ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 22
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының туған жері және өмір сүрген жылдары?
1858—1931, Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы кім?
ойшыл, фольклор танушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы. Арғын тайпасы Сүйіндік руы Күлік бөлімінен шыққан.
Мәшһүр Жүсіп қандай тілдерді меңгерген?
Араб, парсы, шағатай, түркі тілдерін үйренеді. Өзбек, тәжік, және т.б. тілдерді де біледі.
Неше жасында өлең жазып бастаған?
15 жасында
1907ші жылы жарық көрген кітаптарын атаңыз?
Мәшһүр Жүсіптің үш кітабы: “Сарыарқаның кімдікі екендігі”, “Хал-ахуал”, “Тіршілікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз” атты туындылары 1907 жылы Қазан қаласындағы Құсайыновтар баспаханасынан жарық көреді. Кейіннен ол баспаханадан шыққан 14 қалам иесінің шығармаларын цензура сотқа тартады. Ішінде Мәшһүр Жүсіптің жоғарыда аталған еңбектері де бар.
Мәшһүр Жүсіп жинаған фольклор үлгілерінің басым көпшілігі?
Мәшһүр Жүсіп жинаған фольклор үлгілерінің басым көпшілігі – аңыз бен әңгімелер. Мұндағы аңыздар: жер-су аттары.
Мәшһүр Жүсіптің ел арасынан жинаған ертегілері?
“Еділ-Жайық”, “Көр ақтарған Жаманбай”, “Баһырам патша туралы”, “Есен тентек туралы”, “Ертеде бір хан болыпты”, “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама”, “Еңсегей бойлы Ер Есім”, “Алаша хан”, “7 жасар Желкілдек”, “Ер Төстік”, “Әз Жәнібек және бір ұста”, “Екі патша”, “Әділ би”, “Сүйіндік:Олжабай батыр, “Тама Сарыбас мерген”, т.б.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының «Мәшһүр» атануы?
Сегізден тоғызға аяқ басқан шағында қалың топтың алдында бірде бір мүдірместен «Ер Тарғын» «Қозы Көрпеш Баян Сұлу» эпос дастандарын жатқа толғайды. Жиылған қауым дән риза болып, баланың аты «Мәшһүр» болсын, тіл көзден аулақ болсын деп басына үкі тағып қояды.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының алғашқы өлеңдері қай газетте және қай жылдан бастап шыға бастады?
«Дала уалаяты» газеті 1889 жылдан бастап
Мәшһүр Жүсіптің қанша ұлы болған?
Пазыл, Әмен,Шәрәпи
1940 жылы шыққан «Қазақ Әдебиеті Хрестоматиясына» басылған өлеңі?
«Шайтанның саудасы» «Дала әні»
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атақты Қажымұқан балуанмен кездескен жылы?
1925 жылы Баянауылда
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармаларының негізгі мақсаты қандай болды?
Ақын адам баласын ерлікке, өр намысқа, адалдыққа шақырады
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы дүниеден озған жылы?
1931 жылы 73 жасында дүниеден өтті.