ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 352
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
___________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары-5
Бөлім: | Парасаттылық және этика |
Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда) | |
Күні: | |
Сынып:6 | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Мен өз әрекетіме жауаптымын |
Сабақтың мақсаты | «Жақсылық» ұғымы туралы түсініктерін кеңейту.Бойларындағы жақсы қасиеттерді дамыту.Жақсы, әдепті, ақылды болуға тәрбиеле |
Бағалау критерийі | Өз-өзінің әрекетіне жауапкершілікпен қарайды |
Құндылықтарды дарыту | Өзіне және айналадағыларға құрметпен қарау, пәнге деген қызығушылығын арттыру. |
Сабақтың барысы
Сабақтыңкезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру Шаттық шеңбері. Сәлемдесу. Армысың аспан ата, Армысың жер ана. Армысың күннің көзі, Армысың достарым. Жүректен шыққан жылуым Міне, менің қолым! Салеметсіңдер ме, балалар! Сендерді көргеніме өте қуаныштымын! Әр адамның есімі - өзіне өте маңызды. Ол әлемдегі ең әдемі әуен сияқты естіледі. Сондықтан біз сабағымызды бастамас бұрын, есімдерімізді әндетіп атап амандасайық. Әуелі ақырын, ал енді қаттырақ. Жарайсыңдар! | Оқушы өз ойларын ортаға салады. Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді | ҚБ «Мадақтау сэндвичі» | Тақырыптық суреттер сілтемеде суреттер |
Сабақтың ортасы | Сурет «Мен өзгелердің көзімен» Ой тастау: - Балалар сендерді достарың қалай елестетеді деп ойласаңдар? - Олар сен туралы не ойлайтынын білесің бе? - Сен оларға қалай әсер етесің? - Әр түрлі жағдаяттарда достарыңның көзімен қарағанда, қалай көрінетініңді елестеуге тырысып көріңдерші! (балалар жайғасып отырып, көздерін жұмып елестетеді) -Айналаңдағы достарың сенен не күтеді? -Оған сенімен жақсы ма? балаларға жиегі қызыл түсті қағаз «айна» таратып, оған «Мен өзгелердің көзімен» бейнесін салуды ұсынады. (Педагог балалардың жұмысына араласпай, бақылап отырады) ЕБҚ оқушылар негізгі термин сөздерді мәтіннен анықтайды; Релаксация -Ал енді, балалар кілем үстіне ыңғайланып жайғасыңдар да көздеріңді жұмып, әр қайсың өз есімдеріңді дауыстап атап, оның қандай әдемі естілетінін, әрі өздеріңе қалай тамаша жарасатынын сезініп көріңдер. Талқылау: Балалар, жақын адамдарды қалай атайды? -Туысқандар немесе туыстар. -Дұрыс. -Ал, сендер өздеріңнің ата-аналарыңды, туған-туыстарыңды қандай мейірімді сөзбен атайсыңдар? - Анашым, әкетайым, әжетайым, апатайым, аташым, көкетайым –деп жауап береді. Сабақ соңында балалар бір-біріне жақсы тілектер айтып қоштасады. Дөңгеленіп тұрайық, Шеңберді біз құрайық. Кездескенше күн жақсы, Сау саламат болайық-деп жаттығу соңында балалар бір-біріне жақсы тілектер айтып қоштасады ЕБҚ оқушыларына (есту, көру, қабылдау деңгейі төмен)қосымша қолдау көрсету мақсатында үлестірме материал беріледі. | Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады. Дескриптор: өзгерістерін жіктейді | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Мадақтау сэндвичі» ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Өзін-өзі бағалау» | Ақпараттық мәтін Үлестірмелі қағаздар Суреттер Тірек-сызбалар Кесте ҚБ парағы |
Сабақ тың соңы | Дәйексөз «Сен басқаға қалай қарасаң, олар да саған солай қарайды» деген сөз бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіріледі. Бала айналасындағыларға, отбасындағы адамдарға, достарына қарап өседі. Олардың жасаған әрбір әрекетіне өзінше баға береді. Жақсы немесе жаман екенін айырады. Өмірде жақсы азамат болып өсу үшін әр бала айналасындағылардан тек жақсы қылықтарды үйреніп, жаман әрекеттен аулақ болуы керек екенін айтып түсіндіреді. Үйне тапсырма: Мен өз әрекетіме жауаптымын | Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады | Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды | А4, конспект |
___________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары-6
Бөлім: | Азаматтық патриотизм |
Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда) | |
Күні: | 1 2 3 4 5 6 7 8 9 ... 16 |
Сабақтың барысы
Сабақтыңкезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру Бүгінгі сабағымызда әр адам бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін, жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру керек. | Оқушы өз ойларын ортаға салады.Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшуОқушы өз болжамдарын айтып,талқылау жүргізеді | ҚБ «Мадақтау сэндвичі» | Тақырыптық суреттер сілтемеде суреттер |
Сабақтың ортасы | І Өмірлік ұстаным Адамның дүниетанымдық, моральдық-психологиялық қасиеттері және оның қоғамға қарым-қатынасын білдіру арқылы көрінетін ішкі қағидасы. Өмірлік ұстаным адам іс-әрекетінде белсенді немесе бәсең түрінде көрініс береді. Өмірлік ұстаным – жеке адамның іс-әрекетінің белгілі бір бағыттылығы. Адамгершілік бағытта өмірлік ұстаным жеке адамның мінез-құлық жүйесінен көрініс табады, адамдардың сенімінен, ар-ожданынан, идеялық бір бағыттылығынан байқалады. Адамның өмірлік ұстанымының шындығын және дұрыстығын айқындау қоғамның прогресті бағытта сай келуімен өлшенеді. Тренинг: Тренингке дайындық, ережесімен таныстыру. - Тренинг – ойын, ал әрбір ойын ережелерді қажет етеді. Топта жұмыс істеу ережесі: 1. Бір-бірін "Визиткада" көрсетілген есім бойынша, атау. 2. Біреуі сөйлейді, басқалары тыңдайды. 3. Болып жатқанға белсенді қатысу. 4. Әркім өз пікірін білдіруге құқылы. 5. Пайда болған ой, сезімдеріңді осы жерде және қазір айт. 6. "Басынан" "Аяғына" дейін жұмыс істеу. Рефлексия: кімде қанша сәйкестік бар және жаңадан басқаның көзімен қанша қасиет қосқандығын шеңбер бойынша айтқызу. «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы. Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер. ЕБҚ оқушыларына (есту, көру, қабылдау деңгейі төмен)қосымша қолдау көрсету мақсатында «Өз мақсатым» тақырыбында сурет салу беріледі. Жаттығу шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды. Сыйлықтар үлестірілгеннен кейін, шеңбер бойынша өзінің сыйлығын айтады. Рефлексия: сонымен, қоршаған орта да осы қасиетке сізді лайық деп таныса, жеке-жеке қошемет көрсетейік. Сыйлықтарыңыз құтты болсын! | Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады. Дескриптор: өзгерістерін жіктейді | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Мадақтау сэндвичі» ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Өзін-өзі бағалау» | Ақпараттық мәтін Үлестірмелі қағаздар Суреттер Тірек-сызбалар Кесте ҚБ парағы Ustaz tilegihttps://ust.kz |
Сабақ тың соңы | Кері байланыс Не білдім? Не көрдім? Не түсіндім? Нені жетілдіруім керек? Үйге тапсырма: «Менің әлеуметтік ортам» эссе жазу | Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады | Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды | А4, конспект |
___________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары-7
Бөлім: | Азаматтық патриотизм |
Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда) | |
Күні: | |
Сынып:6 | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Мектебім мақтанышым |
Сабақтың мақсаты | Оқушыларға мектеп туралы, оның жұмысы, мектептегі үйірмелер жайында түсінік беру. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін мектепке деген сағыныш сезімдерін ояту. |
Бағалау критерийі | Өздерінің білім алып отырған білім ордасын құрметтейді, мақтан тұтады. |
Құндылықтарды дарыту | Мектепке деген жанашырлық қасиеттері дамиды. |
Сабақтың барысы
Сабақтыңкезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру Ұйымдастыру. Сәлемдесу тренингі өткізіледі. Оқушылар ішкі шеңбер мен свртқ шеңбер құрып тұрады. Сұрақ: - Мектептегінің бәрі біздікі екенін дәлелдеңдер. - Мектепке оқушылар не үшін келеді? - « Мектеп – білім ордасы» дегенді қалай түсінесіңдер? | Оқушы өз ойларын ортаға салады. Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді | ҚБ «Мадақтау сэндвичі» | Тақырыптық суреттер сілтемеде суреттер |
Сабақтың ортасы | Суреттері бойынша әңгімелеу. - « Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» дегенді қалай түсінесіңдер? ЕБҚ оқушыларына (есту, көру, қабылдау деңгейі төмен)қосымша қолдау көрсету мақсатында «Менің мектебім» тақырыбында сурет салу беріледі. Түсіндіру. - Мектеп – балаларға білім беретін мекеме. Оның басшылары бар. Балалардың сауатты болуына, қазағымыздың болашағын ойлап, қазақ даласына алғаш мектеп ашқан Ыбырай Алтынсарин. - Осы ұстазымыздың қандай өлеңін жатқа білеміз? Жатқа сұрау - Жарайсыңдар, біздің білім алып жатқан мектебіміз қалай аталады? (оқушыларға слайдтан мектеп суреті көрсетіледі) - Осы мектепке келерде қандай көңіл-күйде боласыңдар? - Қуанамыз, қуанышты көңіл – күйде боламыз. - Олай болса, « Мектебім - қуанышым» тақырыбына берілген мәтінді оқиық. Мұғалім оқиды. Оқушыларға оқыта отырып түсіндіріледі. Мектептің сыртқы көрінісі туралы не делінген? Достары жайында не айтады? - Өз достарың туралы не айтар едің? Мектебі кімнің атында екен? (Өз мектебіміз жайында айтылады). - Мектебімізде түрлі үйірмелер бар. (Суреттері көрсетіледі) Ыбырай Алтынсарин қазақ жерінде тұңғыш мектеп ашқан ағартушы-педагог. Оның «Мұғалім – мектептің жүрегі» деп айтқаныңда көп мән бар. Өйткені оқушы мектепте мұғалімнің еңбегі арқылы оқу, білім, тәлім алады. Мұғалім оқушыны жақсылыққа, ізгілікке, бақытқа жетелейді. | Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады. Дескриптор: өзгерістерін жіктейді | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Мадақтау сэндвичі» ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Өзін-өзі бағалау» | Ақпараттық мәтін Үлестірмелі қағаздар Суреттер Тірек-сызбалар Кесте ҚБ парағы |
Сабақ тың соңы | Қорытынды: ІҮ Сабақты бекіту. - Бүгінгі сабағымыз не туралы өтті? - Мектеп не үшін қажет екен? - Баланы не қорғайды екен? - Мектептің қандай ережесін білдік? - Оқушы қандай болуы керек? М. Мақатаевтың « Мектебім» әні.Сондықтан ұстаздарыңды ренжітпеңдер деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз! Кері байланыс. Табыс сатысы» әдісі: сатының суреті, сатының 1 - баспалдағы Мен.............. БІЛЕМІН 2 - баспалдағы Мен.................. ТҮСІНЕМІН, 3 - баспалдағы Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН Үйге тапсырма «Мектебім мақтанышым» тақырыбында эссе | Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады | Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды | А4, конспект |
___________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары-8
Бөлім: | Азаматтық патриотизм |
Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда) | |
Күні: | |
Сынып:6 | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Туған өлке тарихы |
Сабақтың мақсаты | Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Оқушыларды елінің мұрасын қастерлеп, оны жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу. |
Бағалау критерийі | Туған жерге деген құрметі арытады. |
Құндылықтарды дарыту | Туған жердің құндылықтарын түсінеді. |
1 2 3 4 5 6 7 8 9 ... 16