Файл: Директоры Салыкбаева Г. А 20 ж.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 119

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


«Қазақстан» медициналық колледжі



«Келісілді» «Shymkent Medical Servikes» МО

директоры __________ Салыкбаева Г.А

«____»_________20 ж


Бекітемін

«Қазақстан» медицина

колледжінің директоры

_________ Алейдарова А.К

«_____»_____________20 ж.




ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕНІҢ

ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Мамандық: 09130100- «Мейіргер ісі»

Біліктілік: 4S09130103- «Жалпы практика мейіргері»

Оқытудың нормативтік мерзімі: 2 жыл 10 ай

Циклдар мен пәндер индексі: ӨТ- 01

Курс: 1(11с)

Семестр: ІІ

Пән: «Негізгі мейіргерлік күтім»

Барлық оқу сағатының көлемі: 144/6 (6кредит)

Шымкент қ.

(Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 31 қазандағы 2018 жылғы № 604 бұйрығы Техникалық және кәсіптік білім берудің жалпыға міндетті стандарты

(5-қосымша жаңа редакцияда-ҚР Білім және ғылым министрінің м.а.

2021 жылғы 23 шілдедегі №362 бұйрығы) негізінде әзірленді.


«Арнайы пәндер» Пәндік бірлестік комиссияның отырысында қаралды.

20 жылғы " " тамыздағы № хаттама

ПБ төрағасы: _________________

(қолы)

Педагогикалық кеңестің отырысында бекітілген

№_____хаттама "____"______________20__г

ПК төрағасы: _________________Алейдарова А.К

(қолы)

2.1. Кіріспе

Кәсіби тәжірибе бойынша жұмыс бағдарламасы жалпы практика мейіргері және күту ісінің кіші мейіргері құзыреттіліктерінің талабына енетін науқастарды күту мәдениетіне және кәсіби қарым – қатынас орнатудың техникасын меңгеруге, аурухана ішілік жұқпаның алдын – алу сұрақтарына, пациентке және мейіргерге қауіпсіз орта қалыптастыруға, халі ауыр науқастардың күтіміне, қарапайым мейіргерлік манипуляциялардың техникасын игеруге ерекше көңіл бөлінеді.

2.2. Тәжірибе мақсаты

Науқастар күтімі кезінде теориялық білімін және тәжірибелік дағдылары мен іскерліктерін бекіту.

Болашақ маманға кәсіптік құзіреттілік қалыптастыру.

Жалпы практика мейіргері және күту ісінің кіші мейіргері құзырлықтарының талабына енетін науқастарды күту мәдениетіне және кәсіби қарым – қатынас орнатудың техникасын меңгеруге, аурухана ішілік жұқпаның алдын – алу сұрақтарына, пациентке және мейіргерге қауіпсіз орта қалыптастыруға, халі ауыр науқастардың күтіміне, қарапайым мейіргерлік манипуляциялардың техникасын игеру, медициналық этика және деонтология үрдістерін бекіту, коммуникативті дағдыларын шыңдау.


2.3. Тәжірибе міндеттері.

Пәннің мақсаты: болашақ маманға кәсіптік құзіреттілік қалыптастыру.

Пәннің міндеттері:

Дағдылар мен іскерлікті игеру бойынша:

- науқастардың жалпы күтімі;

- медициналық мекемелердегі жұқпа қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- науқастармен және оның туысқандарымен әсерлі қарым – қатынасорнату;

- науқастарды тамақтандыру;

- науқасты қауіпсіз жылжыту, төсекте науқасты әртүрлі қалыпта жатқызу;

- науқасты лабораториялық зерттеу әдістеріне дайындау;

- қарапайым физотерапиялық әдістерді қолдану;

- науқастың функциональды жағдайын бағалау;

- медбике еңбегін ұйымдастыру және кәсіби дайындау;

- ағзаға дәрілік заттарды енгізу;

- ағзаның әр түрлі қызметтері бұзылған кезде медбикелік процессті ұйымдастыру және іске асыру;

- реабилитациялық шараларды ұйымдастыру және іске асыру;

- пациенттерді аспаптық зерттеу әдістеріне дайындау;

- гериатриялық пациенттердің күтімін ұйымдастыру және жүзеге асыру;

- паллиативті көмекті ұйымдастыру және жүзеге асыру;

- шұғыл жағдайларда көмекті ұйымдастыру және жүзеге асыру;

- қарапайым жүрек- өкпелік реанимацияны жүргізу.

2.4. Тәжірибеден өтудің соңғы нәтижелері.


Стандартта және білім беру бағдарламасында жоспарланған оқыту нәтижелері

Үлгілік оқу бағдарламасында жоспарланған нәтижелер

Білім алушы оқып білу нәтижесінде келесі құзырлықтарды игереді:

Базалық:

БҚ-2 Этика.

БҚ-2.2 Этикалық принциптер. Кәсіптік этикалық принциптер жолын ұстануын көрсетеді;

БҚ-2.3 Эстетика. Жұмыс ортасының этикасын бағалайды және қолдайды.

БҚ-3 Коммуникация және командада жұмыс істеу.

БҚ-3.1 Коммуникациялық дағдылар. Жағдайды есепке ала отырып әртүрлі адамдармен әсерлі қарым- қатынасты көрсетеді.

БҚ-3.2 Командамен жұмыс істеу. Әртүрлі топпен жұмыс істей

отырып, жауапкершіліікті көрсете

алады.

Кәсіптік

КҚ-2 Қауіпсіздік және сапа

КҚ-2.3 Стандарттар: Қауіпсіздікті және медициналық қызмет сапасын қамтамассыз ету үшін стандарттарға сәйкес емшараларды орындайды.

Пәнді оқып білу нәтижесінде студент:

Білу керек:

Мейіргер ісі философиясы мен тарихын;

медициналық этика, деонтология және биоэтика негіздерін;

медициналық мекемелер түрлерін және мейірдің жұмыс жасау принциптерін;

медициналық мекемелерде санитарлы- эпидемияға қарсы тәртіп ережелерін қамтамасыз етуді;

ауруханада емдеу- сауықтыру тәртібін ұйымдастыру ережелерін;

өзіне- өзі қызмет ету тапшылығы бар науқасты күту принциптерін;

халі ауыр науқасты қауіпсіз тасымалдау ережелерін;

медициналық мекемелерде емдік тамақтануды ұйымдастыру принциптерін;

қарапайым физиотерапиялық емшараларды жүргізу ережелерін;

науқастарды лабораториялық зерттеу әдістеріне дайындау ережелерін:

Істей білуі:

медициналық мекемелер бөлімшелеріндегі жұмысты ұйымдастыруды;

медициналық мекемелерде жұқпа қауіпсіздігін қамтамасыз етуді;

емдік тамақтануды ұйымдастыруды және науқастарды тамақтандыруды;

науқастардың функциональды жағдайын бағалауды;

қарапайым физиотерапиялық емшараларды орындауды;

хәлі ауыр науқастарға гигиеналық емшараларды жүргізуді;

жұмыста кәсіптік этиканы сақтауды;

науқаспен және оның туысқандарымен әсерлі қарым-қатынасты қолдануды;

науқасты қауіпсіз тасымалдауды, ауыстыруды және жатқызуды орындауды;

науқастарды лабораториялық зерттеу әдістеріне

дайындауды және биологиялық материалды алуды.





Стандартта және білім беру бағдарламасында жоспарланған оқыту нәтижелері.

Үлгілік оқу бағдарламасында жоспарланған нәтижелер

Білім алушылар келесі құзыреттіліктерге ие болулары керек:

Кәсіби

БҚ-1. оқыту

БҚ-1.1. Өзі даму: оқуды ұзақ уақытқа жоспарлау кәсіптік даму дағдыларын қолдана білуді;

БҚ-2. Этика.

БҚ-2.1. Этикалық принциптер. Кәсіптік этикалық принциптер жолын ұстаушылығын көрсетеді;.

БҚ-3. Коммуникация және командада жұмыс істеу.

БҚ-3.1. Коммуникациялық (қарым-қатынас) дағдылар. Жағдайды есептей отыра әртүрлі адамдармен әсерлі қарым-қатынасты көрсете алады.

БҚ-3.2. Командада жұмыс істеу. Әртүрлі командада жұмыс істей отыра, жауапкершілікті көрсете алады.

КҚ-4. Денсаулықты нығайту

КҚ-4.1. Кеңес беру: науқасқа (клиентке) және оның жанұясына денсаулықты сақтау және нығайту сұрақтары бойынша кеңес беру дағдыларын меңгеруді.

КҚ-5. Қауіпсіздік және сапа

КҚ-5.1. Қауіпсіздік технологиясы және сапа:

Көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту және қауіпсіздік деңгейінің жоғарлату үшін инновациялық технологияларды қолдануды:

КҚ-5.2. Стандарттар: Қауіпсіздікті және медициналық қызмет сапасын қамтамассыз ету үшін стандарттарға сәйкес емшараларды орындауды.

ҚҚ-6 Клиникалық құзыреттілік

Медбикелік күтім:

ҚҚ-6.1 студент негізделген пациент пен оның отбасы мен айналасындағылардың қатысуымен медбикелік күтімді жүзеге асырады:

Физикалық тексеру және медбикелік сұхбаттасу арқылы пациент туралы ақпарат жинайды;

  • Зерттеу нәтижелерін қорытындылай келе пациент мәселелерін анықтайды;

  • Медбикелік күтім жоспарын құрайды;

  • медбикелік күтімнің жоспарына құжат толтырып, іске асырады;

  • пациент күтімінің эффективтілігін бағалайды. Реабилитация:

ҚҚ-6.2 студент пациенттің функционалдық мүмкіндіктерін эффективті реабилитацияға негізделе отырып жақсартады.

Дәлелденген медбикелік практика:

ҚҚ-6.3 Өзінің күнделікті іс- әрекетінде дәлелденген медбикелік практиканы қолданады.

Пәнді оқып білу нәтижесінде студент:

Білу керек:

  • Медбике еңбегін ұйымдастыру және кәсіби дайындау негіздерін;

  • Ағзаға дәрілік заттарды енгізу әдістері және ерекшеліктерін;

  • Инвазивті манипуляцияларды орындау ерекшеліктері;

  • Ағзаның әр түрлі қызметтері бұзылған кезде медбикелік процессті ұйымдастыру және іске асыру;

  • Медициналық реабилитация негіздерін;

  • Пациенттерді аспаптық зерттеу әдістеріне дайындаужәне пациент еміндегі диагностика маңызын;

  • Қарт және егде жастағы пациенттерді бақылау және күтімін ұйымдастыру және жүзеге асыру;

  • Паллиативті көмек көрсетудің ерекшеліктері,

  • Шұғыл жағдайларда көмек көрсету принциптері;

  • Қарапайым жүрек- өкпелік реанимацияны жүргізу.

Істей білуі:

  • Постық, емшаралық медбикенің жұмыс процессін ұйымдастыру, кезекшілікті тапсыру және қабылдау, пациент демалыстарын ұйымдастыру, медициналық құжаттармен жұмысын және санитарлық- ағарту жұмыстарын жүргізу;

  • Дәрілік заттарды қолдану туралы пациенттерді ақпараттандыру;

  • Инфузия мен қан алуы, иньекция, венепункцияны дәрілік затты енгізу мақсатында қолдану;

  • венозды катетрлармен жұмыс жасау;

  • иньекциядан кейінгі асқынуларда пациенттерге көмек көрсету;

  • тыныс алу, жүрек қан- тамыр, асқорыту, эндокриндік, зәр шығару жүйесінің қызметі бұзылғанда пациенттер күтімі.

  • пациент мәселесін анықтау және медбикелік картаны жүргізу;

  • асқазанды шаю, клизмаларды қою, стомалар күтімі, уретральді катетрлерді қою;

  • аспапты зерттеу әдістеріне пациенттерді дайындау;

  • гериатриялық пациенттер күтімі;

  • паллиативті көмек көрсету;

  • шұғыл жағдайларда көмек көрсету;

  • қарапайым жүрек- өкпелік реанимацияны жүргізу.


Қатынас (іс- әрекет):

  • пациенттерді бақылауды жүргізу;

  • пациенттермен әңгімелесу жүргізуді жаттығу

  • пациент мәселелерән анықтап жаттығу;

  • пациентпен, туыстарымен және отбасымен, айналасындағылармен эффективті қарым қатынас принциптерін қолдану;

  • медициналық сұхбаттасудың конфиденциалдылық принциптердің сақталуын іске асырады;

  • пациенттермен және отбасы мүшелерімен қарым-қатынас кезінде уайым, қайғысымен бөлісу;

  • конфликті жағдайлардың жойылуына және өндірістік конфликтердің шешілуіне әсер етеді.






2.5. Тәжірибе пререквизиттері: анатомия, патологиялық анатомия, физиология патологиялық физиология, ішкі аурулар, фармокология негіздері, психология және коммуникативті дағдылар негіздері.

2.6. Тәжірибе постреквизиттері: терапиядағы мейіргер ісі пәні, акушерия және гинекологиядағы мейіргер ісі, хирургия және реанимациядағы мейіргер ісі, педиатриядағы мейіргер ісі.

2.7. Тәжірибе мазмұны: студент қызметінің түрлері мен көлемі, күн тәртібі, практика бойынша есептерді дайындау тәртібі және қорғау мерзімі.




Тақырыптар атауы

Қысқаша мазмұны

Сағат саны

1.

Медициналық этика және деонтология.

Мейірбике ісінің философиясы.

Кәсіптік этика мен деонтология этика және деонтология.

Медициналық мекемелердегі емдік-сақтау режімі. Кәсіптік этика және деонтология туралы түсінік. Пациенттерге психологиялық көмек көрсету және қарым – қатынас машығы.

6

2.

Медициналық мекемелеріндегі санитарлы- эпидемияға қарсы шаралар. Зарарсыздандыру.

- дезинфекцияның түрлері және әдістерін;

- күнделікті, түпкілікті және соңғы тазарту өткізу жиілігі.

6

3.

Медициналық мекемелеріндегі санитарлы- эпидемияға қарсы шаралар. Залалсыздандыру. ОЗБ.

- медициналық құралдарды тазарту кезеңдерін;

- залалсыздандыруға дейінгі тазалықты; залалсыздандыруды;

- залалсыздандырудың әдістері мен тәсілдерін: физикалық (бу, ауа), химиялық (химиялық ертінділерді қолдануды);

- орталық залалсыздандыру бөлімінің (ОЗБ) құрылымы мен қызметтерін.

6

4.

Медициналық мекемелердің негізгі түрлері.

Медициналық көмек көрсетудің және медициналық ұйымдардың түрлері.

- медициналық мекемелердің негізгі түрлері;

- аурухана ішіндегі инфекция мәселелері;

-медициналық мекемелерде санитария-эпидемиялогиялық режім;

- медициналық көмек көрсетудің және медициналық ұйымдардың түрлері;

- медициналық ұйымдардың құрылымы және олардың жұмысын ұйымдастыру, бөлмелері-не қойылатын талаптар.

6

5.

Аурухана ішіндегі

инфекция мәселелері.

- аурухана ішіндегі инфекция (АІИ) туралы түсінік;

- АІИ мәселелері, пайда болу себептері, инфекция көздері, таралу жолдары;

- қолданыстағы бұйрықтар, Сан.ЕмН;

- АІИ алдын алу шаралары.;

- асептика және антисептика туралы түсінік.

6

6.

Қабылдау бөлімінің жұмысын ұйымдастыру.

Қабылдау бөлімінің медициналық құжаттары.

Науқасты бөлімшеге тасымалдау.


- қабылдау бөлімінің жұмысын ұйымдастыруды;

-қабылдау бөлімінің санитарлық- эпидемияға қарсы тәртібінің ұйымдастырылуы.

- жоспарлы және шұғыл науқастарды қабылдауды және тіркеуді;

- жаңа формадағы медициналық құжаттамаларды жүргізуді.

- қарап тексеруді, антропометрияны жүргізуді.

науқастарды санитариялық тазартуды: толығымен (шомылғы, себезгі), жартылай (шайыну, ысқылау);

- педикулез анықталған кезде санитариялық тазарту.

- емдеу бөлімшелеріне науқасты тасымалдауды: кресло- қоларбада, қоларбада, зембілде, қолмен көтеріп, лифтіде тасымалдауды, өздігінен жүруді;

- науқастың төсектегі қалпын: Фаулер, Симс қалпы, арқасымен, ішімен, бүйірімен жату.

6

7.

Науқастың жеке басының тазалығы.

- іш- киімдер мен төсеніштерді ауыстыруды;

- әрекет ету алгоритімінің көрсетімдері мен тәсілдерін;

- зәрсауыттың түрлері.

6

8.

Науқастарды тамақтандыру.


- науқастарға сырттан әкелетін тамақтарға бақылау жүргізу;

- парентеральды тамақтандыру;

- тамақты қабылдау үшін құжаттарды толтыру;

- тамақтандыру техникасы;

- белсенді және енжар науқастар.

6

9.

Қарапайым физиотерапия.

- қарапайым физиотерапиялық емшараларды өткізу әдістемесі, туындайтын асқынулар және қауіпсіздік ережесін сақтау.

6

10.

Дәрілік заттардың негізгі топтары: жаздырып алу, сақтау, тарату, қолдану әдістері.


- ағзаға дәрілік заттарды енгізу жолдарын, олардың артықшылықтары мен жетіспеушіліктері;

- емдеу бөлімшелерінде дәріханадан дәрі жаздырып алу ережелерін;

- бөлімшелердегі дәрілік заттардың сақталуына қойылатын талаптарды;

- қатты әсер ететін, наркотикалық және психотропты дәрілік заттарды тіркеу және сақтау ережелерін;

- емдеу бөлімшелерінде дәрілерді пациентерге тарату ерекшеліктері және ережелерін;

- медикаментозды терапияны тіркеуді және бақылауды;

- дәрілік заттарды энтеральді қабылдау әдісі, артықшылығын және жетіспеушілігін;

- дәрілік заттарды ауыз арқылы, тіл асты арқылы трансбукальді реактальды

қабылдау ережелерін;

- энтеральды және ингаляциялық әдіспен енгізу кезіндегі қолданылатын дәрілік заттардың формаларын;

- дәрілік заттарды сырттай қолдану әдістері.

6

11.

Дәрілік заттарды парентеральді енгізу жолдары. Тері ішілік және тері астына егу жасау техникасы.

Бұлшықет ішіне егу жасау техникасы.


- дәрілік заттарды парентальды енгізу жол ампуладан, флаконнан дәрілік заттарды алуды;

- манипуляцияны орындау кезіндегі асептика ережелерін сақтауды;

- тері ішілік және тері астына егу жасауда көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштерін;

- тері ішілік және тері астына егу жасаудағы анатомиялық орындарын;

- медбикенің және пациентті инъекцияға дайындауды;

бұлшық еттерге инъекция орындау әдістемесін.

- дәрілік заттарды шыны сауыттан, флаконнан алуды.

- антибиотиктерді араластыру және алуды,

- дайын антибиотик ертінділерін сақтау мерзімін;

- инсулин мөлшерін есептеуді;

- инсулинді шприцке толтыруды;

- егуден кейін болатын асқынуларды, алдын алу және емін;

- қолданылған жабдықтарды өндеу.

6

12.

Көктамырға егу жасау техникасы.

Көктамырдан қан алу техникасы.

- көктамырішілік инъекция жасаудын көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштерін;

- көктамыр пункциясының анатомиялық орындарын және көктамыр типтерін;

- көктамыр пункциясына медбике мен пациентті дайындауды;

- дәрілік заттарды көктамыр ішіне енгізу техникасын;

- көктамыр пункциясын жасау кезінде қауіпсіздік техникасын сақтауды;

- егуден кейін болатын асқынуларды;

- алдын алу және емін;

- қанды биохимиялық зерттеуге алудағы медбикенің рөлін;

- қанды зерттеуге алу көрсеткіштерін;

- көктамыр пункциясын қою орындарын және көктамыр типтерін;

- қан алуға медбикемен пациентті көк тамыр қанын түрлі зерттеулеріне: (биохимиялық, серологиялық, иммунологиялық, гемостаз гемотологиялық, ПЦР, ИФА гормондарына) дайындауды,

- көк тамырдан шприц және вакуумді жүйесі арқылы қан алу техникасын;

- көк тамыр пукциясын орындау кезінде қауіпсіздік техникасын;

- көк тамырдан қан алуға бағыттама жазу ережелерін және анализ қорытындылармен жұмыс істеуді;

- көк тамырдан қан алу кезінде пайда болатын асқынуларды және оларды алдын алуын;

- қанды зертханаға тасымалдау ережелерін; қолданылған құралдарды өндеуді.

6

13.

Көктамыр ішілік тамшылы жүйені жинау техникасы. Тамыр ішіне тамшылап құюдың техникасы.

Венозды катетерлар-

мен жұмыс істеу ережелері.



- көктамырішілік тамшылы құюдын көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштерін;

- көктамырішілік құюдын түрлерін;

- тамшылатып енгізу үшін қолданылатын дәрілік заттар, оларға қойылатын талаптарды;

- инфузия өткізудің жұмысын ұйымдастыруды;

- тамшылы жүйені жинау техникасы;

- көктамырішілік құюға медбике мен пациентті дайындауды;

- көктамырішілік тамшылы құюдын техникасын;

- дәрілік ерітінділерді енгізу жылдамдығы және температурасы;

- емшараны және пациент жағдайын қадағалауды;

- егуден кейін болатын асқынуларды;

- алдын алу және емін;

- көктамыр катетерлерін қою көрсеткіштерін;

- медбикені және пациентті орталық көктамыр және перифериялық катетерлерін қоюға дайындауды;

- перифериялық катетерді қою техникасын;

- көктамыр катетерлері арқылы дәрілік заттарды енгізу және қан алу техникасын;

- көктамыр катетерлеріне күтім жасау ережелері.

6

14.

Жасанды тамақтандырудың әдістері.

- жасанды тамақтанудың ұғымын;

- жасанды тамақтанудың түрлерін;

- пациентті зонд, гасростома, арқылы тамақтандырудың мақсаттарын

көрсеткіштері мен қарама қарсы көрсеткіштерін;

- пациентті зонд, гасростома, арқылы тамақтандыру техникасын;

- парентальдық тамақтанудың қолдану көрсеткіштері.

6

15.

Тыныс алу қызметі бұзылған кездегі науқастарды күту және бақылау. Оксигенотерапия.

Жүрек қан тамыр жүйесінің қызметі бұзылған кездегі науқастарды күту және бақылау.

- тыныс алу мүшелерін аспапты зерттеу әдістерін;

- оксигенотерапия туралы түсінікті, көрсеткіштерін;

- оксигенотерапия өткізуге арналған жабдықтарды және орындау техникасын (оттегі баллоны, жастық, орталықтандырылған беру )

- оксигенотерапия откізу кезіндегі қауіпсіздік техникасын;

- тыныс алу функциясының бұзылуы кезінде пациенттке күтім көрсету ерекшеліктерін;

- пациенттін халін жеңілдететін жағдай жасауды;

- дымқыл оттегімен немесе таза ауамен пациентті қамтамасыз етуді;

- қалта ингаляторы және жеке түкіргішпен қамтамасыз етуді;

- көп мөлшерде сілті сусын ішуді қамтамасыз етуді;

- оң дренаж үйретуді;

- қарапайым физиоемшараларын орындауды;

- тыныс алу мүшелерін аспапты зерттеуді әдістерін,

- оксигенотерапия туралы түсінікті; көрсеткіштерін; оксигенотерапия өткізуге арналған жабдықтар және орындау техникасын (оттегі баллоны, жастық, орталықтандырылған беру);

жүрек қан тамыр жүйесінің бұзылуы кезінде пациентке күтім көрсету ерекшеліктерін;

- пациенттін халін жеңілдететін жағдай жасауды;

- артериалды қысымды өлшеуді;

- пульсты қадағалауды;

- тәулік диурезді өлшеу және су балансын анықтауды;

- тері мен сілемейлі қабықтарға күтім көрсету.

6

16.

Асқорыту жүйесінің қызметі бұзылған кездегі науқастарды күту және бақылау.

Асқазанды шаю.

- ас қорыту жүйесі мүшелерін аспапты зерттеу әдістерін;

- медбикелік тексеру әдістері және тәуелсіз араласуды;

- асқазан шаюдын көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштерін; белсенді және пассивті пациенттерге емшараны өткізу техникасын; емшара кезінде пациенттін жағдайын бақылауды;

- жабдықтарды өндеу.

6

17.

Клизмалар. Клизма туралы түсінік. Клизманың түрлері және клизма қоюдың мақсаты

Ішек қызметі бұзылған кездегі науқастарды күту және бақылау.

Стомаларды күту.


- медбике мен пациентті емшараға дайындауды;

- тазарту және сифон клизмаларын қою техникасын;

- майлы, гипертониялық, дәрілі клизмаларын қою техникасын;

- медбике мен пациентті емшараға дайындауды;

- майлы, гиперто­никалы, дәрілі клизмалардың қою техникасын;

- қолданылған жабдықтарды өндеуді;

ішек функциясының бұзылуы кезінде пациентке күтім көрсету ерекшеліктерін;

- ас қорыту жүйесі мүшелерін зертханалық және аспапты тексеру әдістерін;

- медбикелік тексеру әдістері және тәуелсіз араласуды;

- газ шығарғыш түтікті орнатудын

стомаларды күтуді;

- пациентті және онын туыстарын стомаға өзіндік күтім көрсетуді жүргізуді үйрету;

- зәржинағыш және памперсттерді қолдану.

6

18.

Зәр шығару жүйесінің қызметі бұзылған кездегі науқастарды күту және бақылау. Қуыққа катетеризация жүргізу техникасы.

Эндокриндік жүйе қызметі бұзылған кездегі науқастарды күту және бақылау.

- медбикелік тексеру әдістері және тәуелсіз араласуды;

- қуықты катетерлеу түсінігін;

- емшараны өткізу көрсеткіштерін және қарсы көрсеткіштерін;

- әйелдерде және ер адамдарда қуықты катетерлеу техникасын;

- зәржинағыш және дәрет ыдысымен қамтамасыз етуді;

- жеке гигиенаны және шап аралық терінің тазалығын сақтауды қамтамасыз етуді;

- эндокрин мүшелері функциясының бұзылуы кезінде пациентке күтім көрсету ерекшеліктерін: диабетикалық табан синдромы (подиатриялық күтім), емдік тамақтану, семіздік;

- медбикелік тексеру әдістерін және тәуелсіз араласуын;

- салмақты және күндізгі диурезді санау әдістерін;

- салмақты және күндізгі диурезді санау әдістерін жүргізуді;

нсулинді енгізу ерекшеліктерін;

АҚ өлшеуді, пульсты қадағалауды қамтамасыз етуді;

жеке гигиенаны сақтау.

6

19.

Реабилитология негіздері.

Тірек- қимыл аппаратының жарақаты кезіндегі реабилитация.

Жүрек –қантамыр жүйесінің аурулары кезіндегі реабилитация.

Неврологиядағы реабилитация кезіндегі реабилитация.



  • жамбас, аяқ– қол сүйектерінің жарақаттарын;

- тірек – қимыл аппаратының аурулары кезінде күтімді және қалпына келтіруді;

- аяқ– қол ампутациясынан кейінгі пациент реабилитациясын жүргізуді;

- инфаркт миокард кезіндегі дәрігерге дейінгі көмекті көрсетуді;

- бронх демікпесі ұстамасы кезіндегі дәрігерге дейінгі көмекті көрсетуді;

- гипертониялық кризде көмек көрсетуді;

- анафилактикалық шокта дәрігерге дейінгі жедел көмекті;

инсульт, бас миының және жұлын жарақатының асқынуынан пайда болатын омыртқа жотасының зақымдануы кезіндегі реабилитация кезеңдерін;

перифериялық жүйке жүйесі аурулары және жарақаттары кезіндегі пациенттердің реабилитациясы.




20.

Пациентті зертханалық зерттеу әдістеріне дайындау.

Зертханалық зерттеу әдістері.

Пациентті аспаптық зерттеу әдістеріне дайындау. Рентгенологиялық зерттеу әдістері.

Эндоскопиялық зерттеу әдістері.

Ультрадыбысты, радиоизотопты ЯМРТ, КТ зерттеу әдістері.



  • зертханалық зерттеу әдістерін;

бактериологиялық зерттеу әдісіне

пациентті дайындауды;

  • пациентті дайындау және жұтқыншақтан, мұрыннан материал алуды;

бактериологиялық зерттеуге нәжіс алуды;

- бактериологиялық зерттеуге қақырықты,

- зәрді алуға пациентті үйретуді;

көк тамырдан гемокультураға (залалсыздандыруға) және антибиотиктерге сезімталдығын анықтау үшін қанды алуды;

- пациентті дайындау және жалпы клиникалық анализге, атипиялық жасушыларға, бактериоскопиялық зерттеуге (туберкулез) қақырықты алуды;

- диагностикалық тест– сызықтарын, экспресс- әдістерін және экспресс диагностиканының құралдарын қолдану;

- өт пигменттерге (Розина сынамасы), глюкозуриялық профильге зәрді зерттеуге алу үшін пациентті дайындау;

- зерттеуге материалды алу және сүнгі арқылы процедураларға дайындау кезінде медбикенің өзін ұстау этико-деонтологиялық аспектілерін;

ұлтабарды зонтдауды, өткізу техникасын;

көрсеткіштерін, қарама- қарсы көрсеткіштерін;

  • зертханаға материалды жеткізуді;

өкпе мен жүректін, асқазан – ішек жолдары және бүйректің рентгенологиялық зерттеулер әдістерін (рентгеноскопия, рентгеногафия, ирригоскопия, ирригография, көрнекті урография) өткізу ерекшеліктерін; рентгенологиялық зерттеулер әдістеріне дайындауда медбике мінез – құлығынын этика – деонтологиялық аспектілерін;

- пациентті тексеруге және тексеруден кейін шығарып салу немесе тасымалдау;

- эндоскопиялық зерттеу әдістерін (фиброгастродуоденоскопия, цистоскопия, ректороманоскопия, колоноскопия, бронхоскопия) өткізу ерекеліктері;

- эндоскопиялық зерттеу әдістеріне дайындауда медбике мінез – құлығынын этика – деонтологиялық аспектілерін;

- пациентті тексеруге және тексеруден кейін шығарып салу немесе тасымалдау;

- ультрадыбыстық зерттеу әдістерін (құрсақ бөліміндегі мүшелерінің, зәршығару мүшелерінің, жүрек, эндокриндік және тірек- қимыл жүйесінің) өткізу ерекеліктері;

- зерттеу әдістерінің (радиоизотопты, компьютерлі томография( КТ), ядерлі магнитті – резонансты томография

  • (ЯМРТ) өткізу ерекшеліктерін.

6

21.

Гериатриялық пациенттердің күтімін ұйымдастыру және жүргізу.

- гериатриялық пациентерді бақылау және күтуді;

- қарт және әлсіз адамдарға көмек көрсетудің жалпы принциптерін;

- психологиялық бұзылыстар (деменции, Альцгеймера ауруы, қаңғыру, сандырық, елестеулер);

- денсаулық жағдайы өзгеруі кезінде бейімделуге көмек көрсетуді;

- құлаудын алдын алуды;

қарттық дімкәстік және оны жеңілдету тәсілдерін (өзіне өзі күтім көрсетудің бұзылуы, әлеуметтік онашалану, ЖИА, семіздік, қант диабеті, артериалды гипертензия, ұйқының, тәбеттің, көз көрудің, естудің бұзылуы);

-түрлі дімкәстік пен аурулар кезінде гериатриялық пациенттерге күтім жасау және ұйымдастыруды (тамақтандыру, жуындыру, киімін кигізу, бос уақытты ұйымдастыру);

- емдік емшараларды орындауды, гериатриялық пациенттерді өзіне өзі күтім жасау.

6

22.

Паллиативті көмек.

Паллиативті көмекті ұйымдастыру. Стационар жағдайында паллиативті пациенттерді күту және бақылау.

- паллиативті пациенттерді бақылау және күтім көрсету;

- күтім түсінігі (жалпы, арнайы, компенсациялық, алмастыратын) ойылуды алдын алу және емдеу;

- жеке бастын гигиенасын сақтауды қамтамасыз ету;

- төсек ыңғайлығына қойылатын талаптар, төсек орын ауыстыру тәсілдері;

- дене биомеханикасы және эргономика түсінігі;

- пациентті ауыстырудағы негізгі ережелер, эргономиканың техникалық құралдары;

- пациенттің физикалық және психикалық ынғайлығын қамтамасыз ету;

- пациенттің жағдайын бақылауды, АҚ өлшеуді, пульсті қадағалауды, ТАЖ санауды, температураны өлшеуді қамтамасыз ету;

- ағзаның түрлі функцияларының бұзылуы кезінде пациентке күтім жасаудын ерекшеліктерін;

- клизма қою, асқазан жууды, қуыққа катетеризация жүргізу техникасы.

6

23.

Әр түрлі оқыстық жағдайлар кезіндегі диагностика және дәрігерге дейінгі көмек.

Қан ағу кезіндегі диагностика және дәрігерге дейінгі көмек.

- әр түрлі оқыстық жағдайлар кезіндегі диагностика және дәрігерге дейінгі көмек;

- жіті уланулар жағдайлар кезіндегі диагностика және дәрігерге дейінгі көмек –жіті уланулар синдромы (аспен улану, улы газбен улану, сілтімен, қышқылдармен, дәрі-дәрмектермен, алкоголь және онын сурогаттарымен улану) –улану түсінігі, түрлі генездің клиникалық көріністерін;

- қызып кету синдромы;

- қызба, ыстық және күн өту туралы түсінік, олардың себептерін, мұндай жағдайлардың клиникалық көріністерін;

- тәуелсіз шұғыл медбикелік араласу ережелерін;

- пациенттің актуалды және потенциалды мәселелері, туындайтын асқынулар;

- қан кету (артериалды, көктамырлы, капиллярлы) туралы түсінік;

- қан кетуге алып келетін жағдайлар, клиникалық көрініс;

- қан кетулер синдромы (сыртқы, ішкі, паренхималық, аралас);

- тәуелсіз шұғыл медбикелік араласу ережелерін, пациентті актуалды және патенциалды мәселелерін, туындайтын асқынулар.

6

24.

Терминальді жағдай. Қарапайым жүрек- өкпелік реанимация.

Қарапайым жүрек- өкпелік реанимация.

Мәйітпен жұмыс істеу ережесі.


- терминалдық жағдайлар кезінде шараларды ұйымдастыру (күтім, жағдайынын динамикасын бақылау) өлім халіндегі адамның және онын жанұясының қажеттілігі (психологиялық көмек көрсету);

- түрлі ургентті жағдайларда шұғыл көмек көрсету және ұйымдастыру;

- реанимация туралы түсінік, реанимация көрсеткіштері, қарапайым реанимациялық шараларды өткізу әдістері (бір және екі құтқарушылар);

- реанимациялық шаралардын әсерін қадағалау;

- клиникалық және биологиялық өлім, белгілерін;

- емдеу мекемелерінде және үй жағдайында қайтыс болуын;

- мәйітпен жұмыс істеу ережелері.

6




Барлығы




144 сағат



2.8. Меңгеру және/немесе бекіту қажет тәжірибелік дағдылардың тізбесі.




Бағдарламаға сәйкес орындауға жататын тәжірибелік дағдылар

Саны

1.

Дезинфекциялық ерітінділерді дайындау әдістемесі.

Емдеу бөлмелерін (палаталар, дәліздер, санитариялық бөлмелер, шомылғы бөлмелер) тазарту түрлері.

Күнделікті, түпкілікті және соңғы тазарту.

10

2.

Жоспарлы және шұғыл науқастарды қабылдауды және тіркеу.

Жаңа формадағы медициналық құжаттамаларды жүргізу.

(№001е/н, №003 е/н , №058 е/н , №060 е/н)

Антропометриялық өлшемдерді: науқастың бойын, дене салмағын, көкірек шеңберін өлшеуді жүргізу.

Науқастарды санитариялық тазартуды: толығымен (шомылғы, себезгі), жартылай (шайыну, ысқылау);

Педикулез анықталған кезде санитариялық тазарту.

Емдеу бөлімшелеріне науқасты тасымалдауды: кресло- қоларбада, қоларбада, зембілде, қолмен көтеріп, лифтіде тасымалдауды, өздігінен жүру.

Науқастың төсектегі қалпын: Фаулер, Симс қалпы, арқасымен, ішімен, бүйірімен жатуды жүргізу.

Іш- киімдер мен төсеніштерді ауыстыруды жүргізу.

10

3.

Белсенді және енжар науқастарды тамақтандыруды ұйымдастыру; қасықпен және шүмекті ыдыспен тамақтандыру.

Тамақты қабылдау үшін құжаттарды: порционник толтыруды жүргізу.

Науқасты жасанды тамақтандыру:

Науқасты гастростома арқылы тамақтандыру.

Науқасты мұрын- асқазан сүңгісі арқылы тамақтандыру.

Жылытқышты қолдануды жүргізу.

Мұзды мұйықты қолдануды жүргізу.

Медициналық сүліктерді қою.

Озокеритті, балауызды қолдану.

10

4.

Дәрілік заттарды қолданудың энтеральды тәсілдері: пероральды, сублингвалық, ректальды, трансбуккальды.

Ингаляциялық тәсіл.

Сыртқа қолданатын дәрілік заттарды қолдану тәсілі: сылап сіңдіру, жағу, емдік пластырды қолдану, сеппелер, дымқылдау, құлаққа, мұрынға, көзге тамшыларды тамызу және дәрілік майларды (майдәрі) жағу.

10

5.

Дәрілік заттарды шыны сауыттан, флаконнан алу.

Теріге және тері астына инъекцияны орындау техникасы.

Бұлшық етке дәрі енгізу алгоритімі.

Антибиотиктерді араластыру және алу.

Инсулин мөлшерін есептеу.

Венаға дәрі енгізу алгоритімі.

Венадан қан алу.

Венаға тамшылатып дәрі құю.

Науқасты пункцияға дайындау.

10

6.

Тыныс алу жиілігін есептеуді жүргізу.

Науқасқа ылғалды оттегімен ингаляция жасау.

Қалталы ингаляторды қолдануды жүргізу.

Жеке түкіргіш ыдысты қолдану.

10

7.

АҚ өлшеуді жүргізу.

Кәрі жілік артериясынан тамыр соғуды анықтау.

Су балансын анықтауды жүргізу.

10

8.

Асқазанды шаюды жүргізу.

Ас қорыту жүйесінің бұзылуы кезінде пациентке күтім көрсету.

10

9.

Қуықты катетерлеу.

Қуықты шаю.

Зерттеуге зәр алу: клиникалық, биохимиялық.

10

10.

Тазарту клизмасын қоюды жүргізу.

Сифонды қоюды жүргізу.

Майлы қоюды жүргізу.

Гипертониялық, қоюды жүргізу.

Дәрілік (микроклизма, тамшы түріндегі). қоюды жүргізу.

Жел шығаратын түтікті қоюды жүргізу.

Асқазан мен ұлтабар құрамын зерттеуді жүргізу.

10

11.

Өкпеге жасанды желдету өткізудің және жүрекке жабық массаж жасаудың техникасы.

Мәйітпен жұмыс істеу ережесі.

10