Файл: за мерзімді жоспарды тарауы Адамзатты жаhанды мселелері Мектеп Мыр орта мектебі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 101
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
География пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары
| Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Адамзаттың жаhандық мәселелері Мектеп Мұқыр орта мектебі Күні: 24.11 Мұғалімнің аты-жөні: Шукиртаева Динара Сынып: 10 сынып Қатысқандар: Қатыспағандар: | |||||||||||||||||||
| Сабақтың тақырыбы | Жаһандық әлеуметтік маңызы бар мәселелер | ||||||||||||||||||
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сəйкес) | 10.7.1.1. Жаһандық мәселелердің критерийлерін анықтау 10.7.1.2. Адамзаттың дамуындағы мәселелерін топтастыру | ||||||||||||||||||
| Сабақтың мақсаты | Барлығы: Жаһандық мәселелердің критерийлерін анықтау және топтастыру Көпшілігі: Адамзаттың дамуындағы жаһандық мәселелердің критерийлерін талдау Кейбірі:Жаһандық мәселелердің аймақтық көрінісін бағалау | ||||||||||||||||||
| Бағалау критерийі | - Жаһандық мәселелердің критерийлерін анықтайды және топтастырады; - Адамзаттың дамуындағы жаһандық мәселелердің критерийлерін талдайды; - Жаһандық мәселелердің аймақтық көрінісін бағалайды; | ||||||||||||||||||
| Тілдік мақсаттар | Оқылым:дереккөздерді оқи отырып, адамзаттың дамуындағы жаһандық мәселелердің өлшемдерін оқиды. Жазылым: «Ғаламшардың орман жамылғысы» деген кестені толтыру Тыңдалым: топтық жұмыста орындалған жаһандық проблемаларды талдап, топтар арасында пікір алмасады Айтылым: Қосымша дереккөздер, карта арқылы жаһандық проблемаларды салыстырады, дүниежүзі елдерінің карта бойынша орындаған тапсырмаларын қорғайды | ||||||||||||||||||
| Құндылықтарға баулу | Жаһандық азаматтық: Жас ұрпақты өмір қауіпсіздігіне, жанашырлыққа, бейбіт рухтағы адами қасиеттерге тәрбиелеу арқылы, адамзаттың ғаламдық проблемаларын шешуге күш салу. Татулық, бірлік, бейбітшілік туралы тәрбие беру арқылы тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру. | ||||||||||||||||||
| Пəнаралық байланыс | Тарих, информатика, экология | ||||||||||||||||||
| Алдыңғы білім | 9 сынып Картографиялық зерттеу әдістерін қолдану | ||||||||||||||||||
| САБАҚ БАРЫСЫ | |||||||||||||||||||
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | |||||||||||||||||
| Сабақтың басы 7 минут | Ұйымдастыру кезеңі: Ынтымақтастық ахуал қалыптастыру «Шаттық шеңбері» әдісі Мақсаты: Бұл әдіс оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру. Үй жұмысын тексеру «Ашық микрофон» әдісі Мақсаты: Оқушыны жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдыландыру. ҚБ:«От шашу» әдісі | Слайд, таратпа | |||||||||||||||||
| Сабақтың ортасы 25 минут | Оқушылар берілген бейнефильмді көреді. «Үштік» әдіс (Ойлан, жұптас, бөліс)» Мақсаты: Оқушылар ойына келген жауаптар немесе идеяларды барынша көп жазу арқылы, кейін өз идеяларымен бөлісу «Жаһандық мәселелердің географиялық аспектілері» Негізгі сұраққа жауап беру: Жаһандық мәселелер қандай жағдай бойынша топтасады? Бағалау критерийі: -Жаһандық мәселелердің критерийлерін анықтайды; - Жаһандық мәселелердің критерийлерін топтастырады; 1.Тапсырма: -Бүгінгі жаңалықтарда қандай ғаламдық мәселелер қозғалды? -Жаһандық мәселелер критерийлері дегеніміз не? Дескриптор: Мәтінді оқып, түйінді идеяларды жазады; 1.Алған білімін қолданып, негізгі жаһандық мәселелердің критерийлерін анықтай алады 2. Бүгінгі таңда жаһандық мәселелер мәселелері қалай бөлінеді топтастырады? Оқушы жауаптары ( жаһандық мәселелері ғаламдық, аймақтық және ұлттық мәселелер болып бөлінеді) Мәтінмен жұмыс. «Тепе-теңдік дөңгелек» әдісі Мақсаты: Ойды жинақтау, тақырып бойынша қажеттіліктерін анықтау. Оқылған материалдан алынған идеялармен жұпта бөлісіңдер.Жаһандық мәселелердің критерийлерін анықтап, топтастырып жұбымен талда. ҚБ. Бірін-бірі бағалау «Сэндвич әдісі» әдісі. 2.Тапсырма: Адамзаттың дамуындағы жаһандық мәселелердің критерийлерін талдау Дескриптор: 1.Дүниежүзінің саяси картасымен жұмыс жасайды 2. Жаһандық мәселелердің критерийлерін талдайды Саралау әдісі (дифференциация) тапсырмалары «Ой қазығы» әдісі Мақсаты:Оқи отырып ой түю, ой бөлісу. Ойлау қабілеті дамиды, сөздік қоры молаяды. Бағалау критерийі: - Қосымша мәліметтер, дүниежүзінің саяси карта арқылы тапсырманы орындайды - Адамзаттың дамуындағы жаһандық мәселелердің критерийлерін талдайды; А-деңгей Тапсырма: Адамзаттың дамуындағы жаһандық мәселелердің критерийлерін картадан талдайды; Дескриптор: - Адамзаттың дамуындағы жаһандық мәселелердің критерийлерін талдай біледі; - Адамзаттың дамуындағы жаһандық мәселелердің критерийлерін жіктеп ұсынады; Бағалау: «Табыс сатысы» әдісі Мақсаты:Оқушылар сабақ немесе тарау кезінде оқылған аса маңызды тармақтарды (пайдалы, мағынасы бар) анықтайды «Ой желісі» әдісі Бағалау критерийі: Адамзаттың дамуындағы жаһандық мәселелердің критерийлерін талдайды; В-деңгей Тапсырма: Дүниежүзінің әлемдік картасын пайдалана отырып жаһандық мәселелерді картадан анықта Дескриптор: 1. Техногендік мәселелерді картадан анықтайды 2. Саяси мәселелерді картадан анықтайды 3. Экономикалық мәселелерді картадан анықтайды Мәселелер:
Бағалау: «Білім ағашы» әдісі «Ой өрімі» әдісі Бағалау критерийі: Жаһандық мәселелердің аймақтық көрінісін бағалайды C-деңгей Тапсырма: Жаһандық мәселелердің аймақтық көрінісін бағалау.Оқулық мәтіні және картамен жұмыс.Ғаламшардың орман жамылғысы кестесін толтыру.Графикалық түрдегі ақпаратты талдау баға беру
Дескриптор: 1.Орман жамылғысының азаюы байқалатын негізгі аймақтар мен елдерді атайды; 2. Орман жамылғысының қысқаруын анықтайтын түрткіжайттар; 3.Адамзат үшін орман жамылғысының азаюы мәселесінің шешу жолдарына баға береді; ҚБ. Өзара бағалау «Ым-ишара» әдісі Мақсаты: Оқушылар орындарынан тұрып топпен кезектесіп, өз сезімдерін ым-ишарамен білдіреді. | h ttps://youtu.be/27SSpRI6C9oТаратпа материалдар, слайд, Оқулық 1.Жағымды пікір 2.Сындарлы сын 3.Ұсыныс «Дүниежүзінің саяси картасы» Оқулық, карта, үлестірме тапсырмалар, слайд, флипчарт | |||||||||||||||||
| Сабақтың соңы 8 минут | Бекіту «Екі түрлі түсініктеме күнделігі» арқылы жүзеге асады.Кері байланыс: «Білім теңізіне кеме жіберіңіз» әдісі арқылы кері байланыс жүргіземін. Оқушыларға сабақ басында кеме пішінді жапсырма қағаз беремін. Сабақ соңында оқушылар тақырыпты жақсы деген оқушылар кемелерін теңізге орналастырады, өзіне сенімсіздер жағаның шетінде қалады Білім теңізі – Мен бәрін жақсы орындадым, көңіл – күйім тамаша! Теңіздің шеті – мен тапсырманы дұрыс орындай алмадым, көңіл күйім жоқ | | |||||||||||||||||
| Саралау- Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз? | Бағалау- Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | |||||||||||||||||
| Саралау Ойлау дағдысының деңгейлеріне сәйкес, оқушылар дүниежүзі-нің саяси картадағы адамзаттың дамуын- дағы жаһандық мәселелерді кестеге топтастырады, дүние жүзінің саяси картасын және қосымша ақпараттарды пайдаланып, шағын зерттеу жүргізе ді кескін картада бейнелейді, қорытын- дылар жасайды, нәтижесінде сабақ мақсаттары және оқу мақсаттары орында-латын болады. Сабақ барысында саралау әдісі оқушылардың А,В,С, деңгейіндегі оқушы- лармен жұмыс негізге алынды. | Сабақ барысында оқу және сабақ мақсатына жету үшін қалыптастырушы бағалаудың бірнеше формасы қолданылады.Қалыптастырушы бағалау кезінде бағалау критерийлеріне сәйкес дескрипторлар арқылы, өзін-өзі бағалау, өзара бағалау, топ жұмысын бағалау жүзеге асады. «Ым-ишара» әдісі арқылы оқушыларды жекелей бағаланады; «Білім ағашы» арқылы оқушылар бірін-бірі бағалайды; «От шашу» әдісі арқылы топ жұмысын бағалайды; «Табыс сатысы» әдісі арқылы өзара бағалайды, критерий арқылы бағалау (дескриптор) жүзеге асады. Бекіту «Екі түрлі түсініктеме күнделігі» арқылы жүзеге асады; Сабақтың өн бойында мұғалімнің мадақтауы, қолпаштауы жүреді. Кері байланыс «Білім теңізіне кеме жібер» тәсілі бойынша жүзеге асады. Таңдап алған бағалау формалары мен әдістерім оқушының уәжін көтеріп, білімі мен танымының қай деңгейде екендігін біліп, оны әрқашан дамытып отыруға, сабақ мақсаттарына жетуге көмектеседі, білімнің сапасын айқындауға мүмкіндік береді. | Мен сабағымда оқушылардың қауіпсіздігін, денсаулығын басты назарда ұстаймын. Сабақ барысында тапсырмалар жүйесі оқушылардың денсаулығына кері әсерін тигізбейтіндей уақыт пен шектелген және тапсырмалар жас ерекшеліктеріне сай алынған. | |||||||||||||||||