ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 348
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қосымша №1
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен. Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті. Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық. Туған жер Беу, Туған жер! Сен ыстықсың біздерге. Мың-мың дастан жатыр Халқым басқан іздерде. Тұнып жатқан тарихыңнан көз алмай Даналықтың жырын жастар іздер ме? Жыр жазам деп талпынады жас балаң. Тәй-тәй басып келе жатқан жас қалам. Жүрегінің түкпірінен шығарып Жырды шашу болды оған бір арман. Балалығымның сегіз жылын сол өңірде өткіздім. Табиғаты тамашалауыма жазғы демалыста барып тұрамыз. Бойды сергітер таза ауасы мен мөп-мөлдір өзенін «жанға дауа, дертке дауа»- деп атам көп айтады. Мүмкін мендегі өлеңге деген құштарлықты осы тамаша табиғат оятқан болар.
___________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары-23
Бөлім: | Экологиялық мәдениет |
Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда) | |
Күні: | |
Сынып: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Адам – табиғаттың бір бөлігі |
Сабақтың мақсаты | Оқушыларға, Адам – табиғаттың бір бөлігі екендігін, табиғи тепе-теңдіктің бұзылу тәуекелдері мен қауіптері туралы мәлемет беру |
Құндылықтарды дарыту | Еңбек және шығармашылық, тарихи тәжірибе мен оның сабақтарын ұғыну |
Сабақтың барысы
Сабақтыңкезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | Ой қозғау Жұмбақ шешу. Көктемде көгереді, Жазда ырысқа бөленеді. Күзде пісіп марқаяды, Қыста бірден қартаяды. (Жер) - Жердің тіршілік үшін қандай пайдасы бар? - Табиғаттың басты байлығы – жер. Жер – біздің қазынамыз, байлығымыз. Жер біздің алтын бесігіміз. Анамызды қалай жақсы көрсек, табиғатымызды да, сүйе білуіміз керек Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. | Оқушы өз ойларын ортаға салады. Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді | ҚБ «Мадақтау сэндвичі» | Тақырыптық суреттер сілтемеде суреттер |
Сабақтың ортасы | Мәтінмен жұмыс Ғаламдық проблемалар - әлемді тұтас қамтитын табиғи, табиғи-антропогендік немесе таза антропогендік құбылыстар. Осы құбылыстардың даму процесі жаһандану деп аталады. Қазіргі танда Халықаралық деңгейде мынадай ғаламдық проблемалар бар: Табиғатқа байланысты қандай мақал - мәтелдер білеміз? Көлдің көркі – құрақ, 2. Орман – ел дәулеті, Таудың көркі – бұлақ. Жер сәулеті. 3. Сулы жер – нулы жер. 4. Ағаш ексең аялап, Басыңда болар саябақ. «Попс формуласы»: Ғаламдық экологиялық проблемалар - ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде айқындалған экологиялық проблемалар кешені. 1-қадам: «Менің ойымша...» 2-қадам: «Себебі мен оны былай түсіндіремін...» 3-қадам: «Оны мен мынадай фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын...» 4-қадам: «Осыған байланысты мен мынадай қорытындыға келдім...» Интерпритация Келешекте бірнеше жылдар өткен соң біздің қаламыздың табиғатын қалай елестетер едіңдер? ( суретін салу) Табиғатты қорғау туралы маман болсаң не істер едіңдер? «Туған жер табиғатын қорғау керек пе, әлде жоқ па?» ЕБҚ оқушы (есту, көру, ойлау қабілеті) тапсырманы саралау арқылы орындайды. | Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады. | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Мадақтау сэндвичі» ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Өзін-өзі бағалау» | Ақпараттық мәтін Үлестірмелі қағаздар Суреттер https://www.google.kz/imgres?imgurl=https%3A%2F%2Fp.calameoassets.com%2F160401165045- Тірек-сызбалар Кесте ҚБ парағы |
Сабақ тың соңы | Сабақты қорытындылау Біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз. Жер, су, ауа-адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына... Әрбір ағашты, әрбір бұтақты, жалғыз дәнді де ыждағаттылықпен сақтау, қамқор болу- басты міндеттердің бірі. Ыбырай Жақаев Кері байланыс Табыс сатысы» әдісі: сатының суреті, сатының 1 - баспалдағы Мен.............. БІЛЕМІН 2 - баспалдағы Мен.................. ТҮСІНЕМІН*, 3 - баспалдағы Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН Үйге тапсырма Адам – табиғаттың бір бөлігі екеніне дәлел | Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады | Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды | А4, конспект |
Қосымша №1
Адам табиғатпен тығыз байланысты тылсым күштердің бірі. Әрбір адамзат табиғатсыз өмір сүруі қиын деп санаймын. Өйткені, табиғат - тіршілік белгісі.
Табиғатты қорғау - біздің басты міндетіміз. Табиғаттың көркемділігін сөзбен суреттеп жеткізу оңай дүние емес. Оның тамаша көрінісі көңіліңді тербетеді. Ақ ұлпа аппақ бұлттары, кілемдей жап-жасыл шөптері қандай керемет көрініс кепілі. Жыл мезгілінің құбылуы да, табиғатты әсерлеу арқылы жеткізеді. Әр жыл мезгілінің өзіндік ерекшеліктері болады.
Төрт мезгілдің төрт түрлі көрінісі бізге ғажайып күйдің бірін сыйлайды. Табиғат жайлы тіпті ақындарымыздың біразы қалам тербеткен. Олардың бірі: А.Құнанбаевтың («Жаз!, «Күз», «Қыс»), Ы.Алтынсариннің «Өзен»т.б ақындарды атап көрсетуге болады. Қазақ елінің табиғаты өте өзгеше ұғым. Табиғат адам баласына мөлдір таза суын, таудан сарқырап аққан бұлақтың әсемділігін әспеттейді.
Табиғатты аялау қажет деп санаймыз-ау. Әйткенмен де, табиғаттың күннен-күнге ластанып жүргенін көріп те жүрміз. Мысалға: Атырау қаласының экологиялық ахуалы жыл сайын күрделене түсуде. Қала ішіндегі және облыс орталығына жақын маңдағы ірі өндірістен шығатын қалдықтар ауаны ластап қана қоймай,тұрғындардың таза ауамен тыныстауына кедергі келтіруде. Адам ағзасының күрт нашарлауы суық және ыстық желдерден, шаң-тозаңдардан микробтар улы газдардан,түтіннен бактериялар пайда болады. Қаладағы экологияны тазартуға, көркейтуге өскелең ұрпақ үлес қосуы шарт және де айналамызды жасыл-желекке көмкеру қажет деп есептеймін.
Табиғаттың таза болуы - адам денсаулығының кепілі. Сондықтан да табиғатты таза ұстауға тырысайық, таза болса табиғат - аман болар адамзат.
___________________________________________
(білім беру ұйымыныңатауы)
Қысқамерзімді (сабақ) жоспары-24
Бөлім: | Экологиялық мәдениет |
Педагогтің Т.А.Ә. (болғанжағдайда) | |
Күні: | |
Сынып:6 | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтыңтақырыбы | Экологиялықсаяхат |
Сабақтыңмақсаты | Адам мен экожүйе арасындағы қарым-қатынасты сипаттау, экожүйеге жағымсыз әсер ететінадам тіршілігігнің салаларына мысалдар келтіру |
Құндылықтарды дарыту | Өмір бойы білім алу: өзіне қажетті білім алу кезінде білімнің қажеттілігін түсінуге тәрбиелеу |
Сабақтыңбарысы
Сабақтыңкезеңі/ уақыт | Педагогтіңәрекеті | Оқушыныңәрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | Миға шабуыл» әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. | Оқушы өз ойларын ортаға салады. Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді | ҚБ «Мадақтау сэндвичі» | Тақырыптық суреттер сілтемеде суреттер |
Сабақтың ортасы | « Стоп-кадр » әдісі бойынша адамның табиғатқа тигізетін әсерін,ондағы өзгерістерді сипаттайтын бейнефильм көре отырып, мұғалім тоқтатқан әр эпизодты талқылайды. Мәтінмен жұмыс Адам баласы өзі пайда болған алғашқы кезде табиғатқа тәуелді болды. Табиғатқа табыну алғашқы қауымдық қоғамда басты орын алды. Бірте-бірте халық санының артуы, шаруашылық салаларының дамуы, өнеркәсіптің өркендеуі адамның табиғатқа ықпалын арттыра түсті. Интерпритация Оқушыларға Арал теңізінің әр жылдағы суреттері көрсетіледі. Арал теңізінің адам шаруашылық әрекетінен тартылу себептерін айта отырып, оқушылар адами немесе антропогендік фактордың табиғатқа қандай әсері бар екеніне тоқталады. Суретпен жұмыс: Судың ластануыАуаның ластануы Экожүйедегі өзгерістер Өз біліміңді тексер10 минут А. Адамның экожүйеге тура және кері әсерін ата В. Суретті пайдаланып адамның экожүйеге әсерлерін сипатта ЕБҚ: оқушыға жеке жұмыс кезінде қасындағы сыныптастары және мұғалім диалог арқылы қолдау жасайды | Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады. | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Мадақтау сэндвичі» ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Өзін-өзі бағалау» | Ақпараттық мәтін Үлестірмелі қағаздар Суреттер https://www.google.kz/imgres?imgurl=https%3A%2F%2Fmedia-temporary.preziusercontent.com%2Ffra Тірек-сызбалар Кесте ҚБ парағы |
Сабақ тың соңы | Сабақты қорытындылау Экология сөзі гректің екі сөзінен тұрады: «ойкос» (тұрғын үй, үй) және «логос» (оқыту), Ортақ үй деп нені айтамыз? Дұрыс, табиғат. Кері байланыс Мен оны қолданып көремін...... Қызықты болды..... Мені таңғалдырды.... Қиын болғаны.... Сабақтан өмірге алғаным...... Мен мына тапсырманы орындадым..... Менің қосарым..... Үйге тапсырма «Экологиялықсаяхат» эссе | Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады | Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды | А4, конспект |
Қосымша №1
1-қадам
Ботсвана. Жабайы аңдар мен саваннаның көп мөлшері бар. Бұл табиғат сүйгіштер үшін жақсы жер. Туристер ұлттық парктер мен қорықтарды қайықпен де, жаяу да зерттей алады. Мұнда альпинизм де танымал.
2-қадам
Белиз. Дайвинг пен шнорклинг өте танымал. Мұнда кит акулаларын және басқа сирек кездесетін балық түрлерін көруге болады. Жергілікті тұрғындар табиғатты жақсы күтеді.
3-қадам
Галапагос аралдары. Аралдар туризмнің жоғары деңгейіне ие, бірақ туристердің экожүйеге әсері аз. Келушілер теңіз арыстандарымен, пингвиндермен жүзе алады немесе жанартауларға экскурсияға бара алады, олардың кейбіреулері әлі де белсенді.
4-қадам
Coral Bay Australia. Батыс жағалауында орналасқан. Мұнда қайыққа экскурсиялар ұйымдастырылып, өркеш киттерді көруге болады.
5-қадам
Жаңа Зеландиядағы Кайкоуре. Бұрын ол кит аулайтын қала болса, кейін экологиялық туризмі жоғары дамыған қалаға айналды. Маңызды жақсы орынға баса назар аударылды. Қалада көптеген экскурсиялар бар, сіз қараңғы дельфиндердің жойылып бара жатқан түрлерін, сонымен қатар киттерді көре аласыз.
6-қадам
Дубай. Бұл қала байлық пен салтанатпен байланысты. Алайда бұл жерде жойылып кету алдында тұрған бауырымен жорғалаушылар мен сүтқоректілер көп болатын шөл қорығы бар.
7-қадам
Лаос. Лаоста 100-ден астам бірегей экскурсиялар бар: сіз көптеген ұлттық саябақтардың біріне баруға, серуендеуге баруға болады, бірақ мәні бойынша бұл қайықпен, велосипедпен немесе тіпті пілмен саяхат.
___________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары-25
Бөлім: | Экологиялық мәдениет |
Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда) | |
Күні: | |
Сынып: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Неліктен адам табиғатқа немқұрайлы қарайды? |
Сабақтың мақсаты | Қалалары, селолық елді мекендері және экономикалық-экологиялық проблемаларын анықтау |
Құндылықтарды дарыту | Өзіне және айналадағыларға құрметпен қарау, пәнге деген қызығушылығын арттыру. |