Файл: Бекітемін Оу ісіні мегерушісі Сарсенбаева Ж. Саба 1блім Блім таырыбы Таза, мінсіз асыл сз.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 28
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бекітемін___________Оқу ісінің меңгерушісі Сарсенбаева Ж. | | ||||||||
САБАҚ: 1-бөлім: Бөлім тақырыбы: Таза, мінсіз асыл сөз Тақырыбы: «Керқұла атты Кендебай» ертегісі | | ||||||||
Күні: 07.09 | Пән: қазақ әдебиеті | Пән мұғалімі: Кадырбаева К. | | ||||||
СЫНЫП: 5 | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | | ||||||
Оқу мақсаттары | Т/Ж 1 Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау. Т/Ж 3 Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу. | | |||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар орындай алады: | | |||||||
Ертегіні оқып, сюжеттік дамуын сипаттайды, кейіпкерлердің іс-әрекетін баяндайды. | | ||||||||
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: | | ||||||||
Әдеби шығарманың фабуласы мен сюжеттік дамуына тоқталады. Кейіпкерлер іс-әрекеті арқылы образын ашады. | | ||||||||
Кейбір оқушылар орындай алады: | | ||||||||
Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуының өзіндік ерекшелігін ашады, өз көзқарасын білдіреді. | | ||||||||
Бағалау критерийі | 1.Оқылған мәтіннің мазмұнын түсінеді, ертегінің сюжеттік дамуы мен фабуласын сипаттайды. 2.Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашады. 3.Фабуласы мен сюжеттік дамуының өзіндік ерекшелігін ашады, өз көзқарасын білдіреді. Кейіпкерлерімен салыстырады. | | |||||||
Құндылықтарға баулу | Қарым-қатынас жасау қабілеті, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау | | |||||||
Тақырып бойынша алдыңғы білім: | Ертегі түрлері, жанрлық ерекшелігі, халық ауыз әдебиетінде кейіпкер образын жасау ерекшелігіне тоқталады. | | |||||||
Сабақтың барысы | | ||||||||
Кезеңдер уақыты | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Ресурстар | ||||||
Қызығушылық ояту 7 минут Мағынаны тану кезеңі | -Балалар, сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме? Ертегі-бұл ерекше жанр. Ертегіде сиқырлы құралдар бар. Ертегіде әрқашан қайырымдылық зұлымдықты жеңеді. Ертегіде жануарлар адам сияқты сөйлей алуы және адам үшін түрлі нәрселер істей алуы мүмкін. Ол ауызша айтылып, ел есінде ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан – ұрпаққа ауысып біздің дәуірімізге жеткен. Әр кезеңде ертегі айтушылар өз жандарынан ертегі мазмұнына жаңа оқиғалар қосқан. Кіріспе. Сабақ мақсатымен таныстыру М.Әуезов қазақ ертегілерін мазмұны жағынан үшке бөледі: Ертегілер мынандай жанрларға бөлінеді: Қиял - ғажайып; Хайуанаттар туралы; Шыншыл ертегі; Қиял - ғажайып ертегілерінің оқиғасы қиялға, фантазияға құралған, өмірде болмайтын нәрселер туралы баяндалады баяндалады. Олар жеті басты жыланмен, жалғыз көзді дәумен, жалмауыз кемпір, мыстан кемпір, небір құбыжықтармен күрес үстінде бар асыл қасиеттерімен көрінеді. Олар көкке ұшады, жер астына түседі, теңіздерден өтеді, азабы мол қиын - қыстау оқиғаларда ақыл, айла - тәсілін асырып, жеңіп шығады. Бұл ертегілерді оқи отырып жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуге тырысады. Мысалы: «Алтын сақа», «Ер Төстік», «Алтын балық» т. б. Кейіпкерлері: жалмауыз, жезтырнақ, мыстан кемпір. Ата - бабамыз төрт түлік малды қадірлеп, пір тұтқан. Балаларға ең жақын ертегілер хайуанаттар туралы ертегілер. Хайуанаттар туралы ертегілердің кейіпкерлері аң, құс, үй жануарлары болады. Алайда олар адамға тән қасиеттер, әрекеттер иесі болып суреттеледі де сол арқылы сұм - қиянатшыл, арамза, қу мінез қылықтар әшкереленеді, еңбексүйгіштігі, батылдығы, адалдығы суреттеледі. Шыншыл ертегілер халық өмірін, тұрмысын шындық тұрғыдан бейнелейді. Атқа мінерлердің іс - әрекеттерін әшкерелейді. Ертегілердің тілі көркем, қарапайым, түсінікті жеңіл келеді. Сендер құрметті жас достар, ертегінің осылай тілі арқылы халықтың өз өмірлерін жақсарту жолындағы арман - тілектерін, тамаша қиялдарын біліммен қоса өздерінде солай қиялдауға, армандауға үйренесіңдер. Ертегінің көркем де, жеңіл тіл сендердің қиялдарыңа қанат бітіріп, арманды ақиқататады, қайратты істерге құлшындырады. Шешен сөйлеуге, өз ойларыңда әдемі баяндауға үйретеді. Тіл құдіреті сені небір құпия сырлар әлеміне жетелейді, көзіңді ашып, кереметтерді танытады. Халық ертегілерін сүйе біл, сүйсіне оқы, одан тіл үйрен, мәнін, мазмұнын аңғар! Жақсы қасиеттерін бойға сіңір! Ертегі саған өмір бойы адал серік бола алады. | | Ақ қағаз https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/5-synyp/ertegiler/lesson/3-kerqula-atty-kendebai-ertegisi (Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет) https://kk.wikipedia.org/wiki/% D0%95%D1%80%D1%82%D0%B5%D0%B3%D1%96 | ||||||
| Анықтама бұрышы Жанр (французша genre, латынша generіs — түр, тек) — өнердің барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан іштей жіктелім жүйесі. Фабула (лат.Fabula — аңыз, әңгіме, ертегі, мысал) — көркем шығармада суреттелген окиғаны рет-ретімен жүйелеу. Сюжет (фр.sujet - зат) - өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі. Образ, көркем образ - шындықтытанып-білуде әдебиет пен өнерге тән ерекше эстетикалық категория Жанр - әдеби шығармалардың жеке түрлері көркем әдебиеттің салалары. Көркем әдебиет – арнасы кең көп салалы өнер. Әдебиет туындыларының құрылыс-қалпы мағыналық сыйымдылығы көркемдік- сипат- белгілері әр алуан бола береді.Сондықтан әдеби шығармалардың жүйесін тауып жіктеп- топтауға түр-түрге бөлу үлкен мән береді. Орныққан жүйе бойынша әдеби шығармалар негізінен 3 топқа бөлініп жіктеледі: эпостық жанр, лирикалық жанр, драмалық жанр.Бұлар әдебиеттің 3 үлкен саласы 3 тармағы. Эпостық жанр. Мұнда өмір шындығы негізінен уақиғаны баяндау арқылы көрсетеді. Уақиғалар кейіпкерлердің іс- әрекеттері өмірдегі болатын обьективті болмыс қалпында алынып, бейнеленеді,жазушы тек баяндап жеткізуші ретінде көрінеді.Бұл жанрдың шығу тегі ауызша поэзиядағы халықтық жыр эпостық поэмадан басталады.Жазба әдебиетінде эпостық жанрдың роман, повесть, әңгіме сияқты түрлері және сюжетті поэманың жаңа түрі пайда болды. Лирикалық жанр. Мұнда өмір шындығы адамның әр түрлі құбылыстарды жәй- жағдайларды қалай қабылдап –көрсететінін бейнелеу,оның ой-сезімін алған әсерін суреттеу арқылы көрсетіледі.Лириканың басты сипаты ақынның тұлғасын бейнелеген Өмір құбылыстарын соның көңіл- күйі ой- сезімі тұрғысынан қарап білеміз. Орыс әдебиетінде кең тараған лирикалық шығармалардан элегия, эпиграмма, ода,толғаныс секілді түрлерін атауға болады.Қазіргі поэзияда лирикалық шығармаларды топтап жіктегенде, саяси – әлеуметтік лирика, көңіл-күй лирикасы, табиғат лирикасы т.б Драмалық жанрдың ерекшелігі – мұнда уақиғаны баяндау да, болған жағдайды адамның қабылдап сезінуі арқылы көрсету де бар. Шығармаға арқау болатын- өмірлік,тартыс,уақиға, ал уақиғаның барысы қалай дамитыны кейіпкерлердің сөйлеген сөзінен аңғарылады. Бұл жанрдың негізгі түрлері трагедия,комедия, драма ерте дәуірде қалыптасып театр өнерінің дамуына байланысты кейін жаңа сипат белгілермен толықты.Осы 3 салаға жататын әр жанрдың түр-түрлерін де поэма мен романды немесе трагедияны жанр деп аталады. Сөздікпен жұмыс: • 1. Алты айдың ішінде алты кез болды. (Кез – 71 см-ге тең ұзындық өлшемі). • 2. Ернім жалақ, басым таз болды. (Жалақ ерін жел қақты боп кеберсіген жара). • 3. Құндыз жүнді арғымақ құлын туады. (Құндыз- салмағы 10 кг-дай өзен-көлде тіршілік ететін терісі бағалы аң). • 4. Зынданның аузы құлыптауы. (Зындан – тұтқынға түскен адамдарды жазалау үшін жер астынан қазылған терең ор, апан). • 5. Батпан – салмақ өлшемі. Бір батпанда 200-300 грамм ауырлық бар. 1-тапсырма Қате орналасқан жоспар атауларын ретімен орналастыр: 1. Кендебай мен жетім бала. 2. Керқұланың тағдыры. 3. Кендебайдың дүниеге келуі. 4. Хан бұйрығы. 5. Баланың ата-анасымен қауышуы. 6. Кендебайдың бұйрықты орындауы. 7. Кендебайдың аралға баруы. 8. Кендебайдың биені күзетуі. 9. Кендебай мен ханның бір-біріне қойған шарттары. 10. Керқұла атты Кендебай батырдың елі. Өзіңді тексер 1. Кендебайдың дүниеге келуі. 2. Керқұланың тағдыры. 3. Кендебай мен жетім бала. 4. Керқұла атқа тіл бітуі 5. Кендебайдың аралға баруы. 6. Кендебайдың биені күзетуі. 7 Ханның бұйрығы. 8 Кендебайдың бұйрықты орындауы. 9 Баланың ата-анасымен қауышуы. 10 Керқұла атты Кендебай батырдың елі. 2-тапсырма Кендебай бойындағы адами қасиеттерді жинақтап, кластер құрыңыз. 3-тапсырма «Кендебай» деген сөзден басталатын 5 сөйлем жазыңыз. Өзіңді тексер «Кендебай» деген сөзден басталатын 5 сөйлем. Кендебай ел- жұртқа қайырымды болған. Кендебай алыс бір жерге барып, аң аулады. Кендебай баланы жұбатты. Кендебай мал бағып жүреді. Кендебай елдің малын айдап келіп, иелеріне табыс етеді | Дескриптор: Білім алушы Ертегінің мазмұнын тыңдайды; Мазмұндық жоспарын рет-ретімен орналастырады Дескриптор: Білім алушы Кейіпкерге мінездеме береді Кластер құрастырады Дескриптор: Білім алушы 5 сөйлем құрастырады; Сауатты жазады. | Интербелсенді тақта, анықтама бұрышы https://www.youtube.com/watch?v=2IckJ80E4pg Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/qaarc/qa/19830 https://kitap.kz/audio-book/kerqula-atty-kendebay | ||||||
Соңы | Бүгінгі сабақта: Оқылған мәтіннің мазмұнын түсіндім, ертегінің сюжеттік дамуы мен фабуласын сипаттай алдың.Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын аштың. Фабуласы мен сюжеттік дамуының өзіндік ерекшелігін ашып, өз көзқарасымды білдірдің. Кейіпкерлерімен салыстырдың. | | | ||||||
Қосымша ресурстар | Төменде берілген сілтеме арқылы «Керқұлла атты Кендебай» ертегісін толық нұсқасын тыңдайсыздар https://bilimland.kz/index.php/kk/courses/audiochrestomathy/5-synyp/ertegiler/lesson/3-kerqula-atty-kendebai-ertegisi | | |