Файл: Сені оршаан орта Симметрия дегеніміз не.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 40

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бөлім




Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы


Сені қоршаған орта Симметрия дегеніміз не?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.1.1 Табиғатпенжасалғансәндікөрнектер (ою-өрнек) мен формалардыанықтаужәнетану, олардыөзжұмыстарындаинтерпретациялау

3.2.3.1 Нақтыдәлдігінежетіпматериалдардыжәнекомпоненттердіөлшеу, белгілеу, қию, формасынкелтіру, жинақтау, қосужәнебіріктіру

Сабақтың мақсаты


«жанды табиғат» түсінігімен, таби- ғаттағы әртүрлі нысандармен, табиғаттағы симметрия құбылысымен таныстыру. Екі жағы бірдей

симметриялы бейнелер жасап үйрету.

әртүрлі тәсілдермен симметриялы бейне жасау. №1 жұмыс

дәптерінің 3–5-беттеріндегі тапсырмаларды орындау.

Бағалау критерииі

жанды табиғат дегеніміз не екенін, оған нелер жататынын біледі. Жанды және жансыз табиғат нысандарын ажыратып, симметрия

құбылысын түсіндіре алады.

табиғаттың әсемдігін түсі, пішіні, сызығы арқылы суреттеп, тәсілдердің бірін

таңдап, симметриялы бейне жасай алады.

бірнеше тәсілмен симметриялы бейне жасай алады

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

сандарын атауды, жанды табиғат нысандары қандай сипаттарға ие екенін еске түсірудіұсынады.

Фотосуреттерді қарау барысында оқулықтағы

«Табиғатты неліктен шебер суретші дейді?» сұрағына жауап беріп, оны дәлелдеуді тапсырады.

Оқушы өз жұбын табады

Әдіс арқылы қайталау

Сұрақ жауап орындайды

Қол шапалақ



Ұялы телефон

Және интернет желілері

Кітап


Ортасы

Мұғалім оқушылардың зейінін көркем еңбек саба- ғында жанды табиғатты меңгерудің өзіндік ерекшелік- тері бар екеніне аударады, дәлірек айтқанда, оқушы- лар табиғаттың әсемдігіне, оны байқап, сүйсінуге үй- реніп, суретші табиғатқа қарап көргенін бейнелейтінін түсінулері керек.

Мұғалім одан әрі табиғаттың құпиясы көп екенін, со- лардың бірімен бүгінгі сабақта танысатындарын ай- тады. Алдымен табиғаттың тамаша суретші екеніне көз жеткізіп алайық. Оқушылар бірнеше суретті қарап шығып, табиғаттың нағыз суретші екенін дәлелдесін.

Мұғалім «Симметрия дегеніміз не?» тақырыбымен таныстырады. Тақырыпты оқулық бойынша түсіндіре отырып, оқушылардың сабаққа деген

қызығушылықтарын оятады. Сабақты түсіндіру

барысында фотосуреттерді көрсетеді және тақтаға симметриялы бейнені сызады. Оқушылардан кез келген затты мысалға алып, симметрия құбылысын көрсетуді сұрайды. Симметриялы бейнені салу оңай емес екенін, ол үшін сызғышты пайдаланып, үнемі өлшеп отыру керегін айтады. Ал екі жағы бірдей симметриялы бейнені қалай салуға болады?

Балалардың жауабын тыңдап, оларды дұрыс жауап беруге талпындырады: симметриялы бейнені монотипия тәсілімен, сондай-ақ екі бүктелген қағаз парағын қию арқылы орындаған жеңіл.

Табиғат нысандары бойынша сұрақтарды қарастыр- ғаннан кейін, оқушылар жұмыс дәптерінің 3-бетіндегі тапсырманы орындайды.

Екі жағы бірдей симметриямен танысып, 4–5-беттер- дегі тапсырмаларды орындайды.

Мұғалім жеке-дара кеңес береді, оқушыларға қажет жерінде көмектесіп, қателері болса түзетеді.

Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)

«Көршіңе әңгімелеп бер»

Б ұл әдіс оқушылар өз ойларын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады. Сұрақ қойыңыз, ойластыруға уақыт беріңіз, одан кейін оқушылардан өз ойларын көршілерімен бөлісуді сұраңыз, оқушыларға жаңа тақырыпты айтыңыз және осы тақырып бойынша өздері білетін барлық жағдайды көршісіне айтуын ұсыныңыз.



Дескриптор:

  • Табиғатпен жасалған сәндік өрнектер (ою-өрнек) мен формаларды анықтауды үйренеді.

  • Өсімдііктер мен жануарлардың адамға пайдасын түсіндіре алады.

  • Өсімдііктер мен жануарлардың адамға маңызы туралы шығарманы өз бетінше жазады.

ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.

Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларын орындау

Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау»

Берілген тақырыпта топтық жұмысы жүргізіліп, әр топтың жұмысы қабырғаға ілінеді де, оқушылар жүріп, аралап, оған әр оқушылар кішкене жапсырма қағазға бағасын беріп, пікірін жазып жабыстырып кетеді. Ең  жақсы баға алған топтың жұмысы қаралады.

1-топ «Бақыт жалаулары» Аққу бейнесін салады.

2-топ «Арман жалаулары» Ағаш жапырақтарымен жұмыс істейді.

3-топ «Қуаныш жалаулары» Өсімдііктер мен жануарлардың адамға маңызы туралы жоба жасайды.

ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау

Оқушылардың көпшілігі 4, 5- беттердегі тапсырмалардың

бірін орындайды.
оқушылар 4, 5-беттер- дегі екі тапсырманы да

орындайды немесе монотипия жасап, қағаздан суреттерді қиып, өз бетінше жұмыс

істейді.

оқушылардың мұға- лімнің және оқулықта- ғы сұрақтарғажауабы;

туындылардың ре- продукцияларын сурет- теуі;

жұмысты талдап, талқылауғақатысуы;

жұмыс дәптерінде орындалған тапсырма- лар (жақсыжасалған

жұмыстарды ғана баға- лаңыз).

Смаликтер арқылы

ҚБ өзін өзі бағалау

ҚБ «Бәрекелді,әттеген-ай»


Бағалау парақшасын толтырады.

ҚБ Бағдаршам


Оқулық.
Анималист- суретшілер мен пейзажшылардың графикалық және кескіндеме жұ- мыстарының ре- продукциялары.

Оқулық, 6–7, 12– 13-беттер.

Тәсілдердің бірін пайдаланып, сим- метриялы бейне жасап көрсету (монотипия, екі

бүктелген қағазды қию).

Сабақтыңсоңы


Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

Кері байланыс

«3 минуттық үзіліс»

  1. Маған ұнады

  2. Маған қиындық туғызды

  3. Мен хабардар болдым

4.Мені таңқалдырды

Рефлексия

«Екі жұлдыз, бір тілек»

- Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізуді ұсынамын.

Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.




Рефлексия парағы




Бөлім




Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып

Қатысушылар саны Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы


Қазақстанның табиғаты. Пейзаждағы кеңістік перспективасы. Түсқанықтығы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2.2.2 –  жұмыстыорындаудажәнематериалдардықолданудатиімдішешімдерқабылдау

Сабақтың мақсаты


Барлықоқушылар:Отандықжәнеәлемдікмәдениеттіңтүрліөнертуындыларыныңерекшеліктерінтүсіндіреалады.

Көптегеноқушылар:Шығармашылықжұмыстарынорындайалады.

Кейбіроқушылар:Жасағанжұмысынқорғайды.

Бағалау критерииі

Отандық және әлемдік мәдениеттің түрлі өнер туындыларының ерекшеліктерін түсіндіре алады.

Сабақ кезең/рі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Кіріспе

Сиқырлы қапшық»

Қапшыққа салынған саны бірдей қызыл,сары,жасыл шариктер таңдап алуды ұсынамын. Осы түстер бойынша оқушыларды 3 топқа бөлемін:

1-топ: «Мергендер» (қызыл түсті)

2-топ: « Ептілер » (сары түсті)

3-топ: « Жүйріктер» (жасыл түсті)

Шаттық шеңбері

Дене мүшелерімен амандасу (көзбен, қол алысып, құлақпен, аяқпен амандасу)

Мұғалім: — Екі көз не үшін керек?

Оқушы: — Жақсыларды көру үшін.

Мұғалім: — Екі құлақ не үшін керек?

Оқушы: — Ақыл – кеңес тыңдау үшін.

Мұғалім: — Екі қол не үшін керек?

Оқушы: — Елге көмек беру үшін.

Мұғалім: — Екі аяқ не үшін қажет?

Оқушы: — Шетте жүрсең,

Туған жерге жету үшін

Мүғалім: — Ал басың не үшін керек?

Окушы: — Бәрін-бәрін ойлау үшін.

Дұрыс балалар, олай болса мен сендердің құлақтарың, көздерің, қолдарың мен аяқтарыңа саулық тілеймін.

Жұмыс ережесін келісу

Алдыңғы білімді еске түсіру (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

(Ұ) «Допты қағып ал» тәсілі бойынша сыныпқа сұрақтар қоямын.

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау

Жаттығуды жасайды
Джиксо әдісі бойынша 1,2,3,4 санау арқылы топқа бөлнеді.

Өткен материалды сұрақтарға жауап беру арқылы есеріне түсіреді.

ҚБ «Бәрекелді,әттеген-ай»


АКТ


Негізгі бөлім

Жаңа сабақ

Пейзаждағы кеңістік перспективасы«Ойлан,жұптас,пікірлес»

Кеңістік перспективасын бейнелеу жарық пен түстік қатынастарға негізделген. Кеңістік перспективасын сурет салғанда адамға кеңейіп немесе қағаз бетіндегі жазықтықта алысқа сүңгіп,еніп бара жатқан көз жетпес қиырды,ауаға толы орасан зор кеңістікті беруге мүмкіндік жасайды.Кеңістікті беру арқылы табиғат көрінісін нақты да дәл беруге болады. Заттар қашықтаған сайын бояу түстері мен реңктерінің өзгеруінде кеңістік перспективасы үлкен рөл атқарады. Ауа-райы , жыл мезгілдері,тәуліктік сағаттық уақыт, жарықтың түсуі, сонымен қатар ауадағы булану ,шаң және түтіннің болуы да заттардың әр түрлі көрінуіне әсер етеді. Бейнелеу өнерінде алдыңғы план, ортаңғы план және артқы план деп алынған ұғымдар пайдаланылады. Алдыңғы планда барлық заттар барынша көлемді,олардың жарық-көлеңкесімен болуы мейлінше бір-біріне қарама-қарсы болып қабылданады.Екінші планда мұның бәрі барынша жұмсарады,ал үшінші планда ауа мұнарына тұтаса жымдасып кетеді. Сурет салуды былай үш планға бөлу шартты түрде алынған. Ауа перспективасын бірінші болып байқап, өз шығармаларында бейнелеген Қайта өрлеу дәуірінің атақты итальян суретшісі Леонардо да Винчи /15 ғ./ Ауа перспективасының өзіндік заңдылықтары бар, 1 заңдылық - жақын тұрған заттарды нақтылап,алыстағыны жалпылама бейнелейміз, 2 заңдылық - жақын тұрған заттардың контур сызығы қаттырақ басылады,алыстаған сайын айқындығын жойып, мұнарланады, 3 заңдылық – алыстаған сайын ашық түсті заттар қарайып , қара түсті заттар бозарып көрінеді. 4 заңдылық – жақын тұрған заттар /контрастты/көлемдірек,алыс заттар жазық болып көрінеді, 5 заңдылық – алыстаған сайын заттар ауа түтінімен бүркемеленіп,сұрқай болып көрінеді.

Кеңістік перспективасы сурет салғанда адамға кеңейіп немесе қағаз бетіндегі жазықтықта алысқа сүңгіп, еніп бара жатқан көз жетпес қиырды, ауаға толы орасан зор кеңістікті беруге мүмкіндік жасайды. Кеңістікті беру арқылы табиғат көрінісін нақты да дәл беруге болады.

Әдетте сурет өнерінде алыңғы план, ортаңғы және артқы план деп алынған ұғымдар пайдаланылады. Алдыңғы планда барлық заттар барынша көлемді, олардың жарық-көлеңкесімен бояуы мейлінше бір-біріне қарама-қарсы болып қабылданады. Екінші планда мұның бәрі біршама жұмсарады, ал үшіншіде ауа мұнарына тұтаса жымдасып кетеді.

Ауа перспективасының өзіндік заңдылықтары бар:

Бірінші заңдылық: жақын тұрған барлық бұйымдар нақты қабылданады, ал алыстаған сайын жалпылама бұлдыр көрінеді; кеңістікті беру үшін жақын тұрған заттарды нақты бөлшектермен бөліп бейнелеу керек, ал алыстағы затты жалпылама ортақтасқан күйде беруге болады.

Екінші заңдылық : жақын тұрған заттар нақты қабылданады, ал заттар алыстаған сайын айқындығын жойып, мұнарланып көрінеді.

Үшінші заңдылық: арақашықтық алыстаған сайын ашық түсті заттар қарайып көрінеді, ал қара түсті заттар жақын тұрған затқа қарағанда ашық болып көрінеді.

Төртінші заңдылық: жақында тұрған барлық заттар қарама-қарсы (контрасты) жарық пен көлеңкеге ие болады және көлемдірек болып көрінеді, ал алыстаған сайын әлсіз жарық пен көлеңке арқылы жазықтау етіп көрсету тиімді.

Бесінші заңдылық: алыстаған заттардың барлығы ауа түтінімен бүркемеленіп, түтін сияқты түске енеді, яғни күлгін, көкшіл, көгілдір немесе ақшыл түстер.

Алтыншы заңдылық: жақында тұрған заттар түрлі-түсті болып көрінеді, ал алыстаған сайын бір түсті болып көрінеді; жақын тұрған заттардың кеңістігін беру үшін әр түрлі реңктегі бояумен бейнелеу керек, ал алыстаған сайын заттың түсін бір бояумен беруге болады.

Перспектива дегеніміз не?

  1. Перспективаның қандай түрлерін білесің?

  2. Кеңістік перспективасы дегеніміз не?

Сынып жұмысы. Енді осы заңдылықтарды сақтай отырып табиғат көрінісін салып шығайық.

Дескрипторы:

Тапсырманы дұрыс ережеге сай орындайды

Ойтолғаныс кезеңі.


  • Сызықтық перспективаның не екенін есіңе түсір.

  • Сызықтық перспективаның қандай негізгі ережелерін білесің?




Видеокөрсетілімді мұқият көріп, сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбымен танысады.

Жаңа тақырып бойынша суреттерге қарап әңгімілеу арқылы қорытындылау

Оқушылар берілген тапсырманы оқып,бір-бірімен ойланады,пікірлеседі.
Сурет салады және безендіру

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Белсенді оқу тапсырмалары

ҚБ «Бәрекелді,әттеген-ай»


Бағалау парақшасын толтырады.

ҚБ Бағдаршам



АКТ

Оқулық

Сурет дәптерге

Бағалау

Оқушылардың көңіл-күйлерін білу мақсатында басбармақты көтеру арқылы формативті бағалау.

Сабақтан алған көңіл-күйлерін басбармақтарын жоғары, төмен көтеру арқылы көрсетіп отырды.







Рефлек сия

Кері байланыс



Сабақтан алған әсерлерін айтады.




Стикер




Педагогтің аты-жөні