ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 1031
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ҚОСЫМША АҚПАРАТ
Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау? | Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |
Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым. Деңгейі жоғары оқушылармен араластырып білім деңгейлерін көтердім. | Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды. | Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақтың барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау | |
Сабақ бойынша рефлексия -Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? -Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? -Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? -Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? -Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары жоспар бойынша нақты қойылған. Сабақ соңында барлық оқушы оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ соңында саралау жүргізіліп, сабақ қорытындыланды. Кіріспе бөлім 10 минут, негізгі бөлім 25 минут, қортынды 5 минут регламент сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ | ||
Жалпы баға Caбaқтың жақсы өткен eкi acпeктici (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)? _____________________________________________________________________________________________________ Caбaқты жaқcapтуғa не ықпал ете aлaды (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)? _____________________________________________________________________________________________________ Caбaқ бapыcындa cынып туpaлы нeмece жeкeлeгeн oқушылapдың жeтicтiк/қиындықтapы туpaлы нeнi бiлдiм, кeлeci caбaқтapдa нeгe көңiл бөлу қaжeт? _____________________________________________________________________________________________________ |
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 38
Мектеп | Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназия | ||||
Мұғалімнің аты-жөні | Тилесбаев Берик Аргынбайулы | ||||
Сынып | 8 «А» | 8 «Ә» | 8 «Б» | 8 «В» | 8 «Г» |
Күні | | | | | |
Қатысушылар саны: | | ||||
Қатыспағандар саны: | | ||||
Бөлім | 3-бөлім. Гимнастикалық элементтер және оның түрлері | ||||
Сабақтың тақырыбы | Еркін ритмикалық гимнастика жаттығулары | ||||
Оқу мақсаттары | 8.3.5.1. Басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды көрсете білу | ||||
Сабақ мақсаттары | басқалардың дене жаттығулары тәжірибесін байыту масқатында білім, біліктілік және дағдыларды қолдану | ||||
Бағалау критерийі | Шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, шешу жолдарын ұсынады. | ||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: жеке, жұптық, топтық гимнастикалық жаттығуларын, композициялық элементтер тапсырмаларын талқылайды және көрсетеді. Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: орын ауыстыру, тепе-теңдік, айналу; жаттығулар кешені, басқа және қолға тұру; тәуекел, қауіпсіздік; гимнастикалық сайман; байланыс, реттілік, топ қалыптастыру; арқан, гимнастикалық кіші ағаш ат, керме, әр түрлі және бірдей биіктіктегі қос арыс, гимнастикалық бөрене; гимнастикалық төсеніштер, орындықтар; қозғалыс үйлесімділігі; дене сымбаты. Талқылауға арналған сұрақтар: - Арнайы гимнастикалық жабдықтарды қолдана отырып жаттығуларды орындау қиын үрдіс болып табылады ма? - Сіз жаттығуларды қалай тиімдірек орындайсыз? - Арқанға ормелеудің қандай түрі сізге қиын болып көрінді? - Акробатикалық жаттығулардың қандай комбинациялары жақсы біріктіріледі? - Берілген тапсырманы орындау үшін сіз қандай дене қасиеттеріне ие болуыңыз керек? | ||||
Құндылықтарды дарыту | Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді. Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды. Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады. Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді. Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады. Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка | ||||
АКТ қолдану дағдылары | Ұялы телефон, планшет, ноутбук | ||||
Бастапқы білім | Гимнастикалық жаттығуларды орындайды және топтарда бірін-бірі бағалады. |
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
Сабақтың кезеңдері | Оқушының әрекеті | Педагогтің әрекеті | Оқу ресурстары |
Сабақтың басы 10 минут | Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру. | Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау. | Кең, бос кеңістік. Гимнастикалық кілемшелер, техникалық жабдықтар, қажетті гимнастикалық саймандар. Ғаламтор дереккөзіне сілтеме: http://homedr.ru/first/pulse.php Кең кеңістік. Дереккөздерге сілтеме: https://yandex.kz/video/search?filmId=jcv-5p6n0Cw&text=комплексы%20ритмической%20гимнастики%20для%20школьников%20видео&path=wizard |
Сабақтың ортасы 25 минут | (Т, К, ҚБ) Оқушылар топтарда ырғақты гимнастика жаттығулары кешенін зерттейді және көрсетеді. 1. 4 есепке жаттығу. Б.қ.-н.т.: есеп 1-оң аяқпен алға адым жасау, қолдарды білектен бүгу; есеп 2-сол аяқпен адым жасап өкшеге қою, қолдарды жоғары созу; есеп 3-сол аяқпен артқа адым жасау, қолдарды иыққа қою; есеп 4-оң аяқпен артқа адымдап ұшына қою, қолдарды төменге түсіру. 2. 4 есепке қолдарды шапалақтай оңға және солға қозғалу. 3. Қолдарды жанға созып оңға және солға қозғалу. 4. Қолдарды жоғары көтеріп оңға және солға қозғалу. 5. 4 есепке алға адымдау, 4 есепке артқа адымдау, 4-ші есепке тізеден бүгулі аяқты жоғары көтеріп қолды шапалақтау. 6. Бірде оң аяқты, бірде сол аяқты кезекпен жанға лақтырып бір орында жеңіл секіру. 7. Секіре отырып шеңбермен және сол бағытқа айналу. | Мұғалімге кешен жаттығуларының дұрыс орындалуына назар аудару керек. Сонымен қатар жаттығулар мұғалімнің есебімен және синхронды түрде орындалуы назардан тыс қалмау қажет. Жаттығуларды жеке дара немесе басқа жаттығулармен біріктіре отырып көп мөлшерде қайталап орындау, тірек-қимыл аппаратын жүктемемен қаматамасыз ететін аэробты бағыттылықты анықтайтындығы туралы оқушыларға түсіндіру қажет. Сұраңыз: ырғақты гимнастика қандай дене қасиеттерін дамытады? | |
(Т, Ж, ҚБ) Сыныпты шағын топтарға бөлу. Топтар берілген бейне, дереккөздерді пайдалана отырып ырғақты гимнастиканың кешендерін жасақтап көрсетеді, сонымен қатар мұғалім қолданылуы мүмкін тапсырмалар көрсетілген карталар таратады. Өздерінің шығармашылық жұмыстарын жасақтап көрсеткен соң, топтар кезекпен өздерінің және өзгенің шығармашылық қабілеттерін бағалап, талдайды. | Мұғалім оқушыларға өздерінің жаттығуларын көрсетуде музыкалық сүймелдеуді қолдануды ұсынады. Кешен еркін бағытта, айналулармен және орын ауыстырулармен орындалады. Сұраңыз: ырғақты гимнастикамен шұғылдану ағзаның қандай жүйесіне әсер етеді? | ||
Гимнастикалық құрал-жабдықпен кешенді жаттығу жұмыстарын көрсетіңіз (ұлдар гантелмен, қыздар обручпен). Бір орында тұрып гимнастикалық құрал-жабдықтармен (гантел, гимнастикалық шеңбер т.б) жалпы дамыту жаттығу түрлерін жеке-жеке немесе кіші топтарда көрсетіп, тәжірибе алмасыңыз. Дескриптор - кемінде 2-3 элементті көрсетеді; - жаттығуды дұрыс орындайды; - өз тәжірибесімен бөліседі. | |||
Сабақтың соңы 5 минут | Сабақты қорытындылау: Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау. Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді. Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады. Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді. |
ҚОСЫМША АҚПАРАТ
Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау? | Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |
Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым. Деңгейі жоғары оқушылармен араластырып білім деңгейлерін көтердім. | Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды. | Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақтың барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау | |
Сабақ бойынша рефлексия -Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? -Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? -Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? -Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? -Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары жоспар бойынша нақты қойылған. Сабақ соңында барлық оқушы оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ соңында саралау жүргізіліп, сабақ қорытындыланды. Кіріспе бөлім 10 минут, негізгі бөлім 25 минут, қортынды 5 минут регламент сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ | ||
Жалпы баға Caбaқтың жақсы өткен eкi acпeктici (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)? _____________________________________________________________________________________________________ Caбaқты жaқcapтуғa не ықпал ете aлaды (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)? _____________________________________________________________________________________________________ Caбaқ бapыcындa cынып туpaлы нeмece жeкeлeгeн oқушылapдың жeтicтiк/қиындықтapы туpaлы нeнi бiлдiм, кeлeci caбaқтapдa нeгe көңiл бөлу қaжeт? _____________________________________________________________________________________________________ |
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 39
Мектеп | Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназия | ||||
Мұғалімнің аты-жөні | Тилесбаев Берик Аргынбайулы | ||||
Сынып | 8 «А» | 8 «Ә» | 8 «Б» | 8 «В» | 8 «Г» |
Күні | | | | | |
Қатысушылар саны: | | ||||
Қатыспағандар саны: | | ||||
Бөлім | 4-бөлім. Қазақ халқының дәстүрлі ойындары | ||||
Сабақтың тақырыбы | Қозғалмалы ойындар Спорттық және қозғалмалы ойындар. Волейбол ойыны: Волейбол ойыны туралы жалпы түсінік беру. Волейбол алаңы және волейбол добы туралы түсінік беру. Волейбол ойынының қауіпсіздік ережесін түсіндіру. Волейбол ойынының негізгі ережелерін түсіндіру. | ||||
Оқу мақсаттары | 8.2.7.1. Жарыс кезінде әділ ойнау, патриотизм және ынтымақтастыққа жататын мінез-құлық көрсетуді бағалай білу Спорттық ойын ережелерін және әдіс-тәсілдерін меңгеру | ||||
Сабақ мақсаттары | Жарыс кезінде таза ойнау, патриотизм және ынтымақтастыққа жататын мінез-құлық көрсету | ||||
Бағалау критерийі | Жарыс кезіндегі ұйымшылдықты көрсетеді. Жаттығуларды бейімдейді, талқылауға қатысады. | ||||
Тілдік мақсаттар | Білім алушылар: қазақтың ұллтық ойындары туралы білімдерін талқылайды және көрсетеді. Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: «Жаяу көкпар» (салым, қақпа); «Көкпар» (шабандоз, жылқы); «Түйілген орамал» (орамал, жүргізуші); «Белбеусоқ»(ойыншы, жүргізуші, белбеу); «Арқан тартыс» (арқан, бау); «Аларман» (ойыншы, жүргізуші); «Жаяу тартыс» (жоғарғы партер, белбеу, ойын жібі); «Асық ату» (алшы, тәйке, бүк, шік, асық, сақа). Талқылауға арналған сұрақтар: - Берілген ойынның қандай дәстүрлермен байланысы бар? - Ойынды өткізу кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталуы неліктен маңызды? - Әділ ойынды көрсететін өздеріңіздің және басқалардың мінез-құлқын қалай бағалай аласыз? - Бірлескен жұмыс кезінде қандай дағдыларды қолдандыңыз? - Берілген ойында оң нәтижеге жету үшін ойыншыларға қандай ұсыныс жасай аласыздар? - Берілген ойында жеңіске жету үшін қандай дене қасиеттеріне ие болу керек? - Берілген ойынның ережесіне қандай өзгеріс енгізе аласыздар? - Ойын кезінде жеке шығармашылық қабілеттеріңізді қалай қолдандыңыздар? - Ойын ережелерін талқылаңыздар және жарыс қызметі мен ойындағы төрешілікке талдау жасаңыз. | ||||