ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 347
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
___________________________________________
(білім беру ұйымыныңатауы)
Қысқамерзімді (сабақ) жоспары-1
Бөлім: | Парасаттылық және этика |
Педагогтің Т.А.Ә. (болғанжағдайда) | |
Күні: | |
Сынып: 6 | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтыңтақырыбы | Өмірлік ұстанымдарыма берікпін |
Сабақтыңмақсаты | Оқушыларға өмірлік ұстаным туралы түсінік беру және өз өмірлік ұстанымдарын қалыптастыруға ықпал ету. |
Бағалау критерийі | өмірлік ұстаным туралы біледі; өмірлік ұстанымдарын қалыптастырады; |
Құндылықтарды дарыту | Өмір бойы білім алу: өзіне қажетті білім алу кезінде білімнің қажеттілігін түсінуге тәрбиелеу |
Сабақтыңбарысы
Сабақтыңкезеңі/ уақыт | Педагогтіңәрекеті | Оқушыныңәрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру «Кинометафора» әдісі «Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің тұрақтары» тақырыбына байланысты бейнебаян көрсетеді. Мұғалім көрсетілген бейнебаян бойынша оқушыларға «Серпілген сауалдар» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беруді ұсынады -Өмірлік ұстаным дегенді қалай түсінесіңдер? | Оқушы өз ойларын ортаға салады. Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді | ҚБ «Мадақтау сэндвичі» | Тақырыптық суреттер https://yandex.kz/video/preview/698441150976972623 сілтемеде бейне көрініс |
Сабақтың ортасы | Мағынаны тану Өмірлік ұстаным Адамның дүниетанымдық, моральдық-психологиялық қасиеттері және оның қоғамға қарым-қатынасын білдіру арқылы көрінетін ішкі қағидасы. Өмірлік ұстаным адам іс-әрекетінде белсенді немесе бәсең түрінде көрініс береді. Өмірлік ұстаным – жеке адамның іс-әрекетінің белгілі бір бағыттылығы. Адамгершілік бағытта өмірлік ұстаным жеке адамның мінез-құлық жүйесінен көрініс табады, адамдардың сенімінен, ар-ожданынан, идеялық бір бағыттылығынан байқалады. Адамның өмірлік ұстанымының шындығын және дұрыстығын айқындау қоғамның прогресті бағытта сай келуімен өлшенеді. Тұлғаның жекебастық дамуын анықтаудың ең басты белгісі оның қоғамдық, тарихи процестегі орнын белгілеу болмақ. Адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуы, ең алдымен, оның өмірден өз орнын саналы түрде таба білуіне байланысты. Жеке тұлғаның өзіндік өмірлік ұстанымы оның қоғамға, қоғамдық байлыққа деген көзқарас пікірден, іс-әрекетінен, қоғамдық қызметінен, өмірге деген көзқарасынан білінеді. Адамның өмірі мен қызметі, өмірге деген көзқарасы оның мамандығына байланысты. Адамның өмірлік белсенді ұстанымы еңбек процесінде айқындалады, шыңдалып беки түседі. Ол іс-әрекет сөздің бірлігінен, адамның алға қойған мақсатты орындаудағы белсенділік пен теориялық білім,білік, іскерлік қабілетін жүзеге асыра білуінен байқалады. ІІ. Пікірің қажет! Ұлы тұлғалардың өмірлік ұстанымы Ешқашан берілмеңіз! /У. Черчилль/ Менің өмірлік ұстанымым — тек қана алға ұмтылу, өзара түсіністік, өзара көмек және бірлік./Ө. Жалайри/ Не болса соған сене берме, қолыңда бардың қадірін біл, уақытыңды құр бекерге жіберме! /Ғ. Мұтанов/ -Адамдар сенен көмек сұраса, қол ұшын созудан бас тартпа! /А. Жұмаділдаев/ Өмірдің әр сәтінен сабақ ал! /Ш. Беркімбаева/ Жүрекке жол таба біл! /Д. Нұржігіт/ Өміріңді адал және лайықты етіп сүргейсің! Ертеңгі күні қартайғаныңда өткеніңнен рахат алатындай бол!/ К. Шамшиденова/ Жүректен жүрекке Мұғалім балалардың шеңберге тұрыпсыныптас достарымен қол ұстасып өз бойларындағы жаксы қасиеттерін таныту мақсатында және алған білімдерін қортындылау үшін бір-біріне жүрекжарды тілектерін айтуды ұйымдастырады. | Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады. | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Мадақтау сэндвичі» ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Өзін-өзі бағалау» | Ақпараттық мәтін Үлестірмелі қағаздар Суреттер Тірек-сызбалар Кесте ҚБ парағы |
Сабақ тың соңы | Үш нәрсені ұмытпа: өзіңді құрметте, өзгелерді құрметте және жасаған әр іс-әрекетіңе жауап бере біл! /Ж. Тәшенов/ Алынбайтын асу, бағынбайтын белес, шешілмейтін түйін жоқ. Дж. Буш Жүзігің алтын болғанша, жүзің жарқын болсын! /Д. Қонаев/ ЕБҚ оқушыларына (есту, көру, қабылдау деңгейі төмен)қосымша қолдау көрсету мақсатында «Өз мақсатым» тақырыбында сурет салу беріледі. Кері байланыс Не білдім? Не көрдім? Не түсіндім? Нені жетілдіруім керек? Үйге тапсырма: «Өмірлік ұстанымдарыма берікпін» эссе жазу | Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады | Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды | А4, конспект |
___________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары-2
Бөлім: | Парасаттылық және этика |
Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда) | |
Күні: | |
Сынып:6 | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Ұстазым-қамқорым менің,баулыған асыл өнерге |
Сабақтың мақсаты | Ұстаздың адам өмірінде алатын орын зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дамыту әрі дарыту. |
Бағалау критерийі | Ұстаздың әрі маман, әрі оқушыға дос, жанашыр, ақылшы екендігін ұғынады |
Құндылықтарды дарыту | Ұстазбен өзара сыйластық қарым-қатынастары дамиды |
Сабақтың барысы
Сабақтыңкезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру 1. Ұстаз деп кімдерді айтамыз? 2. Сендер кімдерді өздеріңе ұстаз санайсыңдар? 3. Ұстаздарыңды қалай қуантар едіңдер? - Дұрыс айтасыңдар. Тәрбие, тәлім, білім, ақыл беретін адамдарды біз ұстаз дейміз. Ата-ана – ұстаз, мұғалім – ұстаз, үлкендер – ұстаз, кітап – ұстаз. Олар біздің жақсы адам болып өмір сүруімізге көмектеседі. | Оқушы өз ойларын ортаға салады. Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді | ҚБ «Мадақтау сэндвичі» | Тақырыптық суреттер сілтемеде суреттер |
Сабақтың ортасы | 1. Мәтінмен жұмыс. Ұстаз А. Сопыбеков леңде ұстаз деп кімді айтып отыр? 2. Өлеңде ұстаз бойындағы қандай қасиеттер айтылған? деген сұрақтарға қандай пікір айта аласыңдар? 3.Шығармашылық жұмыс. Топқа бөлініп, әр топ «Менің ұстазым» тақырыбына шағын құрап және әр топ өздерінің жұмысын жария етеді. 4.Тыныштық сәті. Балалардың денесі, ойы тынықтырылады. Балалар денелерінді түзу, бастарынды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырайық. Көздеріңді жұмуғада болады.Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаймыз, денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сеземіз.Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтыламыз. (Осылайша 2 минут отырады)Балалар, ойланып болсақ көзімізді ашайық. . Бізде бүгін дәйексөз Ребус, соны шешіп көрейік. « Мұғалім – мектептің жүрегі » Ы. Алтынсарин - Ыбырай Алтынсарин қазақ жерінде тұңғыш мектеп ашқан ағартушы-педагог. Оның «Мұғалім – мектептің жүрегі» деп айтқаныңда көп мән бар. Өйткені оқушы мектепте мұғалімнің еңбегі арқылы оқу, білім, тәлім алады. Мұғалім оқушыны жақсылыққа, ізгілікке, бақытқа жетелейді. 5. Жаңа ақпарат. Ұстаз мектепте білім – тәрбие беріп, адамгершілік нұрын төгеді. Мұғалім жас ұрпаққа өз өнерін,тәжірибесін, білімін үйретеді. Адамдардың айналаға, достарына, табиғатқа деген дұрыс көзқарасын қалыптастырады.Ол адамның өмірге деген сенімін арттырады, өмірден өз жолын дұрыс таба білуге көмектеседі. Қағазға сол жақ бөлігінде ұзтаздың суреті салынған. Оң жақ бөлігінде берілген бос торкөздерге өз ұстазыңа сыйлағың келетін суретті салып, бояңдар. - Ия, балалар, жалпы біз кімнен немесе неден, тәлім-тәрбие, өнеге алсақ, үйренсек өзімізге соларды ұстаз санаймыз. Біз ұстаздан көп нәрсе үйренеміз. Ұстаз өмірдегі құбылыстар мен әрекеттерді, құндылықтарды танып білуге, ажырата алуға үйретеді. Ұстаздан алған білімді бойына сіңіре білген, оны өмірде дұрыс қолдана алған шәкірт нағыз білімді болады. 6. Жүректен-жүрекке жылы лебіз білдіру. Жүрекше арқылы бір – бірімізге жүрек жарды тілегімізді айтайық. Ұстаз – тек оқу, жазу үйретіп, білім беретін мұғалім ғана емес. Ол қиналған сәтте қол ұшын беретін көмекші, қамқор, іздеген сұраққа, бастаған іске ақыл-кеңес беретін ақылшы, бірге еңбек ететін сенімді дос бола алады. ЕБҚ оқушыларына (есту, көру, қабылдау деңгейі төмен)қосымша қолдау көрсету мақсатында «Менің Ұстазым» тақырыбында сурет салу беріледі. | Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады. Дескриптор: өзгерістерін жіктейді | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Мадақтау сэндвичі» ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Өзін-өзі бағалау» | Ақпараттық мәтін Үлестірмелі қағаздар Суреттер Тірек-сызбалар Кесте ҚБ парағы |
Сабақ тың соңы | Қорытынды: Ия, шәкіртерінің тек қана жақсы жақтарынан көрінуі, үлкен жетістіктерге жетуі – ұстаз үшін үлкен қуаныш. Сондықтан ұстаздарыңды ренжітпеңдер деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз! Кері байланыс. Табыс сатысы» әдісі: сатының суреті, сатының 1 - баспалдағы Мен.............. БІЛЕМІН 2 - баспалдағы Мен.................. ТҮСІНЕМІН, 3 - баспалдағы Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН Үйге тапсырма «Ұстаз бейнесі» тақырыбында ой толғау | Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады | Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды | А4, конспект |
___________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары-3
Бөлім: | Парасаттылық және этика |
Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда) | |
Күні: | |
Сынып:6 | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | «Ғылымым жұрттан асты деп, кеңессіз сөз бастама»(Асанқайғы) |
Сабақтың мақсаты | Оқушыларға кеңпейілділік туралы түсініктерін кеңейте отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу |
Бағалау критерийі | Жаңа білімнің тақырыбын анықтайалады, негізгі ойды табады. Шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды. Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасайалады. |
Құндылықтарды дарыту | Оқуға, білімге деген қызығушылығынарттырып, еңбекке баулу. Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық. |
Сабақтың барысы
Сабақтыңкезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | Оқушылармен амандасып,сабағымыз қызықты әрі тиімді өту үшін «Өзін – өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталаймыз. Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық. Ой шақыру - Кеңпейілділік, жомарттық дегенді қалай түсінесіңдер? Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру | Оқушы өз ойларын ортаға салады. Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу | ҚБ «Мадақтау сэндвичі» | Тақырыптық суреттер сілтемеде суреттер |
Сабақтың ортасы | Дәйек сөз. Кең пейілді кемімес, тар пейілді кеңімес Халық мақалы Дәйексөзді хормен оқыту, дәптерге жазып алу Сұрақтар: -Дәйексөзді қалай түсінесіңдер? - Қандай адамды жомарт, кеңпейіл деп айтамыз? Неліктен? -Айналадағы адамдарға риясыз көмек көрсету деген не? «Ғылымым жұрттан асты деп, кеңессіз сөз бастама» Сұрақтар: - Неліктен Асан Қайғы олай сынады? - қандай шешімге келді? - Кейіпкелердің қайсысы жомарттық танытты? - Сен не істер едіңдер?
Сыныпты 3-топқа бөліп, әр топқа тапсырма беру. І топ. Жағдаятты шешу. (Тақтада ілінген күн көзінің шуағындағы жазылып тұрған жағдаяттарға жауап беру). 1 – сұрақ Егер ойламаған жерден сен лоторея ұтысынан миллион теңге ұтып алдың, оны қалай жұмсар едің? 2 – сұрақ Сенің үйіңе ымыртта бір танымайтын кісі келіп, қонатын жері жоқ екенін, таңертеңге дейін үйге қондыруын сұрады. Ал сенің үйіңде онсыз да қаладан келген туыстарың бар еді. Анаң үйде қонақ көп екенін айтып, ол кісіні қондырғысы келмегенін айтты. Сен не істейсің? 3 – сұрақ Кешқұрым сен сабақтан келе жатып автобуста бір өзің қатарлы қыздың билет тексерушіге ақшасының таусылып қалғанын айтып, баратын жеріне дейін ала кетіңізші деп жалынып - жалбарынып тұрғанын көрдің. Ал билет тексеруші ол қызды алып кеткісі келмегенін байқадың. Сен бұл кезде не істер едің? 4 – сұрақ Қалада апаңның үйіне бардың. Сені дүкеннен нан әкелуге жұмсады. Сен дү - кеннен нан алып келе жатқанда бір 5 - 6 жасар жылап тұрған қызды кездестір - дің. Ол адасып кеткен сияқты. Сен оған көңіл бөлер ме едің? 5 – сұрақ Жанна өте ақкөңіл болатын. Өзі жақсы оқитын. Ол барлық балаға білгенін айтып, көмек беруден жалықпайтын. Ол бірде сырқаттанып, сабаққа келмей қалды. Өзі сабақтардан өткен тақырыптарды меңгермей қалды. Ал досы Нұр - гүл болса, оған көмек беруді ойламады да. Сен не істер едің? ЕБҚ оқушы (есту, көру, ойлау қабілеті) тапсырманы саралау арқылы орындайды. ІІ топ. Кеңпейілдік сөздерін қатыстырып, өлең құрастыру. 1)...........................болмасын, ............................ қолдасын. .............................қарасақ, .............................болашақ 2)...........................қиянат, ...............................ұялат. ................................жүрейік, ...............................білейік. ІІІ топ. Кеңпейілдік туралы сахналау ЕБҚ оқушы (көру және есту қабілеті төмен) сұрақтарға жауапты жазбаша ұсынады | Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады. Оқушылар тақтада ілінген күн көзінің шуағындағы жазылып тұрған жағдаяттарға жауап береді Дескриптор: -кеңпейілдік сөздерінің маңынасын анықтайды; жағдаяттарды шешеді; өзгерістерін жіктейді | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Мадақтау сэндвичі» ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Өзін-өзі бағалау» | Ақпараттық мәтін Үлестірмелі қағаздар Суреттер Тірек-сызбалар Кесте ҚБ парағы |
Сабақ тың соңы | Сабақты қорытындылау Баяу әуен қойылады.Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады. Мұғалім жай дауыспен: «Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады» Кері байланыс «Желкенді кеме»
дықты кездестірген болсаң, желкенді сары түске боя;
Үйге тапсырма «Ғылымым жұрттан асты деп, кеңессіз сөз бастама»(Асанқайғы) | Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады | Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды | А4, конспект |
___________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары-4
Бөлім: | Парасаттылық және этика |
Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда) | |
Күні: | |
Сынып:6 | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Сыйға -сый,сырға –бал |
Сабақтың мақсаты | Дені сау, ұлттың сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесіне тән иманды, ибалы, үлкенге құрмет, кішіге ізет,бойында игі қасиеттері мол қалыптасқан тұлғаны тәрбиелеу. Өзіндік ойы бар, лайықты орын табуға қабілетті, ұлтжанды шәкірт тәрбиелеу. |
Бағалау критерийі | Өз кемшіліктерін өзі реттеп өзін өзі жетілдіріп,өзін тәрбиелеуге талпынады. |
Құндылықтарды дарыту | Сыйластық , мейірімділік, ибалық, имандылық қасиеттерді бойларына дарыту |
1 2 3 4 5 6 7 8 9 ... 16
Сабақтың барысы
Сабақтыңкезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру Ұйымдастыру Сабағыңа жөндеп, Әзірленсең еңбек Қиындықтың бәрін, Еңбек қана жеңбек. | Оқушы өз ойларын ортаға салады. Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді | ҚБ «Мадақтау сэндвичі» | Тақырыптық суреттер сілтемеде суреттер |
Сабақтың ортасы | Халқымыз ежелден адамгершілік,инабаттылық, сыйластық сияқты асыл қасиеттерді өз бойына сіңіріп және ардақ тұтып келеді. Адам өмірге келгеннен киін зара сыйласу баршаға ортақ қасиет. Тіршілік иелерінің ішінде адам санасымен ерекшеленеді. Жұмыр басты пенде, ең алдымен өзін өзі сыйлау білуі қажет. Егерде ібөзіңді өзің құрметтеп бағалай білмесең, өзгеден сый құрмет көрем деу бекершілік. Қазақ қашанда философ халық қой. « Өз өзіңді жаттай сыйла, жат жаныңнан түңілсін» деген мақалдың астарыннан ақ көп нәрсе пңғаруға болады. Сыйласа білуде үлкен өнер. Адам өміріндегі ізгі қасиеттер сыйластық татулық болып табылады. Адамдар бір бірімен сыйласа білсе ғана олардың арасында татулық, береке болмақ. Егер сен айналандағы жандарды сыйлай білсең ғана, өзіңді сыйлы бола аласың. Қазақтың « Сыйға сый, сыраға бал» деген ұғымы осының айғағы. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білу асқан ілтипаттылықтың белгісі. Алайда қазіргі кезде замандастармыздың бойында осы қасиеттер жетіспей жатыр.Бұл бүгінгі өміріміздің өзекті мәселелердің бірі. Сондықтанда біз бүгінгі осы бас қосуымызды сыйластық, құрмет тақырыбына арнап, оны сайыс түрінде өткіземіз. Сынып оқушыларын екі топқа бөліп отырғызамыз. Бірінші топты « Сыйластық» екінші топты « Мейрімділік» деп алып, сайысқа түсеміз. Қорытындысын өздеріңіз бағалау бетшесі арқылы белгілейсіздер. I топ оқушылары: Өз тілін қадірлеу Амандасу Сыйластық Үлкенге құрмет Кішіге ізет II топ оқушылары Инабаттылық Имандылық Мейірімділік Қайырымдылық Ибалылық II бөлім. Бұл бөлімде әр топта бір бірден оқушы шығып,қоржыннан нөмірленген асықтар алып,сұрақтарға жауап береді. 1 Бүгін сабақта « 2»алдың.Оған мамаң қатты ренжіді.Сен сол ренішін қалай өтер едің? 2 Қиналған сәтте досыңызды ренжітіп алдыңыз.Одан қалай кешірім сұрар едіңіз? 3 Б.Момышұлы атамыздың келіні Зейнеп Ахметова «Шуақты күндер» атты естелік кітабында мына бір көріністі жақсы суреттеген.Зейнеп апамыз үйінде таңертең тұрған соң анау мынау жұмыстармен жүргенде,есікті өте қатты тарсылдатып,біреу қаққан соң аяңдап айқайға сүріне қабына есікке барып ашып қалса Баукең екен.Сонда есікті ашпай сыртында тұрып «Бар, кейін деп айқай салыпты.Осы оқиғаны сен қалай түсінесің? 4 Сіздің досыңыз айтқан уәдесін орындамады,ол жөнініде сізден кешірім өтінді.Досыңыз сізден қалай кешірім сұрар еді?Сіз оған қалай жауап берер едіңіз? III Бөлім. Сын сағаты Гүлде сыйластықтың белгісі. Гүлде тұрған тапсырманы орындай отырып, гүлді өзіңнің қалаған жолдасыңа ұсынуға болады. Мұнда адамгершілік туралы әңгіме берілген. Осы әңгімені қарсы топқа қимыл мен жеткізу, оның не туралы екенін қарсы топ айтып, мағынасын ашады. I. Топ 1) Асан мен Болат мектептен келе жатыр еді. Қарсы алдынан мектепте бастауыш сыныпқа дәріс беретін Әсия апай кезікті. Бірақ оқушылар бұл апайды елемеді, амандаспады да өте шықты Тапсырма: Көріністі қыймылмен көрсету, қарсы топ мағынасын ашу. 2) Қанат пен Ербол көшеде ойнап жүрді, олардан алыстау жерде келе жатқан әже сүрініп құлап қалды. Бірақ ойнап жүрген Қанат пен Ербол әжені елемеді, көмекке келмеді. Себебі олар ойын мен жүріп байқамай қалуы мүмкін еді? Тапсырма: Көріністі қыймылмен көрсету қарсы топ мағынасын ашу. IV Бөлім. Әр топтың өнерін тамашалау. Адамгершілік, мейірімділік, сыйластық туралы қазақ ақын-композиторларының әндерін орындау. V Бөлім. «Сөздің көркі-мақал» деп атамыз қазақ, тоқсан ауыз сөздің тобықтай бір түйіні арқылы жеткізіп отырған. Енді қаншалықты білімді екеніізді мақал-мәтел айтудан байқап көрелік. Мақалдың бірінші жолын I топ айтады.екінші жолын II топ айтып мағынасын түсіндіреді. 1. Аға әдепті болса, іні әдепті,...(Апа әдепті болса, сіңлі әдепті). 2. Орны мен мақтай біл,... (Сый құрметін сақтай біл). 3. Халықтың қартын сыйлауы,...(Еліңнің салтын сыйлауы). 4. Ардагер аға алдында тұрсың,...(Әдепті іні артында тұрсын). 5. Сыйлай білсең кәріні,...(Жарылқаймын бәріңді). 6. Сыйлау деген-...(Құрдай жорғалау емес). 7. Сыйға сый,...(Сыраға бал). 8. Әдепті бала ата-анасын мақтатар,...(Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар). ЕБҚ оқушыларына (есту, көру, қабылдау деңгейі төмен)қосымша қолдау көрсету мақсатында үлестірме тапсырмалар беріледі. | Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады. Дескриптор: өзгерістерін жіктейді | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Мадақтау сэндвичі» ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Өзін-өзі бағалау» | Ақпараттық мәтін Үлестірмелі қағаздар Суреттер Тірек-сызбалар Кесте ҚБ парағы |
Сабақ тың соңы | « Білімді стикер». Мына сұрақтар бойынша жауап береді. - Не білдім? - Не білемін? - Не білгім келеді? - Нені білдім? Нені үйрендім? - Нені толық түсінбедім? - Немен жұмысты жалғастыру қажет? Үйге тапсырма «Сыйға -сый,сырға –бал» | Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады | Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды | А4, конспект |