Файл: Дріс тезистері апта Дріс таырыбы жне тезистер Саат клемі 1,2 дріс Таырып Психологияа кіріспе. Психологиядаы дістерді жіктеу.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 190

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ


№ апта

Дәріс тақырыбы және тезистер

Сағат көлемі

№ 1,2

дәріс

Тақырып: Психологияға кіріспе. Психологиядағы әдістерді жіктеу.

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. Психология пәні туралы түсінік және оның даму тарихы

  2. Психикалық құбылыстардың топтастырылуы

  3. Психология ғылымының негізгі салалары

4. Психологиялық зерттеулердің негізгі әдістері.



  1. Психология пәні туралы түсінік және оның даму тарихы

Психология психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтары туралы ғылым. Психикалық құбылыстар бiздi қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлi бейнелерi болып табылады. Психикалық құбылыстардың мәнiн ғылыми тұрғыдан түсiну арқылы ғана жан-жақты танып білуге болады. Осы мәселенiң ғылыми тұрғыда олардың заңдылықтарын психология ғылымы қарастырады. Психология ерте замандардан келе жатқан бiлiм салаларының бiрi. Оның дүниеге тұңғыш келген жерi ежелгi Греция. «Психология» терминi гректiң екi сөзiнен тұрады: оның бiрiншiсi «псюхе»-«жан», екiншiсi «логос» - «iлiм», сонымен, бұл сөз «жан туралы iлiм» деген ұғымды бiлдiредi. Бiрақ, психолгияны «жан туралы iлiм» демей, психика туралы ғылым деп түсiнген дұрыс. Ерте замандарда пайда болып, ғасырлар бойы дiншiлдiк нанымдар мен кейбiр буржуазиялық көзқарастарда насихатталып келген түсiнiктер бойынша адамда тәннен тәуелсiз «жан» болады, мәңгi-бақи жасайтын жан адамның барлық психикалық тiршiлiгiн ойының, сезiмiнiң, еркiнiң иесi себепшiсi дейді. Жан туралы осындай жалған түсiнiктiң пайда болуына алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсiне алмауы себеп болды. Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын, одан бөлек тұратын ерекше бiр сиқырлы күш бар, ал жан соның бiр көрiнiсi, ұйқы кезiнде ол денеден уақытша шығып кетедi де, адам ояанған кезде қайтып келедi, егер келмей қалса, адам өледi деп тұжырымдайды. Жан туралы осындай анимистiк барлық нәрседе жан бар дейтiн терiс түсiнiк, пiкiрлер кейбiр тайпалардың арасында күнi бүгiнге дейiн кездеседi. Адамның жан дүниесiн, психикалық құбылыстарды түсiну екi түрлi ой, екi түрлi бағыт туғызды. Олардың бiрi идеалистер табиғат, дүние идеадан кейiн жаратылған десе, бұған қарама-қарсы ғылым өкiлдерi материалистер, материя алғашқы, ал сана соңғы ол материядан туады деп түсiндiредi.

Психология басќа ғылымдар сияќты белгілі даму жолдарынан өткен. Әлемдік психологияның даму тарихы екі кезеңге бөлінеді:

Біріншіден, басқа ғылымдардың аясында психология білімінің қалыптасу кезеңі (IV-V ғ.ғ. біздің дәуірге дейінгі XIXғ-дың 60-шы ғ.ғ.). Бұл шамамен 2400 жылдай уақытқа созылып, Арестотельден (348-322) басталатын философиялық ілім тарихы.

Осынау, сан ғасырлық үлкен кезеңге әр кезде өмір сүрген ғалымдарды атап айтқанда, Герофил, Эрасизтарт, Гипократ, Демокрит, Гален, Гераклит, Декарт, Геббос, Спиноза, Лейбнец, ЛЗК, Руссо, Дидро, Кант, Гегель, т.б. ғұламалар адамның жан дүниесінің сыры мен қыры туралы небір сындарлы пікірлер айтқан. Мәселен, Арестотель өзінің “Жан туралы трактатында “жан тәнінің өмір сүруінiң формасы екендігін, мұның өзі ес, қиял, ойлау, эмоция, секілді процесстерге бөлінетіндігін айтса, келесі бір грек ғылымы Демокрит (460-370) жанды заттың атомдары секілді өсіп, өшіп отыратын үнемі қозғалыста болатын қасиет де п түсіндіреді.

Сонымен қатар, ежелгі Грецияның философтары психиканы түсіндіру амалын отпен немесе бумен салыстырудан іздеді. Мысалы, Гераклит түсіндіруі бойынша барлық әлем оттан пайда болады, “жан” ылғалдан буланып шығады, мұнда жанның құрғақ буы оның даналылығын қамтамасыз етеді. Ал, ылғалдылық жанды ауырлатып, оның мерт болуына сұйыққа айналдырады- деп есептеді.

Ал француз ғалымы Рене Декарт (1596-1650) жануар сыртқы ортаның әсеріне рефлекс (жүйке жүйесінің қызметі ) арқылы десе, Голонд ғұламасы Бендикт Спиноза (1632-1667) адамның еркі мен эмоциясы (аффект, құмарлақ т.б.) дене қызметімен тығыз байланыста болатындығы жайлы терең түйін айтқан.

Шығыс әлемінде жан туралы ғылыми пікірлерді ұлы ғұламалар Әбу Нәсір әл – Фараби (870-950) мен Әбу Әлі ибн Сира (980-1037), Ж.Баласағұнй, әл-Ғазали, Ибн Рүшд, Ита Баджа т.б. тоқтаған.

Екіншіден, психологияның өз алдына дербес ғылым ретінде (XIXғ-дың 60-шы ғ.ғ-қазіргі уақытқа дейін) көрінуі өте беріде, яғни 1870 жылдан басталады. Сол жылы неміс ғалымы Вильгельм Вундт (1832-1920) Лейпциг қаласында тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, психикалық құбылыстарды арнаулы құрал-сайман, аспаптардың көмегімен зерттеуге болатындығын дәлелдеп, мұның дербес эксприменттік (тәжірбиелік) ғылым болуына жол ашты.

XIX ғ-дың аяғы XX ғ-дың басында атақты психолог Г.Эббингауз психология тарихына қысқаша және нақты анықтама берген. Ол психология ғылымының зерттеу пәні бойынша психикалық құбылыстардың тарихи даму процестерін қарастырды. Осы көзқарас бойынша психология тарихын шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болады: Бірінші кезеңде –психология жан туралы ғылым болып қалыптасады, екіншіден – сана туралы ғылым, үшіншіден –мінез-құлық туралы ғылым, төртіншіден –психика туралы ғылым. Осылардың әрқайсысын нақтырақ қарастырып көрейік.

Мұнда бірінші кезеңде психология “жан туралы ғылым” болғандықтан ежелгі замандардан бері, біріншіден психика бейнесі “рух” пен материяның өзара байланысынының жалпы проблемасын шешу барысында да қалыптасты. “Рух” материядан тыс бола ала ма, “жан” денеден бөлек өмір сүре ала ма? Осындай және осы тектес философиялық және идеологиялық проблемаларды талдау барысында психикаға адамдардың қиялында бейнеленетін қасиеттерді басқа қасиеттерге байланысты анықтаса, екінші жағынан нақты осы қасиеті арқылы барша табиғатты мифологиялық тұрғыдан түсіндіруге мүмкіндіктер ашады.

Екінші кезеңде психологияның зерттеу объектісі – сана деп қарастырылып мұнда ұзақ уақыт интроспекция әдістемесі негізгі ғана емес жалғыз психологиялық әдіс болды. Ол екі негізгі бағытпен тұжырымдалады; біріншіден, сана процесі сыртқы бақылау үшін “жабық”, ал екіншіден сана процесі субъектінің өзінде ашылады. Бұл тұжырымдардан сана процесі басқаға түсініксіз нақты адамның өзінде ғана оқылады. Осы интроспекция әдісінің негізін қалаған Дж. Локк. Психология ғылымының дамуы үшін интроспектифті психология айтарлықтай мәнді әсер қалдыра отырып, мынандай теориялар қатарын ұсынды;

  • В.Вундт және Э.Титченер негізін қалаған сана элементтерінің теориясы;

  • Ф.Брентано атымен байланысты дамыған сана актілерінің психологиясы;

  • У.Джемсом құрған сана қарқыны теорясы;

  • В.Дильтеяның түсіндірмелік психологиясы.

Қазіргі психологияда интроспекция ұғымын өзін-өзі бақылау әдістемесі

ретінде қолданылып жүр.

Үшінші кезеңде – психолгияның зерттеу объектісі мінез-құлық деп қарастырылып, сонымен бірге американ психологы Джон Уотсон (1878-1958) негізін салған бихевиоризім бағыты еді. Олар “психология бихевиористің” көзқарасы тұрғысында деген еңбегінде ескі псиология тіліндегі сана, ерік, эмоция, қабылдау, бейнелеу, т..с.с. терминдерден бас тарту дұрыс деп есептеді. Оның орнына “бихевиоур” –ағылшын сөзі, қазақша ”мінез –құлық” деген мағынаны білдіреді. Бихевиористер психиканы мінез-құлықтың әр түрлі көріністері, организімнің сыртқы әсерге (ұ) стимул қайраттан жауап (R) реакцияларының жиынтығы деп түсіндіреді. Бихевиористер мынадай анайы тұжырымға келді: мінез-құлықта белгілі бір стимулдар жинағына қатаң белгіленген реакциялар сәйкес келеді, түптеп келгенде, стимул мен реакциялардың арасындағы өзара байланысты дәл сипаттауға болады. Сол арқылы адамның мінез-құлқын зерттеу мәселесі шешіледі.

Төртінші кезеңде – психикалық құбылыстардың механизмдері мен заңдылықтарын зерттелінеді. Қазіргі психология ғылымының негізін қалаған атақты ғалымдар С.Л.Рубинштейн, Л.С.Выготский, А.Р.Лурия зерттеулері айрықша айтылса және XX ғ-дың 30-60-шы жылдардағы психологтар Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин; А.В.Запорожец, Д.Б.Эльконин т.б. еңбектерімен байланысты қаралады.

  1. Психикалық құбылыстардың топтастырылуы

Психология психикалық құбылыстардың тууын, дамуын және қалыптасуын зерттейтін ғылым.

Психикалық құбылыстарды үлкен үш топқа жіктеуге болады:

  • Психикалық процестер

  • Психикалық қасиеттер

  • Психикалық кейіп

Олардың бiрi психикалық процестер деп аталса, екiншiлерi психикалық қалып, үшiншiлерi психикалық қасиеттер деп аталады.

Психикалық процестердiң кейбiрi түйсiк, қабылдау, елес т.б. сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын тiкелей танып, бiлуде көрiнетiн болса, ендi бiреулерi ойлау, қиял т.б.бұлардың арасындағы күрделi байланыстарды, дәнекерлi қатынастарды, өзгерiстердi тереңдей бойлап бiлуде ерекше орын алады. Адамның сыртқы дүниемен (объективтiк шындықпен) үздiксiз жасалып отыратын белсендi байланысында оның сезiм, ерiк процестерi шешушi роль атқарады.

Психикалық кейiп немесе қалып адамның түрлi көңiл күйiнiң шабыт, зерiгу, үрейлену, абыржу, сергктiк,белсендiлiкт.б.тұрақты компоненттерi. Психикалық құбылыстардың осы екiншi тобы ғылымда әлi де болса толық зерттелiп бiтпей жатыр.

Психикалық процестер адам мінез-құлқының алғашқы регуляторы болып шығады. Оның белгілі бастамасы, ағымы және соңы болады, яғни, алдымен психикалық процестердің ұзақтығы мен тұрақтылығын анықтайтын өлшемдер кіретін белгілі бір динамикалық сипаттарға ие болады. Осы процестердің арқасында адам өзі және қоршаған орта жайлы ақпарат алады. Бұл психикалық процестердің аясында аффекттер, эмоциялар, сезімдер, көңіл-күйлер және эмоционалды стрестер қарастырылады. Сонымен қатар тұлғаның психикалық қасиеті дегенде белгілі бір сандық және сапалық қызмет деңгейі мен адамның мінезін қамтамасыз ететін оның ең басты ерекшеліктерін түсінген жөн. Психикалық қасиеттерге бағытталуы, темперамент, қабілеттік, мінез-құлық жатады. Осы қасиеттердің даму деңгейі, сонымен бірге психикалық процестің даму ерекшеліктері және басыңқы (адамға тән) психикалық күйлер адамның қайталанбастығын, және оның жекелігін анықтайды.

  1. Психология ғылымының негізгі салалары
Ќазіргі кезде психология ғылымы – көптеген салалар мен тармаќтарға бөлініп, ілгері дамып отырған өрісі кең ғылыми пән. Бұл салалар мен тармаќтар дамуы мен ќалыптасуы жағынан адамның түрлі тәжірибелік іс – єрекеттерін ќамтитын єр ќилы сатыда тұр. Оларды топтастырып, жік – жікке ажырату жіктеу деп аталады. Енді осы мәселенің сырын ашуға кірісейік. Біз психиканың дамуын жіктегенде, ең бірінші, осы пєннің зерттейтін обьектісін, екінші, адамның іс – әрекет түрлерін негіз етіп аламыз. Үшінші, адамның өзін даму мен іс – әрекет иесі деп санап, оның әлеуметтік ортаға ќатынасын алып ќарастырамыз.
Адамның наќты іс – әрекеттеріне сүйене отырып, оның психикасының дамуын төмендегіше жіктейміз.

Тәлім – тәєрбие психологиясы.

Бұл пәннің зерттейтіні – адамды оќыту мен тєрбиелеу ісіндегі психологиялыќ заңдылыќтар. Ол оќушылардың аќыл – ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын ќалыптастырудың, олардың тиісті оќу материалдарын меңгеруі мен ұстаз – шәкірт арасындағы өзара ќарым – ќатынастарды реттеудің түйінді мәселелерін ќарастырады. Сөйтіп, оќушылар ұжымындағы өзара ќатынастармен, олардың психологиялыќ даралыќ ерекшеліктерімен санасып отырудың мүмкіндіктерін іздестіреді. Оќу – тәрбие жұмыстарын жєне балалардың психологиялыќ ерекшеліктерін ескерiп, бірќалыпты даму заңдылыќтарынан ауытќыған балалармен тәлім – тәрбие жұмысын жүргізу әдіс – тәсілдерінің психологиясын зерттейді.

Тәлім – тәрбие психологиясының мынандай тармаќтары бар: а) Оќыту психологиясы – дидактиканың психологиялыќ негіздерін, оќыту мен білім берудің жекелеген әдістеме мәселелерін, бағдарлап оќыту мен балалардың аќыл – ойын ќалыптастыру сияќты өзге де мәселелермен шұғылданады. Є) Тәрбие психологиясы – гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттеп, оќушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының психологиялыќ негіздеріне ќатысты мәселелерді іздестіреді. Бұлардан басќа мұғалімдер психологиясы және кемтар балаларды оќытудың тәрбиелеуi мәселелерін ќамтиды.

Жас ерекшелiк психологиясы – әр ќилы психикалыќ процестердің табиғи негізі мен үнемі дамып отыратын азаматтыќ ќасиеттерін, психологиялыќ сапаларын зерттейтін бұл сала мынадай тармаќтардан ќұралады: балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жастар психологиясы, ересектер психологиясы, ќарт адамдар психологиясы. Бұл сала оќыту мен аќыл - ойдың дамуын жєне олардың өзара байланысы мен іргелі мәселелерін зерттеп, оќыту ісіндегі адамның аќыл – ойын, сана – сезімін жетілдірудің тиімді жолдарын нендей әдістер арќылы өрістетуге болады деген мәселелерді іздестіреді.

Арнаулы психология - бұл адам дамуының бірќалыпты даму жолынан ауытќуын, ми ауруына ұшырағандардың психикалыќ күйзелістері мен осы саладағы әр ќилы аурулардың себептерін ќарастырады.

Арнаулы психологияның мына тармаќтары, атап айтќанда: олигофренопсихология – ми заќымы ауруымен туған адам психологиясының дамуын, сурдопсихология – саңырау не керең болып туған балалар психикасын, тифлопсихология – нашар көретіндер мен соќырлардың психологиялыќ дамуын зерттейді. Ал туа пайда болған ауру адамдар психологиясын зерттейтін тармаќ патопсихология деп аталады. Бұл сөз грек тілінде “патос” – зардап шегу, ауру деген мағынаны білдіреді. Патопсихология медицина ғылымымен оќу – тәрбие істерін зерттейтін пән – педагогика мен жан дүниесінің сырын ќарастыратын психология ғылымының түйіскен торабына жатады.

Еңбек психологиясы – адамның іс – әрекет түрлерінің психологиясын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастыру мәселелерін ќарастырады.

Еңбек психологиясының маќсаты – әр түрлі еңбектегі мамандыќ ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының ќалыптасуын, өндірістік – кәсіптік жағдайдың адамға тигізетін әсерін, ќұрал – аспаптардың ќұрылысы мен орналасуын, хабар жүйелерінің ќажетті заттарын ќарастыру. Бұл салалардың єрќайсысының өзіндік ерекшеліктерімен бір-бірімен – байланысты болып келетін мынадай тармаќтары бар: инженерлік психология – бұл, негізінен, автоматталған жүйелерді басќару мен әр түрлі операторлардың жұмысын зерттейді. Инженерлік психологияда ең өзекті мәселе эргономика деп аталады. Бұл термин гректің “эргон” – жұмыс жєне “номос” – заң деген екі сөзінің бірігуі нәтижесінде пайда болған. Бұл орайда, өндіріс пен адам арасында ќатынас орнатудың түйінді мєселелері болып саналатын еңбек єрекетіндегі адамның өнімді ісі, оның психологиялыќ ерекшеліктері, жүйке жүйесінің ќызметі мен еңбек гигиенасы, адамның өнім өндірудегі жетекші рөлі, техникалыќ ќұрал – жабдыќтар эстетикасы және автоматтанған тетіктер теориясына ќатысты мәселелер ќарастырылып, олардың сыр – сипаты зерттеледі. Эргономика, негізінен, “адам – машина – орта жағдайын” ќарастыра отырып, олардың неғұрлым өнімді болуы мен нєтижелерін жүйелі түрде үйлестіруді басты міндет етіп ќояды.

Авиациялыќ психология - ұшќыштарды оќыту мен ұшу кезінде орындалатын істердің жай – жапсарын, жалпы адам психикасының әуе кеңістігіне бейімделудегі ерекшеліктерін зерттеп, жоғары дәрежеде ысылған мамандар мен кадрларды даярлап шығару маќсаттарын көздейді.

Ғарышкерлік психология – адамның салмаќсыздыќ пен әлем кеңістігінің айдынында бағдарсыз жағдайда жұмыс істеу сәтіндегі аса ќиыншылыќ жағдайлардағы психологиясын, оның шектен тыс әсерден кейінгі көңіл – күйі мен төзімділік көрсету шараларын зерттейді.

Еңбек психологиясында арнайы зерттелуге тиісті күрделі тармаќтар да бар. Олар ауыл шаруашылығына ќатысты болып келеді.

Медициналыќ психология – дәрігерлердің ќызметі мен аурулардың мінез – ќұлќын зерттейді. Бұл сала бірнеше тармаќќа бөлінеді, әрбір тармаќтың адам психикасын зерттеуге ќатысты маќсат – міндеттері бар. а) Нейропсихология психикалыќ ќұбылыстыр мен жоғары жүйке ќұрылысының физиологиясын жєне олардың өзара ќатынасын зерттейді; є) Психотерапия – ауру адамға психикалыќ әдіс – айла және емдік тєсілдер ќолдану мәселелерін ќарастырады; в) Психопрофилактика және гигиена адамның денсаулығы мен оны нығайтуға арналған шараларды жүзеге асыру жүйесін, оның єдіс – тәсілдерін айќындаумен шұғылданады.

Әскери психологияның ең басты міндеті – азаматты ел – жұрты мен Отанын ќорғайтын ќалќан болуға психологиялыќ тұрғыдан даярлау. Мұнда жауынгердің мінез – ќұлќы мен отаншылдыќ ќасиетін тәрбиелеп ќалыптатыру жағдайлары, бастыќтар мен бағынушылар арасындағы ќарым – ќатынастар, үгіт – насихат жұмыстарын жүргізу, дұшпанға деген өшпенділік сезімдерінің оянып, оған ќарсы барлау істерін ұйымдастыру және соғыс техникасын меңгеру мен басќару әдістері зерттеледі.

Әлеуметтік психология - адам мен ќоғам арасындағы ќатынас мәселелерімен айналысады. Бұл сала адамдардың белгілі бір негізде ұйымдасќан топтары мен кездейсоќ топтары арасындағы өзара ќарым – ќатынастағы психологиялыќ ќұбылыстардың сырын зерттейді. Ќазіргі кезде әлеуметтік психология шеңберінде мынандай үш түрлі мәселе ќамтылды:

А) Үлкен, ірі топтардағы психологиялыќ – әлеуметтік жағдайлар. Бұл проблеманың ќұрамына жалпы бұќаралыќ байланыстыр: радио, теледидар, баспасөз т.б. кіреді. Әр түрлі топќа жататын адамдарға осы ќұралдар арќылы алуан түрлі хабарлар, көпшілікке тән талғамдар, әдет – ғұрыптар мен дәстүрлер, иланулар мен сенімдер, ќоғамдыќ көңіл – күйлер жайлы әсер етудің психологиялыќ астарлары жеткізіледі. Бұған таптыќ психологияға ќатысты мәселелер, этностыќ жєне ұлттыќ психология сипаттары, дін психологиясының өзекті мәселелерін зерттеу де жатады.

Ә) Кіші топтардағы психологиялыќ – әлеуметтік жағдайлар. Оңашаланып тұйыќталған топтардағы адамдардың бірігуі, олардың өзара ќарым – ќатынастарының сыры мен хал – жағдайы, топ ішіндегі жетекшінің алатын орны, әр түрлі топтыќ типтері болып саналатын ассоциациялар, корпорациялар, ұжымдар, ресми және бейресми топтар арасындағы ќатынастар, сол топтардың шеңбері, олардың бірігуінің себептері мен маќсат – мүдделері, шоғырлану деңгейі зерттеледі. Бұл мәселеге отбасындағы ата – ана мен баланың өзара ќарым – ќатынасы, үлкендерді сыйлау сияќты да мәселелер енеді.

Б) Ќоғамдағы адамның ќасиеті мен әлеуметтік – психологиялыќ орны. Азамат – әлеуметтік психологияның зерттеу обьектісі. Осы ретте олардың жоғырыда аталған топтарда ќандай рөл атќаратыны жєне соларға бейімделу ерекшеліктері де зерттеледі. Сондай – аќ, ќоғамдағы азаматтың өзін - өзі бағалай білуін, оның ұстамдылығы мен бағыт – бағдарын, табандылығы мен көнбістігін, ұжымшылдығы мен менмендігін, тұраќтылығы мен болжампаздығын зерттеуге мән беріледі. Әрине, бұл аталған үш топќа ќатысты күрделі мәселелер єлеуметтік психологияда біріне – бірі ќарама – ќайшы не бір ќатарға ќойылмайды. Азамат пен ќоғамның тұтастығы тұрғысынан бұл мєселелер барлыќ ќарым – ќатанастардың жиынтығы деп ќарастыралады жєне адамның азаматтыќ бейнесі мен оның ішкі мєнін ашып көрсетеді. Әлеуметтік психологияның тармаќтары: этностыќ психология, ұлт психологиясы, таптар психологиясы және дін психологиясы әлеуметтік өмір тынысын жан – жаќты ќамтиды.

Спорт психологиясы - спортшылардың іс – әрекетіндегі психологиялыќ ерекшеліктерін ќарастырады. Спорт жетекшілері мен бағынушылардың өзара ќарым – ќатынасын, оларды даярлаудың жағдайын, ќұрал- жабдыќтармен ќамтамасыз етілуін, психологиялыќ даярлығын іздестіре келе, оларды жаттыќтыру және күш – ќуатын жинаќтау деңгейін, жарыстарды ұйымдастыру, өткізу мәселелерінің психологиялыќ факторларын зарттейді. Әрбір ел мен халыќтың спорт өнеріндегі ерекшеліктерінде ескере отырып, оларды жаттыќтыру міндеттері аныќталды.

Сауда психологиясы – ќазіргі заманда кеңінен дамып отырған сала. Бұл сала бойынша әрбір елдің саяси – экономикалыќ және мєдени – материалдыќ ќажеттіліктерін өтеу маќсаттарына ќарай дамыту шаралары белгіленеді. Сонымен ќатар, әсіресе, жарнамалардың психологиялыќ ыќпалы, елдегі адамдардың жас ерекшеліктері, сатып алушылардың мұќтаждығы, оларға ќызмет көрсетудің факторлары ќарастырылады.

Ғылыми – шығармашылыќ психологиясы – соңғы кездерде зерттеле бастаған сала. Бұл салада шығармашылыќ адамның жасампаздыќ ќызметі, өзіндік ерекшеліктері, белсенділігі айќын көрініп, ғылыми жаңалыќтарды ашудағы интуициясы, сезімдік рөлі т.б. сипаттары зерттеледі. Осы бағыттағы ерекше маңызды заңдылыќ – эвристика тәсілі.

Көркемөнер, әдебиет пен шығармашылыќќа ќатысты психология -бұл сала бойынша ќарастырылатын мәселелер – әсемдікті ќабылдау және оның адам жан дүниесін байытуға ыќпал ету факторлары. Бұл саланың өзекті мәселелері әлі күнге дейін жүйелі түрде өз дәрежесінде зерттеле ќойған жоќ.

Салыстырмалы психология психиканың филогенетикалыќ түрлерін ќарастырады. Мұнда адам мен хайуанаттар психикасын салыстыра отырып зерттейді. Олардың психикасындағы айырмашылыќтары мен ерекшеліктері ажыратылады. Бұл саланың жануарлар психологиясын зерттейтін тармағы әрбір түр мен тектің, олардың тобындағы жан – жануар, жәндіктердің ќұлќын, әрќилы механизмдерін ќарастырады. Мысалы, өрмекші, ќұмырысќа, ара, ит, ќұс, жылќы және маймылдың психикасы едәуір деңгейде зерттелген. Ќазіргі кезде бұл тармаќќа биология мен психологияның тоќайласќан жер інде этология деп аталатын тамаќ ќосылып отыр. Бұл орайда, киттер сияќты дельфиндердің де ќылыќтары баќылауға алынып, хайуанаттар ќұлќындағы туа пайда болатын механизмдер зерттелуде.

Заң психологиясы хұќыќќа ќатысты мєселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде ќолданудың психологиялыќ мәселелерін зерттейді. Бұл сала сот психологиясы, ќылмыс психологиясы, еңбекпен түзету психологиясы деп аталатын тармаќтардан ќұралады. Сот психологиясы сот, айыпталушылар, куєлар, сот тергеуін жүргізу, олардан жауап алу тәрізді т.б. жайттардың психологиялыќ астарларын ќарастырады. Ќылмыс психологиясы ќылмыскердің жеке басы мен оның зиянды әрекеттерінің сырын ашады. Еңбекпен түзету психологиясы тұтќындағы адамдарды сендіру не күштеп істету арќылы тәрбиелеудің жолдарын іздестіреді.
4. Психологиялық зерттеулердің негізгі әдістері

Психологияның басқа ғылымдар сияқты өз әдістері бар. Ғылыми зерттеулердің әдістері – практикалық ұсыныстарды шығару және ғылыми теория құру үшін керекті мәліметтер алынатын тәсілдер мен құралдар. Әрбір ғылымның дамуы көбнесе пайдаланылатын әдістердің жетілгендігіне және олардың қаншалықты сенімді екендігіне байланысты. Мұның барлығы психологияға да қатысты.

Психология зерттейтін құбылыстардың күрделілігі мен көптүрлілігі ғылыми танымға қиындығы соншалықты, психологиялық ғылымның жетістіктері тек осы әдістерге байланысты болған. Психология жеке ғылым ретінде тек ХІХ ғ ортасында бөлінді, сондықтан ол философия, математика, физика, физиология, медицина, биология және тарих сияқты ңескің ғылымдардың әдістеріне сүйенеді. Сонымен қатар психология информатика және кибернетика секілді жас ғылымдардың әдістерін пайдаланады.

Кез келген дербес ғылымның өзіне ғана тән әдістері бар екенін атау керек. Ондай әдістер психологияда да бар. Олардың барлығы екі негізгі топқа бөлінеді: субъективті және объективті

Субъективті әдістер сыналушылардың өз-өзін бағалауына немесе олардың өзінше есептеріне, сондай-ақ кейбір құбылыстарға сыналушылардың айтқан пікіріне немесе алынған ақпараттарға негізделеді. Психология дербес ғылым саласына айналғаннан бері субъективті әдістер бірінше кезекте дами бастады және қазірде жетілу үстінде. Бақылау, өз-өзін бақылау және сауалнама психологиялық құбылыстарды зерттеудің алғашқы әдістері еді.

Бақылау әдісі психологиядағы ескі және бір қарағанда өте қарапайым әдіс секілді. Ол әдеттегі өмір сүру жағдайындағы адамның қызметіне бақылаушы кіріспей, жүргізілетін жоспарлы бақылауға негізделеді. Бұған психологияда бақыланатын құбылыстарды толық және дәл сипаттау, сонымен бірге оларды психологиялық тұрғыдан түсіндіру жатады. Міне психологиялық бақылаудың басты мақсаты осы: ол деректерге сүйене отырып, олардың психологиялық мазмұнын ашу.

Бақылау – ол барлық адамдардың пайдаланатын әдісі. Ал қарапайым адамдардың бақылауы мен ғылыми бақылаудың айырмашылығы өте көп. Ғылыми бақылау жүйелілігімен сипатталып, объективті шындықты алу үшін белгілі бір жоспарға негізделе отырып, жүргізіледі. Яғни, ғылыми бақылау жүргізілгенде арнайы білім және сапаны психологиялық көріну объективтілі ашылатын арнайы дайындықты талап етеді.

Бақылау әр түрлі нұсқаларда жүре алады. Мысалы, кеңінен қолданылатын әдіс қосылған бақылау. бұл әдіс психологтың өзінің қатысуымен жүргізіледі. Егер зерттеушінің қатысуынан, оның жағдайды қабылдауы мен түсінуінен нәтиже бұзылатын болса, онда болып жатқан жағдайларды объективті түсіну үшін шеттен бақылаған жөн. Қосылған бақылау мазмұнына қарай басқа әдіске - өз-өзін бақылауғаөте ұқсас.

Өз-өзін бақылау яғни, өз қалып-күйлеріңді бақылау тек психологияда қолданылатын әдіс. Бұл әдістің артықшылығымен қатар, бірнеше кемшілігі де бар. Біріншіден, өз қалпыңды бақылау өте қиын. Бақылауға орай олар дұрыс болмауы мүмкін немесе тоқтап та қалады. Екіншіден, бұл бақылауда субъектіліктен құтыла алмайсың, өйткені біздің қабылдауымыз субъективті бояуға ие. Үшіншіден, біздің кейбір қалыптарымызды түсіндіру қиын бұл әдісте.

Дегенмен, өз-өзін бақылау әдісі психолог үшін аса маңызды. Тәжірибеде басқа адамдардың мінезін көргенде, психолог оның психологиялық мазмұнын білгісі келеді. Көбінесе ол өз тәжірибесіне, өз қалпын талдауға сүйенеді. Сондықтан психолог табысты жұмыс істеу үшін өз жағдайы мен қалпын объективті түрде бағалауды үйренуі керек.

Бұл әдіс көбінесе экспериментте пайдаланылады. Мұнда бұл әдіс дәл сипатталып, мұны эксперименталды өз-өзін бақылау деп атайды. Бұл жағдайда зерттеушінің аса қызықтыратын кездерінде дәл есептелінген жағдайда адамға сауал қойылады. Мұндайда өз-өзін бақылау әдісі сауалнама әдісімен бірге жүргізіледі.

Сауалнама зерттелетіндерден сұрақ - жауап қою арқылы ақпарат алуға негізделген. Сауалнама жүргізудің бірнеше нұсқасы бар. Олардың әрқайсысының артықшылығы және кемшіліктері де бар. Саулнаманың үш түрі бар, олар: ауызша, жазбаша және еркін.

Ауызша сауал, әдетте зерттелушінің реакциясы мен мінез-құлқына бақылау жасау үшін қолданылады. Сауалдың бұл түрі жазбашаға қарағанда адам психологиясына терең бойлатады, себебі зерттеушінің қоятын сұрақтары зерттелушінің мінезіне қарай түзетіле алады. Мұндай нұсқа көп уақытты, арнайы дайындықты қажет етеді, өйткені жауаптардың объективтілігі зерттеушінің мінезі мен тұлғалық ерекшеліктеріне де байланысты.

Жазбаша сауал, аз уақыттың ішінде көптеген адам санын қамти алады. Мұның ең көп тараған түрі – анкета. Оның кемшілігі мынада, қойылған сұрақтарға зерттелушілердің реакциясын біле алмайсың және зерттеу барысында оның мазмұнын өзгерте алмайсың.

Еркін сауал, жазбаша және ауызша саулнаманың бір түрі, мұнда қойылатын сұрақтар алдын ала белгілі болмайды. Мұндай сауалнамада зерттеудің тактикасы мен мазмұнын оңай өзгертуге болады, онда зерттелуші жайлы әртүрлі ақпарат алуға болады. Сонымен қатар, стандартты сауалнама уақытты аз алады, ең бастысы нақты зерттелуші жайлы алынған ақпарат басқа адамның ақпаратымен салыстырылады, өйткені мұнда сұрақтар өзгеріп отырады.

Сауалнама әдісін қарастыра келе, біз алынатын ақпараттың дәл екендігі жайлы және психологиядағы сандық және сапалық сипаттама проблемаларына тірелдік. Бір жағынан бұл проблема зерттеудің объективтілігімен байланысты Психологтар өзіне көптен бері мынадай сұрақ қойып жүр: ңБақыланып жүрген құбылыстың кездейсоқ екенін немесе оның объективті бар екенін немен дәлелдеуге болады.?ң Психологияның қалыптасу және даму барысында эксперимент нәтижесінің шынайылығын дәлелдейтін әдіснамасы анықталды. Бұған дәлел сондай жағдайдағы басқа зерттелушілерді зерттеудегі нәтижені қайталау. Ұқсастықтар көп болған сайын, табылған құбылыстың бар екендігі жоғары. Бұл нәтижелерді салыстыруға болатындығы проблемасына да байланысты. Әр түрлі адамдардың белгілі бір психологиялық мінездерін қалай салыстыру қажет?

Психологиялық құбылыстарды мөлшерлі бағалау ХІХ ғ. екінші жартысынан басталды, сол кезде ғана психологияны дәл және пайдалы ғылым жасау қажет болды. Одан ерте 1835 ж., қазіргі статистиканы жасаушы А.Кетленің (1796-1874) ңСоцильная физикаң кітабы жарық көрді. А. Кетленің бұл еңбегінде мүмкіндік теориясына сүйене отырып, ол теория бойынша адамдардың мінезі белгілі бір заңдылықтарға бағынатындығын анықтады. Статикалық материалдарды талдай келе, ол адамдардың семья құруы, өз-өзіне қол жұмсауы және т.б. сияқты актлеріне мөлшерлік сипаттама беретін тұрақты мән алды. Бұл актілер алдында еркін болып саналатын. А.Кетленің қалыптастырған тұжырымы қоғамдық құбылыстарға метафизикалық қөзқарастан туындаса да, ол көптеген жаңалық әкелді. Мысалы, А.Кетле егер орташа мән тұрақты болса, онда оның артында физикамен салыстыруға болатын шындық тұруы қажет, соған орай статистикалық заңдар негізінде әр түрлі (сонымен бірге психикалық та) құбылыстарды болжауға болады. Бұл заңды түсіну үшін әрбір адамды жекелеп зерттеу керек. Зерттеу объектісі ретінде көптеген адамдарың мінез – құлқы арқылы, негізгі әдіс – вариациялық статистика болуы қажет.

Психологияда сандық өлшемдер проблемасын алғашқы шешуге деген талпыныс адамның сезіну күшін физикалы бірліктегі стимулмен байланыса отырып адам организміне әсер ететін бірнеше заңды ашуға және қалыптастыруға әкелді. Оған Бугер-Вебер, Вебер-Фехнер, Стивенс заңдарын атауға болады. Онда физикалық стимулмен адамның сезінулерінің арасындағы байланыс анықталатын математикалық формула, сонымен бірге сезінудің салыстырмалы және абсолютті шектері анықталды.Соңынан психологиялық зерттеулерде математика енгендіктен зерттеулер объективтілін арттырып, психологияны практикалық мәні бар ғылымға айналдырды. Математика психологияға енуінен біртипті зерттеулердің көп рет жасауға болатын әдістерді талап етті, яғни процедура мен әдістердің стандартталуы проблемасын шешуді қажет етті.

Стандарттанудың негізгі мәні мынада екі адамның немесе бірнеше топтың психологиялық зерттеулерінің нәтижелерін салыстырғанда қате аз болуын қамтамасыз ету үшін, бірдей әдістерді яғни сыртқы жағдайға қарамай бірдей психологиялық мінезді өлшейтін әдісті қолдану керек.

Мұндай психологиялық әдістерге тест жатады. Бұл әдіс жиі қолданылады. Ол психологиялық құбылысқа дәл және сапалы мінездеме бере алатындықтан, сонымен қатар алдымен шешілуі қажет практикалық мәні бар нәтижелерді салыстыруға болатындықтан тиімді. Басқа әдістерге қарағанда тесттер мәліметтерді жинау мен оларды өңдеу, оларды психологиялық түсінуге болатындығымен ажыратылады.

Тесттердің де бірнеше нұсқасы бар. Олар:сауал-тесттер, тапсырма-тесттер, жобалаушы тесттер.

Сауал-тесттер белгілі бір психологиялық мінездеменің бар болуын я айқындалғандығы жайлы сенімді ақпарат алатын сұрақтарға зерттелушілердің жауабына талдау ретінде қалыптасты. Мұндай мінездеменің дамуы мазмұнына сай келген жауаптардың санына негізделеді. Тапсырма-тест белгілі бір тапсырмаларды табысты орындау арқылы адамның психологиялық мінездемесі жайлы ақпарат алу. Мұндай тесттерде тапсырмалардың бірнешеуін орындау қажет. Орындалған тапсырма санынан ол адамдағы белілі бір психологиялық сапаның бар немесе жоқ, сонымен қатар оның даму деңгейіне негіздеме бола алады. Мидың даму деңгейін анықтайтын тесттердің көбі осы категорияға жатады.

Тесттерді әзірлеуге талпынған адамдардың бірі Ф.Гальтон (1822-1911). 1884 ж Лондондағы Халықаралық көрмеде Ф.Гальтон антропометриялық зертхана ұйымдастырды (кейіннен бұл Лондондағы Оңтүстік-Кенсингтон мұражайына ауыстырылды). Бұл зертханадан бойының ұзындығын, салмағын, сезімталдықтың әр түрін, реакция уақыты және басқа да сенсомоторлы қасиеттері өлшеуден тоғыз мыңдай адам өткізілді. Ф.Гальтон ұсынған тесттер мен статистикалық ұсыныстар өмірдің практикалық мәселелерін шешу үшін кеңінен пайдаланылды. Бұл қолданбалы психологияның бастамасы еді, соңынан бұл ңпсихотехникаң деген атқа ие болды.

Бұл термин Д.Кеттелдің (1860-1944) 1890 ж Mind журналында Ф.Гальтонның қортынды сөзімен ңMental Tests and Measurmentң (ңАқыл-ой тесттері және өлшемдерң) мақаласы жарық көргеннен кейін ғалымдардың лексиконына енді. Кеттел бұл мақалада ңПсихология эксперимент пен өлшемдерге сүйенбейтін болса, физикалық ғылымдар секілді тұрақты және дәл ғылым бола алмайды. Көптеген адамдарға ақыл-ой тесттерін қолдану арқылы бұл салада алғашқы қадам жасауға болады. Мұның нәтижелері психикалық процестердің тұрақтылығын, олардың өзара байланысын және әр түрлі жағдайда өзгеруін ашуда ғылыми бағалы болады ң.

1905 ж француз психологы А.Бине интеллектті бағалайтын бірінші тестті жасады. ХХ ғ. басында француз үкіметі оқушыларды оқу деңгейіне қарай бөлу үшін А.Бинеге мектеп оқушыларына арналған интеллектуалдылық қабілет шкаласын жасауды тапсырды. Соңынан көптеген ғалымдар тесттердің сериясын жасап шығарды. Олардың практикалық міндеттерді жедел шешуге бағытталғандығы бұл психологиялық тесттердің кеңінен тарауына әкелді. Мысалы, Г.Мюнстерберг (1863-1916) кәсіби таңдап алуға арналған тесттер жасады. Олар былайша жасалды: алдымен олар ерекше жетістікке жеткен бір топ жұмысшыларға, содан соң жаңадан жұмыс орнына келгендерге. Бұл ой психикалық жұмысшылардың қызметі табысты орындау құрылымдарының тест кезінде зерттелушінің орындай алатын құрылымдарымен өзара байланысына негізделді.

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде психологиялық тесттерді көптеп пайдаланды. Бұл кезде АҚШ соғысқа кірісуге дайындалып жатқан болатын. Бірақ соғысып жатқан жақтардағыдай қаруланбаған еді. Сондықтан соғысқа кіріспес бұрын (1917 ж.) әскери биліктегілер елдің ең ірі психологтары Э.Торндайк (1874-1949), Р.Йеркс (1876-1956), Г.Уипплге (1878-1976) психологияны әскери қызметте қолдану проблемасын шешіп беруді ұсынды. Американ психологиялық ассоциациясы мен университтер бұл бағытта жұмысты бастап та кетті. Р.Йеркстің басшылығымен әр түрлі әскерлерге әскери қызметке шақырылатындардың жарамдылығын (интеллекті бойынша) жалпы тексеру үшін алғашқы топтық тесттер жасалды. ңАльфаң әскери тестісі сауаттыларға, ал ңбетаң тестісі сауатсыздарға арналды. Бірінші тест А.Биненің балаларға арналған вербалды тесттеріне ұқсас болды. Екінші тест вербалды емес тапсырмалардан тұрды. 1 700 000 солдат және 40 000 офицер сыналды. Көрстекіштер жетіге бөлінді. Осыған орай жарамдылық деңгейі жеті топқа бөлінді. Бірінші екі топқа міндеттерді орындау қабілеті жоғары және тиісті әскер оқу орындарына жіберілетін тұлғалар жиналды. Кейінгі үш топ қабілет көрсеткіші орташа статистикалық тұлғалардан жиналған еді.

Осы кезде Ресейде де психологиялық әдіс ретінде тесттер жасала бастады. Бұл бағыттың дамуы А.Ф.Лазурский (1874-1917), Г.И.Россолимо (1860-1928), В.М.Бехтерев (1857-1927), П.Ф.Лесгафттың (1837-1909) есімдерімен байланысты.

Тесттерді әзірлеуде Г.И.Россолимоның қосқан еңбегі зор. Оның есімі тек невролог-дәрігер ғана емес психолог ретінде де танымал еді. Жеке психикалық қасиеттерді анықтау үшін тұлға туралы толық көрініс беретін сандық бағалау әдісін әзірледі. Бұл әдіспен бес: зейін, қабылдаушылық, ерік, есте сақтау, ассоциациялық процесстер (ойда суреттеу және ойлау) топқа бөлінетін 11 психикалық процесті бағалауға болады. Осының әрбір процессін орындауға қарай арнайы шкаламен ңкүшің бағаланды. Оң жауаптар сызбада нүктемен белгіленді. Осы нүктелерді қосып, адамның ңпсихологиялық бағытың анықталды. Сыналушылардың категориялары (балалар үшін, интеллигентті ересектер үшін, интеллигенттер емес үшін) бойынша тапсырмалар берілді. Бұдан басқа Г.И.Россолимо сызбадағы көрсеткіштерді арифметикаға айналдыру формуласын ұсынды.

Бүгінде тесттер психологиялық зерттеуде кеңінен пайдаланылатын әдіс. Бірақ тесттер объективті және субъективті әдістердің арасында. Сыналатындардың өз есептеріне негізделген сауалнама-тесттер де бар. Осы тесттерді орындауда тестіден өткізудің нәтижесіне әсіресе оның жауабы қалай түсінілетінін білетін болса саналы немесе санасыз әсер ете алады. Алайда объективті тесттер де бар. Оларға жобалы тесттерді жатқызуға болады. Тесттің бұл категориясына сыналатындардың есебі қажет емес. Сыналушының орындайтын тапсырмасын зерттеуші еркін түрде түсіндіреді. Мысалы, сыналатын адамның түрлі-түсті карточкалардың түсін таңдауынан оның эмоционалды күйін білуге болады. Кейде сыналушыға белгісіз жағдай салынған сурет беріледі де, психолог оны сипаттауды сұрайды, соның нәтижесінде сыналушының психикалық ерекшеліктерін сипаттайды. Бірақ жобалы тесттер психологтың кәсіби дайындығының жоғары және тәжірибесінің мол болуын және сыналушының интеллектуалды дамуының жоғары болуын талап етеді.

Объективті мәліметтерді зерттелетін қасиет бөлініп, дұрыс бағаланатын жасанды жағдай жасалуға негізделген эксперимент- әдістің көмегі арқылы алуға болады. Зерттелетін феноменнің басқа феномендермен себептік байланысы жайлы, құбылыстың пайда болуы мен дамуын ғылыми тұрғыдан түсіндіретін басқа психологиялық әдістерге қарағанда, эксперимент ең сенімдісі. Эксперименттің екі түрі бар: зертханалық және табиғи. Олар бір-бірінен эксперимент жүргізудегі жағдайлармен ажыратылады.

Зертханалық экспериментте зерттелетін қасиет дұрыс бағаланатын жасанды жағдай жасалады. Табиғи эксперимент әдеттегі тұрмыстық жағдайда жасалады. Мұнда зерттеуші кіріспей, жағдайларды сол күйінде жазып отырады. Табиғи экспериментті алғаш рет А.Ф.Лазурский қолдана бастады. Әрине, табиғи жағдайдағысы адамдардың өмірлік мінезіне сай келеді. Бірақ табиғи жағдайда зерттеуші толық бақылау жүргізе алмайтындықтан оның нәтижесі дәл болмауы да мүмкін. Осы тұрғыдан зертханалық дәл, ал табиғи өмірлік жағдайға сай келеді.

Психологиялық әдістердің бірі – моделдеу. Ол дербес әдіске жатады. Ол басқа әдістерді қолдану қиындағанда ғана жүргізіледі. Олардың ерекшелікгі белгілі бір психологиялық құбылыс жайлы ақпаратқа сүйенетіндігінде, екінші жағынан оны қолданғанда сыналушы қатыспайды немесе нақты жағдай есепке алынады. Сондықтан моделдеудің әр түрлі әдістерін объективті немесе субъективті әдістерге жатқызу қиын.

Моделдер техникалық, логикалық, математикалық, кибернетикалық және т.б. болуы мүмкін. Математикалық моделдеуде ауыспалылардың өзара байланысы мен олардың қатысы, зерттелетін құбылыстардағы қайталанатын элементтер мен қатынастар көрсетілген математикалық мән немесе формула қолданылады Техникалық моделдеуде зерттеуді елестететін құрал немесе құрылғы жасалуы қажет. Кибернетикалық моделдеу информатика және кибернетика саласының психологиялық міндеттерін шешуге пайдаланылады. Логикалық моделдеу математикалық логикада қолданылатын идеялар мен символға негізделген.

Компьютер мен бағдарламалық қамтамасыз етудің дамуы ЭСМ жұмыс істеу заңдарындағы психикалық құбылыстарды моделдеуге бастады, өйткені адамдардың ойлауда қолданатын операциялары, міндеттерді шешудегі ойлау логикасы компьютерлік бағадарламалар жұмыс істеуіне жақын екен. Ол компьютердің жұмыс істеуіне қарай адамның мінезін көзге елестету және сипаттауға бастады. Осындай зерттеулерге байланысты Д.Миллер, Ю.Галантер, К.Прибрам атты америка ғалымдарының және ресей психологы Л.М.Веккердің есімдері белгілі.

Көрсетілген әдістерден басқа психикалық құбылысты зерттейтін басқа да әдістер де бар. Мысалы, әңгімелесу - сауалнаманың бір нұсқасы. Сауалнамаға қарағанда әңгімелесу әдісі процедураны жүргізудің еркіндігімен ерекшеленеді. Әдетте әңгімелесу жайлы жағдайда өтеді, ал сұрақтар сыналушының жағдайы мен ерекшелігіне қарай өзгеріп отырады. Басқа әдіске құжаттарды зерттеу әдісінемесе адамның қызметін талдау әдісі жатады. Психикалық құбылыстарды зерттеу барысында әр түрлі әдістерді кешенді түрде қолданғаннан зерттеу тиімді болатынын ескерген жөн.

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:

  1. Психология пәніне ғылым ретінде сипаттама беру

  2. Психология ғылымының даму тарихы

  3. Психикалық құбылыстардың топтастырылуы

  4. Психология ғылымының негізгі салалары

  5. Психологиялық зерттеулердің негізгі әдістері.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Жұмасова, Қ. С. Психология [Мәтін] : оқулық / Қ. С. Жұмасова. - 3-бас. – Астана : Фолиант, 2017. - 400 б. - (Кәсіптік білім).

  2. Егенисова А.Қ. Психология: Оқу құралы. А.Қ.Егенисова Ақтау, 2010, - 185 бет ІSBN 978-601-226-068-7

  3. Жарықбаев Қ.Б., Сангилбаев О.С. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. Алматы: Сөздік-Словарь, 2006. — 384 бет. — ISBN 9965-409-98-6.

  4. Нуркова В.В., Березанская Н.Б. Общая психология: Учебник. – Люберцы, 2016. – 524 с.

  5. Годфруа Ж. "Что такое психология". Том 1, 2 – М., 2018 – 496 с.




2



4. Жануарлар психикасының даму жолдары.
Психиканың қарапайым түрі — нерв жүйесінің болмашы қасиеті бар тіршілік иелері, мәселен, құрт тағы басқа насекомдар дүниесінде кездеседі. Бұл жәндіктерге тек сыртқы ортаны шамалау, бағдарлау ғана тән. Олар тек биологиялық мәнді зат пен әсер етуші объектінің жеке қасиеттері арасындағы байланыстарды бейнелеуге қабілетті. Психиканың бұл сатысы сенсорлық (сезімдік) деп аталады. Мұнда тікелей әсер етуші, оның үстіне, түгелдей зат емес, оның кейбір қасиеті ғана бейнеленеді. Мәселен, өрмекші өрмек пен тамақтың (өрмекке түскен шыбын) арасындағы байланысты бейне-лендіреді, бақа жейтін қоректік затын түсі мен формасына қарап ажыратады, ара тағамның түсі мең иісіне, ал жылан болса, тек формасы емес, сонымен қатар өз жемтігінің денесінің температурасына реакция жасайды т. б.
Тіршілік иесінің, әсіресе нерв жүйесінің құрылысы неғұрлым күрделіленіп әр түрлі органдардың атқаратын қызметі мейлінше ажыратыла, сондай-ақ организмдердің интеграциясы (организмдер қызметінің бірігуі) белсенді бола түскен сайын, психиканың бейнелеу функциясы да күрделілене түседі және оның басқару әрекеті кемелдене береді. Бұл, әсіресе нерв жүйесінің жоғары бөлігінің қалыптасуы кезінде анық байқалады. Осыдан психикалық ісәрекеттің перцептивтік деп аталатын екінші сатысы басталады.
Барлық сүт қоректілердің әрекеті осы екінші сатыдағы ерекшеліктермен сипатталады, олардың бәрінің де миы жақсы дамыған. Бұл саты үшін, бір объектінің кей кездері тіпті күрделі объектінің де әр түрлі қасиеттерін синтетикалық тұрғыдан бейнелей алу қабілеті тән. Осы жерде енді заттық бейнелей алу туралы айтуға болады. Мәселен, ит өз иесін даусы, киімі, иісі тағы басқа көптеген белгілері арқылы тани алады. Алайда, арнайы жүргізілген зерттеулердің көрсеткеніндей объектілерде қайсы бір қасиеттері жануар үшін өте маңызды болса, (сигнал ретінде), ал екінші біреулерінің маңызы аз болуы мүмкін. Жануарлардың бір белгілерді түсіне қоюы, оны дұрыс ажырата алуы, ал екінші бір белгілерді ажырата алмай, қателесуі осыдан.
Инстинкт, көбінесе, дамудың төменгі сатысында тұрған жануарларда кездесетін мінез-құлықтың қарапайым нәсілдік формасы. Мұны қазақша «соқыр сезім» деп атайды. Инстинкттер табиғи сұрыпталу жолымен жасалады. Жануарларда болатын инстинкт — организмнің белгілі тіршілік жағдайына, өскен ортасына әбден көніккенін көрсететін мінез құлықтың түрі. Мысалы, араның омартасы, құстың ұясы, көртышқанның іні, т.б. өте «шеберлікпен», «ептілікпен» жасалынады. Бірақ, осы мысалға қарап, бұл айтылған жәндіктер мен құстарда сананың саңылауы бар деуге болмайды, өйткені, инстинктік амалдардын бәрі — тұқым қуалау жолымен жасалынады.

Жануарлардың биологиялық дамуы мен нерв жүйесінің түрліше құрылымына қарай оларда мінез-құлықтың әр түрлі түрлері байқалып отырады. Осы арқылы жануар сыртқы ортамен байланыс жасайды, табиғи қажетін өтеу жолында тіршілік етеді, материалдық дүниенің құбылмалы өзгерістеріне тиісінше жауап қайтарып бейімделіп отырады.
Жоғары сатыдағы сүт қоректілерге қарапайым тұрғыда ойлау қасиеті тән. Бұлардың ішінен, әсіресе маймылдар, бәрінен бұрын антропоидтар немесе адам тәріздес маймылдарды айту керек. Олардың миы мейлінше дамыған, өзінің құрылысы жағынан адам миына өте ұқсас, әрі басқа жануарларға қарағанда, олардың психикалық іс-әрекеті анағұрлым бай және күрделі. Психиканың бұл сатысын интеллект сатысы деп атайды. Маймылдар тек қана заттың белгілі бір қасиеттерін, не бүтіндей өзін, синтездеу арқылы бейнелеп қоймайды, сонымен қатар заттардың арасындағы байланысты да бейнелей алады.
Жоғары сатыдағы жануарлардан (маймыл, делфиндер) «ақылды» деп айтуға тұрарлықтай мінез-құлық көріністерін байқауға болады. Мінезқұлықтың осындай түрі маймылдарға жасаған эксперименттен сан peт байқалған. Мәселен, маймылдың сүйікті тағамы банан жемісін оның қолы жетпейтін жерге іліп қойса, маймыл жемісті алғысы келіп секіреді, бірақ оған қолы жетпейді. Бір кезде оның көзі қасында жатқан жәшікке түседі. Енді ол жәшіктің біреуін әкеліп, үстіне шығып көреді де, әліде де қолы жетпейтіндігін байқайды. Сонан соң бірнеше жәшікті әкеліп, бірінің үстіне бірін қойып биіктеткеннен кейін, бананды алуға шамасы келеді. Маймылдың осы қылығында қандай да болмасын бір мәселені шешуге ұқсас көрініс бар.
Маймыл интеллектісінің өрісі тар, олардың интеллектісі, көбінесе, көзге көрінетін нәрселерге байланысты ғана туып отырады. Мәселен, қасында жатқан таяқты «құрал» есебінде кездейсоқ пайдаланады, оны кейіннен керек болып қалар деген «мақсатпен» сақтап қоюды да білмейді. Майылдарда кездесетін осындай интеллект оның мандай бөлігінің жақсы дамуына байланысты. Егер маймыл миының осы бөлігін алып тастаса, бұрын білгенінен асып ештеңе істей алмайды. Сонымен, жануарлар психикасының қандай түрі болмасын сыртқы отаның жағдайына бейімделуді қамтамасыз етеді. Бұлардың бәрі биологиялық сипатта болады.

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
1. Нерв жүйесінің атқаратын қызметі қандай?
2. Орталық нерв жүйесінің құрылымы және оның жеке бөліктерінің атқаратын қызметі қандай?

3. Шартты рефлекстер қалай жасалады?
4. Бірінші және екінші сигнал жүйелері туралы не білесіз?

Пайданылған әдебиеттер:
1. Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. А., 2005,204-216б.
2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993, 144-159б.
3. Маклаков А.Г. Общая психология, Питер, 2006, 200-234с.
4. Сеченов и.М. Физиология нервных центров: из лекций, чит. В собрании врачей в Москве в 1889-1890 гг. – М Изд. АМН СССР, 1952
5. Симонов П.В. Мотивированный мозг: Высшая нервная деятельность и естественно – научные основы общей психологии / Отв.Ред. В.С.Русинов – М Наука, 1987
6. Чуприкова А. Психика, сознания как функция мозга. М. 1994г.