Файл: Шешенні тілі шеберді бізі (Трбие сааты). 2022 ж Шешенні тілі шеберді бізі Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 87

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Шешеннің тілі - шебердің бізі»(Тәрбие сағаты) .2022 жШешеннің тілі- шебердің бізіМақсаты: Оқушыларды Абай атаның өмірбаянымен, оның өлеңдері мен шығармашылығымен таныстыру, тілдерін байыту.Оқушыларды өлеңдер арқылы адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, ғылым, өнерге сахналау арқылы байланыстырып сөйлеуге тәрбиелеу.Күй. «Отырар сазы»Балалар ән айтып Абай ауылына қарай келе жатады. Қабағыңнан наз ұғам.Таратайын халқыма, Қзің жайлы жазып ән.Оқушылар отырады. Сыныптың іші Абай атаның нақыл сөздері жазылған плакаттармен безендірілген. Тәрбиеші: Оқушыларға Абай атаның қмірі туралы әңгімелейді.Абай атамыз орыс жазушыларынан да өлеңдер мен шығармалар, мысалдар аударған. Мысалы Крыловтан «Шегіртке мен құмырсқа», «Қарға мен түлкі». Осы кезде Абай ата роліндегі оқушы сыныпқа кіреді де бір өлеңін оқиды. Жасымда ғылым бар деп ескермедім.Пайдасын көре тұра тексермедім.Ер жеткен соң түспеді уысымаҚолымды мезгілінен кеш сермедім.Тәрбиеші:: Абай ата оқушылар сіздің өлеңдеріңізді жақсы біледі.Кристина: Ғылым таппай мақтанбаОрын таппай баптанба.Құмарланып шаттанбаОйнап босқа күлугеБес нәрседен қашық бол.Бес нәрсеге асық болАдам болам десеңізТілеуің, өмірің алдыңдаАбай атаның демеу сөзі: «Рахмет, өркенің өссін!»)Алихан: Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспанКүз болып дымқыл тұман жерді басқан,Білмеймін тоңғаны ма,тойғаны ма,Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.Азамат: Ақ киімді денелі ақ сақалдыСоқыр мылқау танымас тірі жандыҮсті-басы аөқырау, түсі суықБасқан жері сықырлап келіп қалды.Тәрбиеші:: Абай атамыз айтқандай:Құлақтан кіріп бойды алар Әсем әнмен тәтті күйКөңілге түрлі ой салар әнді сүйсең менше сүй.( Ән: Желсіз түнде жарық ай.)Тәрбиеші:: Сабағымыздың жалғасы ерте кезде болған аңыз әңгімені сахналау. «Ерте кезде Әз Жәнібек деген хан болыпты.Оның алпыс биі болған екен. Хан би уәзірлерін шақырып алып былай дейді:Хан: -Уа, уәзірлерім. Бұл дүниеде не өлмейді?1 Уәзір: Уа, хан ием. Асқар тау өлмейді, ай мен күн өлмейді, ағын су өлмейді, қара жер өлмейді.
2 уәзір: Асқар таудың өлгені, Басынан бұлттың асқаны.Ай мен күннің өлгені, Еңкейіп барып батқаны.Аққан судың өлгені,Аязда мұз боп қатқаны Қара жердің өлгені, Қар астында жатқаны.Бұл дүниеде не өлмейді? Жақсының аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді!Хан: -Уа, уәзірлерім: Жігітке жақсы болу үшін не қажет?3Уәзір: -Уа, хан ием. Жігітке бірінші білім керек, екінші ғылым керек, үшінші ұғым керек, отты, өткір тіл керек.Хан: Уа, уәзірлерім, жігіттің неше жұрты болады?4 Уәзір: Уа, хан ием, жігіттің үш жұрты болады. Ағайын жұрты- күншіл, Қайын жұрты-міншіл, Нағашы жұрты – сыншыл. Хан: Ал, уәзірлерім сендерге ризамын. Енді маған тағамның ең тәттісін әкеліңдер.- деп бұйырады.Осы кезде Жиренше келеді. Ыдысқа салынған піскен тіл әкеледі. Хан: Мұның не?Жиренше: Тіл тақсыр.Хан: мен саған тағамның тәттісін әкел деп едім.Немене естімедің бе?Жиренше: Тағамның тәттісі осы, тақсырХан: Ім... солай де. Ендеше тағамның ащысын әкел – депті.Жиренше: Тағы да ыдысқа салынған піскен тіл әкеледі.Хан: Бұл не?Жиренше: Тіл тақсыр.Хан: Әй сен не мазақ қылып тұрсың ба?Жиренше: Тәтісі де осы, ащысы да осы тақсыр.Жақсылықтың жаршысы-тіл. «Жылы-жылы сөйлесең жылан інінен шығады» деген сөз бар. «Жаман адамның тілі ащы» деген де сөз бар.Хан: Уа ,уәзірлерім, сендерге айтар нақыл сөзім бар.Малым бар деп мақтанба,Боран соқса қайтесің.Басым бар деп мақтанба,Ажал соқса қайтесіңТілім бар деп мақтанба ,Тіл байланса қайтесіңБағым бар деп мақтанба, Сорға айналса қайтесіңАқылдан артық хандық жоқ, Жомарттан асқан хандық жоқ.Тәрбиеші:: Оқушылар «Аталы сөз – баталы сөз» дегендей тіл туралы нақыл сөздерді айтайық.Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбеАдамдықты көздесең, Жад тоқып ал көңілге.* * *Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі –ой өсіреді.* * *Бас кеспек бар, Тіл кеспек жоқ.* * *Тіл- көңілдің айнасы.* * *Тіл бас жарады, Бас жармаса тас жарады.* * * Халық тілі қайнар бұлақ.* * *Шешеннің тілі- шебердің бізі.* * *Ана тілін білмеген, Ақылы жоқ желікбас,Ана тілін сүймеген, Халқын сүйіп жарытпас.Тәрбиеші: О, адам, қадіріне жетіңдерАна тілің- анаң сыйлап өтіңдер.Туған тілін танымаған көр соқырБолып өтер, ертең мәңгі өкінер.Сабағымыз аяқталды. Назарларыңызға рахмет.Пайдаланылған әдебиет:Дәстүрлі тәрбие. Ә Әмірова Алматы «Арда» 2006 ж