Файл: Ш. Улиханов атындаы 1 жалпы білім беретін мектебі кмм ыса мерзімді жоспар.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 37
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ
Қысқа мерзімді жоспар
Жаратылыстану 54-сабақ
Бөлім: | Жер және ғарыш | |
Мұғалімнің аты-жөні | Кабзиева Б.К | |
Күні: | 28.03.2023ж | |
Сынып: 4 А | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Жер ғаламшары қандай? | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 4.4.1.1 жер бетінің ірі элементтерін атау және сипаттау 4.1.2.2 алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну | |
Сабақтың мақсаты |
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Ұйымдастыру, өзін – өзі тексеру 5 мин | Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді. Оқу материалын жариялау «4 сурет, 1 сөз» әдісі арқылы жүреді: -Суреттерге не ортақ? -Неліктен? -Ендеше бүгінгі басталатын бөлім «Жер және ғарыш» деп аталады. -Ғарыштан қарағанда Жер шары неліктен көгілдір болып көрінеді? -жердегі тіршілікке Күннен басқа тағы қандай денелер әсер етеді? -Қыс мезгілінде неліктен қараңғылық ерте түседі? -Олай болса бүгінгі сабағымыз Жер ғаламшарының қандай екені туралы болмақ. Сабақ мақсаты жария етіледі. Топқа бөлу «Санау» әдісі арқылы жүреді. | Жаттығу жасайды. Сұрақтар қояды, жауап береді. Тақырып ашады. Топқа бірігеді. | Сұраққа жауап берген оқушыны «Ауызша мадақтау» әдісімен бағалау. Жауабын толықтыру, тиімді кері байланыс жасау. | |
Жаңа білім 15 мин 2 мин Бекіту 18 мин | (Ұ) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісімен орындалады. Дәптермен жұмыс болады. А) Жедел жауап. -Жердің қандай қабықтарын білесіңдер? -Биосфераға нелер кіреді? -Гидросфераны не құрайды? -Литосфера қабығы неден тұрады? Ә) Сөздікпен жұмыс. Материк, мұхит. Б) Картамен жұмыс. -Карта бойынша Жер бетінде не бар екенін сипаттаңдар. Құрлықтар мен мұхиттарды атаңдар. -Берілген ақпараттың көмегімен материктерді ауданының кему ретімен орналастырыңдар. -Ауданы жағынан ең үлкен материкті атаңдар. -Қай материк ең кішісі? -Біздің еліміз қай материкте орналасқан? Ә) Мәтінмен жұмыс. -Мәтінді түсініп оқып, мазмұны бойынша сұрақтар қойыңдар. Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады. Кейбір оқушыға: -Құрлықтағы жердің ойлы-қырлы пішіні картада, глобуста қалай бейнеледі? Сергіту сәтінде «Көңілді күн» әнін айтып билету. (Т) 2-тапсырма -«Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі: А) Зерттеу. -Картадан төрт мұхиттың ортасында жатқан материкті табыңдар. Ол қай материк? -Ал қай мұхит бес материкпен де шектесіп жатыр? Ә) Диаграммамен жұмыс. -Диаграмма құру үшін қандай ақпарат пайдаланылған? -Диаграмма көмегімен мұхиттардың ауданы мен орналасуын анықтап көріңдер. Тапсырманы орындау үшін сендерге не жетпеді? Қажет ақпаратты қайдан алуға болады? Б) Модель жасау. Модельдің көмегімен Жер бетінде материктер мен мұхиттар қалай орнласқанын бейнелеңдер. В) Есептеу. Егер Жер бетінің ауданы 510 млн км2 болса, оның 30%-ы ғана материктер. Сонда Дүниежүзілік мұхиттың ауданы қандай болады? Г) Ойлан. Антарктиданың бетін тұтастай мұз жауып жатса, неге ол мұхит емес? Ғ) Сен білесің бе? -Мәтінді оқып, әңгімелеңдер. |
Билеп сергиді. Сұрақтарға жауап беріп, тапсырма орындайды. | Дескриптор:
- Карта бойынша Жер бетін сипаттайды-1балл. Материктерді ауданының кему ретімен орналастырады-1балл. Біздің еліміз орналасқан материкті атайды-1балл. Дескриптор: - Картадан төрт мұхиттың ортасында жатқан материкті табады-1балл. - Диаграммамен жұмыс жасайды -1балл. Модельдің көмегімен Жер бетінде материктер мен мұхиттар қалай орналасқанын бейнелейді-1балл. Дүниежүзілік мұхиттың ауданы есептейді-1балл. Антарктиданың мұхит деп аталмау себебін болжайды-1балл. | Жараты-лыстану оқулығы 2-бөлім 4-сынып 2019ж, дәптер |
Қорытынды 5 мин | Кері байланысты «Шеринг» әдісі арқылы береді. Оқушылар шеңберге тұрып бүгінгі тақырыптан алған білімі туралы талдайды. Оқу тапсырмасы: мәтінді мазмұндау. | Рефлексия жасайды. Тапсырма жазып алады. | ҚБ қойылады. | |
Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ
Қысқа мерзімді жоспар
Жаратылыстану 55-сабақ
Бөлім: | Жер және ғарыш | |
Мұғалімнің аты-жөні | Кабзиева Б.К | |
Күні: | 30.03.2023ж | |
Сынып: 4 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Жазықтар мен таулар | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 4.4.1.1 жер бетінің ірі элементтерін атау және сипаттау 4.1.2.2 алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну | |
Сабақтың мақсаты |
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Ұйымдастыру, өзін – өзі тексеру Өткен білімді еске түсіру 8 мин | Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді. Өткен тақырыпқа шолу: -Өткен тақырыпты мазмұндаңдар. -Өткен тақырыптарға байланысты бір-біріңе сұрақ қойып, жауап алыңдар. Оқу материалын жариялау «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы жүреді: -Негеш пен Эврика саяхаттаған жерлерін суретке түсірді. Олар қандай жерлерге саяхат жасаған? -Жолдар неге әртүрлі? Ол нені білдіреді? -Жер бедері деген не деп ойлайсыңдар? -Жер бетінде таулар мен жазықтар кездесе ме? -Тағы қандай жер пішіндерін білесіңдер? -Оны бүгінгі сабақ барысында анықтайтын боласыңдар. |
Өткен тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап береді. | Оқушының жауабын толықтыру немесе тиімді кері байланыс жасау. | |
Жаңа білім 15 мин 2 мин Бекіту 15 мин | (Ұ) 1- тапсырма «Ашық микрофон» әдісімен орындалады. А) Сөздік жұмысы. Жер бедері, тау, жазық, ойыс. Ә) Сызбамен жұмыс. Сызбаға мұқият қараңдар. Ә) Мәтінмен жұмыс. -Мәтінді түсініп оқыңдар. Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады. Кейбір оқушыға: -Тақырып бойынша сұрақтар құрастырып, достарыңнан жауап ал. Сергіту сәтінде қазақ биін билету. (Т, Д) 2-тапсырмада «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісімен жүзеге асырылады. А) Зерттеу. -Жер бетінде қандай ірі табиғи нысандар бар? Б) Ойлан. -Тау жазыққа айналуы мүмкін бе? В) Сен білесің бе? Мәтінді оқып, әңгімелеңдер. Г) Есте сақта! -Мәтінді жазып, еске сақтап алыңдар. | Сөздікті жазып, жаттайды. Сұрақтарға жауап береді. Тапсырмалар орындайды. Билеп сергиді. Сұрақтарға жауап іздеп, жауап береді. Тапсырманы орындайды. | Дескриптор: - Сөздікті жазып, жаттайды-1балл. - Сызба бойынша сұрақтарға жауап береді -3балл. Дескриптор: - Жер бетіндегі ірі табиғи нысандарды атайды-2балл. - Таудың жазыққа айналуы мүмкіндігін анықтайды-2балл. Мәтінді жазып, еске сақтайды-2балл. | «Жараты-лыстану» оқулығы 2-бөлім 4-сынып 2019ж |
Кері байланыс 5 мин | Кері байланысты «Менің сөзім» әдісі арқылы береді. Оқу тапсырмасы: Мәтінді түсініп оқу. | Түсінгені туралы ой қорытады. Тапсырманы жазып алады. | ҚБ қойылады. | |
Бұл ҚМЖ-ны өзгелерге таратуға болмайды, авторлық құқықты сақтаңыз. Егер осындай дайын ҚМЖ немесе КТЖ, БЖБ, ТЖБ алғыңыз келсе, +77785448149 нөміріне ватсапқа жазыңыз. Құжаттар апта сайын жіберіліп отырылады.