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау | |
| Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: қашықтықтың дыбыс қаттылығына әсерін түсіндіре алады. Көптеген оқушылар: жануарлардың дыбысын бір-бірімен салыстыра алады. Кейбір оқушылар: тақырып бойынша сұрақтар құрастырып, жауап бере алады. | |
| Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
| Ұйымдастыру, өзін – өзі тексеру Өткен білімді еске түсіру 8 мин | Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді. Өткен тақырыпқа шолу және жаңа тақырыпты ашу «Жедел жауап» әдісімен өтеді: - Өткен сабақта қандай тақырыпты өттік? -Кім адамдардың дыбысты қалай еститіні туралы әңгімелеп береді? - Балық аулау кезінде неліктен шуламау керек? -Неліктен біз масаның ызыңын қасымызға жақын келгенде ғана естиміз? -Тоқылдақтың тоқылдаған дыбысы неліктен ағаштың жан-жағынан естіледі? - Олай болса бүгінгі сабағымызда дыбыс қасиеттерін пайдалану туралы оқып білетін боламыз. Сабақ мақсаты жария етіледі. |
Өткен тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап береді. Тақырыпты шығарады. | Дескриптор: Адамдардың дыбысты қалай еститіні туралы әңгімелейді-2балл. Оқу тапсырмасын орындаған оқушыны «Ауызша мадақтау» әдісімен бағалау. Жауабын толықтыру, тиімді кері байланыс жасау. | |
| Жаңа білім 15 мин 2 мин Бекіту 15 мин | (Ұ) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісімен орындалады. Дәптермен жұмыс болады. А) Суретпен жұмыс. -Арыстанның дауысы мен саршұнақтың қандай айырмашылығы бар? -Суреттегі жануарлардың дыбысын бір-бірімен салыстырыңдар. Ә) Мәтінмен жұмыс. Б) Сұрақ-жауап. Циркте үйретушілер неліктен иттер ғана еститін ысқырықты пайдаланады? Неліктен? Сергіту сәтінде қазақ биін билету. (Т, Д) 2-тапсырмада «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісімен жүзеге асырылады. А) Зертте. Жануарлар қай уақытта, не үшін дыбыстайды? Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады. Кейбір оқушыға: -Тақырып бойынша сұрақтар құрастырып, жауап бер. | Тапсырмалар орындайды. Сұрақтарға жауап береді. Мысалдар келтіреді. Билеп сергиді. Бақылайды. Сұрақтарға жауап іздеп, жауап береді. | Дескриптор: - Арыстанның дауысы мен саршұнақтың дауысының айырмашылығын ажыратады-2балл. - Суреттегі жануарлардың дыбысын бір-бірімен салыстырады-2балл. - Циркте үйретушілер иттер ғана еститін ысқырықты пайдаланатынын анықтайды-2балл. Дескриптор: - Жануарлар қай уақытта, не үшін дыбыстайтынын анықтайды-2балл. | Оқулық Оқулық |
| Кері байланыс 5 мин | Кері байланысты «Менің сөзім» әдісі арқылы береді. Оқу тапсырмасы: Мәтінді түсініп оқу. | Түсінгені туралы ой қорытады. Тапсырманы жазып алады. | ҚБ қойылады. | |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі«------------------------- орта мектебі» КММҚысқа мерзімді жоспар Жаратылыстану 6-сабақ
| Бөлім: | Табиғат физикасы. Жарық, дыбыс, электрлік, магниттілік | |
| Мұғалімнің аты-жөні | | |
| Күні: | | |
| Сынып: 3 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
| Сабақтың тақырыбы | Электр тогы қалай пайда болады? | |
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 3.5.5.1 электр энергиясы көздерін анықтау; 3.5.5.2 қарапайым электр тізбегінің сызбасын жинау | |
| Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: электр энергиясы көздерін анықтайды және қарапайым электр тізбегінің сызбасын жинай алады. Көптеген оқушылар: денелердің электрленуі туралы түсіндіре алады. Кейбір оқушылар: тақырып бойынша сұрақтар құрастырып, жауап бере алады. | |
| Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
| Ұйымдастыру, өзін – өзі тексеру 8 мин | Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді. Өткен тақырыпқа шолу «: - Өткен сабақта қандай тақырыпты өттік? -Кім адамдардың дыбысты қалай пайдаланатыны туралы әңгімелеп береді? -Өткен тақырыптарға байланысты бір-біріңе сұрақ қойып, жауап алыңдар. Оқу материалын жариялау «Мюссенберг» әдісі арқылы жүреді: -Берілген әріптер арасынан мағыналы сөздерді тауып, тақырыпты шығарыңдар. Раэщнтэлектрштбгвдтеатогырынджппбшқалайаэщнмэпайдаытнпиуболадыпщпид - Қандай сөйлем шықты? -Электр тогы деген не? -Электр тогының пайда болуы дегенді қалай түсінесіңдер? -Электр тогы не үшін керек? -Электр тогын пайдаланып көрдіңдер ме? - Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай? Сабақ мақсаты жария етіледі. |
Сұраққа жауап береді. Тақырыпты шығарады. | Дескриптор: Адамдардың дыбысты қалай пайдаланатыны туралы әңгімелейді-2балл. Оқушыларды «Ауызша мадақтау» әдісімен бағалау. Жауабын толықтыру, тиімді кері байланыс жасау. | |
| Жаңа білім 15 мин 2 мин Бекіту 15 мин | (Ұ) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісімен орындалады. Дәптермен жұмыс болады. А) Сөздік жұмысы. Электр тогы, электрлену. Ә) Суретпен жұмыс: -Бұл қандай құбылыс? -Суреттерге қараңдар. Олардың арасында қандай байланыс бар? Түсіндіріңдер. Осыған ұқсас құбылыстарды бұрын байқадың ба? Суреттерде бейнеленген құбылыстарды қалай атауға болады? Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады. Кейбір оқушыға: -Тақырып бойынша сұрақтар құрастырып, жауап бер. Сергіту сәтінде «Жаяу» әніне билейді (Т, Д) 2-тапсырмада тәжірибелік кезең жүзеге асырылады. А) Зертте. -Заттарды қандай әдістермен электрлендіруге болады? Ә) Инфографикамен жұмыс. -Суреттерге қараңдар. Адам электр тогын қайдан ойлап тапты? -Суреттегі құралдар қалай аталады? Сен оларды қайдан кездестірдің? -Электр тогымен жұмыс істейтін қандай құралдарды білесіңдер? Б) Үйретілген жылан. Достарыңа оқулықтағыдай тілалғыш жыланды жасап көрсетіңдер. Неліктен жылан сызғышқа қартылады? Оны қолдан жасау үшін не керек? Б) Ойлан. -Линолеум төселген еденге шаң неге тез жиналады? Ә) Мәтінмен жұмыс. Саралаудың «Дереккөз» тәсілі жүзеге асады. Кейбір оқушыға: - Дереккөздерден электр тогы туралы мәліметтер іздеп тап. Сыныптастарыңа таныстыр. | -Сөздікті жаттайды. -Сұрақтарға жауап береді. Әнге қосылып, билейді. -Сұраққа жауап береді. -Мәтінді оқиды. | Дескриптор: Сөздікті жазады, жаттайды-1балл. - Электр тогының қалай пайда болатынын атайды-1балл. - Заттардың арасында электрлену байланысы пайда болғанын анықтайды -1балл. Дескриптор: - Заттарды электрлендіру әдістерін қарастырады -1балл. - Адам электр тогын қайдан ойлап тапқанын анықтайды-1балл. - Суреттегі құралдарды атайды-1балл. тілалғыш жыланды жасап көрсетеді-1балл. Линолеум төселген еденге шаңның тез жиналу себебін анықтайды-1балл. | Оқулық Түрлі заттар |
| Кері байланыс 5 мин | Кері байланысты «Шеринг» әдісі арқылы береді. Оқу тапсырмасы: Мәтінді түсініп оқу. | Түсінгені туралы айтады. Тапсырманы жазып алады. | ҚБ қойылады. | |
Бұл ҚМЖ-ны өзгелерге таратуға болмайды, авторлық құқықты сақтаңыз. Егер осындай дайын ҚМЖ немесе БЖБ, ТЖБ алғыңыз келсе, +77764531215 нөміріне ватсапқа жазыңыз. 3-тоқсанға 5 пәннен БЖБ, ТЖБ 2 нұсқада алуға болады. Оның ішінде:математикадан 3 бжб,1 тжб қазақ тілінен 2 бжб, 1 тжбәдебиеттен 2 бжб, 1 тжб дүниетанудан 1 бжб жаратылыстанудан 1 бжб, 1 тжб болады. БЖБ-лардың мақсаты, дескрипторымен балл қою кестесі, рубрикасы болады. ТЖБ-лардың тапсырма сипаттамасы, дескрипторымен балл қою кестесі болады.БЖБ, ТЖБ-лар биылғы курста берілген жаңа шаблонда жасалады және ЖБ алатын уақытқа қарай почталарыңызға жіберіледі.