Файл: азастан республикасы білім жне ылым министрлігі abai University силлабус.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 57
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Abai University
СИЛЛАБУС
1. Пән туралы ақпарат Қашықтықтан оқыту әдістемесі мен технологиялары, 5 ECTS, 2-курс, 4-семестр, 2020-2021 оқу жылы
Шифр және Білім бағдарламасы (ББ): 6B01201–Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ДОТ
Институт: Математика, физика және информатика
Кафедра атауы: Информатика және білімді ақпараттандыру
Оқытушының аты-жөні: Арынова Гулнар Сатыбалдиевна, аға оқытушы, білім магистрі
Қатынас ақпараты: тел. +7 747 7729467, arin_gc@mail.ru
2. Бақылау түрі (ауызша, жазбаша және тест түріндегі емтихан)
Критериалды бағалау:
Үй тапсырмаларының немесе СӨЖ мерзімдері Абай атындағы ҚазҰПУ-нің академиялық саясатына сәйкес жеңілдететін жағдайларда (ауру, шұғыл жағдайлар, күтпеген жағдайлар және т.б.) ұзартылуы мүмкін. Сындарлы сұрақтар, диалог, пікірталастарға қатысу, жаттығулар жасау және кері байланыс құпталады және көтермеленеді, ескеріледі және бағаланады:
1. Әр сабаққа тақырыпқа сәйкес, кестеге сәйкес алдын-ала дайындалу керек.
2. Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы бөлінеді.
3. Үй тапсырмаларының көпшілігінде бірнеше сұрақтар/тапсырмалар болады.
4. Семестр бойысізоқылатынматериалдыпайдаланасыз
СӨЖ көрсетілген мерзімде орындалуы тиіс. Көрсетілген мерзімнен кейін СӨЖ қабылданбайды.
Жиынтық бағалау:
Сіздің қорытынды бағаңыз мына формула бойынша есептеледі: (АБ1+АБ2)∙0,6 +Емт∙0,4
3. Курстың академиялық презентациясы
Қоғам өмірінің барлық салаларында ең алдымен, білім беру саласын жаһандық ақпараттандыру жағдайында тәуелсіз танымдық белсенділікті арттыру мәселесі өзекті болып табылады. Қоғамда қазіргі заманға сай, әлемдік ақпараттық технологияларды пайдалана алмаған жағдайда қоғамға бағдарлануда қиын жағдай қалыптасады. Міндет - қоғамда табысты әлеуметтену үшін білім алушыларда
бірқатар құзыреттіліктерді қалыптастыру.
Білімдегі қашықтан білім беру технологияларын қолдану білім алу тәсілдеріндегі вариативтілік мүмкіндігін арттырады, мұғалімдер мен оқушылардың ақпаратқа қол жеткізуін жеңілдетеді, оқушылар мен мұғалімдердің өзара іс-қимылын жаңа жолмен ұйымдастыруға мүмкіндік береді, оқушылардың когнитивті тәуелсіздігін дамытуға ықпал етеді.
Білім берудің заманауи технологиялары әртүрлі себептермен білім беру орталықтарынан, денсаулығына байланысты, өмір сүру ерекшеліктеріне байланысты, аумақтық қашықтығынан ажырап кеткен адамдарға жоғары сапалы білім алуға мүмкіндік береді. Классикалық сабақтар, лекциялар, семинарлар, практикалық жаттығулар, тесттер, электронды оқулықтар, бақылау тапсырмалары және мұғалімдердің консультациялары компьютерлік мониторда цифрлық форматта қашықтық режимінде қолжетімді. Қашықтықтан білім беру адамның білім мен ақпарат алу құқықтарын жүзеге асыруға бағытталған үздіксіз білім берудің бір түрі болып табылады.
Оқу курсының типі: МК/ЖООК/ТК
Пәннің мақсаты
Білім беруді цифрландыру әдістерін меңгерген, өздерінің кәсіби педагогикалық қызметтерінде заманауи цифрлық технологияларды мақсатқа сай пайдалана білетін болашақ педагог мамандардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру.
Пәннің негізгі міндеті 6B01201–Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ББ бойынша оқытудың келесі нәтижелерін (ОН...) қалыптастыру болып табылады:
1. Ақпараттық қоғамда қашықтықтан оқытудың рөлі мен орыны жайлы негізгі теориялық ұстанымдарды жиннақтау;
2. Қашықтықтан оқытудың әдістері мен оларды тиімді қолданудың жеке ерекшеліктерін жіктеу;
3. Жалпы білім беру аумағында қашықтықтан оқыту технологияларды қолдануды бағалау;
4. Қашықтықтан оқытуды қалыптастыру мен енгізуге қатысуға тұрақты педагогтың мотивациясын пайымдауды түсіндіру;
5. Қашықтықтан оқытуда йифрлық білім беру ресурстарын білім контенттерін жасауда, ғылыми зерттеу жұмыстарында, оқыту барысында және сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда және әкімшілік қызметте оңтайлы және ұтымды пайдалануды туралы шешім қабылдау.
4.Курстың академиялық саясаты:
Сабаққа кешікпеу және сабақта болмауы 0 баллмен бағаланады.
Тапсырмаларды (СӨЖ, аралық, бақылау, зертханалық, жобалық және т.б.), жобаларды, емтихандарды орындау және тапсыру мерзімдерін міндетті түрде сақтау. Тапсыру мерзімі бұзылған жағдайда тапсырма айыппұл баллдарын шегеру есебімен бағаланады.
Академиялық тәртіп ережелері:
Сабаққа міндетті қатысу, кешігуге жол бермеу.
Академиялық құндылықтар:
Академиялық адалдық және тұтастық: барлық тапсырмаларды орындау дербестігі; плагиаттың, жалғандықтың, шпаргалкаларды пайдаланудың, білімді бақылаудың барлық түрлеріндекөшіріп алу және оқытушыны алдаудыболдырмау.
Мүмкіндігі шектеулі студенттер e-mail бойынша кеңес ала алады.
5. Ақпараттық ресурстар: (Интернет-ресурстарды қоса алғанда)*
Оқу әдебиеті:
-
ШЖМ үшін ресурстық орталықтарда қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру. Әдістемелік ұсынымдар. - Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2018 – 125 б. -
Бидайбеков Е.Ы., Гриншкун В.В., Камалова Г.Б., Бостанов Б.Г., Исабаева Д.Н.. Білімді ақпараттандыру және оқыту мәселелері. Оқулық, Алматы,2014.-352 с. -
Методика дистанционного обучения : учеб. пособие для вузов / М. Е. Вайндорф-
Сысоева, Т. С. Грязнова, В. А. Шитова ; под общ. ред. М. Е. Вайндорф-Сысоевой. — М. : Издательство Юрайт, 2017. — 194 с. — Серия : Образовательный процесс. Григорьев С.Г.,
-
Бидайбеков Е.Ы., Григорьев С.Г., Гриншкун В.В. Информационное интегрирование и анализ образовательной области в разработке электронных средств обучения. Алматы: АГУ им.Абая. 2002. –100с. -
Шваб Клаус Төртінші индустриялық революция. –Алматы: Ұлттық аударма бюросы, -2018. -200 б.
Интернет ресурстары
-
nao.kz -
okulyk-edu.kz -
cpm.kz -
bilimland.kz -
opic.kz -
digitalkz.kz -
onlinemektep.net -
https://portal.kundelik.kz/
6. Оқу курсының тақырыбын іске асыру күнтізбесі:
Апта / күн | Тақырып атауы (дәріс, практикалық сабақ, СӨЖ) | Сағат саны | Ең жоғары балл |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Дәріс 1. Қашықтықтан оқыту ұғымы. | 1 | 1 |
Практикалық сабақ 1. Цифрлық Қазақстан бағдарламасы бойынша білім беру жүйесін цифрландыру проблемалары | 2 | 5 | |
2 | Дәріс 2. Қашықтықтан оқыту модельдері | 1 | 1 |
Практикалық сабақ 2. Мультимедиалық оқыту презентацияларын құру және оларды сабақ барысында қолдану технологиясы | 2 | 5 | |
3 | Дәріс 3. Қашықтықтан оқытудың түрлері мен формалары | 1 | 1 |
Практикалық сабақ 3. Презентация пакетін пайдаланып математикадан әдістемелік материал дайындау (Prezi.com және т.б.) | 2 | 5 | |
СОӨЖ 1 Кеңес беру және СӨЖ қабылдау СӨЖ1. Инфографика және оны тегін жасау сервистері | | 18 | |
4 | Дәріс 4. Қашықтықтан оқытудың мақсаты мен міндеттері | 1 | 1 |
Практикалық сабақ 4. "Қашықтықтан білім беру технологиялар бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығы | 2 | 5 | |
5 | Дәріс 5. Қашықтықтан оқытудың жалпы және спецификалық қағидалары | 1 | 1 |
Практикалық сабақ 5. Офистік программалардың көмегімен математикадан дидактикалық материалдар жасау | 2 | 5 | |
СОӨЖ 2 Кеңес беру және СӨЖ қабылдау. СӨЖ2. «Аралас оқытуды тиімді жүзеге асыру мәселелері» атты тақырыпта эссе | | 20 | |
6 | Дәріс 6. Қашықтықтан оқытудың “ әдістері | 1 | 1 |
Практикалық сабақ 6. «Асихронды және синхронды оқыту» атты тақырыпта инфографика жасау | 2 | 5 | |
7 | Дәріс 7. Қашықтықтан оқытуда пайдаланылатын құралдар | 1 | 1 |
Практикалық сабақ 7. Мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік пәнінен интерактивті тапсырмалар жасау (LearningApps және т.б.) | 2 | 5 | |
СОӨЖ3 Кеңес беру және СӨЖ қабылдау. СӨЖ3. Бастауыш сынып пәнінен дәстүрден тыс бағалау тапсырмаларының түрлері» атты тақырыпта гугл презентация | | 20 | |
Барлығы 1 Аралық бақылау | | 100 | |
8 | Дәріс 8. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру түрлері | 1 | 1 |
Практикалық сабақ. 8 Мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік пәнінен интерактивті тапсырмалар жасау (LearningApps, flippity.net және т.б.) | 2 | 5 | |
9-10 | Дәріс 9-10. Қашықтықтан оқытуда білімді бағалау | 2 | 2 |
Практикалық сабақ 9-10. Мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік пәнінен пәнінен интерактивті тапсырмалар жасау (Padlet.com, XMind.net және т.б.). | 4 | 10 | |
СОӨЖ 4 Кеңес беру және СӨЖ қабылдау СӨЖ 4. Математикадан "Flippity" платформасында тапсырмалар жасау (flippity.net) | | 13 | |
11-12 | Дәріс 11-12. Қашықтықтан оқыту үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері | 2 | 2 |
Практикалық сабақ 11-12. Қашықтықтан оқытудың Smart-learning әдісі. | 4 | 10 | |
СОӨЖ 5 Кеңес беру және СӨЖ қабылдау. СӨЖ5. «Plickers, Kahoot, Socrative онлайн сервистерінің көмегімен Мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік пәнінен оқушылардың білімін бағалау тапсырмаларын жасау» атты топтық тапсырма | | 13 | |
13 | Дәріс 13. Қашықтықтан оқытуда қолданылатын заманауи педагогикалық технологиялар | 1 | 1 |
Практикалық сабақ 13. Мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік пәнінен пәнінен бір бейне сабақтың сценарийін жасау (Bandicam.com) | 2 | 5 | |
СОӨЖ 6 Кеңес беру және СӨЖ қабылдау СӨЖ6 StoryJumper – онлайн оқулықтар жасау сервисінің көмегімен математикадан «ертегі кітапша» жасау | | 13 | |
14 | Дәріс 14. Төңкерілген сынып және Web-технологиялары | 1 | 1 |
Практикалық сабақ 14. Мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік пәнінен бір бейне сабақтың сценарийін жасау (Bandicam.com) | 2 | 5 | |
15 | Дәріс 15. Қашықтықтан оқытуды жоспарлау алгоритмі | 1 | 1 |
Практикалық сабақ 15. Мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік пәнінде портфолио технологиясын қолдану | 2 | 5 | |
СОӨЖ 7 Кеңес беру және СӨЖ қабылдау СӨЖ7. Мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік пәнінен «Төңкерілген сынып» әдісін пайдаланып оқыту үшін сабақ жоспарын жасау | | 13 | |
Барлығы 2 Аралық бақылау | | 100 |
Оқытушы Шекербекова Ш.Т. | |
Кафедра меңгерушісі Ошанова Н.Т. | |
Институт оқу-әдістемелік бірлестігінің бастығы Шармуханбет С.Р. | |
| |