Файл: Жргізуші рметті ата аналар, стаздар, онатар, оушылар! Ал, неки, лдар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 23

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ал, қанеки, ұлдар сайысы
Жүргізуші:
Құрметті ата - аналар, ұстаздар, қонақтар, оқушылар! «Ал, қәнеки, ұлдар» сайысына қош келдіңіздер!
Қай заманда болсын, адамзат алдында тұратын ұлы мақсат пен мұраттың ең бастысы – елі мен жерінің амандығы. Ол үшін ел мен жерін көркейтетін салауатты ұрпақ тәрбиелеуді көксеген. Оларға жол көрсетіп, еңбек етуге бар ынтасын арнаған. Сол келешек қоғам иелерін, жан - жақты жетілген, ақыл - парасаты мол, өнер иесі етіп тәрбиелеуде халқымыз: «Жігітке жеті өнер де аз», «Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы азамат болу керек» - деп тәрбие беріп отырған. Ойлы, білімді, мәдениетті, іскер, еңбекшіл азамат тәрбиелеуді мақсат еткен.
Еліміздің ежелден дәріптеп, қастерлеп келген ұлттық өнерінің тегін тектеу, болмысын тану, оның асылын тарихтың рухани көш керуеніне ілестіріп отыру арқылы бүгінгі және болашақ ұрпақ қамын қамдау өскелең өмір талабы болып табылады.
Сайысымызды бастамас бұрын құттықтау сөзді мектебіміздің директоры Сарина Алтынгуль Темиртасовнаға берейік.
Ал енді «Ал, кәнеки ұлдар» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.

Құрметті жиналған қауым!
Бүгінгі біздің мектепте дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіз халайық, сергісін бой - дей келе «Ал, кәнеки ұлдар» сайысын тамашалауға келіп отырған қонақтарды, осы байқауға қатысқалы келген ұлдарымызды және төрелік жасайтын қазылар алқасына қош келдіңіздер дейміз.
Осы сайысқа әділ бағасын беретін әділ қазылармен таныстырайық.:
1.Алкеева Айгүл Теміртасовна

  1. Сарина Алтынгүл Теміртасовна

  2. Ерубаева.Толқын Мақановна

Сайыстың бағдарламасымен таныс болыңыздар:

1. «Тегімді менің сұрасаң...» өзін - өзі таныстыру.
2. «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» сұрақ - жауап
3. «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» қол күрестіру
4. «Сегіз қырлы, бір сырлы» өз өнерін көрсету
Жүргізуші:
Өнер қуып жігіттер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәске түскен ұлдар кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін - деп бірінші сайысымыз «Тегімді менің сұрасаң...» өзін - өзі таныстыру
Жүргізуші:
Таныс болды жігіттер тегіменен,

Туып өскен мекені, еліменен.
Алпамсадай бәрі батыр көрінеді,
Әлжан Сәберлінің жерінен - дей келе сайысымызды жоспар бойынша жалғастырамыз.
Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,
Келді кезек тапқырлықты танытар.
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,
Жүлде сенде, қуана бер, күлімде, – деп «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деп аталатын сұрақ - жауап сайысымыздың келесі бөліміне кезек береміз. Бұл сайыста сайыскерлеріміздің білімдерін тексереміз.

2-бөлім: Cұрақтар, тапсырмалар

1. Қазақтың ұлттық ойындарын ата.

2. Ырым, тиым сөздерді айту.

3. Қазақтың ұлттық мерекесі жаңа жылы қай кезде болады, ол туралы не білесің?

4. Қазақтың ұлттық тағамдарын ата. (бесбармақ, бауырсақ, құрт-май, айран, шұбат, т. б. )

5. Бала шыр етіп дүниеге келгенде жасалатын дәстүрлерді ата.

6. Батаменен ел көгерер, бата бере білесің бе?

- Оқушылардың жауаптары тыңдалады.
3-бөлім: Білек күшін сынаймыз
Кім епті екенін сыныпта,
Күштілер бар біздерде
Төтеп берер тығырықта –деп оқушылар білек сынасады.
Табылар білім болса бар асыл да,
Кезек қазылардың бағасына - деп сөз кезеңін әділқазылар алқасына береміз.
4 бөлім

Жүргізуші:
Кімдер жүйрік өнерпаз білейікші,
Нағыз жігіт мектептің деп жүрейікші.
Қазыларға тек қана әділдікті,
Ал, ұлдарға сәттілік тілейікші, – деп жігіттеріміз өз өнерлерін көрсетеді.
ІY. Қорытындылау
Жас ұрпақтың рухани нәр алып жетілуіне халықтық асыл мұраның әсері мол. Соны жинап зерттеп, келер ұрпақтың бойына дарыту кезек күттірмейтін өзекті мәселенің бірі. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейді қазақ. Бала жасында қалай тәрбиеленсе, есейгенде соны істейді. Халықтық тәрбиенің туын биік ұстап жас ұрпақты қасиетті халқымыздың тәлімгерлік
үлгісімен тәрбиелейік.




22