Файл: Философия жне саясаттану факультеті философия кафедрасы 5В020100 Философия мамандыына арналан.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 123

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Құндылық – бұл қандай да бір нәрсенің мәнділігі, маңыздылығы, қалаулылығы, пайдалылығы және қымбаттығы. Ол қашанда әлдекімнің (немесе әлдененің) бағалылығын, яғни объективті болмысты және сонымен бір мезетте оның әлдекім (немесе әлдене) үшін құндылығын, яғни субъективті бағалауды білдіреді. Құндылық - мәдениеттің құрамдас бөлігі. Мәдениеттің құрамдас бөлігі болуы себепті құндылық адамдардың өзін ұстауын реттейді, олардың шынайы тәртібін айқындайды. Мәдениет құндылықтары, тиісінше, материалдық және рухани болып бөлінеді. Құндылықтардың мазмұны қоғамның мәдени жетістіктерімен шарттастырылған. Құндылықтар әлемі, сөздің кең мағынасында, мәдениет әлемі деген сөз. Ол адамның рухани қызмет аясы, оның санасының дұрыстығын айғақтаушы, адамның рухани байлығының елшеуіші іспетті. Құндылықтарды мүдделердің қарапайым жалғасы немесе бейнеленуі ретінде қарастыруға болмайды.

Пайдаланған әдебиеттер:
1.Хасанов М. Петрова В.Джамбаева Б. Философия. А.,2014ж

2. Нұрышева Г.Ж. Философия Алматы,.2013

3. Бегалинова К.К., Альжанова У.К. Философия I, II том. Алматы, 2010

4. Аташ Б.М. Философия, Алматы, 2014

5. Нұрышева Г.Ж. Өмірдің мәні: философиялық-антропологиялық

талдау. Алматы, 2011.

6. Грядовой Д.И. Философия. М.,2012

7. Лавриненко В.Н. Философия. Учебник для вузов.М.,2012
10. Дәріс.

Тақырыбы: Еркіндік философиясы.

1. Философиядағы еркіндік ұғымы

2. Еркіндік пен жауапкершілік мәні

3. Филсофия тарихынды еркіндік мәселесінің қарастырылуы

Философия тарихында еркіндік мәселесінің орын алуы ерте замандардан басталады. Философиядағы еркіндік өмірлік маңызды экзистенциалдық категориялар ретінде философия тарихында діни этикалық, заңдық, тарихи тұрғыда әр қырынан қарастырылып келді, әлі де зерттеліп бітпеген. Бұл философиялық ұғым адам тіршілігінің маңыздылығын сипаттайды. Еркіндік пен жауапкершілік бақылау, сараптама, тәжірибе жасау нәтижесінде адам білімінің артуына көмектеседі.Ең әуелі «еркіндік» ұғымының мағынасын қысқаша таразылап көрсек. «Еркіндік» көп мағыналы және тиянақсыздау ұғым болып көрінгенімен, ол қоғамның бүкіл құрылымына айтарлықтай әсер ететін нақты құбылыс. Еркіндік осы тұрғыда өте өзекті әрі қажетті болып табылады. С.Л. Франк айтқандай, «еркіндіктен бас тарту ол рухани түрде өзін-өзі өлтірумен тең және басқа адамның бостандығына қол сұғу оны өлтіргенмен, яғни оның бойында «Құдайдың бейне-болмысын» жойып оны хайуанға айналдырғанмен барабар».

Еркіндік біреудің үстемдігінсіз және зорлықсыз өмір сүру мен еңбек ету, мұнысыз ол өзін тұлға ретінде қабылдай алмайды. Еркіндік ұғымы бұл тұрғыда тәуелсіздікпен жалғасып кетеді. Саяси еркіндікпен тығыз байланыста болатын экономикалық тұрғыдағы еркіндіктің көрінісі бар. Бұлдегеніміз, өз бетінше өндірісті дамытып, ешкімге материалдық жағынан тәуелсіз болу арқылы өз саясаттарын іске асыру


Пайдаланған әдебиеттер:
1.Хасанов М. Петрова В.Джамбаева Б. Философия. А.,2014ж

2. Нұрышева Г.Ж. Философия Алматы,.2013

3. Бегалинова К.К., Альжанова У.К. Философия I, II том. Алматы, 2010

4. Аташ Б.М. Философия, Алматы, 2014

5. Нұрышева Г.Ж. Өмірдің мәні: философиялық-антропологиялық

талдау. Алматы, 2011.

6. Грядовой Д.И. Философия. М.,2012

7. Лавриненко В.Н. Философия. Учебник для вузов.М.,2012

8.Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы. А ., 2006

9. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. А., 2009.

10. Алтай Ж., А. Қасабек А., Философия тарихы. А., 2008.
11. Дәріс.

Тақырыбы: Өнер философиясы.

1. Философия және өнер

2. Өнер философиялық феномен ретінде

3. Философия тарихындағы эстетикалық көзқарастар.

Өнер – көркем мәдениеттің орталық буыны болып табылады және б.з.д 35-10 мың жыл кейінгі палеолит дәуірінде өз бастауын алады. Өнердің анықтамасы философияда үш мағынада түсіндіріледі:

- көркем образдарда шындықты көрсететін қоғамдық сананың және адами қызметтің спецификалық түрі;

- эстетикалық құндылықтарды игеруге және жасауға бағытталған адамның тәжірибелік қызметі;

- жоғары шеберлік дәрежесі.

Өнер ұғымын талдай отырып, өнер адамның көркем шығармашылығында көрінетін ерекше қызметі ретінде әрекет ететінін, қоршаған ортаны, қоғамды қабылдаудағы тұлғаның уайымымен және эмоцияларымен және өз мінезін түсінумен байланысты екенін атап өту қажет. Өнер – өнер туындысын жасаған адам бастан кешкен сезімді сезінуге қабілетті адамның эмоционалдық қабылдауына бағытталған шындықты субъективті жаңғырту. Өнердің маңызды құрамдас элементі – эстетикалық көрініс. Өнер, әдетте, белгілі бір эстетикалық заңдар бойынша жасалған және танымдық, эстетикалық және адамгершілік құндылықтарға ие авторлық шығармалар түрінде өзін көрсетеді. Өнер адамның шығармашылық қызметінің түрі ретінде оның дін, мораль, саясат, техника, бұқаралық ақпарат құралдары сияқты басқа көріністерімен тығыз байланысты.

Өнер ұғымын адамзат ғасырлар бойы қарастырып келді. Антикалық әлемде ол мейірімділік пен сұлулық бірлігін жүзеге асырған идеал ретінде түсінілді. Орта ғасырларда ол тек діни сезімдерді қозғап, тәрбиелеуге және сенімнің көзі мен құралы болуға шақырды. Қайта өрлеу дәуірінде өнер ләззат ретінде, ал ағарту дәуірінде ақыл – ой өрнегі ретінде түсінілді. XIX-XX ғасырларда, табиғи және нақты ғылымдардың дамуымен бірнеше өнер теориялары пайда болды: суретшінің тұлғасымен байланысты субъективті, және сыртқы, оған қатысты мән-жайларды көрсететін объективті.



Пайдаланған әдебиеттер:
1.Хасанов М. Петрова В.Джамбаева Б. Философия. А.,2014ж

2. Нұрышева Г.Ж. Философия Алматы,.2013

3. Бегалинова К.К., Альжанова У.К. Философия I, II том. Алматы, 2010

4. Аташ Б.М. Философия, Алматы, 2014

5. Нұрышева Г.Ж. Өмірдің мәні: философиялық-антропологиялық

талдау. Алматы, 2011.

6. Грядовой Д.И. Философия. М.,2012

7. Лавриненко В.Н. Философия. Учебник для вузов.М.,2012

8.Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы. А ., 2006

9. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. А., 2009.

10. Алтай Ж., А. Қасабек А., Философия тарихы. А., 2008.
12. Дәріс.

Тақырыбы: Қоғам және мәдениет.

1. Мәдениет ұғымы, оның мәні.

2. Қоғам философиялық ұғым ретінде.

3. Қоғамның қазіргі кезеңдегі даму ерекшелігі

Қоғам мен мәдениет екі динамикалық жүйе болып табылады, оның дамуы әлемдік оқиғалармен және қоғам өміріндегі тұрақты өзгерістермен байланысты. Мәдениет - бұрынғы ұрпақтардың тәжірибесіне негізделген өзара әрекеттесу және олар бағынған нәрселерге негізделген рухани жоспар.

Мәдениет – адамзаттың болмыс пен сананың барлық салаларындағы әлеуметтік-прогрестік шығармашылығы қызметі; бұл қызмет заттандыру (қазыналар, нормалар, белгі жүйелерін және т.б. жасау) және затсыздандыру процестерінің диалектикалық бірлігі болып табылады, өмір шындығын өзгертуге, адамзат тарихының байлығын жеке адамның ішкі байлығына айналдыруға, адамның мәндік күшін барынша айқындап, дамытуға бағытталады. Қоғам дегеніміз адамдардың алуан түрлі саналы іс-әрекеті мен қызметінің нәтижесінде қалыптасқан адамдар бірлігі. Қоғам-ұйымының әлеуметтік формасы. 19-20 ғғ. батыс философтары мен социологтарының пікірінше, қоғам – еңбек бөлінісі мен ынтымақтастыққа негізделген, қызметтік жүйе (О.Конт), қоғам-ұжымдық көзқарасқа сүйенген индивид үстінен қарайтын рухани шындық (Э. Дюркгейм), қоғам-әлеуметтік әрекеттің жемісі болып табылатын, индивидтердің өзара әрекеті (М. Вебер). Қоғамды материалистік тұрғыда түсіндіріп, оны алға жылжытқан К. Маркс болды. Оның пікірінше, қоғамдық организмнің бір ғана материалдық негізі бар. Ол негіз-материалдық игіліктерді өндіру. Сондай-ақ қоғам дегеніміз-қоғамдық қатынастар жиынтығын білдіреді.

Онда адамдар өз өмір әрекеттерінің процесінде болады. Қоғамдық-экономикалық формация дегеніміз Маркстің пікірінше, белгілі-бір өндіріс тәсіліне негізделген қоғамның тарихи типі. Қоғамның тарихы антогонистік (феодалдық, капиатлистік) және антогонистік емес (алғашық қауымдық құрылыс, социалистік) болып бөлінеді.


Қоғамда түрлі қатынастар бар. Олар негізін алғанда материалдық және идеологиялық қатынастар болып екіге бөлінеді. Материалдық қатынастар адам санасынан тыс, ой елегінен өтпей-ақ қалыптаса береді. Оған жататындарды ең алдымен табиғатты адам арқылы өңдеу деп атайды. Оның негізінде өндіргіш күштер: құрал-саймандар, оны қолданатын адамдар қалыптасады. Қоғамдық қатынастардың екінші бір тобы – идеологиялық қатынастар. Оларға адамды адам арқылы өңдеу жатады.

Пайдаланған әдебиеттер:
1.Хасанов М. Петрова В.Джамбаева Б. Философия. А.,2014ж

2. Нұрышева Г.Ж. Философия Алматы,.2013

3. Бегалинова К.К., Альжанова У.К. Философия I, II том. Алматы, 2010

4. Аташ Б.М. Философия, Алматы, 2014

5. Нұрышева Г.Ж. Өмірдің мәні: философиялық-антропологиялық

талдау. Алматы, 2011.

6. Грядовой Д.И. Философия. М.,2012

7. Лавриненко В.Н. Философия. Учебник для вузов.М.,2012

8.Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы. А ., 2006

9. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. А., 2009.

10. Алтай Ж., А. Қасабек А., Философия тарихы. А., 2008.

11. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша филасофия тарихы. А., 2009.

12. Дүниежүзілік философияның онтологиясы. 12 томның 10Т. 2009.

13. Алексеев П.А. Панин А.В. Философия Учебник для вузов. -М., 2006

14. Әл-Фараби. Шығармаларының 10 томдық жинағы. – Алматы, 2005-2008.

15. Мырзалы С.Философия– Алматы, 2008.
13. Дәріс.

Тақырыбы: Тарих философиясы.

1. Тарих философиясының пәні

2. Тарихты философиялық тұрғыдан пайымдау

3. Қазіргі заман философиясындағы «тарих мәні», «тарихтың соңы»

Тарих философиясының пәні. Тарихты философиялық пайымдау пәні ретінде талдау. Уақыттың антикалық түсінігі және тарихтың айналымы.

Тарих философиясының пәні – тарихи процестің мағынасы мен жалпылама мазмұны, оның заңдылықтары және зерттеу методологиясы. Философиялық тарихи идеялар көне заманда туындай бастады. Белгілі философ А.Ф.Лосев грек антикалық уақытында бұл идеялардың суреттемесін берді. Нақтылы тарих философиясының негізінде қашанда уақыттың белгілі бір үлгісі жатады. Антик тарих философиясы уақыттың қайталанбалы моделіне бағдарланған, сондықтан оның сол немесе басқа түрлеріне мәңгі қайтып келу идеясы тән болды. Батысеуропалық ортағасырлық тарих философиясы христиандық негізде тура сызықтық, түпкі уақыт моделіне сүйенеді. Жаңа және қазіргі дәуірлердегі тарих философиясы тура сызықтық шексіз уақыт моделіне сүйенеді. «Тарих философиясы» – тарихи процестің философиялық түсіндірмесі. «Тарих философиясы» терминінің өзі алғаш рет француз ағарту дәуірінің ойшылы Ф. Вольтер қолданған. Алайда, XVIII ғасырдың неміс ағартушысы И. Гердер «адамзат тарихының философиясына идеялары» (1784) барлық халықтар тартылатын тарихи процестің бірлігі мен заңдылықтары туралы идеяны ұсынды.


Тарихилық – бұл жойылатын, бірақ уақыт ағымында мәңгі нәрсе. Тарихи болмыстың ерекше белгісі – тарих болып қалу және сонысымен мәңгіге жалғасу. Өйткені тек жалпы формалар мен заңдар қайталануымен ғана сипатталатын әдеттегі уақиғалармен салыстырғанда, тарих өз бойында уақытқа қарамастан, уақытты, мәңгілікті жоятын, өшіретін оқиға. Адам – жетілмеген, уақытқа тәуелді шектеулі жан, уақыттың арқасындағы онда болып жатқан құбылыстар оны мәңгілікке жетелейді, оған жетудің жолы осы ғана. Адамның жетілмегендігі мен оның тарихилығы – екеуі бір нәрсе.

Пайдаланған әдебиеттер:
1.Хасанов М. Петрова В.Джамбаева Б. Философия. А.,2014ж

2. Нұрышева Г.Ж. Философия Алматы,.2013

3. Бегалинова К.К., Альжанова У.К. Философия I, II том. Алматы, 2010

4. Аташ Б.М. Философия, Алматы, 2014

5. Нұрышева Г.Ж. Өмірдің мәні: философиялық-антропологиялық

талдау. Алматы, 2011.

6. Грядовой Д.И. Философия. М.,2012

7. Лавриненко В.Н. Философия. Учебник для вузов.М.,2012

8.Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы. А ., 2006

9. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. А., 2009.

10. Алтай Ж., А. Қасабек А., Философия тарихы. А., 2008.

11. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша филасофия тарихы. А., 2009.

12. Дүниежүзілік философияның онтологиясы. 12 томның 10Т. 2009.

13. Алексеев П.А. Панин А.В. Философия Учебник для вузов. -М., 2006

14. Әл-Фараби. Шығармаларының 10 томдық жинағы. – Алматы, 2005-2008.

15. Мырзалы С.Философия– Алматы, 2008.
14 Дәріс

Тақырыбы: Дін философиясы

1. Дін ұғымы, мәні.

2. Дін құрылымы және қызметі.

3. Дін философиялық білім ретінде.

Дін қазіргі заманғы адам мен қоғамның рухани өмірінде ерекше орын алады. Кеңестік таптық идеология үстемдік құрған жылдары дін біржақты зерттелгені белгілі. Діннің соңғы жылдары қарқынды дамуы, қоғамда діни сенімді қабылдаушылардың санының көптеп артуы дінді жан-жақты зерттеуді қажет етті және бұл бағыттағы жұмыстар табысты жүргізіліп отыр. Мысалы, дінді тарих, әлеуметтану, мәдениеттану, саясаттану, философия және тағы басқа ғылымдар өз ғылымдары деңгейінен, әр түрлі аспектілерде зерттеуде. Діннің анықтамасы: қасиеттілік, құдайылық - абсолютті бастаудың, Құдайдың бар екендігінен туындайтын және соған сәйкес мінез-құлық, өмір сүру тәртібін, өмір салтын қалыптастыратын көзқарас, дүниетаным; адамға күш беретін, тірек болатын, өзіне табындыратын тылсым күшпен байланыстылық және оған тәуелділік сезімі. Діннің дефинициясы жоғарғы күшке сенімі ретінде нақты емес. Діннің құдайға немесе құдайларға сенімі ретіндегі анықтамасы да тар болып табылады. Құдайдың барына сену, бірақ өміріңді онымен байланыстырмау. Мәселен, Эпикур құдайлардың барына күмәнданбаған, оларды мойындаған, сонымен бірге құдайлар адамдардың істеріне араласпаған және көп адамдар мен құдайлардың арасында байланыс болмаған деп түсіндіреді. Сонымен қоса болмыстың толықтығына сену (эмпирикалық Мен ішіндегі абсолютті Мен, әлеуметтік София, Құдай) діннің эгоцентрлік, социоцентрлік немесе космоцентрлік түсіндірудегі ортақ ядросы болып табылады.