Файл: Таырыбы лемді тербеткен мені анам.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 33

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырыбы: «Әлемді тербеткен –менің анам»
Мақсаты: а) Ана жайлы ұлағатты сөздер, өлеңдер, мақал - мәтелдер арқылы анаға сүйіспеншілікпен қарауға, ана мейірімін, махаббатын, жақсылығын түсіндіру.
ә) Ананы сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
б) оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұжымдыққа, ананы құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дөңгелек үстел.
Көрнекілігі Ұлағатты сөздер:

1 жүргізуші
Ана - біздің гүліміз,
Ананың біз - гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.

2 жүргізуші
Ұрпақтарға бақыт жолын аңсаған,
Тілейтұғын сырттай жүріп бақ саған,
Тіршіліктің тынысы мен ажары
Ана деген - теңдесі жоқ жақсы адам.
1 жүргізуші
Ана! Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, тербелмейтін сезім болуы мүмкін емес!

І. Мұғалім сөзі:
Армысыздар, ана - аналар
Қазақ әйел затын ерекше қадірлеген. Өмірдің ащы - тұщысын көріп, ысыла білген, тұяғы тасқа салса кетілер, суға салса жетілер деген оймен ұлын жел өтінде ұстаса, қызын аз күндік қонағым, алтынның сынығы, шұғының қиығы деп бөркінің төбесіне үкі қадап, үлпілдетіп өсірген.
Міне жыл аралатып, көктемнің аралатып, көктемнің алғашқы күндерімен келетін «8 наурыз мейрамы құтты болсын!» демекпін. Осы жерде отырған барлық аналарға, ұстаздарға, қыздарға отбастарына береке, бірлік тілеймін. Мейрамдарыңыз құтты болсын!.

Ән «анаға сәлем»
1 жүргізуші
Ана - әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Өмірге келгеннен бастап жанымыздан табылатын мейірімді жан - ана. Дүниеде анадан жақын кім бар балаға? Өзінің жағдайына қарамаса да, баласына бәйек болады. Өз аузынан жырып бар тәтті - дәмдісін, жылы жұмсағын баласына қояды. Сәл нәрсеге қабағың түссе, ең әуелі көріп қоятын, не болды деп, үрейі ұшып, тыным таппай жаныңнан табылатын - да сол ғазиз жан. Анаға теңеу жетпейтіні де сондықтан. Абай атамыз: «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол»- деп ескерткенін ұқтыратын ана бізді бес нәрседен қашық, бес нәрсеге асық болсын деп бейнеттенеді. Үлгі көрсетіп өнерге, жақсыға баулиды. Әр ана өз баласын тісімен тістеп жүріп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, арлы, намысты болып өсуге қолынан келгенін аямайды. Бар ана баласымен мақтанып, баласымен мың жасауды армандайды. Ана - біздің сарқылмайтын бұлағымыз. Ол біздерге мөп - мөлдір, тұнық күйінде үлгі өнегесімен сусындатуға жаралған ерекше жаратылыс иесі. Ендеше бүгінгі сынып сағатымызды осы аналарға арналады.


Балаларыңыздың ақ тілегін қабыл алыңыздар (тілек айтады)
2 жүргізуші
Мейірім мен ана сөзінің арасында қандай байланыс бар деп ойлайсыздар? (балалар өз ойларын айтады)
1 жүргізуші
Ана – бұл жел жағымызға пана, бәріміз үшін дана, Ана – дегенде сөзге келмейтін тіл, лүпіл қақпайтын жүрек, мөлтілдемейтін жанар жоқ. Балаға анадан артық адам, анадан қымбат жан жоқ.
Расында да адамның әдептілігі мен жан дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп,әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады.
Қазір ұл қыздарыңыз ана туралы жыр шумақтарын арнайды.(тақпақтарын оқу)
2 жүргізуші
Расында да адамның әдептілігі мен жан дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады.
Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ та аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады, көңілімізді сергітеді. Қайран ана өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір - қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді.
Ойын ойнау (өз баласын табу)

1 жүргізуші
Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. «Ат биден туады, алып анадан туады» дейді халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел басқарған көсем де, күміс көмей әнші мен мың бұралған биші де анадан туып, соның көкірегінен нәр алып өскен.
Ана - тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.
Аналарымызды мерекелік дастарханға шақырамыз

Мерекелік концерт

1 жүргізуші
Біздің де шарамыз аяқталуға жақын. Қазір соңғы бөлім «Автор үстелі» деп аталады. Кез келген оқушы мына орындыққа отырып, анасына деген сезімін жеткізуге болады, немесе мерекесімен құттықтауға болады, тіпті кешірім де сұрауға болады, егер ренжіткен болсаңдар. Ал, кезек сендерде,ұлдар,қыздар!
2 жүргізуші

Әлемді тербетеді ана алақаны, ана мейірімі жер бетін жылытады, ана махаббаты барлығымызды аялайды. Ендеше, аналарыңды құрметтеңдер, аялаңдар, ренжітпеңдер демекпін. Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын аналар!