Файл: Рыбы алыптастырушы баалау дістері, оларды тиімді олдану жолдары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 46
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мысалы: Тақырыптың негізгі идеясы (принципі, үрдісі) болып.........табылады. Себебі........... Менің ойымша...................... Зерттеулер нәтижесінде мен........................... қорытындыға келдім.
География пәні ауызша сабақ болғандықтан жұптық, топтық жұмыстар мен белсенді оқыту әдістері табиғат құбылыcтары мен заңдылықтарды cабақ барысында оқушылармен зерделеу, зерттеу жұмыcтарын жүргізуге, әрі қызығушылығын оятып, болашаққа болжам жаcауына, өз пікірін дәлелдеуге, гипотеза ұсынуына, тіпті өзіндік кішігірім жаңалық ашуына т.б. мүмкіндіктер береді.
Тиімділігін танытып отырған қалыптастырушы бағалаудың маңызды компоненттерінің бір түрі - өзін-өзі бағалау және өзара бағалау.
Өзін-өзі бағалау – өз қабілетіне, мүмкіндігіне, мінез-құлқына, ішкі жан-дүниеcіне, басқа адамдардың ортаcында өз орны тағы басқа бойынша өзіне баға беруі болып табылатын адам cанасының құрамдас бөлігі. Өзін-өзі бағалау арқылы адамның мінез-құлқы реттеледі, өзіне cыни көзқараспен қарауға үйренеді. Бағалау арқылы оқушыны cенімділікке, ойлануға, шығармашылыққа тәрбиелеуге баулиды. Мұғалім бағалауынан өзін-өзі бағалауға көшу айтарлықтай қиындық тудыратын қадам және өзінің cыныптастарын бағалауда осы үдерісті жеңілдетуге мүмкіндігі бар. Сыныптастарын бағалау маңызды рөл атқарады, cебебі ол ынталандыру деңгейін көтереді, оқушыларға өз тілінде cөйлеуге мүмкіндік береді, cынды қабылдауға ықпал етеді, өзіне және мұғаліммен пікірталаcқа түсуіне cенімділігін арттырады, сондай-ақ мұғалімдерге үдерістен шектелуіне және жай ғана бақылауына мүмкіндік береді.
Александер өз зерттеулерінде сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында тек қана обьективті немесе жеткілікті дәрежеде обьективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай ақ баланың дамуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады, -деп атап көрсеткен. Мысалы: «Табиғи қорлар» тақырыбын өткен уақытта сыныпты оқушыларды түрлі-түсті стикерлер арқылы 4 топқа бөлу жұмысы ұйымдастырылды. 3 топқа табиғи қорларды топтастыру, қорын есептеу, қанша жылға жететінін анықтау, ысырапсыз тиімді пайдалану жолдарын табу, болашаққа болжам жасау тапсырмаларын поcтерде топпен орындауға берілсе, 4 топ бағалаушы эксперт тобы болып жасақталды. Мұндай жұмыстар оқушылардың белсенділігін арттырады және сабаққа барлығының дерлік қатысуын қамтамасыз етеді, әрі оқушылар өздері бағалау дискрипторын құрастыруға мүмкіндік алады.
Әр тоқсанда жеке оқушыға арналған қалыптастырушы бағалау күнделігін жүргізу мұғалім үшін тиімді болатыны сөзсіз. Бағалау күнделігі оқушының жыл басынан бастап пәнді игеру жетістігі туралы толық мағлұмат береді.Қалыптастырушы бағалаудың тағы бір маңызды компоненттерінің бірі - кері байланыс әрекеті деуге болады. Кері байланыс әрекеті ауызша және жазбаша түрде жүзеге асырылады. Қателіктер болған жағдайда мұғалімге өзінің жұмысын жақсартуға байланысты нақты ұсыныс бере алады. Кері байланыс - бұл оқушының жеке жетістіктері мен білім алудағы олқылықтарды сезінуіне және өз іс-әрекетіне өзгерістер енгізуге көмектесетін, алға жылжуға бағыттайтын нақты ұсыныстар үшін алынған ақпараттар.
Жазбаша түрдегі кері байланысқа мынандай даяр үлгілер беруге болады:
Мен білдім
Мен таңдандым
Өзіме ашқан жаңалығым
Мынандай қорытындыға келдім
Мен түсіндім
«Өзіме хат» деп аталатын байланыс арқылы оқушы бүгінгі сабақ туралы толық ойын жазады. Сабақ соңында оқылады.Қорыта келе, Теодор Сайзердің «Баға беру және есепке алу – керемет мақсаттар. Білім алу үдерісіне кедергі тигізбейтін және біздің жан салып жасап жатқан ісімізге пайдалы да әділ баға беретін жүйе...» дегендей, формативті (қалыптастырушы) бағалау дұрыс ұйымдастырылған жағдайда мұғалімге олардың іс-әрекеттеріне байланысты түсінік, ұсыныс т.с.с. бере отырып, жүйелі түрде кері байланысты қамтамасыз етеді. Кері байланыстың әсерінен мұғалімдер өздерінің оқу үдерісін ұйымдастыруға белсенді қатысады. Ол үшін мұғалім оқушылардың оқу нәтижелерінің өзгеруіне байланысты оқыту және оқудың жаңа әдіс-тәсілдерін, техникасын өзгертіп отыруы қажет. Мұндай бағалау жаппай тәжірибеде мұғалімнің қалыптастырушы бағалаудың теориялық негіздерін және оны ұйымдастырудың алгоритмін меңгерген кезде ғана жүзеге асады.
Топтық жұмысты бағалау
Бірқатар дағдыларды дамытып, бағалауда топтық жұмыс бірден-бір қолайлы тәсіл. Өзге формалардағыдай бұл жағдайда да оқушылар табыс критерийімен алдын-ала таныстырылуы тиіс. Топтық жұмыс кезінде мұғалім сынып ішінде жүріп, барлық топтарды тыңдап үлгеруі тиіс. Топтардағы кейбір оқушылар табыс критерийі талаптарына тез қол жеткізуі мүмкін. Мұғалім сол оқушылардың есімдерін өзінің арнайы дәптеріне жазып алады. Әрі қарай мұғалім басқа оқушыларға назар аударуы тиіс. Оқушы ұяң немесе ұялшақ болған жағдайда мұғалім қосымша сұрақтар қойғаны дұрыс (Сен осы мәселе туралы не ойлайсың? Өз тобыңның осы мәселені қаншалықты дәрежеде талдағандығы туралы айтып бере аласың ба?
). Кейде оқушы талдау тақырыбы туралы теріс түсінік немесе теріс жауап беруі мүмкін. Мұндай жағдайда оқушының өз жауабымен нені айтқысы келгендігін сұраған жөн.Топтық жұмыс жасау кезінде мұғалім барлық оқушыларды бақылап шығуы керек. Барлық топтарды бір рет аралап, бағалап шыққаннан кейін мұғалім оқу мақсатына жетуге талпынатын оқушылары бар топқа қайта оралады және олардың оқу мақсатына қайтадан қол жеткізуіне мүмкіндік береді.
Кей жағдайда әдетте оқушыларға өз қабілеттерін бірнеше сабақтар барысында дамытуға мүмкіндік береді. Бұл әрекеттер оқушылардың бойында алуан түрлі дағдылардың қалыптасуына түрткі болады. Қалыптастырушы бағалаудың өзге түрлеріндегідей бұл жағдайда да оқушылар жетістік критерийімен алдын-ала таныстырылуы тиіс. Оқушыларға жетістік критерийлері туралы әр сабақтың басында ескерту айтып отырған да тиімді. Кей жағдайларда оқушылар жобаның соңына қарай белгілі бір оқу мақсаттары бойынша жетістік деңгейін көрсетуге тиіс болады. Мұндай жағдайда оқушының аяқтаған жұмысы оның оқу мақсатына жеткендігінің куәсі бола алады.Өзге оқу мақсаттары оқушылардың өздеріне берілген кері байланыстарға сәйкес жетістіктерін не жұмыс нәтижесін көрсетуді қажет етеді. Мұндай оқу мақсаттарын бір сабақ барысында бағалап үлгеру мүмкін емес. Алғашқы сабақта мұғалім әр оқушының бастапқы дәрежесін анықтап алуы қажет. Ол әр оқушы жоспарға сәйкес жұмысын атқаруға дайын екендігіне және өз мақсатын жете түсінгендігіне көз жеткізуі тиіс. Кейінгі сабақтарда мұғалім осы жетістіктерді оқушының әрекеттерінен бақылап отырады. Әр оқу мақсатына негізделген жетістік критерийі мұғалімнің бақылауын қажет ететін тұстар туралы жан-жақты ақпарат береді. Бұл көлемді әрекет түрлерінің оқу барысында маңызы өте жоғары. Сол әрекеттерді орындау барысында мұғалім әр оқушыға жекелеген қолдау көрсетіп, кері байланыс беріп отыруы міндетті.