Файл: озышты бл тірі тіндерді тітіркендіргіштерге озу рдісімен жауап беруі. озу бл физиологиялы, биофизикалы, биохимиялы жне рылымды згерістермен сипатталатын тіндердегі крделі рдіс.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 30

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

  1. Қозғыш тіндер, қозғыштықтың көрсеткіштері.

Қозғыштық – бұл тірі тіндердің тітіркендіргіштерге қозу үрдісімен жауап беруі.
Қозу – бұл физиологиялық, биофизикалық, биохимиялық және құрылымдық өзгерістермен сипатталатын тіндердегі күрделі үрдіс.


1. Қозу табалдырығы – қозу үрдісін (яғни минималды жауап реакциясын) тудыратын тітіркендіргіш күшінің ең аз мөлшерін айтады.

- Реобаза – қозу тудыратын токтың минималды күші (Вольт).

2. Пайдалы уақыт – табалдырық күшпен әсер еткенде қозуды тудыратын ең аз уақыт.

3. Хронаксия – тінді қоздыратын екі реобазаға тең күш әсерінің ең қысқа уақыты.

4. Аккомодация – қозғыш тіннің ток күші үдеуіне бейімделуі. Күш үдеуінің ең аз уақытымен өлшенеді.

5. Лабилдік – тітіркендіру жиілігіне сәйкес бір секунд ішінде пайда болатын қозудың ең жоғарғы (максималды) санын айтады.

  1. Тыныштық потенциалы, әрекет потенциалы.

Мембраналық потенциал(тыныштық потенциал) – бұл жасуша мембрана беті мен оның протоплзамасы арасындағы потенциалдар айырмасы.

Мембрананың сыртқы беті «+» зарядталған;

Мембрананың ішкі беті «-» зарядталған.


Әрекет потенциалы – бұл қозу кезеңіндегі мембраналық потенциалдың тербелісі (мембрана зарядтары өзгереді).




Жергілікті жауап. 2. Деполяризация. 3. Реполяризация. 4. Теріс іздік потенциал. 5. Оң іздік потенциал.

  1. Қозу кезіндегі қозғыштықтың кезеңдері.



1)Абсолюттік рефрактерлік кезең. Бұл кезеңде тін ешқандай тітіркендіргішке жауап бермейді.

2)Салыстырмалы рефрактерлік кезең. Бұл кезеңде табалдырық күшінен жоғары тітіркендіргішке жауап реакциясы туады.

3) Супернормалды кезең.Бұл кезеңде, тін, табалдырықтан төмен күшкеде жауап береді.

4) Субнормалды кезең. Бұл кезеңде тіннің қозғыштық қасиеті күрт төмендейді де, табалдырық күшінен жоғары тітіркендіргішке жауап береді.

  1. Бұлшықеттің физиологиялық қасиеттері.

1. Қозғыштық – бұлшықеттің тітіркендіргішке қозумен жауап беру қасиеті;

2. Өткізгіштік – бұлшықет талшығы бойымен қозуды өткізу қасиеті;

3. Жиырылғыштық – бұл қозу кезінде ұзындығын немесе кернеуін өзгерту қасиеті;

4. Эластикалық (созылғыш, майысқақ) – жиырылудан кейін бұлшықеттің бастапқы пішініне келу қасиеті;

5. Автоматия - бұл тіннің сырттан тітіркендірусіз өзінде пайда болатын серпіністер есебінен жиырылу қасиеті;

6. Пластикалық – бұл созылғында ұзындығы өзгерген пішінін біраз уақытқа дейін сақтау қасиеті.

  1. Бұлшықеттің жиырылу түрлері мен механизмдері.

I. Бұлшықеттің жиырылуы жүретін жағдайларға байланысты:

- изометрлік режим(бұлшықеттің ұзындығы өзгермей, тек оның тонусының күшеюін (еттің қатаюын) айтады.) - изотониялық режим(бұлшықеттің тонусы өзгермей, тек оның қысқаруын айтады

) - ауксотониялық режим(бұлшықет бір мезгілде қысқаруы мен оның тонусының (шиырығуы) күшеюін айтады.)

II. Саны жағынан:

- бұлшықеттің дара жиырылуы- ЕДЖ – жеке импульс әсерінен пайда болады.




1. Латенттік (жасырын) кезеңі – 0,01 сек;

2. Жиырылу кезеңі – 0,05 сек;

3. Босаңсу кезеңі – 0,05-0,06 сек
- жинақы бұлшықет жиырылуы:

а)шала жинақталу; б) толық жинақталу.

- тетанус: Тетанус – бірінен соң бірі жиі келетін тітіркендіргіштерге бұлшықеттің ұзақ жиырылуы.

а) тісті тетанус- тітіркендіру жиілігі төмен болғанда туындайды (↑ 10, но ↓ 20 Гц).

б) тегіс тетанус.- тітіркендіру жиілігі жоғары болғанда туындайды (↑ 20 Гц).

механизм

Тітіркендіру→ әрекет потенциалының пайда болуы→ оның жасуша мембранасы мен талшықтардың көлденең түтікшелері бойымен өтуі→ саркоплазмалық ретикулум цистерналарынан Са2+ иондарының босап шығуы және олардың миофибриллдерге енуі→ Са2+ ионының тропонинмен байланысы→ тропомиозиннің деформациясы→ көлденең көпіршелердің белсенді актин орталықтарымен байланысы→ актин жіпшелерінің жылжыуы, нәтижесінде миофибриллдер қысқарады→ кальций насосының белсенуі→ саркоплазмадағы бос Са2+ иондарының концентрациясының төмендеуі→ көлденең көпіршелердің ажырауы→ миофибриллдердің босаңсуы.