Файл: Тексерілді дожжо.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 1034

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 41

Мектеп

Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназия

Мұғалімнің аты-жөні

Тилесбаев Берик Аргынбайулы

Сынып

8 «А»

8 «Ә»

8 «Б»

8 «В»

8 «Г»

Күні

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Бөлім

4-бөлім. Қазақ халқының дәстүрлі ойындары

Сабақтың тақырыбы

Қозғалмалы ойындар

Оқу мақсаттары

8.2.3.1. Қолайлы оқып-үйрену ортасын қалыптастыру бойынша біріккен, әрі тиімді жұмыс дағдыларын қолдану және көрсете білу

Сабақ мақсаттары

Қолайлы оқу-үйрену ортасын қалыптастыруға қажет бірқатар тиімді дағдыларды көрсету

Бағалау критерийі

Ойнауға қолайлы орта қалыптастырады.

Ойынның орындалуының тиімді жолдарын көрсетеді.

Тілдік мақсаттар

Білім алушылар: қазақтың ұллтық ойындары туралы білімдерін талқылайды және көрсетеді.

Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: «Жаяу көкпар» (салым, қақпа); «Көкпар» (шабандоз, жылқы); «Түйілген орамал» (орамал, жүргізуші); «Белбеусоқ»(ойыншы, жүргізуші, белбеу); «Арқан тартыс» (арқан, бау); «Аларман» (ойыншы, жүргізуші); «Жаяу тартыс» (жоғарғы партер, белбеу, ойын жібі); «Асық ату» (алшы, тәйке, бүк, шік, асық, сақа).

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Берілген ойынның қандай дәстүрлермен байланысы бар?

- Ойынды өткізу кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталуы неліктен маңызды?

- Әділ ойынды көрсететін өздеріңіздің және басқалардың мінез-құлқын қалай бағалай аласыз?

- Бірлескен жұмыс кезінде қандай дағдыларды қолдандыңыз?

- Берілген ойында оң нәтижеге жету үшін ойыншыларға қандай ұсыныс жасай аласыздар?

- Берілген ойында жеңіске жету үшін қандай дене қасиеттеріне ие болу керек?

- Берілген ойынның ережесіне қандай өзгеріс енгізе аласыздар?

- Ойын кезінде жеке шығармашылық қабілеттеріңізді қалай қолдандыңыздар?

- Ойын ережелерін талқылаңыздар және жарыс қызметі мен ойындағы төрешілікке талдау жасаңыз.

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.

Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.

Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.

Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді.

Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады.

Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Ұялы телефон, планшет, ноутбук

Бастапқы білім

Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындарын ережеге сай ойнайды.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Оқу ресурстары

Сабақтың

басы

10 минут

Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

Үлкен ойын кеңістігі. Доп, шеңберлер, шеңберлерді сызу үшін бор, алаңды белгілеу үшін конустар немесе фишкалар, командаларды белгілеу үшін манишкалар, баулар, ысқырық. «Көкпар ойыны» интернет ресурсына сілтеме: (1:15:45) https://www.youtube.com/watch?v=TB4e39krlAg

Үлкен, бос кеңістік. Ұзындығы 4-6 м кем емес арқан, сызықты белгілеу үшін бор. «Ең ерекше арқан тартыс» интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=LT2spaOVTGA

Сабақтың

ортасы

25 минут

(Б, Т, К) «Көкпар». Бұл ойында оқушылар тең екі командаға бөлінеді. Әр командада оқушылар ішінен екі адамнан жұптар құруы қажет. Жұптарда, бір оқушы «жылқы» рөлінде, ал екіншісі «шабандоз» рөлінде болады. Әр ойын басталар алдында доп қандай командада болатынын анықтау қажет. Шеңбер ортасына екі команданың капитандары шығады, кім кімді шеңбер немесе сызық сыртына бір қолымен тартып алса, сол командада доп болады. «Шабандоздар» және «жылқылар» рөліндегі оқушылар ойын барысында бір қолдарымен бір-бірін ұстап жүрулері керек. Тек шабандоздар ғана екінші қолымен допты алып және келесі шабандозға бере алады. Белгі бойынша, «шабандоздар», «жылқыларымен» жүгіріп келіп, допты қарма-қарсы жақтағы құрсауға салуы керек. Допты салған команда ұпай алады. Ең көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.

Берілген ойында мұғалім қауіпсіздік ережелерінің сақталуына назар аударуы қажет. «Шабандоз» және «жылқы» қолдарыннан ұстаған кезде үзбей ұстауы керек, егер үзілсе, доп қарсы командаға беріледі. Командаларды белгілеу үшін манишкаларды немесе бауларды қолданған дұрыс болады. Бұл төрешілердің жұмысын едәуір жеңілдетеді.

Сұраңыз: Ойынды өткізу кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталуы неліктен маңызды? Берілген ойында оң нәтижеге қол жеткізу үшін ойыншыларға қандай ұсыныс жасай аласыздар?

(Т, ҚБ) «Арқан тартыс». Сыныпты бірнеше командаға бөлінеді. «Арқанға жақында!» бірінші белгісі бойынша ойыншылар командада жұптарға бөлініп, арқанның оң және сол жақтарына тұрады. «Арқанды ұста!» екінші белгісі бойынша жұптар еңкейіп, арқанды көтереді. Мұғалімнің ысқырығы бойынша командалар арқанды өз жағына тартуға тырысады. Командалардың бірі арқанды тартып, бақылау сызығынан 3 м кейін шегіне алған кезде (арқанның ортасындағы бауымен белгіленген жерінен), ысқырық беріліп, күрес тоқтатылады. Арқанды орнына қойып, ойынды қайталайды. Арқанды өз жағына көп рет тарта алған команда жеңіске жетеді.

Берілген ойында қауіпсіздік ережелерінің сақталуына назар аударыңыз. Арқанның ортасында міндетті түрде бау байлануы керек, осы арқылы ойынның нәтижесі анықталады. Командаларға бөлген кезеде оқушылардың дене дайындығына көңіл бөлуі керек. Ойынды жарыс түрінде өткізуге болады.

Сұраңыз: Ойынды өткізу кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталуы неліктен маңызды? Бірлескен жұмыс барысында қандай дағдыларыңызды қолдандыңыздар?

«Асық ату» және «Бес тас» ойындарын ережесі бойынша топтарға бөлініп ойнаңыз.

Ойынның шарты: Үлкен шеңбер сызып, шеңбердің ішіне асықтарды тізіп қояды. Белгіленген жерден асықты шертіп атып, тізілген асыққа тигізу керек. Асық шеңберден шықса, сол ойыншы тағы да, атады. Ойын осылай жалғасады. Асықтың атауларын жатқа біліңіз.

Асық ойыны— қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа, жақсылары – оңқы деп аталады.

Дескриптор

- «Асық ату» ойынын ережесімен ойнайды;

- «Бес тас» ойынын ережесімен ойнайды;

- асықтың атауларын жатқа айтады.

Сабақтың

соңы

5 минут

Сабақты қорытындылау:

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым. Деңгейі жоғары оқушылармен араластырып білім деңгейлерін көтердім.

Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақтың барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

-Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

-Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

-Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

-Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

-Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары жоспар бойынша нақты қойылған. Сабақ соңында барлық оқушы оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ соңында саралау жүргізіліп, сабақ қорытындыланды. Кіріспе бөлім 10 минут, негізгі бөлім 25 минут, қортынды 5 минут регламент сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ

Жалпы баға

Caбaқтың жақсы өткен eкi acпeктici (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқты жaқcapтуғa не ықпал ете aлaды (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқ бapыcындa cынып туpaлы нeмece жeкeлeгeн oқушылapдың жeтicтiк/қиындықтapы туpaлы нeнi бiлдiм, кeлeci caбaқтapдa нeгe көңiл бөлу қaжeт?

_____________________________________________________________________________________________________

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 42

Мектеп

Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназия

Мұғалімнің аты-жөні

Тилесбаев Берик Аргынбайулы

Сынып

8 «А»

8 «Ә»

8 «Б»

8 «В»

8 «Г»

Күні

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Бөлім

4-бөлім. Қазақ халқының дәстүрлі ойындары

Сабақтың тақырыбы

Қозғалмалы ойындар

Спорттық және қозғалмалы ойындар. Волейбол ойыны: Ойыншылардың алаңдағы тұру әдістерін үйрету. Ойыншылардың алаңдағы орын ауыстыру (тіркемелі, қосарланған адым, жүгіру, секіру, құлау) әдістерін үйрету. Волейбол ойынындағы қолданылатын әдіс-тәсілдердің түрлерімен таныстыру.

ӨҚН. Жара мен жарақат алу және басқа да келеңсіз жағдайларда алғашқы мед-қ көмек көрсету.

Оқу мақсаттары

8.2.3.1. Қолайлы оқып-үйрену ортасын қалыптастыру бойынша біріккен, әрі тиімді жұмыс дағдыларын қолдану және көрсете білу

Спорттық ойын ережелерін және әдіс-тәсілдерін меңгеру

Өмір қауіпсіздігі негіздері курсының теориялық негіздерін, мақсатын, міндеттерін түсіндіру

Сабақ мақсаттары

Қолайлы оқу-үйрену ортасын қалыптастыруға қажет бірқатар тиімді дағдыларды көрсету

Бағалау критерийі

Ойнауға қолайлы орта қалыптастырады.

Ойынның орындалуының тиімді жолдарын көрсетеді.

Тілдік мақсаттар

Білім алушылар: қазақтың ұллтық ойындары туралы білімдерін талқылайды және көрсетеді.

Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: «Жаяу көкпар» (салым, қақпа); «Көкпар» (шабандоз, жылқы); «Түйілген орамал» (орамал, жүргізуші); «Белбеусоқ»(ойыншы, жүргізуші, белбеу); «Арқан тартыс» (арқан, бау); «Аларман» (ойыншы, жүргізуші); «Жаяу тартыс» (жоғарғы партер, белбеу, ойын жібі); «Асық ату» (алшы, тәйке, бүк, шік, асық, сақа).

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Берілген ойынның қандай дәстүрлермен байланысы бар?

- Ойынды өткізу кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталуы неліктен маңызды?

- Әділ ойынды көрсететін өздеріңіздің және басқалардың мінез-құлқын қалай бағалай аласыз?

- Бірлескен жұмыс кезінде қандай дағдыларды қолдандыңыз?

- Берілген ойында оң нәтижеге жету үшін ойыншыларға қандай ұсыныс жасай аласыздар?

- Берілген ойында жеңіске жету үшін қандай дене қасиеттеріне ие болу керек?

- Берілген ойынның ережесіне қандай өзгеріс енгізе аласыздар?

- Ойын кезінде жеке шығармашылық қабілеттеріңізді қалай қолдандыңыздар?

- Ойын ережелерін талқылаңыздар және жарыс қызметі мен ойындағы төрешілікке талдау жасаңыз.

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.

Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.

Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.

Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді.

Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады.

Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Ұялы телефон, планшет, ноутбук

Бастапқы білім

Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындарын ережеге сай ойнайды.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Оқу ресурстары

Сабақтың

басы

10 минут

Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

Үлкен ойын кеңістігі. Доп, шеңберлер, шеңберлерді сызу үшін бор, алаңды белгілеу үшін конустар немесе фишкалар, командаларды белгілеу үшін манишкалар, баулар, ысқырық. «Көкпар ойыны» интернет ресурсына сілтеме: (1:15:45) https://www.youtube.com/watch?v=TB4e39krlAg

Үлкен, бос кеңістік. Ұзындығы 4-6 м кем емес арқан, сызықты белгілеу үшін бор. «Ең ерекше арқан тартыс» интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=LT2spaOVTGA

Сабақтың

ортасы

25 минут

(Б, Т, К) «Көкпар». Бұл ойында оқушылар тең екі командаға бөлінеді. Әр командада оқушылар ішінен екі адамнан жұптар құруы қажет. Жұптарда, бір оқушы «жылқы» рөлінде, ал екіншісі «шабандоз» рөлінде болады. Әр ойын басталар алдында доп қандай командада болатынын анықтау қажет. Шеңбер ортасына екі команданың капитандары шығады, кім кімді шеңбер немесе сызық сыртына бір қолымен тартып алса, сол командада доп болады. «Шабандоздар» және «жылқылар» рөліндегі оқушылар ойын барысында бір қолдарымен бір-бірін ұстап жүрулері керек. Тек шабандоздар ғана екінші қолымен допты алып және келесі шабандозға бере алады. Белгі бойынша, «шабандоздар», «жылқыларымен» жүгіріп келіп, допты қарма-қарсы жақтағы құрсауға салуы керек. Допты салған команда ұпай алады. Ең көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.

Берілген ойында мұғалім қауіпсіздік ережелерінің сақталуына назар аударуы қажет. «Шабандоз» және «жылқы» қолдарыннан ұстаған кезде үзбей ұстауы керек, егер үзілсе, доп қарсы командаға беріледі. Командаларды белгілеу үшін манишкаларды немесе бауларды қолданған дұрыс болады. Бұл төрешілердің жұмысын едәуір жеңілдетеді.

Сұраңыз: Ойынды өткізу кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталуы неліктен маңызды? Берілген ойында оң нәтижеге қол жеткізу үшін ойыншыларға қандай ұсыныс жасай аласыздар?

(Т, ҚБ) «Арқан тартыс». Сыныпты бірнеше командаға бөлінеді. «Арқанға жақында!» бірінші белгісі бойынша ойыншылар командада жұптарға бөлініп, арқанның оң және сол жақтарына тұрады. «Арқанды ұста!» екінші белгісі бойынша жұптар еңкейіп, арқанды көтереді. Мұғалімнің ысқырығы бойынша командалар арқанды өз жағына тартуға тырысады. Командалардың бірі арқанды тартып, бақылау сызығынан 3 м кейін шегіне алған кезде (арқанның ортасындағы бауымен белгіленген жерінен), ысқырық беріліп, күрес тоқтатылады. Арқанды орнына қойып, ойынды қайталайды. Арқанды өз жағына көп рет тарта алған команда жеңіске жетеді.

Берілген ойында қауіпсіздік ережелерінің сақталуына назар аударыңыз. Арқанның ортасында міндетті түрде бау байлануы керек, осы арқылы ойынның нәтижесі анықталады. Командаларға бөлген кезеде оқушылардың дене дайындығына көңіл бөлуі керек. Ойынды жарыс түрінде өткізуге болады.

Сұраңыз: Ойынды өткізу кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталуы неліктен маңызды? Бірлескен жұмыс барысында қандай дағдыларыңызды қолдандыңыздар?

Спорттық және қозғалмалы ойындар.

Волейбол ойыны:

Ойыншылардың алаңдағы тұру әдістерін үйрету;

Ойыншылардың алаңдағы орын ауыстыру (тіркемелі, қосарланған адым, жүгіру, секіру, құлау) әдістерін үйрету;

Волейбол ойынындағы қолданылатын әдіс-тәсілдердің түрлерімен таныстыру;